Сақтандыру қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 09:44, реферат

Описание работы

Сақтық рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады. Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі. Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы……………………….3
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні ...................................3
1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың түрлері...............................4
ІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің жай-күйі және оны дамыту ............................................................................................................9
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің жай-күйі...........9
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін дамытудың мақсаттары мен міндеттері...................................................................................13
Қорытынды..........................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................17

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 50.42 Кб (Скачать)

    Республиканың қаржы нарығында берiлген лицензиялармен сәйкес 2011 жылдың 1 сәуiрiнде  38 сақтандыру ( қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс iстейдi, соның ішінде өмiрдi сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыру  лицензиясы 7 ұйымда бар.  Сонымен қатар сақтандыру қызметін 14 сақтандыру брокері және 77 актуарии қызметі жүзеге асырады. 

    Сақтандыру  сыйақыларының көлемі 2011 жылдың үш айының қорытындысы бойынша өткен  жылдың ұқсас көрсеткiштеріне қарағанда 10,3%-ға артық,  45,8 миллиард теңгені құрады. 3 ай ішінде сақтандыру ұйымдарының жиынтық активі 1 сәуірде 366,7 млрд теңгені құрап,  6,8%-ға ұлғайды. Жиынтық меншікті капитал  3,8% -ға ұлғайды және 216,5 млрд. теңгені құрады.  Сақтандыру қорларының сомасы 128,6 млрд. теңгені құрайды. 

    Сақтандыру  нарығының шоғырлануы жоғары болады. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде қалыптасқан  жағдайға сәйкес жетекші бестіктің  үлесіне жиналған сыйақының жиынтық көлемі 48,7% -дан келеді. Нарықтың ең үлкен үлесі «Евразия» СК - 19,7%-ға ие, екінші орында «Халық-Қазақинстрах» тұр, оның үлесі барлық сыйақының  13,7%-ын құрайды, үшінші орында – «Қазақмыс»,  оның үлесі 5,7% сыйақыны құрайды, одан әрі қарай  сыйақының жиынтық көлемінен  4,9% -ды жинаған «Номад Иншуранс» және үлесі жиналған сыйақының 4,8% -ын құрайтын "Чартис Қазақстан" тұр. 

    2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға азаюына қарамастан, ерiктi мүлiктiк сақтандыру бойынша сыйақының ең үлкен сомасы - 23,6 млрд. теңге түсті.  Ерікті дербес сақтандырулар бойынша сыйақы былтырғы жылмен салыстыра қарағанда, 47,7% -ға ұлғайып, 13,3 млрд.теңгені құрады.  Міндетті сақтандырудың түрлері 8,9 млрд.теңге сыйақы жинады, ол былтырғы жыл нәтижесінен 15,9%-ға артық. 

    Дағдарысқа  дейін Қазақстанның сақтандыру компаниялары корпоративтік салаға ерекше көңіл  бөлді. Мұндай келісім-шарт арқылы бірнеше  мыңның келісіміне қол жеткізуге  болады. Сақтандыру компаниялары осыдан бірнеше жыл бұрын жеке тұлғаларды сақтандыру нарығына шығын көп кетеді, әрі түсетін пайда да аз,- деп есептейтін.  Алайда, ғаламдық қаржы дағдарысы ірі және орта кәсіпорындарды қаржысын үнемдеуге мәжбүрледі. Нәтижесінде, сақтандыру компанияларының табысы бірнеше есеге төмендеді. Дағдарыс белең алған кезде сақтандыру компаниялары маңызды шешім қабылдап, бағыттарын өзгертті. Және олар жеке тұлғаларды сақтандыруға ерекше көңіл бөле бастады. 

    Сақтандырудың аталған түрін  жеке компаниялармен қатар, қоғамдық бірлестіктер де дамытты.  ҚР қаржы нарығын қадағалау агенттігі екінші жыл қатарынан сақтандыру компанияларына қойылатын талапты күшейтуде. Нәтижесінде сақтандыру компаниялары жыл сайын  жеке капиталын 140 млн теңгеге ұлғайтуды қолға алды. 2012 жылы әрбір сақтандыру компаниясының кепілдік қоры 1 млрд теңгені, жеке капиталы 10 млн еуроны құрауы тиіс. Сарапшылар мұндай шешім ел ішіндегі тәуекелдердің алдын-алады деп септейді. 

    Қаржы нарығын қадағалау агенттігі  енгізген жаңа талаптар бойынша, сақтандыру компаниялары қаржысын шетелге шығара алмайды. Осылайша, қызмет көрсету сапасы да өзгермек. Нарық ойыншылары мұндай тәжірибелер міндетті және ерікті сақтандырудың  өзге де түрлеріне енгізіледі деген  пікірде. Әзірге компаниялардың басым  бөлігі сақтандырудың классикалық  түріне айрықша мән береді.  Ол көлікті және мүлікті сақтандыру. Ал, компания мен корпоративтік тұтынушыларды сақтандыруға қатысты арнайы жеңілдіктер қарастырылған.  Қазір елімізде 38 сақтандыру компаниясы жұмыс  жасайды. Оның біреуі шетелдік құрылым. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, 16 млн Қазақстан халқының сұранысын 20 компания қамтамасыз ете алады. Шетелдік сарапшылар Қазақстанның сақтандыру нарығында ауқымды өзгеріс болмайды деген пікірде. Олар алдағы 2-3 жылда компаниялар бірігіп, қызмет сапасын жетілдіреді деп есептейді.  

    2.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін дамыту мақсаттары мен міндеттері 

    Елімізде  сақтандыруды дамытудың негізгі  мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

    Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін  құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар  әзірлеуді және кезең-кезеңімен  іске асыруды талап етеді. Бұл  қағида Қазақстан Республикасында  сақтандыруды дамытудың мемлекеттік  бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

  • әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
  • сақтандырудың қолдану аясып кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
  • сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтық брокері, сақтық агенті, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы,актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
  • халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалаудың жүйесін ұйымдастыру;
  • сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
  • осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
  • сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

    Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтық жүйені дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың  әлеуметтік маңызды түрлерін жедел  дамытуда мол резерв жасалған.

    Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке:

  • мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салмақты азайтуға;
  • рыноктық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы (зейнетақы қорланымдарын, еңбек қабілеттілігінен айырылуы немесе асыраушысы кқайтыс болуына байланысты, жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақыларды, медициналық шығыстарды төлеу) әлеуметтік қамсыздандырудың (қамтамасыз етудің) жекелеген проблемаларын шешуге;
  • халықтың, жеке ұйымдардың жинақақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.

    Сақтандыру  саласындағы мемлекеттік реттеудің  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау;
  • сақтандырудың негіздерін заңнамалық баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу;
  • сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

    Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті уәкілетті мемлекеттік  орган - Қазақстан Республикасының  Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау жөніндегі  агенттік жүзеге асырады.

    Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың төлем қабілеттілігі  мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау  уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.

    Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға:

  • айыппұл салуға;
  • лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
  • лицензияны кері қайтарып алуға;
  • сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға және оларды жаңа инвесторларға сатуға құқылы.

    Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалынған аудиторлық, қорытынды сақтық (қайтасақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептеменің ажырағысыз бөлігі болып табылады.

    Негізгі сақтық ісімен сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдері  мен сақтық ісі және сақтық қызметінен алынған табыстардың және шығыстардың  сақтық сомаларын төлеудің және сақтық ісін ұйымдастыру мен оның материалдық  базасын жасау жөніндегі шығыстардың, еңбекке ақы төлеу шығыстарының, сақтық қорларына (аударылатын аударымдардың) орнын толтырудың айырмасы ретінде  анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен  алынатын табыс қызметтің осы  түрлеріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс  резервтік қорларға аударылған аударымдардың  сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады.

    Азаматтардың  ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі  бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына  деген сенімінің деңгейіне байланысты.

    Сақтандыруды  дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салықтық-бюджеттік  және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау саласы мен  сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне  байланысты болады.

    Қазіргі замангы сақтық рыногының толықканды жұмыс істеуі сонымен қатар актуарийлерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық  есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын  тиісті талаптарды қажет етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды  

    Өтпелі  экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

    Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне карамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтеншс жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

    Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктсрін, оның климаты мсн географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді камтамасыз етеді.

    Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жургізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік камсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

    Экономиканың  нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, болу, айырбастау жәнс тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

    Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымсн коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.

    Негізгі сақтық ісімен сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдері  мен сақтық ісі және сақтық қызметінен алынған табыстардың және шығыстардың  сақтық сомаларын төлеудің және сақтық ісін ұйымдастыру мен оның материалдық  базасын жасау жөніндегі шығыстардың, еңбекке ақы төлеу шығыстарының, сақтық қорларына (аударылатын аударымдардың) орнын толтырудың айырмасы ретінде  анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен  алынатын табыс қызметтің осы  түрлеріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс  резервтік қорларға аударылған аударымдардың  сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады. 
 
 
 

Информация о работе Сақтандыру қызметі