Қаржы нарығы және делдалдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:15, лекция

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

Тақырыптар, және олардын мазмуны
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
Тақырып 2. Капитал нарығы
1 Капитал нарығы түралы түсінік.
2.Жай акциялар. Облигациялар. Вексельдер
3 Капитл нарығының қатысушылары.
Тақырып 3. Ақша нарығы
1Ақша және ақша нарығы туралы түсінік
2 Қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.
3 Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Тақырып 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы
1 Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
2 Форвардтық, опциондық, фьючерстік келісімдер
3 Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың ерекшеліктері
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3 Әлемдік ақша орталықтары.
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
Тақырып 8 Зейнетақы қорлары
1Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорын дамытудың проблемалары
Тақырып 9 Сақтандыру компаниялары
1Сақтандырудың экономикалық мәні.
2 Сақтандырудың жіктелуі
3 Сақтандыру компаниясының комерциялық қызметі
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың күрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың экономикадақы ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар коржыны (портфелі)

Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерлер,дилерлержәне трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер,фъючестік контрактілер және опциондар

Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерле, диллерлер және трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер, фьючерсті келісімдер және опциондар
Тақырып 12 Қазақстан Республикасының Үлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган
1 Үлттық банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері
2 Реттеуші органның негізгі қызметтері : бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз ету
3 Заңдар, нормативтік актілер және нүсқауларды дайындауға қатысу
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емесзейнетақы қорлардың брокер-дилердің,тіркеушілердің ассоциациялары
Тақырып 14 Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвистициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 787.50 Кб (Скачать)

Факторинг мәнi – банктер өз клиенттерiнен төлем – құжаттарды, олардың  дебиторлардың  қарызын, пайыздық  сыйақы үшiн сатып алу.

 

 

9.Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.

        Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық  активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

        Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстардың құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік кпиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асығаны үшін алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады.

       Коммерциялық   банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшелігіне қарай ерекшеленеді.

       Банк ресурсының құрылымына мыналар жатады:

1)     Банктің меншікті капиталы;

2)     Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

       Банк ресурсының құрылымындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

 

 

10.Коммерциялық банктің меншікті капиталы:көздері мен қызметтері.

       Коммерциялық банктің меншікті кпиталының рөлі мен шамасы басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

       Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банктік қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимараттар, құрал – жабдықтар, жалақыға жұмсалған және т.б. жабылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

       Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.

       Банктің меншікті капиталы -  бұл банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

        Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:

-         жарғылық капитал,

-         меншікті капитал, қосымша капитал,

-         банк операциялары бойынша тәуекелдікті төмендету мақсатында құрған  қорлар (резервтер),

-         бөлінбеген банк пайдасы.

 

 

11. Банктің тартылған қаражаттары.

      Банк ресурсының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

       Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі  топқа бөледі:

-         депозиттік қаражаттар;

-         депозиттік емес тартылған қаражаттар.

     Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

      Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары.

     Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары.

      Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туады.

      Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Коммерциялық банк туралы не білесіз?

2 Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?

3 Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi?

4 Коммерциялық банк қызметiн ұйымдастыру.

5Коммерциялық банктердiң операциялары - банктiң пассивтiк операциялары.

6 Банктердiң активтiк операцияларына не жатады?

7 Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi қандай?

8 Лизинг түрлерi қандай?

9 Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы туралы не айтала аласыз?

10 Коммерциялық банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері.

11 Банктің тартылған қаражаттарына не жатады?

 

 

 

Тақырып 8 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.

 

1.Жаңа зейнетақы жүйесіне көшудің себебі неде?1

Кеңестік дәуірден мұра болып қалған зейнетақы тағайындау жүйесі қысқа уақыт ішіндегі соңғы жалақыға негізделетін, бұл еңбек қызметінің бүкіл кезеңіндегі жалақы туралы толық деректерге қол жеткізудің шектеулілігін білдіреді. Еңбек еткен бағзы жылдардағы табысын қалпына келтіру бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырудың неғұрлым күрделі мәселелерінің біреуі болып табылады. Бұл мәселенің қиындығы осы жұмыстың күрделілігі мен ең бастысы, растаушы нақты фактілерді алу мүмкіндігінің болмауымен байланысты. Сондықтан мұндай жағдайларда, мәселені шешудің неғұрлым жеңілдеу жолдарын қолдану жиі ұсынылады. Бұл универсалдық база бойынша (республикалық орташа жалақы немесе “бұрынғы” зейнетақы мөлшерін “кейінгі” зейнетақы мөлшерлерімен салғастыру жолымен) өткен кезеңдерді “несиелеу” нысанында берілуі мүмкін, тбұның да белгілі бір кемшіліктері бар. Мәселе мынада, бұл әдіс бойынша біреулер ұтқанымен, басқа біреулер өз мүдделеріне қысым жасалды деп есептеуі мүмкін. Өткен кезең деректерін қалпына келтіру және оларды тану туралы ереже тағы бір жаңа әділетсіздіктерге жол бермеуінің маңызы зор.

Зейнетақы төлемдері процесінде, зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейі есепке алынуы тиіс, зейнетақыны индекстеу секілді маңызды факторды ескеру қажет. Ең оңтайлы индекстеу қандай болуы керек? Бұған қатысты әртүрлі пікір айлылып жүр. Кейбіреулер зейнетақыларды тұтыну бағаларының деңгейіне қарай индекстеу және олардың нақты құнын осылайша қолдау жеткілікті деп есептейді. Енді біреулер, зейнеткерлердің әл-ауқаты оның нақты табысына ғана емес, бұл табыстардың қоғамда қабылданған өлшемдеріне қатыстылығына да тәуелді деп көрсетеді. Өмір сүру стандарттары жедел өсіп келе жатқан біздің республикамыз үшін бұл мәселе қай кездегіден де өткір болып отыр.

Жоғары айтқанымыздай, әр зейнеткердің өткен уақыттардағы табыстары туралы толық нақты фактілер алу өте қиын. Бұл жағдайда зейнетақы мөлшерін арттыру үшін зейнетақының осы кезеңге қалыптасқан және заңнамамен бекітілген мөлшерлері негіз болуы мүмкін. Бұл ретте “бұрынғы” зейнетақыларды жаңадан тағайындалатын зейнетақыларға жеткізудің мүмкін жолы қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін индекстеудің сараланған тәсілі болуы ықтимал. Бұндай жағдайда оның мөлшер сәйкестігінің өлшемін ғана назарда ұстап қоймай, қалыптасқан фактілерді де ескеру қажет.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің жолдары қандай?

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен  қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан – банктерінің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.

Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтау зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті.

Зейнетақы реформасының мақсатты бағыты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету.

Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамсыз етуге мүмкіншілігі болмады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының Үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттігін айқындайды. Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банкі және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, - мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді.

Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мено ұйымдардың міндетті зейнетақылық жарналарынан, азаматтардың жеке жарналарынан және де осы төлемдерді инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады.

Зейнетақы жарналарының ерекшелігі – иұзақ мерзімнен кийінгі көп жылдар есебі бойынша төленеді, сондықтан жарнаның төлену мерзімі мен жиналған соманың төлену мерзімі айтарлықтай үлкен. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің жинақтау мерзімін ұзаққа болжамдау осы факторға байланысты. Сондықтан, қаражатты инфляциядан қорғау мақсатында олар қысқа мерзімді қаржы инструменттерін қолданып, ұзақ мерзімді активтерге немесе инвестициялық бағдарламаларға да салуға болады.

Жинақтау зейнетақы қорлары қызметінің ерекшелігіне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық концепцияларды қолдану қажет, жинақтау зейнетақы қорлары қаржы нарығының ұзақ мерзімінің секторының қатысушысы болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең қуатты, сенімді және тұрақты жұмыс жасайтын әлеуметтік - қаржы институттары болып табылады. Ұзақ мерзімде қызмет атқаратын зейнетақы қорларының активтерінің мөлшері де салмақты. Мысалы, Европа мемлекеттері одағының жинақтау зейнетақы қорларының активтері 1993 жылы 1.2 трлн доллардан асқан, ал ООН қызметкерлерінің жинақтау қоры 1995 жылы 12.6 млрд доллар сомасында бағаланған.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестор ретіндегі қаржы нарығындағы үлес салмағына байланысты, активтердің қарқынды өсуіне кейбір мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салық салудан жеңілдік беріледі:

-                           ол енгізілген активтерге қалай әсер етсе, инвестициялаудан түскен табысқа да солай әсер етеді. Бұны түсіну үшін қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дамыған болуы керек, ол мемлекеттік ауыртпашылықты төмендетуге жол береді;

-                           ел экономикасына мемлекеттік емес зенетақы қорларының қаражаттарын қатыстыру қордың өсуіне және күнделікті тұтынудың азайуын қамтамасыз етеді.

Дамыған елдерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестициялық шегі 40-60 жыл. Ал басқа инвестициялардың, мысалы, банктер ғана емес, және де әртүрлі инвестициялармен қаржы корпорацияларының ұзақ мерзімді инвестициялары 12-15 жылға дейін ғана жоспарланады.

Мемлекуеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді болып табылады да қаржы инструменттеріне инвестицияланады және күнделікті айналымнан алынып тасталынады. Зейнетақы қорларының активтері елдің қаржы жүйесінің өзгене стабилизаторы болып табылады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: зейнетақы қорлары қаржыны жинақтауға және біздің елімізде оны реттеугежағдай жасай алады. Ұзақ мерзімді айналымды дамытуға арналғанмемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері Қазақстан экономикасына ең қажетті ұзақ мерзімді инвестицияны тартуға және де Қазақстанның қор нарығының стабилизаторы бола алады.

Осы күйдегі зейнетақы жүйесі ары қарай осындай жағдайда қала берсе, онда ол дағдарыстың шиеленісуіне және күйреуіне әсер етеді. Бұл жайсыз жағдайдан айналып өту үшін 1997 жылы 20 маусымда “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, сонымен бірге, 1998 жылдың 1 қантарында нарық экономикасының барлық талаптарына сай жаңа зейнетақы жүйесі енгізілген.

Зейнетақы қорларының ары қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті.

Зейнетақы жүйесінің тағы бір ерекшілігі зейнетақының жинақталуы тек қана жарна берушінің есебінен ғана емес және әртүрлі инвестициялардан алынатын табысынан да құралады.

Зейнетақылық төлемдерді бағалы қағаздарға инвестициялауға  зейнетақы активтерін басқару компаниялары жүзеге асырады. Бұл компаниялардың қызметін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы реттейді. Қазіргі кезде зейнетақы жарналарын жинақтау және зейнетақыларды төлеуді іске асыруға заңмен бекітілген тәртіп бойынша 1 мемлекеттік, 15 мемлекеттік емес зейнетақы қорларына лицензия берілді.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар