«Сегіз қырлы, бір сырлы» жәдігер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 12:52, реферат

Описание работы

Махмұд Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбегінде қамтылған дүниелер- бүгінгі қазақ әдеби шығармаларына біршама жақын. Тарихи бұл байланыс жинақтағы әрбір жәдігерден аңғарылады.

Работа содержит 1 файл

МӘДЕНИЕТ.doc

— 641.50 Кб (Скачать)

МӘДЕНИЕТ

«Сегіз  қырлы, бір сырлы» жәдігер 

19.05.2010

Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Махмұд Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбегінде қамтылған дүниелер- бүгінгі қазақ әдеби шығармаларына біршама жақын. Тарихи бұл байланыс жинақтағы әрбір жәдігерден аңғарылады.

 
Махмұд Қашқари- әйгілі «Диуани лұғат  ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы»  атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні - Махмуд ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед Қашқари.  
 
Дерек көздерге сүйене отырып, ғұламаның туған жері туралы ғалымдар түрлі пікірлер айтады. Мысалы филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың жазуынша: «...ғалым орта ғасырдағы мәдениет орталықтарының бірі болған Баласағұн шаһарында туылған». Ал Қазақ энциклопедиясына сүйенер болсақ, туған мекені : «... қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл маңайындағы ( кей деректе Шу бойындағы ) Барысхан қаласы».  
 
Ал ғұламаның толық атына Қашқари есімінің тіркеле айтылуына оның бабасының бір кездері Қашқардан көшіп келгені себеп болған деген тұжырым айтады ғалымдар. 
 
Түркологтар Қашқаридің туған және мәңгілік жайына қайтқан уақыты жөнінде де түрліше болжамдар білдіруде. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты «Ғылым» баспасынан 1973 жылы жарық көрген еңбегінде: «...оның «Диуани лұғат ат-түрік» кітабын 1068 жылы жаза бастағаны, алдыңғы екі томын 1072 жылы, үшінші томын 1074 жылы жазып бітіргені мәлім. Аутор осы соңғы кітабының аяғында «Бұл кітап мені өмірімнің ақырына алып келді», деп жазған. Осы мәліметтерге қарағанда, Махмұд Қашқари он бірінші ғасырдың басында туып, аяғына таман қайтыс болған сияқты», деген ғылыми болжам айтылған.  
 
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ 
 
Аутор «Сөздікте» қамтылған әрбір тарауды бастамас бұрын әуелі Жаратушыдан медет тілеп, «Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын», деп мінажатпен кірісетін болған. Ал кезекті тарауға нүкте қойылар тұста, Алла-Тағаланың көмегімен тағы бір ісінің соңына келіп жеткеніне шүкіршілік айтып отырған екен. 
 
Осы кітабы туралы Қашқаридың өзі: «Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санамда әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым. «Жинақты» сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым», - деп жазған екен. 
 
Айтса айтқандай, «Сөздіктің» ұлы ауторы түркі халықтары тарихындағы өзінің осынау алғашқы лингвистикалық еңбегінде әртүрлі ұлыстар тілдерін өзара салыстыра қатар зерттеу тәсілін қолданған. Демек, салыстырмалы әдісті қолдану барысында түркі тілдері тарихи диалектологясының негізін қалап кеткен екен.  
 
Ал Қазақ энциклопедиясында аталған «Түркі сөздерінің жинағына»: «Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түрікте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барысхан, Тараз, Баласағұн, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады»- деп жоғары баға берілген.  
 
Ғалымның география саласына сіңірген еңбегі де- ересен. Мәселен, Қашқаридың дөңгелек карта деп аталатын туындысы тарихта ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының мекендеген, көп таралған аймақтарын белгілеп, шартты шекараларын көрсетеді. 
 
КӨСЕМ СӨЗДІҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ 
 
Жоғарыда айтқанымыздай үш томнан, сегіз кітаптан тұратын бұл «Сөздік» еңбекте, ғалымдардың дәлелдеуінше, 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген екен. 
 
Ал, ғалым Келімбетовтың зерттеулеріне қарағанда, бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі тектес ұлыстарға бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер қамтылған көрінеді.  
 
Айта кету керек, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты еңбегінде жазуынша, «Сөздікте» 238 өлең-жыр, 270 шақты мақал-мәтел келтірілген.  
 
Көптеген өлең-жырлардың өте ерте заманда, тіпті алғашқы қауымдық кезеңде дүниеге келгенін аңғару қиын еместігін түркологтар баса айтуда. 
 
Енді шығармадағы мақал-мәтелдерден біраз мысал келтіріп көрелік: 
 
«Батыр майданда, ғалым әңгімеде сыналар», 
 
«Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі», 
 
«Әдептің басы-тіл», 
 
«Бақыт белгісі-білім мен ақыл», 
 
«Арыстан қартайса, тышқан інін күзетер», 
 
«Құс қанатымен, ер атымен», 
 
«Көрікті тоның өзіңе болсын, шырын асың өзгеге болсын», 
 
Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», 
 
«Ұлық болсаң, кішік бол», 
 
Міне осы шағын мысалдардың өзінен-ақ Махмұд Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбегінде қамтылған дүниелердің бүгінгі қазақ әдебиетіне қаншалықты етене жақын екенін аңғару қиын емес. 
 
«Сөздіктің» алғашқы томы 436 бет, екінші томы 294 бет, үшінші томы 333 беттей болады екен.  
 
Бұл еңбек жөнінде ғалым Н. Келімбетов: «Көне түркі әдеби ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы «Диуани лұғат ат-түрік» табылғаннан кейін ғана «Құтты білік» дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателіктер түзетілді»,-деген болатын. 
 
«Сөздіктегі» жырларда кейіпкер тағдыры табиғат құбылыстарымен астаса баяндалады. Сондай-ақ сол замандардағы түркі халықтарының өмір сүру дағдылары, тұрмыс-салт жырлары кең қамтылған. Мысалы аңшылық пен мал бағу өнерлері айрықша баяндалады.  
 
Осы үш томдық еңбекте елін жаудан қорғаған ержүрек батырлар жорықтары эпикалық сарында, кең тыныспен суреттеледі. Ал ол дастандардың негізгі ауторы халық екені белгілі. Жыр-дастан ауторлары осынау батырлық баяндар арқылы оқырманын Отансүйгіштікке баулуды көздесе керек.  
 
Аталған жәдігерлерді он бірінші ғасырда қағазға түсірген Қашқари да бұл мақсаттың тінін бұзбастан бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Демек шығарма мазмұны- қай ғасырда да өзекті. 
 
УАҚЫТ ТЕЗІНЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫ 
 
«Сөздіктің» табылып, баспа бетін көруінің өзі қызықты жайларға толы. Анығын айтқанда, ғылыми деректерге сүйенер болсақ, «Сөздіктің» түпнұсқасы жоғалғанға ұқсайды. Тек қана Абулфатх деген азаматтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Стамбұл базарында (онда да ескі заттарды сатушының арбасынан) табылған көрінеді. Ол көшірме қазір аталған қаладағы Фатх кітапханасында сақтаулы тұр.  
 
«Сөздік» алғаш 1915-1917-жылдары Стамбұлдағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап болып жарияланған екен.  
 
Содан кейін кітап Лейпциг қаласында, белгілі шығыстанушы Броккельманның аударуымен, неміс тілінде жарық көрді. Ал түрколог С. Муталибов ол үш томдық еңбекті өзбек тіліне аударып, Ташкентте 1960-1963 жылдары бастырып шығарған болатын.  
 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Егеубай кейінірек кітапты қазақшаға аударып, баспаға әзірлеген еді. Осылайша «Сөздік» 1997-1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді.  
 
Махмұт Қашқаридың «Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-джавахир ан-нахв фи луғат ат-түрік», яғни «Түркі тілдері синтаксисінің құнды қасиеттері туралы» атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпестен жоғалып кеткен екен.  
 
ЮНЕСКО ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына байланысты 2008 жылды «Махмұт Қашқари жылы» деп жариялаған болатын. Соған орай Алматыда және Стамбұл мен басқа да қалаларда ғылыми конференциялар өткізілген көрінеді.  
 
Сөзімізді ғалым Н. Келімбетовтың пікірімен түйіндегенді жөн көріп отырмыз: «...Сөздіктегі әдеби үлгілердің көркемдік сипатына келер болсақ, түркі тайпаларының әртүрлі поэтикалық жанырларда көркем туындылар жасағанын көреміз». 
 
Ізденген ұрпаққа «Сөздіктің» ашар әлі талай құпиясы бар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Күл-тегін

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Мында өту: шарлау, іздеу

Күлтегін
Дүниеге келгені: 684
Қайтыс  болғаны: 731
Мансабы: қаған

Күл тегін (684-731ж.ж.) - Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ачынұ тектi.

Күлтегiн 7 жас  кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 ж. билік  құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.) отырады. Күлтегiн  мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. (Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// "Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005.)

Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күл тегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:

Он алты жасына келгенде.... алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық. .. Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты.... Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты.... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты...

Осылай жалғаса  береді. Қарап отырсаңыз, Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түрік қолын жеңіске жеткізіп отырыпты.

Әкесі Құтылығ (Елтеріс) қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының  іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені Білге қағаны ел бастап, кішісі Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал алытн тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді. [1] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ежелгі дәуір  әдебиеті. Күлтегін жырлары 

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР  ӘДЕБИЕТІ  
Күлтегін жырлары  
 
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.  
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.  
Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.  
"Ежелгі әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз.  
Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.  
Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.  
Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.  
Күлтегін жырлары. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында болмақ.  
Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (Сібірдегі) бойынан (мұндай жазбалар Қазақстан жерінен де көптеп табылған, солардың ең көлемдісі Талас ескерткіші) табылған. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері – хандар, бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің авторлары сол жазуларда есімдері аталатын Йоллығ-тегін мен Тоныкөк деген болжам бар. Оларды елдің тарихын, тағдырын толғап айтушы ежелгі ақын-жыраулар өкілдері деуге болады.  
Орхон жырларында "Алпамыс", "Қобыланды" жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан-бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында қара сөздер де араласып отырады. Сондықтан, оны эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады. Онда шешендік сөз нұсқалары да мол. Оларда өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы көрінеді. Ерлік, батырлық дәріптеледі. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ерлік істері, ел басқаруы баяндалады.  
 
Бастыны еңкейтті,  
Тізеліні бүктірді,  
Бек ұлдары құл болды,  
Пәк қыздары күң болды, –  
 
деп суреттеледі Күлтегін ерлігі. Күлтегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының: "Кедейі бай болды", "азы көп болды", – деген сияқты жолдардан жырдың түпкі мұраты ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екенін аңғару қиын емес.  
Бұдан шығатын қорытынды – қазақ халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланған. Орхон ескерткіштері – алғашқы ерлік жырларының бірі. Бұған тағы бір дәлел – жырда Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан-жақты суреттелген. Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі, ол халықты жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді. Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол дұшпандар салған іріткіге еріп, қырылып-жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады.  
Жырда Күлтегін бейнесі үнемі өсу үстінде болады. Күлтегін – түркі халқының ерлік сипаттарын бойына дарытқан жиынтық образ. Оның тұлғасында бір кездерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Жырда батыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпандарының да қосыла жылауының кең суреттелуі халықтық бұлжымас ерлік дәстүрлерді қасиеттейтінін дәйектей түседі.  
Жырдағы Тоныкөк көптеген қағандарға кемеңгер ақылгөй болумен бірге небір жорықтардың куәгері, ізінше сол жорықтар жайында жырлар тудырып, тасқа қашатып жазғызған автор екені де байқалады. Сөйтіп, Тоныкөк әрі батыр, әрі ақылгөй, әрі жырау бейнесінде сомдалады.  
Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.
 
 
 

    ІІІ. Күлтегін жырлары 

    Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін  жасаған көркем әдебиет туындыларын  толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі  әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.

    Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі  Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын  мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.

    Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың  тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала  ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.

Информация о работе «Сегіз қырлы, бір сырлы» жәдігер