Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:51, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасның біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары..................................................................................................6
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары.........................................................................................10
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары....................................................................16
2.2Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері............................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................27

Работа содержит 1 файл

ЖШС курс.doc

— 244.14 Кб (Скачать)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нəтижелеріне құқық жəне өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сəйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін.

Салымдар жеке мүліктік емес құқықтар жəне өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысандағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны айлық жиырма мың есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тəуелсіз сарапшы растауға тиіс.

Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады.

Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға жол берілмейді.  Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке пайдалануға берілген мүліктің кездейсоқ құрып кету немесе зақымдану қаупі мүлік иесіне жүктеледі.

Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, əрбір қатысушы салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі болып табылады. Мұндай үлес бүтіннің бөлігі түрінде немесе проценттермен көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге əкеп соғады.

 Құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталын құру мерзімдері.

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 процентін, алайда жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін енгізуге міндетті

2. Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.

3. Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталының (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге не жарғылық капиталды оның енгізілген бөлігіне дейін азайтуға тиіс.  Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе,  серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабына сəйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

4. Қатысушы белгіленген мерзімде енгізбеген үлес немесе оның бір бөлігі серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша Жуапкершілігі шектеулі серіктестік Заңының 31-бабының 1-тармағында немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тəртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі не үшінші жақтың сатып алуына ұсынылуы мүмкін. Салымның енгізілмеген бөлігін осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде сату мүмкін болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылады жəне соған сəйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі.

5. Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі көрсетіліп, нотариат куəландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім үш жылдан аспауы керек.

6. Өз үлесін толық енгізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы серіктестіктен өзінің серіктестікке қатысуын куəландыратын куəлік алуға құқылы.

7. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрғанға дейін ақша енгізу арқылы оның жарғылық капиталын төлеу үшін серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында жинақтау шотына тиісті қаражат аудару үшін банкте өз атына осындай шот ашуға тиіс құрылтайшылардың бірін көрсетуі мүмкін. Серіктестік құрылып, ол банкте өз шотын ашқаннан кейін атына жинақтау шоты ашылған құрылтайшы осы шоттан серіктестік шотына ақша аударуды 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асыруға міндетті. Құрылтайшы ақша аудару жөніндегі міндетін уақтылы орындамаған жағдайда ол серіктестікке, егер құрылтайшылар осылай кешіктірудің өзге зардаптарын белгілемесе, жинақтау шотында ұсталып қалған сомадан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабында белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.

8. Егер жауапкершілігі шектелуі серіктестіктің жарғысында оның құрылтайшылары серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлік енгізуі көзделсе, серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі жəне кейінгі кезеңге сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс құрылтайшының біреуін немесе үшінші жақты көрсете алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал жəне оның өз капиталымен арақатынасы тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:

1) кез келген қатысушының талап етуі бойынша тəуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;

2) сот шешімі бойынша;

3) əрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша - қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мəлімделген жарғылық капиталы нақты жарғылық капиталынан асып кеткен кезде серіктестікке қатысушылар кредит берушілер алдында жарғылық капиталдың өз капиталынан асып кеткен сомасында серіктестіктің борыштары бойынша ортақ субсидиялық жауапкершілікті мойнына алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі.

Төмендегідей салымдармен:

1) серіктестіктің барлық қатысушылары қосатын қосымша бара-бар салымдар;

2) жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің резерв капиталының есебінен ұлғайту;

3) бұған қалған барлық қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар салуы;

4) серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жарғылық капитал жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың біреуі не жаңадан қабылданатын қатысушының қосымша жарна төлеуі арқылы ұлғайтылған кезде мұндай салымның мөлшері серіктестіктің өз капиталына олардың осының алдындағы жарнасының мөлшерін жəне барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестерін қайта есептеу қажеттігі ескеріле отырып белгіленеді. Шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімімен қабылданады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы жиналыс жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарлаған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең сомада салымдар енгізілуге тиіс. Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.

Жарғылық капитал ұлғайтылмай қалған жағдайда қатысушының немесе өз салымын салған, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке кіруге ниет білдірген үшінші жақтың серіктестіктен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабына сəйкес не зияндарын өтеп, оның ішінде салым ретінде салынған мүлікті пайдалану мүмкін болмауы салдарынан қолдан жіберіп алынған пайдасын өтеп, салымды қайтаруды жəне тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту серіктестіктің барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін бара-бар мөлшерде азайту не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жүзеге асырылады.

 Қатысушы үлесін өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде қалған қатысушылардың үлестері тиісінше өзгереді.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған кезден бастап серіктестік бұл шешім туралы шешім қабылданған соң туындайтын міндеттемелер бойынша кредит берушілерге хабарлауға міндетті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде серіктестік өзінің барлық кредит берушілеріне жарғылық капиталдың азайтылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге не серіктестіктер туралы мəліметтер жарияланатын ресми басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің кредит басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің кредит берушілері хабарлама алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде серіктестіктен қосымша кепілдіктер не серіктестіктің тиісті міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатуын немесе орындауын жəне зияндардың орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талаптар серіктестікке жазбаша нысанда жіберіледі, ал олардың көшірмелері серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға ұсынылуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуын серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген орган серіктестікке талаптар мəлімдеу үшін кредит берушілерге ұсынылған мерзім аяқталған соң тіркейді Егер серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға серіктестікке кредит берушілер талаптарының көшірмелері түссе, серіктестік осы талаптардың орындалғанының дəлелдерін ұсынған не мəлімдеген кредит берушілердің серіктестік жарғылық капиталының азайтылуын тіркеуге қарсылықтары болмаған жағдайда, жарғылық капиталдың азайтылуы тіркеледі.

Егер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде серіктестік қайта тіркеу туралы арыз бермесе не қажетті дəлелдер ұсынбаса, жарғылық капитал азайтылмаған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталдың азайтылуына байланысты жарғылық капиталдың жаңа мөлшерінен асатын таза активтердің бір бөлігі шегінде ғана өз қатысушыларына төлемдер жасауға құқылы. Төлемдер жарғылық капиталдың азайтылуы тіркелген соң, серіктестік жарғысы немесе жалпы жиналыстың жарғылық капиталды азайту туралы шешімі белгілеген мерзімде, бірақ тіркеу кезінен бастап үш айдан кешіктірмей жасалады. Төлем серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшеріне сəйкес жасалады.

 Қатысушылар өз салымдарын құрылтай құжаттарында мəлімделген жарғылық капиталдың толық мөлшеріне дейін салған соң ғана жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың үлестері.

Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері жəне тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес), егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады. Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықтан айрылу қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығуына əкеп соғады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары серіктестіктің бір қатысушысында болуы мүмкін үлестің ең көп мөлшерін шектей алады. Мұндай шектеуді белгілі бір қатысушы жөнінде белгілеуге болмайды. Сол сияқты құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушылар үлестерінің ара қатынасын өзгерту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушы үлесіне құқық заттық емес, міндеттемелік сипатта болады.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне билік етуі

 Қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіндегі үлесі салым төленіп қойылған бөлігінде ғана салым толық төленгенге дейін иеліктен алынуы немесе кепілге берілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен таратылуы мүмкін.

Сот шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

1) банкрот болған;

2) серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта заң бұзушылыққа жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған;

3) қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайларда;

4) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда мұндай серіктестік таратылуға тиіс. Бұл орайда серіктестікті тарату жөніндегі тарату комиссиясын (таратушыны) серіктестік құрылтайшысын таратуды жүргізетін тарату комиссиясының (таратушының) өтініші бойынша сот тағайындайды.  Соттың жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату туралы шешімімен таратуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттер серіктестіктің өзіне; серіктестіктің уəкілетті органына;  оның құрылтай құжаттарымен серіктестікті таратуға уəкілетті органға, не сот тағайындаған өзге органға (адамға) жүктелуі мүмкін.

Информация о работе Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы