Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 13:07, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локамативі» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға,сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрі де Қазақстанның 2015 жылға дейінгі даму стратегиясында бейнеленуге тиіс», - деп атап көрсетті.
Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап нарықтық экономикаға көшуге бейімделді.Қазіргі таңда Қазақстан ойдағыдай істеп жатқан нарық экономикасын құрды.Нарықта Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үшін қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдалануды қарастыру, оның шешу жолдарын табу болып табылады. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, Оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың,Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................5
1.1 Қаржының мәні, мазмұны....................................................................................5
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі........................................................7
1.3 Қаржы жүйесін басқару және оның қағидалары................................................8
1.4 Халықаралық қаржы жүйесі..............................................................................12
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН
ТАЛДАУ....................................................................................................................17
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы......................17
2.2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ахуалы.........................................................................................................................19
2.3. Қаржы нарығының экономиканың дамуына жасаған ықпалы.....................24
2.4 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың жолдары......................................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік қорлар, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлеріне арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді [ 12, 155 б.]
Бұрынғы
КСРО-да мемлекеттік бюджеттің
Нарық экономикалық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:бөлу, реттеу, ынталандыру; бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
А) қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Ә) кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді [4, 121 б.]
Қаржы жүйесінің қағидалары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының
одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі — өзінің мәні жағынан мынадай түрлі үғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтыгы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтыгы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына
байланысты мемлекет, шаруашылық
жүргізуші субъектілер,
Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі сфераны қамтиды:
1)
мемлекеттік бюджетке
2)
кәсіпорындардың
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатгалады: қаржы, бір жағьшан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.
1.4
Халықаралық қаржы жүйесі
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретіңде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интеграциялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырган қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті.
халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар — елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
3) елдің халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;4) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
5)
шет елдерде елшілестерді, консулдықтарды
және басқа қызметкерлерді
Дамыған
елдердің экономикасында сыртқы экономикалық
қызметтің маңызды құрамды
Арнаулы экономикалық аймақтарды - айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызмет болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 61% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60% құрайды. Біраз орынды металлургия өнеркәсібінің өнімі, химия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат алады.
Агроөнеркәсіп
кешенінің негізгі баптары
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі — валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар — көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар, химия өнімдері, пластмассалар, каучук, минералдық өнімдер асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадай баптар болып табылады.
Макроэкономикалық
теорияда экспорттың импорттан асып
түсуі ұлттық экономиканы дамытудың
қолайлы факторы деп