Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.

Содержание

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі
1.1. Жеке тұлға ұғымы және құқықтық мәртебесі
1. 2. Азаматтардың құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі
2. Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
2.1. Заңды тұлға ұғымы. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі
2.2. Заңды тұлғалардың түрлері
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі
3.2. Әкімшілік аумақтық бөлініс
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Едил курсовой.docx

— 64.96 Кб (Скачать)

Дара тұлғаларды ғана азаматтық құқық субъектісі деп танитын болсақ онда дара тұлға  қасиеттеріне ие болмайтындарды яғни балалар мен психикалық ауруларды  субъект ретінде танымау болар  еді. Ал мұндай шешім әрбір адамды, оның жасы мен денсаулығына қарамай  азаматтық құқық субъектісі ретінде  қарастыратын азаматтық заң шығармашылыққа қарсы болған болар еді.[5, 22 б]

“Адам”  түсінігі құқық субъектісі мағынасында  әртүрлі халықаралық құжаттар мен  заң шығармашылықта кеңінен қолданылады. БҰҰ-ның 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған  адам құқығы жөнінде жалпы декларацияның 6-бабында көрсетілгендей – “Әрбір адам қай жерде болмасын өзінің құқықтық субъектісі екендігінің танылуына  құқығы бар”. Азамат азаматтық құқық субъектісі. Соның ішінде азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие. Бірақ азаматтық құқық саласы адамды азаматтық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде белгілеу үшін басқа түсінікті қолданады, ол – “азамат” түсінігі, яғни бұл түсінік адамды тек адамзат жанұясының мүшесі ретінде емес, оны мемлекет пен белгілі бір байланыста болатын тұлға мағынасында екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес азамат түсінігі заң құқықтық түсінік болып табылады.

Азаматтық мемлекет пен тұлғаның арасында саяси-құқықтық байланысты айқындайды. Ал бұл байланыс өзара құқықтар мен міндеттер  көрінісін табады. Осыдан мынадай  мәселе келіп шығады. Яғни азаматты құқық, азамат түсінігін қолдана  отырып берілген мемлекеттің азаматтарын  қарастырады.

Басқа мемлекеттерде  шығарылған осындай заңдар сәйкесінше сол мемлекеттің азаматтарына байланысты қарастырылады. Азаматтық құқық  қатынастарға шет елдік азаматтар  мен азаматтығы жоқ адамдардың қатысуы  бөлек реттеледі.

ҚР азаматтары ие бола алатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтардың негізгі мазмұны  ҚР Азаматтық кодексінің 14-бабында  көрсетілген. Олар: азамат ҚР шегінде  де, одан тыс жерлерде де  мүлікті , соның ішінде шет ел валютасын  меншіктенуге; мұра алып, мұраға қалдыруға; республика аймағында еркін жүріп  тұруға және тұрғылықты жер тайдауға, республикадан тыс жерлерге еркін  шығып кетуге және қайтып оралуға; заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызметпен  айналысуға; дербес өзі немесе басқа  азаматтармен және заңды тұлғалармен  бірігіп заңды тұлға құру; заң  тыйым салған кез-келген мәміле жасап, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына  интеллектуалдық  меншік құқығы болуға, материалдық  және моральдық зиянның орнын  толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық  субъектісі болады.[6, 24б]

Азаматтық құқық және халықаралық келісімдер мен конвенцияларда адамдарды құқық  субъектісі ретінде белгілеу үшін “жеке  тұлға” түсінігі жиі қолданылады.

Жалпы азаматтық  заңдар негізінде ол “азамат” ұғымымен бір мағынада қолданылады.

Бірақ оны  сәйкес келеді деп айтуға болмайды, себебі “жеке тұлға” ұғымы бойынша  мемлекет территориясындағы барлық адамдар азаматтық құқықтық қатынас  қатысушылары ретінде қамтылады. Жеке тұлға тек ҚР азаматтары ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар да болады.

Конситуциялық нормалармен қарастырылған азаматтардың тең құқықтығы азаматтардың құқық  қабілеттігінің теңдігі деген мағынаны береді.

Бұл жағдай азаматтық кодекстен де келіп  шығады. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтық құқық қабілеттілік барлық азаматтарға бірдей танылады деп көрсетілген. Осыған сәйкес заң бойынша барлық азаматтар мазмұны бойынша тең құқық қабілеттілікке ие болады және құқықтарды иелену қабілетінде ешкім артықшылық пен жеңілдік иемдене алмайды.

Адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыста қорғау, қоғамдық тәртіп, адамдық құқықтары мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Азаматтық құқық субъектісі болатын жеке адамға, индивидумға қатысты”жеке тұлға” түсінігі оны заңды тұлғалардан  айқын ажыратуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ескере кететін бір нәрсе, ол Азаматтық заңдар негізі мен республикалар  азаматтық кодекстерінде “азамат” түсінігі қолданылады.

 

 

    1. Азаматтардың құқық қабілеттігі және әрекет қабілеттілігі.

 

 

Құқық қабілеттіліктің  жалпы түсінігі заңда көрсетіледі, яғни ол ҚР азаматтық кодексінің 13-бабында  көрсетілген. Құқық қабілеттілігі  дегеніміз – азаматтың құқықтар мен міндеттерді  иемдену қабілеті болып табылады. Осыған сәйкес құқық  қабілеттілік – осы құқықтар мен  міндеттердің субъектісі болу қабілетін  білдіреді және заңмен қарастырылған  кез-келген құқық немесе міндетке ие болуы мүмкіндігі мағынасында болады.

Бұл категорияның маңызы сол тек құқық қабілеттілік болған жағдайда ғана басқа нақты  субъективті құқықтар мен міндеттер  болады. Құқық қабілеттілік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы  және сол арқылы олардың жүзеге асуына қажетті жалпы алғы шарт болып  табылады.

Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол  арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді  жүктейді, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды.[3, 33б]

Құқық қабілеттілік мемлекеттің барлық адамзаттарына  танылады. Ол туылу сәтінен бастап пайда болып, қайтыс болу жағдайында тоқтатылады. Сәйкесінше құқық қабілеттілік адамнан ажыратылмайды, ол өзінің бүкіл  өмірі бойы жас шамасы мен денсаулығына қарамастан құқық қабілеттілікке ие болады. Бірақ бұл жерде құқық  қабілеттілік көру, есту сияқты адамға тән табиғи қасиет деген нәтиже шығаруға болмайды. Құқық қабілеттілік туылу  сәтінен пайда болғанымен, табиғи жолмен пайда болмайды. Ол заң күші бойынша пайда болады, яғни қоғамдық-заңды  қасиет, белгілі бір заңды мүмкіндік  деген мағынаны білдіреді. Бізге  тарих бойынша белгілі бір  кездерде көптеген адамдар топтары  сол кездегі заңдар бойынша құқық  қабілеттіліктен толық немесе толық  дерлік айрылған. Мысалы: құл иеленушілік  құрылыстағы құлдар.

Заң әдебиеттерінде құқық қабілеттілік азаматқа тән  белгілі бір қасиет ретінде қарастырылады. Заңда көрсетілгендей, бұл қасиет құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті ретінде болады. Ал қабілет дегеніміз заңды мүмкіндік деген мағынада яғни тұлға құқықтар мен міндеттерге ие бола алады. Бұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып және қамтамасыз етілгендіктен ол әрбір нақты тұлғаның белгілі бір субъективті құқығы мағынасын береді. “Құқық қабілеттілік – бұл құқықтар мен міндеттердің субъектісі болу құқығы” деп жазған Братусь С.Н.

Осы құқыққа  сәйкесінше мін деттемелер де бар. Белгілі  бір адамдармен қатынаста болғандардың барлығы, оның құқық қабілетіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Азаматтық кодекстің 14-бабына сәйкес құқық қабілеттілік құқықтық қорғауға жатады. Ал бұл өз кезегінде барлық субъективті құқықтарға тән қасиет.

Егер  құқық қабілеттілік субъективтік құқық  ретінде болса, енді оның басқа субъективті  құқықтардан ерекшеліктері мен  айырмашылықтарын көрсету керек.

Құқық қабілеттілікті субъективтік құқық ретінде оны  жүзеге асырудан кейін пайда болған нақты субъективтік құқықтармен  алмастыруға болмайды. Құқық қабілетті  болу әлі де болса заңмен қарастыпрылған және рұхсат етілген, фактілі, нақты  құқықтар мен міндеттерге ие болу деген сөз емес. Әдебиеттерде белгіленгендей құқық қабілеттілік – бұл құқық  иемденудің негізі, оның алғышарты.[7, 18б]

Азаматтардың  құқық қабілеттілігіне кіретін  бірқатар міндеттер заңда тікелей  көрсетілген. Мысалы, азаматтық кодекстің 8-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтық  құқықтарды жүзеге асыру басқа құқақ  субъектілерінің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

Азаматтық кодекстің 8-бап 4-тармағы бойынша  азаматтар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты  және әділ әрекет жасау керек деп  көрсетілген. Бұл міндетті келісім  шарт арқылы жоққа шығаруға немесе шектеуге болмайды.

Азаматтардың  басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты  басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына  қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға  бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.[8,15б]

ҚР азаматтарының  республика территориясынан еркін  шығу құқығының жүзеге асуы сәйкесінше сол мемлекеттің заң нормалары  және халықаралық жеке меншік құқықты  есепке ала отырып, соларға сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар құқық қабілеттілік мазмұны  бойынша шексіз деп айту қате болады. Басқа да кез-келген субъективті  ұқықтар сияқты оның да кейбір шектері  бар. “Кез-келген субъективті құқық, құқылы тұлғаның жасауы мүмкін әрекеттің  түрткісі бола отырып өзінің мазмұны  мен оның жүзеге асу түрлері бойынша  белгілі бір шектері болады”. Бұл шектеулер мен жағдайларды  көрінісін тапқан яғни, азамат заң  актілерімен тыйым салынбаған барлық, кез-келген іс әрекетпен айналыса алады  және кейбір құқықтарға иелік етуге тікелей тыйым салынады. әрбір азамат азаматтық құықтық  қабілетке толық көлемде ие болады. Тек ерекше жағдайларда ғана заң актілерімен тікелей қарастырылған жеке бір шектеулер болуы мүмкін.

Құқық қабілеттілікті шектеу мүмкіндігі тек заң актілері арқылы және ерекше жағдайларда болатындығы  ҚР конституциялық 39-бап 1-тармағынан келіп  шығады.

Азаматтық құқық қабілетке сипаттама беру үшін заңмен бекітілген азаматтардың тең құқылы екендігі үлкен мәнге  ие болады.

ҚР азаматтары шығу тегіне, қоғамдық және мүліктік жағдайына, жынысы, білімі, тілі, дінге көзқарасы, саяси және басқа сенімі, айналысатын  қызметінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жеріне және басқа жағдайларға қарамастан толық тең құқылы деп танылады.[9, 2б]

Сонымен қатар құқық қабілеттіліктің  теңдігін сипаттайтын элементтердің  барлығын толық жүзеге асады деп  айтуға болмайды. Мысалы үшін тұрғын үй құқықтарын иемдену қабілеттілігіне  белгілі бір жерде тұрғылықты тұру жері уақыты үлкен әсер тигізеді. Себебі бір қатар нормативтік  актілермен қарастырылғандай, тұрғын жай алу үшін есепке тұру, тек  осы берілген жерде белгілі бір  уақыт тұрғандығы сияқты шарттың  болған жағдайында ғана мүмкін болады.

Кейбір  азаматтардың (кәмелетке толмағандар, психикалық аурулар) нақты немесе тікелей  заңның көрсетуімен жеке құқықтар мен  міндеттерге ие бола алмауын құқық  қабілеті теңдігі принципінен ауытқу деп көрсетуге болмайды.

Мысалы, мұраға қалдыру құқығы немесе кооператив мүшесі мазмұнының элементтеріне ие бола алмайды.

Адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыста қорғау, қоғамдық тәртіп, адамдық құқықтары мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Азаматтық құқық қабілеттілігі оның өмір сүруінен бөлінбейді және оның өзіне тән жеке қасиеттеріне тәуелсіз болады. Сондықтан  құқық қабілеттіліктен айыруға  заңмен тыйым салынған. Құқық қабілеттілігінің тек кейбір көріністері ғана және белгілі бір мерзімге шектелуі мүмкін. Мысалы үшін қабылданған заң бойынша  қылмысты жасағаны үшін, құқық қабілеттілігінің белгілі бір көріністері шектеледі. Бұл шектеулер жазалу шарасы ретінде  белгіленеді. Құқықтық қабілеттілікті шектеу сәйкесінше әртүрлі қабілеттілікті де шектеу дегенді білдіреді.

Мысалы, өндірістік кооперативтің мүшесі болып  тек 16 жасқа толған кезде және кооператив қызметіне жеке өзі еңбегімен  қатыса алатын тұлға бола алады.

Азаматтық құқық қабілеттілігі адамдардың өмір сүруінен бөлек ажыратылмайды. Адам туылған сәтінен өлгенге  дейін құқық субъектісі болып  табылады.Азаматтың өлімі деп  тек қана нақты өлім жағдайында ғана емес, сонымен қатар заңмен белгіленген  ретте азаматты өлді деп жариялау да саналады.[2, 31б]

Азаматтық құқық қабілеттілігі оның өлімі  жағдайында тоқтатылады. Адам тірі кезінде  денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілет болады. Өлім жағдайы  құқық қабілеттіліктің тоқталуы, азаматтық құқықтық субъект ретінде  толық жойылуы болып табылады.

Неке  және жанұя туралы кодексте 143-бабына сәйкес азаматтың туылуы немесе өлімі  мемлекеттік азаматтық хал актілерін  жазу мекемелерінде тіркелуі тиіс. Бұл реттеу азаматтық мүддесін, олардың  жеке және мүліктік құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік мүліктерді қорғау мақсатында жүргізіледі және дәлелдемелік маңызға  ие болады.

Құқық қабілеттілік азаматқа заң арқылы беріледі. Осы  ретте, заңға сәйкес, азамат құқықтық қабілеттен бас тартуға немесе оны  шектеуге құқығы жоқ. Осыған сәйкес құқықтық қабілетке  бөтенге беруге болмайтындық қасиеті тән.

Азаматтық әрекет қабілеттілік заңда азаматтың  өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға  өзі үшін міндеттер жасап оларды орындауға қабілеттілігі деп  көрсетілген. [2, 17б]

Әрекет  қабілеттілікке ие болу әртүрлі заңды  әрекеттер жасауға жеке өзінің қабілетті  болуы. Мысалы, шарттар жасасу, сенімхат беру, келтірілген зиян үшін және шарттық  міндеттемелерді орындамағаны үшін жауап беру т.б. әрекеттер.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы