Қаржалық тәуекелді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы көптүрлi тәуекелдермен байланысты, оның әсер ету деңгейi нарықтық экономикаға өтуiмен күшейдi. Бұл iс-әрекетпен бiрге жүретiн тәукелдердi жеке арнайы қаржылық тәуекел тобына бөледi, олар кәсiпорынның жалпы “тәуекел портфелiнде” үлкен роль ойнайды. Кәсiпорынның қаржылық қорытындыларына қаржылық тәуекелдер әсерiнiң өсуi - мемлекеттегi қаржылық жағдай мен нарық конъюнктурасының тез өзгеруiмен, қаржылық қатынастардың кеңеюiмен, жаңа қаржылық технология мен құралдардың пайда болуымен және басқа да көптеген факторлармен байланысты.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Қаржы тәуекелін басқаруДЫҢ теориялық аспектілері

1.1 Тәуекел мәні және экономикалық мазмұны .......................................................5
1.3. Кәсіпорының тәуекел деңгейін бағалау әдістері ............................................11
1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ........................................................15
ІІ Кәсіпорында тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорында қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері және тәуекелдерді бағалау әдістері .........................................................................................................22
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тәуекелін басқаруды талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында) ..........................................................................25


ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ қаржыЛЫқ тәуекелІН басқаруДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ жолдары ....................................................31

3.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану ......................................................31
3.2 Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру
барысы ......................................................................................................................37


ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................

Работа содержит 1 файл

Қаржылық тәуекелді басқару .doc

— 379.00 Кб (Скачать)

Басқа да тәуекелдерді басқару.

Өтімділік тәуекелін басқару сәйкес инвестиционды декларациялар шегінде жүзеге асырылады. серіктестіктің өтімділік тәуекелін оперативті басқару қазыналық блокпен жүргізіледі. Активтер мен пассивтерді басқару комитетімен бекітілетін «кризистік ситуацияларда өтімділікті басқару жоспарына» сәйкес кризистік жағдайларда өтімділікті басқару жүзеге асырылуы тиіс. /17, 107 б/

Кәсіпорын тәуекелдерді оперативті басқару серіктестіктің ішкі қадағалау қызметімен жүргізіледі. Комплеанс тәуекелдерді басқару шегінде «қытай қабырғалары» принципі реализациясы іске асырылады.

Заң тәуекелдерін басқаруды серіктестіктің заңгерлік қызметі іске асырады және бақылайды. Ол тәуекелдер бойынша жоғалтулар үшін арнайы резервтер құрылады.

Бедел тәуекелдерін басқаруды стратегиялық тұрғыдан Директорлар кеңесі, Президент және Правление жүзеге асырады. Бедел тәуекелдерін оперативті басқаруын Президент Аппараты жүргізеді. Бұл тәуекелдер үшін арнайы резервтер құрылады.

 

Алынған нәтижелер (анализ):

1. Келесі     көрсеткіштерге     негізделген     АҚ «Қазақтелеком» тәуекелдерін басқарудағы бірыңғай интергриленген жүйесі құрылды:

  • Тәуекелдерді   басқару   бойынша   жалпылай   бірыңғай . құжаттар: 
    тәуекелдерді басқару саясаты, тәуекелдерді басқару әдістері
  • әртүрлі   бизнестер   бойынша   тәуекелдерді   басқарудағы   бірыңғай 
    көзқарас
  • өңірге  байланыссыз  тәуекел менеджменті қызметінің  персоналға 
    біртұтас қарым- қатынас және ьщғай: терім, оқыту, аттестация.

