Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 09:44, реферат
Сақтық рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады. Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі. Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................2
І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы……………………….3
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні ...................................3
1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың түрлері...............................4
ІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің жай-күйі және оны дамыту ............................................................................................................9
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің жай-күйі...........9
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін дамытудың мақсаттары мен міндеттері...................................................................................13
Қорытынды..........................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................17
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
Сақтандыру қызметі кәсіпкерлік
қызмет түрі ретінде
Орындаған: Абдыкадыров К.Е.
Жолжанова
А.Н.
Алматы 2012
Мазмұны
бет
Кіріспе.......................
І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы……………………….3
1.1 Қазақстан
Республикасындағы
1.2 Қазақстан Республикасындағы
сақтандырудың түрлері.......................
ІІ.
Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру қызметінің
жай-күйі және оны
дамыту ..............................
2.1 Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру
2.2 Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Нарықтық экономикалық даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып қана қоймай материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама қайшылығы мол күрделі құбылыс әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.
Рыноктық экономикаға көшум
Сақтық
рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен
ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық
қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық
ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды
қажет ететін заңи және жеке тұлғалар
арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық
рыногында клиенттерді және олардың қосымша
ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін
тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында
бәсеке пайда болады. Сақтандыру, табыс
(пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына
қаражаттарды инвестициялау жөніндегі
сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі
ретінде елестетіледі. Сақтық рыногы сатып
алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық
қызмет болып табылатын және оған деген
ұсыным мен сұраным қалыптасатын
ақшалай қатынастардың сферасы болып
табылады.
І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы
1.1
Қазақстан Республикасындағы
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бүл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық үдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және үжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
1)сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
2)сақтандырудың қоғамдық енімнің қүнын қайта белуге қатысуы;
3)оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен косарланып отырады;
4)сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатынын болуы ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалыгы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқигалар болган кезде жеке және заңи тұлгалардың мүліктік мүдделерін қорғау жоне оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру жөне пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қодданылады, олар: бюджеттік жөне сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары — қоғамның үлттық шаруашылыгындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің үжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және өлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде тұтынылмайтын жөне қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.
Нарықтық
экономикада сақтық қатынастарының
едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар
болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру
мен өмірді сақтандыру категориясына
қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі
өзгеше сақтық қызметтерін
көрсетуге түрленеді және мүндай қызметтер
көрсетудің еркін рыногында үсынылады.
Бүл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық
тарифтері мен жарналары
түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге
сұраным олардын, сапасымен және бағаның
деңгейімен анықталады.
1.2 Қазақстан
Республикасындағы сақтандырудың түрлері
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру бірнеше тәуекелдіктен тұрады.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және езге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Өмірді сақтандыру — азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам (тұлға) сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты және мүліктік, жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына, мугедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.