Сақтандыру қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 09:44, реферат

Описание работы

Сақтық рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады. Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі. Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы……………………….3
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні ...................................3
1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың түрлері...............................4
ІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің жай-күйі және оны дамыту ............................................................................................................9
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің жай-күйі...........9
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін дамытудың мақсаттары мен міндеттері...................................................................................13
Қорытынды..........................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................17

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 50.42 Кб (Скачать)

    Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

    Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Мүліктік  сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.

    Зиян  келтіргендігі үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру мүмкін болатын  өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

    Шартты  бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап  болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл  жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

    Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

    Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда  алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

    Сактандыру  процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзегс асырылады.

    Сақтандыру  шарты бойынша  бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесс оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шсгінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенсді.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша ‒ жеке  және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және жинақтаушы емсс.

    Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзегс асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінсн жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудын. әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндстті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермсн бслгілснсді.

    Ерікті  сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзсгс асырылатын сақтандыру.

    Жеке  басты сақтандырудың сан алуан  түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметксрлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су жәнс облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.

    Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық қызметі қызметкерлері сақтандырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің жай-күйі және оны дамыту

    2.1 Қазақстан Республикасында сақтандыру  рыногының жай-күйі 

    Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:

    • сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы;
    • сақтық брокері;
    • сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
    • актуарий;
    • уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
    • өзара сақтандыру қоғамы;
    • сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалар.

    Сақтық  брокері - сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.

    Сақтық агенті - берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтық ұйымдарының атынан және олардың тапсырмасымен сақтандыру келісімшарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.

    Сақтық  ісі және сақтық қызметі, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін:

  • инвестициялық қызметті;
  • «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтық келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін);
  • сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
  • ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
  • бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе онын қарамағына сақтандыру келісімшарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
  • сақтық ісіне және сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
  • сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастырү мен жүргізуді;
  • сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды;
  • консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға, сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
  • сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.

    Сақтық  ісі мен сақтық қызметін жүзеге асыруға  мынадай жалпы талаптар қойылады.

    Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы сақтық қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі  қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері  және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы.

    Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерлерді сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.

    Экспорттық  кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік Сақтық Корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталықалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты - бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.

    Корпорация  жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді:

  • алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортер (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортерге немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер);
  • импортер (реципиент) елі үкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі;
  • экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
  • революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.

    Сақтық  ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық  қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың  жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта  сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінің  ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.

    Сақтандыру  келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың езара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.

    Қазақстанның  сақтық рыногы қалыптасу стадиясында  тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері  бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол әлемдік деңгейден айтарлықтай  артта қалып келеді. Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда  ол небәрі 40 түрін қамтиды. Жеке басты  сақтандырудың және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері  нашар дамыған, бұл халықтың табысының  төмен болып отырған деңгейіне  байланысты. Әлемдік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларға әртараптандыра отырып, етене және қаржылық-орнықты  рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада тұрақты жайғасымдарды  алып отыр.

    Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының  ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның  негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының  сақтық рыногын дамытудың қолайлы  жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру  болып табылады.

    Соңғы жылдары сақтандырудың отандық  рыногында оң үрдістер байқалуда. Сақтық рыногында сақтық ұйымдарының активтері  мен меншікті капиталдарының ауқымдық өсуінің үрдісі сақталып отыр.

    2010 жылдың жеті айының қорытындысы  бойынша қазақстандық сақтандыру  нарығы бойынша түскен сыйақылардың  сомасы 94,784 млрд. теңгені құрады, бұл  өткен жылдың осындай көрсеткішінен 8,8% артық.  
Нарықта шоғырланудың азайғаны байқалады. Осылайша, қазақстандың сақтандырушылар жинаған сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемінің 50,80% ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай бес лидердің үлесінде болды. Бес лидердің құрамы: бірінші орында дәстүрлі «Еуразия» СК, ол нарықтың 14,85% ұстап отыр, «Казкоммерц-Полис» СК екінші орынға келді – нарықтың 13,49%, «Халык-Қазақинстрах» үшінші орынды алды – 11,45%, "ЭйАйДжи Казахстан" СК – сыйақылардың жиынтық көлемінің 5,79%, ал Мұнай сақтандыру компаниясы көлемі бойынша бесінші орынды алды – 5,22%. 

Информация о работе Сақтандыру қызметі