Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 12:52, реферат
Махмұд Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбегінде қамтылған дүниелер- бүгінгі қазақ әдеби шығармаларына біршама жақын. Тарихи бұл байланыс жинақтағы әрбір жәдігерден аңғарылады.
Халықаралық қарттар күні
Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991-ыншы жылғы 1 қазанда негізінде жыл сайын атап өтіледі. (қарар 45/106 1990 жылғы 14 желтоқсанда)
БҰҰ
Бас Ассамблеясының
1990-ыншы жылғы желтоқсанның 15-індегі
№ 45/106 қарары негізінде
жыл сайын атап өтіледі.
Қазақстан Республикасының
Конституциясында қарт
адамдардың жалпы азаматтық
және арнайы құқықтары
мен мүдделері, оның
ішінде жасы бойынша
әлеуметтік қамсыздандыру
кепілдіктері бекітілген.
Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының жіктеуіне
сәйкес қарт адамдарға 60
пен 74 жас, кәрілерге 75-89
жас аралығындағылар,
ал ұзақ жасаушыларға
жасы 90-нан асқандар
кіреді. Бүгінгі таңда
Қазақстанда 65 жастан
асқандар халықтың 7,5
пайызын құраса, ал 2030
жылы 11,5 пайызын құрайтын
болады. БҰҰ-ның бұл
болжамы осы аумақтағы
туудың төмендеуі мен
ер адамдардың өлімінің
жоғарылығына негізделген.
1-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы егде адамдардың халықаралық құқық қорғау стандарттарына қатысты құқығы. 1.1. Егде адамдар құқы&# |
|
Халықаралық қоғамдастық салыстырмалы түрде егде адамдар құқықтарын қорғау жөніндегі стандарттарды әзірлеумен таяуда ғана айналысты. Осы саладағы іс-шаралар әсіресе соңғы жылдары үдей түсті.
Егде адамдарды әлеуметтік қорғау проблемалары 1948 жылдан бастап БҰҰ-да бірнеше рет қаралуда, онда «егде адамдардың құқықтары туралы декларация» дайындалды. Кейінірек: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ бас Ассамблеясының 217 А (III) қарары), еуропалық әлеуметтік хартия (еуропа Кеңесі 1961 жылы 18 қазанда туринда қабылдаған), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті тәрізді халықаралық құжаттар қабылданған болатын. Алайда Жалпыға бiрдей декларация және Халықаралық Пакт егде адамдарға ерекше мәртебе бөлмеді және сонымен бірге арнайы құқытарды көздемеген.
Бұл ретте 1996 жылғы
3 мамырда Страсбургте қайта
Әлем халқының өсіп келе жатқан бөлігін алаңдататын қартаю проблемаларына аса назар бөліну қажеттігін сезіне отырып, БҰҰ бас Ассамблеясы 1978 жылғы 14 желтоқсандағы 33/52 қарада 1982 жылы Қартаю проблемалары бойынша Әлемдік ассамблея өткізуге шешім қабылдады. Әлемдік Ассамблеяның мақсаты форумды «егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдіктер беруге бағытталған әрекеттердің халықаралық бағдарламасын әзірлеу үшін, сондай-ақ ұлттық дамуға үлес үшін мүмкіндіктер» қамтамасыз ету болды.
Бас Ассамблея 1980 жылғы 11 желтоқсандағы өзінің 35/129 қарарында Дүниежүзілік Ассамблея «халық қартаюының әлеуметтік-экономикалық салдарларын және егде жастағы адамдардың нақты қажеттілігін неғұрлым толық түрде ескеретін қоғам құруға ықпал етуінеә тілек білдірді.
1982 жылы қартаю
проблемары жөніндегі
Вена Жоспары өзінің негізгі мақсаты етіп егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін беруді қояды. Оның алдыңғы кезектегі міндеті елдердің мүмкіндіктері кеңейгенде халықтың қартаюымен байланысты проблемалардышешуден, ерекше проблемаларды шешуден және егде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұрады. Бұл жоспар елдердің егде адамдарды әлеуметтік және экономикалық қамтамасыз етуге кепілдік беруге бағытталған практикалық сипаттағы саясат пен бағдарламаларды әзірлеуді, сондай-ақ оларға дамуға қатысу мүмкіндігін беруді ынталандыруы керек. Вена Жоспарының өзі негізге алған қағидаттары, сондай-ақ нақты проблемалар сипаттамасы және оларды шешу бойынша ұсынымдары бар.
Бізге де адамдар үшін алаңдаушылық мәні болып табылатын мәселелерге және Вена Жоспарында көзделген оларды шешу жөніндегі ұсынымдарға тоқталамыз:
Қартаю проблемалары
бойынша халықаралық әрекет жоспарын
және онымен байланысты іс-шараларды жүзеге
асыру жөніндегі 1990 жылы
14 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының
45/106 қарарымен 1 қазан Халықаралық қарттар
күні болып жарияланды.
1991 жылы Қартаю
жөніндегі Дүниежүзілік
Ішкі әлеуетті іске асыру. Өз әлеуетін жан-жақты іске асыру үшін мүмкіндіктер; білім беру, мәдениет, рухани өмір және демалыс салаларында қоғамның мүмкіндіктеріне қолжеткізу.
Қадір-қасиет. Лайықты және қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігі, пайдалану мен дене және психологиялық күштеуге ұшырамау; жасына, жынысына, нәсілдік немесе этникалық тобына, мүгедектігіне немесе өзге де мәртебесіне, олардың экономикалық салымына тәуелсіз әділ қарау құқығы.
1992 жылы БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бас Ассамблеяға «Қартаюға қатысты 2001 жылға арналған ғаламдық міндеттер: практикалық стратегия» баяндамасын ұсынды. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қарауына ұсынылған әрекеттер Қартаюға қатысты іс-әрекеттердің халықаралық жоспарының басымдық салаларына сәйкес келді және ұлттық инфрақұрылымның, денсаулық пен тамақтанудың, тұрғын-үй мен өмір сүру ортасының, отбасының, білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік игілік пен жұмыспен және демалыспен қамтамасыз етудің негіздеріне бағытталды.
Осы 1992 жылы Қартаю проблемалары жөніндегі Дүниежүзілік Ассамблеяның қартаю проблемалары бойынша іс-әрекеттердің Вена халықаралық жоспарын қабылдауының он жылдығына орай Бас Ассамблея Қартаю проблемалары декларациясын қабылдады. Ол онда егде әйелдерге олардың толық танылмаған қоғамға сіңірген еңбегі үшін тиісті қолдау көрсету үшін қартаю проблемаларына байланысты ұлттық бастамашылықты қолдауға табандылықпен шақырды. Онымен егде ер кісілер әлеуметтік, мәдени және мүмкін олар асыраушы болып жүрген жылдарында дамытып үлгермеген рухани сапаларын дамытуға көтермеленуі тиіс. Онымен отбасылар қарттарға қамқорлық көрсетуде көмек алуы, ал отбасының барлық мүшелері бұған қатысқаны үшін көтермеленуі үшін және онымен 2001 жылға дейінгі кезеңдегі қартаю проблемалары бойынша ғаламдық мақсаттарға жету стратегиясының контексінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін. Онымен егде адамдар масыл ретінде емес, қоғамның дамуына үлес қосушы мүшелер ретінде қаралуы, барлық халық өмірдің соңғы кезеңіне өздерін дайындауы, аға және жас буын экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуда ескі мен жаңаның арасындағы оңтайлы ара қатынасты бірлесіп іздеуі үшін.
Декларация азамзаттың қарттық кезеңге демографиялық кіруін тану құрметіне 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп жариялады.
2002 жылы Қартаю проблемалары жөніндегі Дүниежүзілік екінші Ассамблеяның қорытындысы бойынша Қартаю проблемалары жөніндегі іс-әрекеттердің Мадрид халықаралық жоспары қабылданды (бұдан әрі – Мадрид жоспары). Құжаттың мақсаты – әлемнің барлық елдерінің қарттарының қауіпсіз және лайықты жағдайда өмір сүруін және қоғам өміріне толыққанды азамат ретінде қатысуын жалғастыруды қамтамасыз ету. Мадрид жоспары саясатты жүргізуге жауапты басшылардың қолындағы олардың назарын жеке және демографиялық қартаю процесіне байланысты негізгі басымдық міндеттерге аударуға көмек беретін практикалық құрал болуға арналған.
Мадрид жоспарының
құрамында оны орындауды жүзеге
асыру және бақылау бойныша іс-әрекеттер
мен шараларға қатысты
1. Егде адамдардың дамуға қатысуы.
Егде адамдардың қоғам өміріне және даму процесіне белсенді қатысуы проблемаларын шешу үшін міндетті түрде егде адамдардың экономикалық және саяси еңбектерін, егде адамдардың барлық деңгейлерде шешім қабылдау процесіне қатысуларын тану.
Жұмыспен толық
қамту мақсатына қолжеткізу үшін
жұмыс істегісі келетін егде адамдардың
барлығын жұмысқа орналастыру
Білімге, білім беру мен кәсіби дайындыққа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бүкіл өміріндегі үздіксіз білім беруге, кәсіби дайындық пен қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіптік бағдар мен жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктер жоспарында тепе-теңдікті белгілеу маңызды. Адам жасы ұлғайған сайын тәжірибенің молаятындығын ескеру негізінде барлық жастағы адамдардың әлеуеті мен арнайы білімдерін толық пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шараларды міндетті түрде қарастыру қажет.
Түрлі буын өкілдері арасында ынтымақтықты орнату проблемасын шешу оның әділдік қағидасы және буындар арасындағы өзара көмек көрсету негізінде нығаюынан көрінеді.
Егде адамдар ортасында кедейшілік көлемін қысқарту, кірісті, әлеуметтік қорғауды кепілдендіруді қамтамасыз ету және кедейшіліктің алдын алу мақсатында міндетті түрде барлық жұмысшылардың әлеуметтік қорғаудың/әлеуметтік қамтамасыз етудің базалық жүйесін, соның ішінде, тиісті жағдайларда зейнетақы, еңбекке жарамсыздығы бойынша төлемдер мен медициналық жеңілдіктер алу құқығын пайдалануына мүмкіндік беретін бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету керек. Әлеуметтік-экономикалық жоспарда халықтың жағдайы нашар топтарына көңіл аударуды көтеру негізінде егде адамдарды жеткілікті ең аз кіріспен қамтамасыз ету де маңызды болып табылады.
2. Ересек жаста денсаулық қорғау мен әл-ақуатты қамтамасыз ету. Бүкіл өмір бойына денсаулық пен әл-ауқатты нығайту үшін міндетті түрде науқастылық қауіп-қатерін және ересек жаста тәуелділіктің туындауын, салдарларын көтеретін факторлардың жиынтық әсері азаюы тиіс, сондай-ақ егде адамдар ортасында науқастылықтың алдын алуға бағытталған саясатты әзірлеу және егде адамдардың барлығын азық-түлік пен тиісті тамақтануға қолжетімділікпен қамтамасыз ету қажет. Медициналық-санитарлық қызмет көрсетуге әмебап және тең қолжетімділік проблемаларын шешу үшін егде адамдардың денсаулық сақтау жүйесінің қызметтеріне әмбебап және тең қолжетімділікке ие болуын қамтамасыз ету үшін жасына, жынысына немесе тілдік кедергілерді қоса алғанда, өзге де белгілеріне байланысты әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктің туындауын жою қажет. Бұдан басқа, қарттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларды осы процеске тарту үшін алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету қызметін құру және жақсарту, қарттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін денсаулық сақтау жүйесі қызметінің толық өрісін құру қажет. Акцент күтіммен айналысатын адамдарды және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін кәсіби даярлауға қойылады. Ересек жастағы мүгедек адмдардың қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысуына ықпал ету және өмірінің барлық кезеңдерінде ең жоғары функционалдық әлеуетін сақтау маңызды міндет болып табылады.