Қаржалық тәуекелді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы көптүрлi тәуекелдермен байланысты, оның әсер ету деңгейi нарықтық экономикаға өтуiмен күшейдi. Бұл iс-әрекетпен бiрге жүретiн тәукелдердi жеке арнайы қаржылық тәуекел тобына бөледi, олар кәсiпорынның жалпы “тәуекел портфелiнде” үлкен роль ойнайды. Кәсiпорынның қаржылық қорытындыларына қаржылық тәуекелдер әсерiнiң өсуi - мемлекеттегi қаржылық жағдай мен нарық конъюнктурасының тез өзгеруiмен, қаржылық қатынастардың кеңеюiмен, жаңа қаржылық технология мен құралдардың пайда болуымен және басқа да көптеген факторлармен байланысты.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Қаржы тәуекелін басқаруДЫҢ теориялық аспектілері

1.1 Тәуекел мәні және экономикалық мазмұны .......................................................5
1.3. Кәсіпорының тәуекел деңгейін бағалау әдістері ............................................11
1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ........................................................15
ІІ Кәсіпорында тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорында қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері және тәуекелдерді бағалау әдістері .........................................................................................................22
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тәуекелін басқаруды талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында) ..........................................................................25


ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ қаржыЛЫқ тәуекелІН басқаруДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ жолдары ....................................................31

3.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану ......................................................31
3.2 Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру
барысы ......................................................................................................................37


ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................

Работа содержит 1 файл

Қаржылық тәуекелді басқару .doc

— 379.00 Кб (Скачать)

       Форвардтық операция көмегімен хеджирлеу - белгіленген күнде тұрақты бағам бойынша валюталық конверсияны жүргізу үшін екі жақтың бірлескен міндеттемелері. Яғни сатушы сату керек, ал сатып алушы белгіленген бағам бойынша белгілі валюта көлемін сатып алуы тиіс.

       Опциондар көмегімен хеджирлеу - сатып алушы сатып алу құқығына ие, ал сатушы белгіленген көлемде валютаны басқа белгіленген бағам бойынша валютаға айырбастауға немесе сатуға міндетті.

       Шұғыл келісімдерді сату-сатып алу арқылы хеджер нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты тәуекелді төмендетуге тырысады. Сол арқылы бағаны белгілеп, шығындар мен табыстарды тұрақтандыруға болады.

3-ші тарауда кәсіпорының қаржылық тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары мен оның тиімділігін арттыру барысы қарастырылды.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Берілген курстық жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. курстықдық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық жағдайына талдау, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.

Жұмыстың теориялық  бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.

           Жұмыстың талдау бөлімінде «Қазақтелеком»  АҚ филиалының негізінде қаржылық  жағдайы талданып, балдау негізінде  тәуекелдерді басқару жүйесіне  баға берілді. Жалпы қорыта келгенде, бұл кәсіпорынның тәуекел облысы минималды тәуекел облысына сәйкес келеді.

Жұмыстың соңғы бөлімінде  қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін  жетілдіру бойынша ұсыныстар  берілген. Мысалы ұсыныстар ішінде кәсіпорында тәуекелдерді басқару бөлімшесін құру, оның құрылымында мамандар тізімі берілген.

       Соңғы жылдары Қазақстанның кәсіпорындары үшін 'тәуекел' категориясының мәні мен мазмұны артуда. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі таңға дейін көптеген кәсіпорындар тәуекелді дұрыс басқармау нәтижесінде банкроттыққа ұшырады. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан.

     Әр кәсіпорын өзінің қызмет ету саласына байланысты өзіне тән тәуекелдің түрлерін, оларды бағалаудың оптималды әдістерінің жиынын анықтайды. Кәсіпорын үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау қиынға соғады. Осы мәселені шешу үшін кәсіпорын алдын ала болашақта пайда болуы мүмкін барлық тәуекелдердің түрін және оларға төтеп беру мүмкіндігін анықтап алады. Егер де тәуекел жеткіліксіз дәрежеде анықталып талданса, нәтижесінде кәсіпорының банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуекелді басқарудың, талдаудың, бағалаудың маңызы өте зор.

Сонымен, тәуекелдерді басқару ролінің маңыздылығын нығайту және оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Өткен 2010 жылға келесідей сипаттама беруге болады. Қазақстан экономикасында ішкі процестердің тұрақтылығының және дүниежүзілік нарықты конъюнктураның қолайлылығының себебінен бірқатар өрлеу болды.  Елдегі телекоммуникация нарығыныңда көлемі жоғарылады. «Қазақтелекомның» табыстарыда, өткен жылмен салыстырғанда 15,5 % - ке өсті.

Соған қарамастан, біздің компаниялардың даму қарқындылықтары  жеткілікті ме және біздің әрекетіміз қаншалықты тиімді деген сұрақтарды қоюымызға бола ма?

Қарапайым сандарды келтіруге  болады: телекоммуникацияның қызмет көрсету рыногінің көлемі үш жыл  ішінде 350 млн. доллардан 500 млн. долларға дейін өсті. АҚ «Қазақтелекомның» табыстарыда жоғарылады, бірақ осы кездегі рыноктағы компанияның үлесі 90 % тен 58 % - ке дейін қысқарды. Ойлануға тұрады.

2010 жылы АҚ «Қазақтелеком» тежелген әлеуметтік – болжалды тарифтік саясатты жүргізді. Саладағы баға белгілеу Ұлттық операторға – АҚ «Қазақтелекомға» артылған міндеттемелер мен әлеуметтік аспектілер есебінен және Компанияға қатысты қолданылатын мемлекеттік реттеу шараларымен анықталды. /21/

Жұмыс процесінде АҚ «Қазақтелекомның» қаржылық тұрақтылығына баға берілді.  Бұл жерде айтып ескертілді:

  • ұйым, қаражаттың қарыз көздеріне біршама қаржылық тәуелділікте, бұл негізгі қорлардың жаңғыруының жоғары деңгейлерімен байланысты;
  • меншікті капитал үлесі 55% - ті құрайды, бұл қаржылық жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді.

Талдау барысында айқындалған  кейбір негативті құбылыстарды ескере отырып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлер беруге болады:

  • мүлік құнындағы меншікті айналымды капитал үлесін жоғарылату қажет және меншікті айналымды капиталдың өсу қарқыны қарыз капиталының өсу қарқынынан барынша жоғары болуына қол жеткізу керек;
  • ұйымның қаржылық дербестігін қайта құру мақсатында, қысқа мерзімді қарыз қаражаттарын тартуды қысқарту бойынша шаралар қабылдау қажет;
  • негізгі қаражаттарды жаңғыртуға бағытталған, қаржыландырудың меншікті көздерін көбейту мақсатында, қызмет көрсету тарифтерін өзгерту бойынша негізделген есептеулермен және ұсыныстармен табиғи монополияларды реттеу Агенттігіне сүйену керек.

Осы ұсыныстарды жүзеге асыру АҚ “Қазақтелекомның” қаржылық жағдайын жақсартуға, жеке қаржылық мүмкіндіктерін жұмылдыруға және қаржылық ағымды тиімді қолдануды жоғарылатуға мүмкіндік береді.  

Қолданылған әдібиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
  2. Указ Президента Республики Казахстан,  имеющий  силу  закона  «О  бухгалтерском  учете»  от  26  декабря  1995 г.,  № 2732.
  3. Закон  об аудиторской деятельности от 20 ноября 1998 года с изменениями от 18 декабря 2002 года и от 15 января 2006 года.
  4. Вишняков Я. Д., Колосов А. В., Шемякин В. Л. Оценка и анализ финансовых рисков предприятия в условиях враждебной окружающей среды бизнеса // Менеджмент в России и за рубежом – 2000 г. №3, с. 15-17.
  5. Станиславчик Е. Н. Риск-менеджмент на предприятии. Теория и практика. М.: «Ось-89», 2008. – 80 с.
  6. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
  7. Дюсембаев  К.Ш.,  Егембердиева А.К., Дюсембаева  З.К. Аудит  и  анализ  финансовой  отчетности.  Алматы, Экономика, 1998 г.
  8. Дюсембаев К.Ш.,  Теория  аудита.  Алматы, Экономика, 1998 г.
  9. Джеймс К., Хорн,  Джон М,  Вахович, Основы финансового менеджмента. Киев, Перевод с английского, 2007г.
  10. Грачев А.В.,  Анализ  и  управление финансовой устойчивостью  предприятия. Москва, Изд. Финпресс, 2007 г.
  11. Ефимова  О.В.,  Финансовый анализ. Москва. Изд.Бухучет, 2007г.
  12. Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2006 г.
  13. Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Годовая и квартальная бухгалтерская отчетность. М.: “Дело и Сервис”, 2001.
  14. Ковалев В.В., Патров В.В. Как читать баланс. М.: “Финансы и статистика”,1998.
  15. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. М.: ИНФРА-М, 2001.
  16. Нитецкий В.В., Гаврило А.А. Финансовый анализ в аудите. Москва. Дело, 2006 г.
  17. Бараненкова С.А. Управленческий анализ. Москва. Финансы и статистика, 2007 г.
  18. Абрютина М.С. Финансовый анализ коммерческой деятельности. Москва. Финпресс. 2007 г.
  19. Яцюк Н.А., Халевинская Е.Д. Оценка финансовых результатов деятельности предприятия// Аудит и финансовый анализ. 2007г. №1 стр.80.
  20. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии, 2007 г.
  21. Годовой отчет 2010 АО Казактелеком.
  22. http://www.telecom.kz/.



Информация о работе Қаржалық тәуекелді басқару