Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:51, курсовая работа
Қазақстан Республикасның біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары..................................................................................................6
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары.........................................................................................10
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары....................................................................16
2.2Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері............................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................27
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ұғымы және оны құрудың
алғышарттары..................
1.2 Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің құрылтай құжаттары және
басқару органдары.....................
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жарғылық капиталы және
оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары..................
2.2Жауапкершілігі шектеулі
серіктестікті тарату негіздері.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Егемендігімен еңсе тіктеп өзгелермен мәртебесі тең дербес мемлекет ретінде құқықтық-демократиялық қоғам орнатуды мұрат тұтқан Қазақстан Республикасының Конституциясын, өз заңдарын, нормативтік құқықтық актілер шығарып, оларды өмірде қолдана білуі, оның өркениетті ел болуына ұмтылысының тағы бір айқын дәлелі.
Қазақстан Республикасның біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет.
Менің курстық жұмысым, осы заңды тұлғаның түрі болып табылатын «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары» туралы тақырыпқа талдау жасау.
Демек, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -Қазақстандағы кеңінен таралған коммерциялық ұйымдардың бір түрі. Бұл дегеніміз жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің көптеп ашылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірден-бір салық төлеуші субьект. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылдың 22 сәуірінде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңға қол қойды.
Бұл Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін.
Зерттеу мақсаты- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымына және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, қорғау, құрылтай құжаттарының, жарғылық капиталының түсінігін беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
Курстық жұмысының зерттеу пәні болып жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құру, тіркеу, құқықтарын, міндеттерін, жарғылық капиталының ұлғаю және азайту заңдылықтарын, пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де қолданылды.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде шаруашылық серіктестік және оның түрлеріне байланысты қатынастарды реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:
-«Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;
Курстық жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс береді. Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоғамда ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен сипатталады.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде серіктестіктің коммерциялық ұйым ретінде ұғымы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бойынша талқылау жасалды, құрылу, тіркелу, жарғылық капиталын, таратылу тәртібі зерттеледі.
Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А.ГДиденко, Ю.Г.Басин, Д,А.Колбасин, Ғ.Тулеуғалиев, Ғ.А.Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
І. Жауапкешілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тəуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңында көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша əрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ "жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздерді немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады.
Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын жəне оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға жəне серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) сəйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы. Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны жəне өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру жəне өкілдіктерін Ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. Мемлекеттік кəсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уəкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы бола алады. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды жəне олар жазбаша ресімделеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар құқықтары:
ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңында және серіктестік жарғысында көзделген тəртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға; серіктестік жарғысында көзделген тəртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік жəне өзге де құжаттамасымен танысуға; серіктестік қызметінен ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына жəне оның жалпы жиналысының шешімдеріне сəйкес табыс алуға; серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңда жəне (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тəртібімен дау айтуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңында жəне құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері.
1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тəртіпте, мөлшерде жəне мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мəліметтерді жария етпеуге ;
4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда мəліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында, осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тəртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
Информация о работе Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы