«Сегіз қырлы, бір сырлы» жәдігер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 12:52, реферат

Описание работы

Махмұд Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбегінде қамтылған дүниелер- бүгінгі қазақ әдеби шығармаларына біршама жақын. Тарихи бұл байланыс жинақтағы әрбір жәдігерден аңғарылады.

Работа содержит 1 файл

МӘДЕНИЕТ.doc

— 641.50 Кб (Скачать)

    Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі  мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.

    «Күлтегін» (684-731) ескерткіші «Білге қаған» ескерткішімен қатар бір жерде табылған. Күлтегін 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында қайтыс болған. «Күлтегін» жыры өз алдына дербес 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан дербес хикая болып келеді.

  1. Қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі
  2. Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді
  3. Түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді
  4. Көршілес табғач халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме
  5. Табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайындағы хикая
  6. Түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған
  7. Түркі халқының даңқын көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған жыр
  8. Ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған
 

    Ежелгі  түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдың өзі үш элементтен тұрады.

  1. Оқиғаның басталуы
  2. Оқиғаның өрістеуі
  3. Оқиғаның түйіні

          Мыс: «Күлтегін» жырының  2-ші циклы – Түрік қағанаты жерінің  ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған: 

               Тоғыз оғыз бектері, халқы,

               Бұл сөзімді мұқият тыңда,

               Терең ұқ.

               Ілгері – күн шығысында,

               Оң жақта – күн ортасында,

               Кейін – күн батысында,

               Сол жақта – түн ортасында,

               Осының ішіндегі халықтың бәрі

               Маған қарайды!

               Халықты осыншама көбейттім! 

    Міне, осы циклдың алғашқы үш жолы –  оқиғаның басталуы – қол астындағы  халыққа  қарата айтылған үндеу сөзі; одан кейінгі төрт жолы – оқиғаның өрістеуі – түрік қағанаты жерінің  кеңдігін суреттеуге арналған; соңғы  екі жол жыр – циклдың түйіні – түрік елінің жері кең, халқы көп екендігі айтылады. Жалпы жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы»  барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етіп, байлыққа кенелткен. Жырдың идеясы – түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата –баба жолын берік ұстауға шақыру болып табылады.

          «Күлтегін» жырының  қазақ эпостарымен ұқсастығы  туралы айтатын болсақ, қазақ эпосында әсіресе  батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын суреттеуге ерекше назар аударады.

    Мыс: «Қобыланды батыр» жыры:

                 Тобылғы меңді торы атпен

                 Қобыланды шапты ауылға

    Немесе

                  Үстіңдегі түгіңнің

                  Жары күміс, жары алтын

                  Жан серігім, Бурыл ат

                  Жылқыда тұлпар сен едің

    Ал  Күлтегін мінген аттардың сыр-сипаты осылай суреттеледі:

                  Күлтегін боз ат мініп шапты,

                  Ол ат сонда лді

                  Ерттеулі торы атын мініп шапты

                  Ол ат сонда өлді

                 Күлтегін алып шамшы ақбоз мініп

                 Жауға қарсы ұмтылды

    Сонымен бірге батыр өлгенде бүкіл  елдің жоқтау айтуы эпостық жырларымен сарындас. Сонымен қатар Күлтегіннің 16 жасынан 47 жасқа дейінгі өмірін суреттеу, Алпамыс батыр секілді  Күлтегін де суға салса батпайды, отқа салса күймейді. Оны төмендегі жолдардан байқаймыз.

                  Жүзден артық оқ тиді

                 Бірі де дарыған жоқ

    Күлтегін  жырлары. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында болмақ.

    Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (Сібірдегі) бойынан (мұндай жазбалар Қазақстан жерінен де көптеп табылған, солардың ең көлемдісі Талас ескерткіші) табылған. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері – хандар, бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің авторлары сол жазуларда есімдері аталатын Йоллығ-тегін мен Тоныкөк деген болжам бар. Оларды елдің тарихын, тағдырын толғап айтушы ежелгі ақын-жыраулар өкілдері деуге болады.

    Орхон жырларында "Алпамыс", "Қобыланды" жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан-бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында қара сөздер де араласып отырады. Сондықтан, оны эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады. Онда шешендік сөз нұсқалары да мол. Оларда өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы көрінеді. Ерлік, батырлық дәріптеледі. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ерлік істері, ел басқаруы баяндалады.  

    Бастыны еңкейтті,

    Тізеліні  бүктірді,

    Бек ұлдары құл болды,                     

    Пәк қыздары күң болды, –  

деп суреттеледі  Күлтегін ерлігі. Күлтегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының: "Кедейі бай болды", "азы көп болды", – деген сияқты жолдардан жырдың түпкі мұраты ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екенін аңғару қиын емес.

    Бұдан шығатын қорытынды – қазақ  халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланған. Орхон ескерткіштері – алғашқы ерлік жырларының бірі. Бұған тағы бір дәлел – жырда Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан-жақты суреттелген. Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі, ол халықты жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді. Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол дұшпандар салған іріткіге еріп, қырылып-жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады.

    Жырда Күлтегін бейнесі үнемі өсу үстінде  болады. Күлтегін – түркі халқының ерлік сипаттарын бойына дарытқан жиынтық  образ. Оның тұлғасында бір кездерде жалпақ даланы еркін билеген түркі  тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Жырда батыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпандарының да қосыла жылауының кең суреттелуі халықтық бұлжымас ерлік дәстүрлерді қасиеттейтінін дәйектей түседі.

    Жырдағы Тоныкөк көптеген қағандарға кемеңгер ақылгөй болумен бірге небір жорықтардың куәгері, ізінше сол жорықтар жайында жырлар тудырып, тасқа қашатып жазғызған автор екені де байқалады. Сөйтіп, Тоныкөк әрі батыр, әрі ақылгөй, әрі жырау бейнесінде сомдалады.

    Қорыта  айтқанда, Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кодекс Куманикус

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Мында өту: шарлау, іздеу

Кодекс КуманикусCodex Cumanіcus»), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.

Мазмұны

[жасыр]

  • 1 Пайда болуы
  • 2 Аударылымдары
  • 3 Ерекшелігі
  • 4 Пайдаланған әдебиет

[өңдеу] Пайда болуы

Попугай суреті бар Кодекс Куманикус.

Бірінші бетінде  «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында)жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы«Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латыншапарсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.

Екінші  бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.

[өңдеу] Аударылымдары

Осы уақытқа  дейін «Кодекс Куманикустің»  қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге  аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.

[өңдеу] Ерекшелігі

Қазіргі түркі  халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс  Куманикус» материалдарының тигізер  пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б. [1] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе «Сегіз қырлы, бір сырлы» жәдігер