 

  1. құрылған тәуекелдерді басқару жүйесі жалпы серіктестіктің бизнес 
    масштабтарына және оның стратегиясына сәйкес келеді.
  2. тәуекелдерді  қадағалау, басқару, бағалау және идентификациялау 
    жүйесі капитал бойынша Базель келісімі шарттарына көп жағдайларда 
    сәйкес келеді.  Ал 2010 жылы оны жүйені толықтай  шарттарға 
    сәйкестендіру жоспарлануда.
  3. серіктестіктің тәуекелдерін басқарудағы жоғарғы дәрежелік белгілі 
    рейтингтік компаниялармен бағаланды:

 

  • S&Р В/позитивті
  • Ғіtсh В/позитивті
  • Мооdy’s ВаЗ/тұрақты

 

 

3.2  Кәсіпорынның қаржы  тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру барысы

      

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты  әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар  жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

Тәуекелдерді талдаудан  кейін осы тәуекелдерді басқару  әдістерін талдау қажет. Әрине бұл  процестің ажырамас бөлігі болып  сақтандыру табылады. Сақтандырудан  басқа тәуекелден қашу немесе оны  өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

       Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

      Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

     Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

      Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен  - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

      Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

      Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік  және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

      Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

      Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

- қаржылық тәуекелмен  байланысты мүмкін жоғалтуларды  бағалау;

- фирма белгілі бір  тәуекелдерді өзінде қалтыра  ма, яғни олар бойынша өзі жауапты  бола ма, не олар бойынша жауапты  басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;

- негізгі мақсаты мүмкін  жоғалтуларды төмендету болып  табылатын тәуекелдерді басқару  бағдарламасын жасау қажет. 

Бұл міндеттерді тәуекелді  басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде  мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.

Тәуекелді басқару бойынша  мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету  мәселесін шешу мысалға келесідей  жүргізілуі мүмкін:  бар тәуекелді  жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу. 

Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша  мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының  мазмұны мен мақсаттары анықталады.

Қаржылық тәуекелді  басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.

Менеджер тәуекелді  басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге  алатын  принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін    тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.

Фирманың тиімді дамуы  үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы  тиіс: фирма қызметін сыртқы  орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу. 

Тәуекелді басқару функцияларының мәні  пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық  құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.

       Тәуекел-менеджментті қабылдау - бұл тәуекелді басқару болып келеді. Олар тәуекелді шешу құралдарынан және тәуекелді төмендету әдістерінен тұрады. Тәуекелді шешу құралдарына: бас тарту, ұстап тұру, беру.

      Тәуекелден бас тарту – тәуекелмен байланысты жобадан бас тарту. Бірақ жобадан бас тартқанда мүмкін болатын табысты жоғалтуға болады.

       Тәуекелді ұстап тұру - бар тәуекелді инвесторға қалдыру. Яғни капитал салымын жүргізген кезде мүмкін болатын шығындарды меншікті қаражаттармен жаба алу.

       Тәуекелді беру - инвестор өз тәуекелін басқа біреуге беруі, мысалы сақтандыру компаниясына. Бұл тәуекелді сақтандыру арқылы жүзеге асырылады.

Тәуекел деңгейін төмендету - шығындар көлемі мен ықтималдылығын азайту. Оны жүзеге асыратын шаралар:диверсификация, таңдау және нәтижелер бойынша қосымша ақпаратты алу, шектеу(лимиттеу), өзің-өзі сақтандыру, сақтандыру, қаржылық жобалар бойынша тәуекелді есепке алу, хеджирлеу, аумақтағы қызметтер бойынша тексеруді қолға алу, жалпы қордағы компанияның арнайы қорларын қолдану көлемін бағалау, есеп жүргізу, және тағы басқа әдістер.

       Диверсификация — бір-бірімен байланыспаған әртүрлі объектілерге капитал салымын бөлу процесі. Мысалы, егер инвестор бір акционерлік қоғамның орнына әртүрлі бес акционерлік қоғамның акцияларын сатып алса, онда ол тәуекел деңгейін төмендетеді және орташа табысты алу мүмкіндігін ұлғайтады. Диверсификация - бұл инвестициялық тәуекелді төмендетуші болып табылады. Бірақ оған сыртқы факторлар әсер етеді, оларға: экономикалық жағдайлар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық толқулар, инфляция, дефляция, ¥лттық Банктің есептік ставканың өзгеруі, депозиттер мен несиелер бойынша проценттік ставканың өзгеруі, бұл процестер бойынша тәуекелді диверсификация арқылы төмендетуге болмайды. Соған сәйкес, тәуекел 2 бөліктен тұрады: диверсификацияланатын және диверсификацияланбайтын тәуекел. (3-сурет.)

Диверсификацияланатын тәуекел - ол диверсификация арқылы тәуекелді өзгерту мүмкіндігі.

Диверсификацияланбайтын тәуекел, оны тағы жүйелік деп атайды, ол диверсификация арқылы төмендетіле алмайтын тәуекел.

       Шектеу - бұл шектеуді орнату, яғни несиелер, сатулар және тағы басқалар бойынша шығындар сомасының шекті нормасын белгілеу. Көбінесе бұл банктермен қарыз беру жағдайында және овердрафт бойынша келісімге отырған кезде тәуекел деңгейін төмендетумен байланысты қолданылады. Шаруашылық субъектілер тауарды несиеге сатқан кезде, қарыздарды бергенде және капитал салымның сомасын анықтаған кезде қолданады.

       Өзің-өзі сақтандыру - сақтандыру компаниясында сақтандырылмай, яғни сақтандыруға кететін капитал шығындарын үнемдеу арқылы өзін-өзі сақтандыру болып табылады. Бұл орталықтандырылмаған натуралды түрде сақтандыру (резервтік) қорларды құру формасы болып келеді. Бұл қорлар натуралды немесе ақшалай түрде құрылуы мүмкін.

       Акционерлік қоғамдар акцияны сатқан кезде оның номиналдық құнынан асып кеткен түсім сомасын осы резервтік қорға аударуы мүмкін. Бұл қор көзделмеген шығындарды жабу үшін қолданылады, сонымен қатар егер пайда жеткіліксіз болып және артықшылықты бар акциялар бойынша дивиденттер мен облигациялар бойынша пайыздарды төлеуге жетпеген кезде қолданылады.

       Тәуекелді сақтандыру кезінде инвестор өзінің табысының бір бөлігінен бас тартып, тәуекел деңгейін төмендетуге ұмтылады. Мысалы, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - бұл кезде сақтандыру сомасы кәсіпкерлік тәуекелдің бағалану сомасынан асып кетпеуі тиіс.

       Кәсіпкерлік тәуекелдің сацтандыру багасы - бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы өзінің кәсіпкерлік қызметінен мүмкін болатын шығынға ұшырау сомасы.

       Хеджирлеу — (ағыл. heaging - қорғау) банктік, биржалық және коммерциялық практикада қолданылып, валюталық тәуекелді сақтандырудың әртүрлі әдістерін анықтайды.

       Хеджирлеудің 2 операциясы бар: өсу бойынша хеджирлеу және төмендету бойынша хеджирлеу.

       Өсу бойынша хеджирлеу - немесе сатып алу бойынша хеджирлеу, шұғыл келісімдер мен опциондарды сатып алудағы биржалық операция болып келеді. Келешектегі бағамның көтерілуін сақтандыру үшін хедж қолданылады.   Нақты тауарды сатып алуға дейінгі сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 3 айдан кейін керек тауардың бағасы нақты кезендегі бағасынан өсуі мүмкін. Соған сәйкес бүгінгі бағамен осы тауарға қатысты шуғыл келісімді сатып алып, ал 3 айдан кейін тауар алынған кезде оны сатып жіберуге болады. Тауар бағасы мен шұғыл келісімнің бағасы бірдей пропорционалды түрде өзгереді, егер бұрын сатып алынған келісім қазіргі кездегі сатып алынатын тауардың бағасымен бірдей қымбат болуы мүмкін.

       Төмендету бойынша хеджирлеу немесе сату бойынша хеджирлеу - бұл шұғыл келісімді сату кезіндегі биржалық операция. Бұл керісінше келешекте тауарды сатқан кезде бағаның төмендеп қалуына байланысты биржада шұғыл келісімді немесе опционды нақты уақытта сату болып табылады.

Информация о работе Қаржалық тәуекелді басқару