Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:51, курсовая работа
Қазақстан Республикасның біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары..................................................................................................6
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары.........................................................................................10
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары....................................................................16
2.2Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері............................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................27
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда: жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нəтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық жəне өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; Жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда, егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мəн-жайлар ескерілуге тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс -серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы жəне орналасқан жері, серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куəландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі, серіктестікті құру тəртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уəкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау, серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері, серіктестіктің жарғылық капиталына əрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мəліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тəртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары, құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тəртібі, серіктестік жарғысын бекіту, серіктестіктің таза табысын бөлу тəртібі. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты əрбір құрылтайшының немесе оның уəкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды.
Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға жəне құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс. Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз əрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мəртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мəтінінде көрсетілуге тиіс.
Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады.
Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері:
- жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
- жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді.
- жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тəртіп бойынша жүргізіледі.
Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нəтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның ережелері бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы. Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уəкiлеттiк берген адам қол қояды. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның 48-бабында белгiленген тəртiппен қабылданады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мəртебесін белгілейтін құжат болып табылады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi жəне жеке басын куəландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мəліметтер;
4) серіктестік органдарын құру тəртібі мен олардың құзыреті;
5) серіктестікті қайта ұйымдастыру жəне оның қызметін тоқтату ережелері;
6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тəртiбi ;
7) серіктестікке қатысушыларға жəне үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тəртібі жəне мерзімі;
8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тəртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мəні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс жəне оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қол қояды.
Серіктестіктің жарғысын нотариат куəландыруға тиіс. Серіктестіктің нотариат куəландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады. Барлық мүдделі адамдар серіктестік жарғысымен танысып шығуға құқылы. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту тəртібі:
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның ережелеріне сəйкес қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады.
-серіктестік жарғының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндетті. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сəйкес өзгерістер енгізуді сот тəртібімен талап етуге құқылы.
- серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мəн- жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару органдары:
- серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
- серіктестіктің атқарушы органы (жеке-дара немесе алқалы) болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында серіктестіктің байқаушы (байқаушы кеңес) жəне (немесе) бақылау (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру көзделуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының құзыреті, сондайақ олардың шешім қабылдау немесе серіктестік атынан əрекет жасау тəртібі Заңмен, басқа да заң актілерімен жəне серіктестік жарғысымен белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғары органы (жалпы жиналыс) қатысушылардың кезекті немесе кезектен тыс жалпы жиналысы ретінде шақырылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысқа қатысуға, күн тəртібіндегі мəселелерді талқылауға қатысуға жəне шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар. Серіктестік қатысушыларының аталған құқықтарын шектейтін серіктестік жарғысының жəне кез келген басқа құжаттардың, шешімдердің ережелері жарамсыз болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы жалпы жиналысқа жеке өзі немесе өкілі арқылы қатыса алады. Сенімгердің өзі тиісінше серіктестіктің атқарушы органының мүшесі немесе бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшесі болып табылатын жағдайларды қоспағанда,
атқарушы орган мүшелерінің жəне бақылау органдары мүшелерінің жалпы жиналыста серіктестік қатысушыларының өкілдері ретінде əрекет етуге құқығы жоқ. Серіктестікке қатысушының - жеке тұлғаның өкілі ретінде сенімхат негізінде өзге адамдар əрекет етуге құқылы. Өкілдің жалпы жиналысқа қатысуына жеке тұлғаның берген сенімхаты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 167-бабының 4-тармағында немесе 5-тармағында көзделген нысанда берілуге, не нотариаттық куəландырылуға тиіс. Серіктестікке қатысушының - заңды тұлғаның өкілі ретінде оның басшысы сенімхатсыз не өзге өкіл сенімхат негізінде қатысуға құқылы. Өкілдің жалпы жиналысқа қатысуына заңды тұлғаның сенімхаты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (жалпы бөлім) көзделген нысанда берілуге тиіс. Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның өкілі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы əрекет етуге құқылы. Қатысушы мүдделерін білдіру тəртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы заңдарда белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының серіктестік қатысушысы болып табылмайтын мүшелері, егер серіктестік жарғысында өзгеше көзделмесе, жалпы жиналысқа кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар жалпы жиналысының құзыреті серіктестік жарғысымен белгіленеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:
1) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
2) серіктестіктің атқарушы органын құру жəне оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау жəне осылай берудің шарттарын айқындау;
3) серіктестіктің бақылаушы кеңесін жəне (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;
4) серіктестіктің жылдық қаржылық есептемесін бекіту жəне оның таза табысын бөлу;
5) оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рəсімін жəне басқа да құжаттарды бекіту;
6) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
8) тарату комиссиясын тағайындау жəне тарату баланстарын бекіту;
9) серіктестікке қатысушыларға жəне үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тəртібін жəне мерзімдерін бекіту жатады.
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын құру-Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады жəне серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек.
Информация о работе Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы