Қаржы нарығы және делдалдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:15, лекция

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

Тақырыптар, және олардын мазмуны
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
Тақырып 2. Капитал нарығы
1 Капитал нарығы түралы түсінік.
2.Жай акциялар. Облигациялар. Вексельдер
3 Капитл нарығының қатысушылары.
Тақырып 3. Ақша нарығы
1Ақша және ақша нарығы туралы түсінік
2 Қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.
3 Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Тақырып 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы
1 Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
2 Форвардтық, опциондық, фьючерстік келісімдер
3 Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың ерекшеліктері
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3 Әлемдік ақша орталықтары.
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
Тақырып 8 Зейнетақы қорлары
1Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорын дамытудың проблемалары
Тақырып 9 Сақтандыру компаниялары
1Сақтандырудың экономикалық мәні.
2 Сақтандырудың жіктелуі
3 Сақтандыру компаниясының комерциялық қызметі
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың күрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың экономикадақы ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар коржыны (портфелі)

Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерлер,дилерлержәне трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер,фъючестік контрактілер және опциондар

Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерле, диллерлер және трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер, фьючерсті келісімдер және опциондар
Тақырып 12 Қазақстан Республикасының Үлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган
1 Үлттық банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері
2 Реттеуші органның негізгі қызметтері : бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз ету
3 Заңдар, нормативтік актілер және нүсқауларды дайындауға қатысу
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емесзейнетақы қорлардың брокер-дилердің,тіркеушілердің ассоциациялары
Тақырып 14 Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвистициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 787.50 Кб (Скачать)

              Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  вексель айналысы туралы" Заңында  құнды  қағаздардың бір  түрі – вексельді пайдаланудың  тәртібі талдап көрсетілген. Вексельдің  түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы  міндеттер нақты баяндалған.  Осыған байланысты  аталған құнды  қағазға сәйкес  ерекшелікті атаған жөн. Айталық,  аударым векселі және жай  вексельдің жасалуы  мен нысаны дәлме-дәл көрсетілген. Бұл заңда  аударым  векселінде қандай белгілер болатыны  түсіндірілген.  Мысалы мынадай талаптар белгіленген:

-         құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілде  айтылған вексель атауы.

-         белгілі  бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;

-         төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;

-         төлем мерзімін көрсету;

-         төлем жасалуға тиіс орынды көрсеті;

-         кімге немесе кімнің бұйырығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;

-         вексель шығарыатыны уақыты, оны қай ұйымда шығарылатынын көрсету;

-         вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы болуға тиіа.

Ал жай вексель мыналардан тұрады:

-         мәтіннің  мазмұнына енгізілген және  сол құжат  жасалған тілдегі  вексель атауы;

-         белгілі бір ақша сомасын  төлеуге  қатысты  мәселелер мен  шарттастырылған  уәде;

-         төлем мерзімінің көрсетілуі;

-         төлемді жүргізген орынның көрсетіуі;

-         кімге немесе кімнің бұйрығымен төлемнің орындауға  тиіс тұлғаның атауы;

-         вексельдің  шығарылған күні мен орнын көрсету;

-         құжатты берушінің (вексель берушінің) қойған қолы болады.

              Заңда Республикада вексель айналысының тәртібі  айтылған. Мысалы, Қазақстанда вексель айналысы жай және  аударым коммерциялдық  вексельдерін  шығаруды, ол бойынша  тап ету құқығын беруді, оған байланысты  вексель міндеттемелері мен операцияларын орындауды, есеп-қисап кеңселерінде  вексельдермен операциялар жүргізуді қамтиды. Вексельдік міндеттеме –вексель  берушінің тиісті дәрежеде рәсімделген вексельді заңды  түрде берген мерзімнен бастап пайда болады. Сол сияқты  Республикада  заңды және  жеке тұлғалар өзара есеп айырысуларды жай және  аударым вексельдерін пайдалануға құқылы.

              Ал индоссамент деген не ?  Ол вексельдің сыртқы  бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену  құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

              Егер индоссамент бланктік индоссамент болса, онда  вексельге  иелік етуші:

-  өз кезегінде вексельді  бланк арқылы немесе қандай да басқа  бір  тұлғаның атына индоссациялай алады.

              Вексельді бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан  үшінші тұлғаға бере алады.

              Менеджерлер вексельге байланысты  аваль деген терминнің  мәнін білгені жөн. Аваль дегеніміз вексель кепілдігі. Аваль беруші  тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа  тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты  болады.  Сондықтан Заңда авальдің кімнің есебінен беріліп  отырғанын көрсету ескертілген. Ал вксель төлеміне  берілетін жазбаша  келісімді акцепт  арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше  міндеттеме  қабылдай алады. Акцепті пайдалануға байланысты ережелерді  Заңдағы талаптарға сәйкес жүйелеп алып, сол бойынша іс-қимыл  жасау ерекшілігін акцепке қатысты қызмет атқаратын мамандар  жете білуге, осы негізде іс жүргізуге тиіс.

              Соңғы жылдары Қазақстанда құнды қағаздар шығару ісі  қолға алынды. Бұл мәселемен көбінесе  жекешелендірілген кәсіпорындар айрықша шұғылданып отыр. Мысалы, 1997 жылдың тек бес айы  ішінде ғана Қазақстанда жалпы сомасы  22 миллиард  сома мөлшерінде құнды қағаздар шығарылды. Негізінен  олар – акциялар , облигациялар.  Тәуелсіздік алған  Қазақстан өзінің  нарықтық  өркендетуге, ең алдымен, қаржы фукнцияларының  ықпалын нығайтуға  күш салды. Сөйтіп , Республика  дағдарысқа  тап болған экономикаға жаңа  бағыт-бағдар берді. Осы мақсатты  жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі шетелдерден   инвестициялдар  тартты. Шетелдік инвесторлардың қаржысын тарту  есебінен бір  қатар өндіріс ошақтарын ортақтаса пайдалануды  ұйыдастырды. Әрине, бұл шараларды  іске асыру оп-оңай болған жоқ. Үкіметтің табанды іскерлік- қимылы  арқасында  республика  экономикасы ілгері басып отыр.

              Әдетте, қолдағы қаржы қорын  молайтудың жолдары сан  алуан. Ақшаны тікелей өндірісте пайдалану, тауарлар шығаруды еселеп молайтып, оны сату есебінен қою  жинақтау сияқты ұтымды  әдістер дамыды, керісінше жетілдіріп отырылды.

              Қаржы нарқын құрып,  оны дамытуға да  айрықша көңіл  бөлінді. Бұл салада құнды қағаздар шығару аса тиімді болды.  Ол үшін үкіметтің  "Құнды қағаздар туралы"  арнай заңының  маңызы зор. Құнды қағаздар мен жұмыс істейтін қор биржасы  құрылды.  Осы заңға сәйкес қор биржасының  фукнциялары белгіленді. Ол мынадай  бағытта:

-  биржа өз клиенттеріне құнды қағаздарға байланысты жұмыс атқаруға қажетті сауда алаңын беру;

-  құнды қағаздармен сауданы ұйымдастыру;

-  құнды қағаздарға арнап баға белгілеуді жүзеге асыру;

-  биржа өз тарапынан  өз мүшелеріне қызмет көрсету;

-  биржа өз қызметіне сәйкес талдамалық мақсатта зерттеулер  жүргізу;

-  құнды қағаздар нарқында субъектілер арасында  құқықтық қатынастар негізінде есеп айырысуды жүргізу;

Бираның басқару органдары да құрылды . Ол органдар:

-  биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің  - жалпы жиналысы;

-  байқаушы орган – биржа кеңесі (байқаушы кеңес);

-  орындаушы орган – басқарма ;

-  бақылаушы орган  - түгендеу  комиссиясы.

              Қор биржаның бүкіл ұйымдық шаралары заңда  белгіленген ережелерге сәйкес  жүргізілуде. Мысалы, құнды қағаздар  бойынша сауда ұйымдастыру ауыкциондық нысанда атқарыларды.  Дүние жүзінде аукциондар  ұйымдастырудың бірнеше нысандары  қалыптасқан. Айталық, қарпайым аукцион – сұраныс пен  ұсыныстың шағын көлемі жағдайында ұйымдастырылады. Мұнда  құнды  қағаздарды  сатушы мен сатып алушылар өздеріне пайдалы ұсыныстарды анықтау үшін ынталы болады.

Ағылшындық  аукционда  бәсекелестік жағдайда  сатып алушы  бағаны әдейі  арттыра  беруге ынталы, сол  арқылы ол бастапқы  бағаны жоғары деңгейге өзгерте береді.

Голландық аукционда  - сату өрісінде ең алдымен  ағымдағы баға орнына ең жоғарыбаға аталады.  Егер сол баға  бойынша  алушы болмаса, онда оны біртіндеп кемітуге мәжбүр болады.

              Сырттай өткізілетін аукционда  сатып алушылар бағалық мөлшерлемені бірмезгілде атайды, кейін саудаласу кезінде құнды қағаздар бір тоқтамға келген баға бойынша сатылады.

              Тәжірибеде, қарапайым аукцтонда бәсекені сатушылар, әйтпесе сатып алушылар ұсынады. Бұл шара дамыған  қаржы нарқында  аса тиімділікке қол жеткізбейді. Сондықтан қарапайым  аукцион баға бағамының өрісіне қарай  қосарландырыла ұйымдастырылатын аукциондық әдіске көшіріледі. Бірақ бұл әдіс  нарық жағдайына әрқашан тиімді бола бермейді. Сауда өрісін  қалайда  ұтымдылыққа қол жеткізу үшін түрліше әдістер қолданылады. Мысалы, нарық жүйесінде бір дүркінді немесе талап  етушілік деп аталатын аукцион түрі бар. Бұл әдіс  саудада өтімділік төмендеген кезде қолданылады. Сол сияқты  үздіксіз ұйымдастырылатын  аукцион  кезінде ұсыныстар тіркелетін  кітаптағы мәліметтер пайдаланылады.

Қор биржасы құнды қағаздармен көтерме сауда жүргізетін  буын болғандықтан, Қазақстанда  биржаның экономикалық қатынастарда тиімділікті күшейту бағыты ұстанған.  Қазір Қазсқатанда құнды қағаздардың  қарыздық құнды қағаздар,  таратылатын құнды қағаздар, үлесті құнды қағаздар, туынды құнды  қағаздар сияқты  түрлері бар. Қазсқатанда құнды  қағаздар нарқы біртіндеп дамытылуда.

              Дүние жүзінде құнды  қағаздар акцияларның  нарқы жүйесінде бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда осы  нарық 1939 ж. құрылғын. Нарықта реттеушілік, бақылаушылық  тәртіп нығайтылған. АҚШ-та коммерциялық банктердің  құнды қағаздар бойынша сауда жүргізуіне аранай актімен шек қойылған.  Өйткені бұрынғы шығарылған, қосымша  шығарылған акцийялардың  беделі, рөлі бірдей болады.

Ұлыбританияда акциялар жөніндегі нарық АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында. XIX ғасыр  басында Еуропада өнеркәсіп төңкерісінен  кейінгі дәуірден бері қалыптасқан  акционерлік қоғамдардың Англияда ұзақ тарихы бар. Соның өзінде  ағылшындардың тек 5 пайызға жуығының ғана акция  алады екен. Керісінше, қор сақтық компанияларының, жеке меншікті зейнеткерлік қорлардың, қор басқарушы  топтардың үлесінде.  Ұлыбританияда акциялар  үшін екінші деңгейдегі  нарық әрекет етуде. Бұл нарық  "Баламалы инвестициялық нарық" (АІМ) деп аталады.

Жапония акциялармен  сауда – саттық  жөнінде әлемде екінші орында. Мұнда аса ірі биржалар Токио, Осака  қалаларына  орналасқан. Осы екі биржа арасында бәсекелестік  өте-мөте күшті.  Жапония құнды қағаздар жөнінде дүние жүзінде  ең ірі  фирмалары бар ел ретінде мақтана алады. Токио қор биржасының  "Екінші секция" деп аталатын екінші деңгейдегі нарық жүйесі бар.  Жапония өз акцияларын шетелдерге шығармайды.  Сондықтан  шетелдік инвесторлар өз акцияларын Жапон сейфтерінде  сақтауға  келісім жасасады.

Германияда акциялық нарық соңғы  жылдары өріс ала  бастағанына  қарамастан  мүмкіндігі әлі  шамалы. Неміс  инвесторлары акциялардың тәуекелділік сипатынан гөрі, қарыз  қағаздарға сенісділігі жоғары.

Ресейде қазіргі кезеңде жекешелендірілген кәсіпорындардың  акциялары екінші орында. Ал мемлекеттік құнды қағаздар нарықта жетекші үлеске ие болған.

Әлемнің ірі елдерінде акциялар нарқының ерекшеліктері  осындай.

Құнды қағаздар түріндегі инвестиция, бұл қаржылық инвестицияның   өзіндік бір түрі.  Бұл қосымша ақша табуды  көздеген жәй.  Ал құнды қағаздар  бойынша алынатын  кіріс  дидвидент (үлес)  және бағамдық  құнның өсімі арқылы қалыптасады. Осыған қатысты  қағаздардың кірістілігі, яғни пайда келтірушілік рөлі де белгілі болады. Құнды  қағаздардың кірісін нақты пайымдау үшін нақты мысал  келтірейік.

Купонмен шығарылған құнды  қағаздар өз иелеріне тиісінше  кіріс келтіреді. Ол кіріс құнды қағаздың тіркелген  кезіндегі  құнының тиісті пайызы түрінде алынады.  Мұндай жағдайда кіріс  купондар бойынша төленеді. Егер құнды қағаздың  купондық мөлшерлемесі белгілі жағдайда, кірісті төмендегіше есептеп шығаруға болады.

Кіріс  осы есептеу нәтижесіне орай төленеді.

Әдетте, құнды  қағаздар әрқашан купонымен бірге  шығарыла  бермейді. Егер құнды қағаздар купонсыз шығарылса, олардың бағасы алғашқы  таратылуында   нақты  құнынан төмен  деңгейде  белгіленеді.  Сонан эмитент құнды қағазды  бастапқы  құны бойынша  сатады. Сондықтан  құнды қағаздың  сатылған бағасы мен алғашқы  инвестор сатып алған бағалар арасында  айырма қалыптасады.  Осы айырма  дисконт деп аталады, бұл инвестордың  кірісін құрайды.

Акциялар бойынша кіріс дивидент түрінде төленеді.

Тек тиімділіктің  әрекет жөнінен айтқанда құнды  қағаздар мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын жоюға үлкен  үлес қосты. Сондықтан да менеджерлер нарықтық экономикада  шаруашылық жүргізудің  жаңа тұрпатты әдістерін  қарқынды дамытып отырған  жекешелендірілген   кәсіпорындардың қаржы саласындағы, оның  тиімділігін арттыру ісіндегі тәжірибелерін зерттеп, менеджменттік практикада сол игілікті шараның кең  өріс алуын белсенді түрде  ұйымдастырушылары  болуға тиіс        

       

Қаржы нарығының делдалдары.

 

Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?

Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция инстстуттары, сондай – ақ мемлекеттік атқару органдары қор биржасына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша құнды қағаздарды сатып алу және сатуды делдалдар мен дилер атқарады.

Делдалдар қанша түрге бөлінеді?

Қаржы нарығындағы делдалдар 2-ге бөлінеді. Брокерлер мен дилерлер.

Брокер – мәліме жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істеді. Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды банктермен  тығыз байланысы  бар делдалдық фирмалар жүргізеді.

Дилер – құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері.

Бұған дейін көрсетілгендей, өндірушілер өінің өнімдерін клиенттер типіне және өнімнің түріне байланысты өздері жеткізеді немесе өткізуді ішінара не тұтастай делдал – дистербьюторларға сеніп тапсырады.

Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?

-         клиенттер ауқымына және мұқтаждықтарына қатысты әр түрлі: ауқымды мұқтаждығы бар ірі клиенттер және мұқтаждығы әр түрлі кішігірім, орташа клиенттер ( автокөлігіне жабдықтар өндірушілер: аккумуляторлық батареялар, шамдар,  тіркегіштер, тежегіштер,  стартерлер) бірінші жинақтау нарығында ірі клиенттермен және жөндеу рыногінде  (гараждар,  механикалық цехтар,  бөлшек сауда) көптеген кішігірім клиенттермен жұмыс істейді;

-         айқын жағрапиялық  шоғырландырылған саларда: (қара металлургия) санамағанда клиенттер, жалпы, мемлекет аймағында  шашылып жатады  және өндірушілер тарапынан тікелей тауар өткізудің шығындары мұндай өткізуге мұрша бермейді;

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар