Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.

Содержание

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі
1.1. Жеке тұлға ұғымы және құқықтық мәртебесі
1. 2. Азаматтардың құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі
2. Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
2.1. Заңды тұлға ұғымы. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі
2.2. Заңды тұлғалардың түрлері
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі
3.2. Әкімшілік аумақтық бөлініс
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Едил курсовой.docx

— 64.96 Кб (Скачать)

Заңды тұлғалардың  дербес мүліктік жауапкершілігі заң  актілерімен тағайындалуы мүмкін. Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер Заңды тұлғаның банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабы 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы  процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты  мәміле жасауына мүмкіндік береді.[16, 80б] 

Заңды тұлғаға  қатысты халықаралық жеке құқық  теориясында 2 ұғым қолданылады:

1. Заңды тұлғаның  жеке мәртебесі

2. Заңды тұлғаның  ұлттылығы.

Заңды тұлғаның жеке мәртебесі дегеніміз – ол заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтау. [17, 34б]

Заңды тұлғаның ұлттылығы дегеніміз – ол белгілі  бір заңды тұлғаның, белгілі бір  мемлекетпен байланысын білдіреді.  

Заңды тұлғаның ұлттылығы жөнінде халықаралық  жеке құқықта 4 доктрина қалыптасқан.

1. Инкорпорация – заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің заңы қолданылады.

2. Отаршылдық немесе тұрақтылық доктринасы – заңды тұлғаның басты органы қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, оның әкімшілік органы орналасқан жерінің заңы қолданылады.

3. Қызмет ету немесе шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады.

4. Бақылау доктринасы – бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңы саналады.[18, 45б]

Қазақстан заңы бойынша, заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлға  заңы болып саналады.

Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі  де осы заңды тұлғаның жеке заңымен  реттеледі.

Заңды тұлға  дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару  құқығындағы оқшау мүлкі бар  және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша  жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге  ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.  

Заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге  қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі ол құрылған сәттен бастап пайда болады, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды  тұлға заң құжаттарында тізбесі  белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.  Яғни, белгілі бір қызметпен  айналысу үшін лицензия алу қажет  болатын заңды тұлғаның құқық  қабілеттігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

Заң құжаттарына  сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір  қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы  шектеледі. [2, 35б ]

Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік  мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы  мен басқа да құрылтай құжаттарына  енгізіледі.

Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілеттігіне жатпайтын  жалпы құқық қабілеттігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде  тыйым салынбаған қызметтердің  кез келген түрін жүзеге асыра  алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғасында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым  салмайтындай болуы керек. Жалпы  құқық қабілеттігі принципінен  коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері  де болады.

    1. Ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін.
    2. Коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттігі құрылтай құжаттарында көрсетілгендіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін.

Азаматтық кодекстің 37 бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен  есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті  заңды тұлғаның әрекеті болып  табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың  алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін  асыра пайдаланып қабылданған міндеттемелері бойынша жауап береді. [4, 54б]

Заңды тұлға  органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың  өкілеттігі заң және құрылтай құжаттары  арқылы айқындалады.

Заңда тұлғаның атауы.  Азаматтық кодекстің 38 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңжы тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтың ерекше объктісі болып табылады.

Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде өте маңызды. Азаматтық кодекстің 39 бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43 бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып таыблады.  Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату. Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес тәсілі бар: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немес ықтиярсыз жүктелуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша  қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттіг бар заңды тұлғаның жекеленген түрлері үшін құжаттарының императивті нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзіретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылданған шешімге сәйкес болады.

Тарату. Заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немес ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенішінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша  заңды тұлға кез келген негіз  бойынша таратылуы мүмкін.

Ал ықтиярсыз  тарату сот шешімімен:

  1. Банкрот болған;
  2. Заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетіге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
  3. Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
  4. тиісті рұқсат алынбаған қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда;
  5. заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

2.2. Заңды тұлғалардың түрлері.

 

 

Азаматтық кодекс Заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық  заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін  ұйым десек қателеспейміз. Кіріс  түсіру мақсаты болып табылмайтын  және алынған таза кірісті қатысушылар  арасында бөлінбейтін заңды тұлға  коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы). Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық  емес ұйым  заңды тұлға ретіңде  мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық одақ нысанындағы заңды  тұлғалардың бірлестігі және заң  актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан  Республикасының заң актілерінде  шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық; емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша  кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық  салу Қазақстан Республикасының  салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік  қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға  пайдалануына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды  тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

ә)   құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын  заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын  немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар  ұйымдар жататын болғандықтан мұның  өзі құрылтайшының заттық құқықты  иеленетінін білдіреді.[19, 54б] Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі "коммерциялық, емес ұйым" заң құжаттарында көзделген  өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері.

 

    1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы

азаматтық құқықтың субъектісі.

 

 

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып  табылмағанымен азаматтық айналымда  Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек  бұл субьектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ  олар сипаты жағынан Азаматтық құқық  қатынастары қатысушыларының өзге құқық субьектілерінен ерекшеленеді. [1, 56б] Ондай ерекшеліктер мынадай: а) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы құқықтың басқа субьектілері орындауға міндетті Заңдарды қабылдау құқығын еншілейді; ә) Қазақстан Республикасы өзінін заңдарымен әр құқық субьектісінің өкілеттік көлемін белгілейді, өзгертеді, бұл орайда өзі үшін де өкілеттік көлемін айқындайды: б) Азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының бірде бірі иелене алмайтын құқықтарды Қазақстан Республикасы еншілейді (мысалы, тек Қазақстан Республикасы ғана валюталық реттеудің құқықтық негіздерін белгілеуге құқылы және т.б.).

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы