Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:31, доклад
Ұйымның бірігуі кезінде оның қаржылық есебінің құрылымы ХҚЕС 3 арқылы анықталады. Бұл біріккен ұйымдар сатып алу әдісімен есептелуі керек. Сатып алушы ұйым сәйкестендірілген активтерді, жағдайлалды және шартты жағдайдарды әділ бағасымен сатып алу күнімен қабылдайды , сонымен бірге іскерлік беделін де, келешекте тозбайды, ол құнсыздануға тестіленеді.
Сатып алушы бірегейленетін активтер (міндеттеме) үшін танылған тұрақсыз соманың көбеюін (төмендеуын) гудвиллдің төмендеуі (көбеюі) арқылы таниды. Дегенмен, бағалау кезеңінде алынған жаңа ақпарат кейде бірден көп активтердің немесе міндеттемелердің тұрақсыз сомасына өзгету енгізуге әкелуі мүмкін. Мысалы, сатып алушы сатылатын ұйымның ғимараттарының бірінде болған төтенше жағдайға қатысты шығындарына төлеу үшін, міндеттеме қабылдауы мүмкін, оның барлығы немесе бір бөлігі сатылатын ұйымның міндеттемелерді сақтандыру саясатымен қамтылған. Егер сатып алушы бағалау кезеңінде сол міндеттеменің сатып алу күнгі әділ құн туралы жаңа ақпарат алса, осы міндеттеме үшін танылған тұрақсыз сомаға енгізілген өзгерістің нәтижесінде болатын гудвиллге енгізілетін өзгерістің орны (толық немесе жартылай) сақтандыру ұйымынан түсетін сақтандыру төлемі үшін танылған тұрақсыз сомаға енгізілген өзгерістің нәтижесінде гудвиллге енгізілген сәйкес өзгерістермен толтырылар еді.
Бағалау кезеңінде сатып алушы, ұйымдарды біріктіруді есепке алу сатып алу күнінде аяқталғандай сияқты, тұрақсыз сомаларға енгізілген өзгерістерді тануы тиіс. Осылайша, сатып алушы алдыңғы кезеңдер үшін қаржылық есептіліктерде ұсынылған салыстырмалы ақпаратты керегінше, бастапқы есепке алуды аяқтау кезінде танылған амортизацияға немесе басқа табыстың өзгеруі нәтижелеріне өзгеріс енгізумен қоса қайта қарауы тиіс.
Бағалау кезеңі аяқталғаннан соң, сатып алушы ұйымдар бірігуін 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателікте (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес, тек қатені түзету үшін есепке алуды қайта қарауы тиіс.
2.2.Iскерлiк бедел
Iскерлiк бедел немесе Гудвилл, активтермен байланысты пайда болатын келешек экономикалық пайдалар, олар басқа активтер немесе активтердiң топтарынан белгiленбей бөлек танылмай болады.
Есептелген гудвилл бағасына мысал.
А ұйымы 1 топ ұйымды 110 млн тг-ге сатып алады. Ұйым осы топтың 1 компаниясын Б ұйымын сатпақшы. Оны сату үшін шығын шықпайды. Б ұйымының 5-ХҚЕС бойынша нақты бағасы 16 млн.тг. Қалған бизнес бөлігінің активтер құны 100 млн тг., міндеттеме 22 млн.тг., шартты міндеттеме 4 млн тг. Нарық құнынан жоғары төленген компания тобының сомасы 20 млн.тг-ні құрады, өйткені 90 млн. Тг тұратын таза активтер 110 млн. Тг-ге сатып алынды.
Дт | Кт | |
Гудвилл | 20 | |
актив | 100 | |
ақша қаражаты | 110 | |
міндеттеме | 22 | |
шартты міндеттеме | 4 | |
сату үшін ұсталатын активтер | 16 |
Гудвилл актив
ретінде танылады және бастапқы құн
ретінде бағаланады, сол құн жоғарғы
шығынға тең, біріккен кәсіпорынның
үлесі сатып алушының таза, әділетті
құнымен сәйкестендірілген
Мысалы: «альфа» кәсіпорны 85млн. тг-ге «дельта» кәсіпорнынан дауыс құқығын және 65%акцияны сатып алды.Әділетті баға осы күнге дейін сатып алынған акция құрады:
көрсеткіштер | Құны млн.тг. |
Сәйкестендірілген активтер |
135 |
Сәйкестендірілген шартты міндеттеме |
36 |
Сәйкестендірілген шартты міндеттеме |
3 |
Гудвилл анықтамасында келесі кесте бойынша орындалады:
Идентифицировать - теңестіру, ұқсату, сәйкестендіру.
А) таза сәйкестендірілген (идентифицировать - теңестіру, ұқсату, сәйкестендіру) активтер – сәйкестендірілген активтер, сәйкестендірілген міндеттемелер және сәйкестендірілген шартты міндеттемелер арасындағы айырмасы арқылы анықталады. Мысал ретінде: 135-36-3=96млн тг
Б) таза сәйкестендірілген
актив түріндегі «Альфа»
В) гудвилл - акцияны сатып алу құны мен таза сәйкестендірілген активтер түріндегі «Альфа» ұйымының үлесінің құны арасындағы айырма арқылы анықталады. Келтірілген мысалда: 84-62,4=21,6млн тг
Біріктіру нәтижесінде сатып алушы мен сатушы ұйым арасында «аналық компания (материнская компания) – ішкі компания (дочерняя компания)» түріндегі қарым-қатынастар туындауы мүмкін (дочерняя материнскаяға тәуелді). Бұл иемденіп алынатын ұйымның дауысты акцияларын сатып алу нәтижесінде пайда болады. Ұбұл жағдайда ұйымдардың заңды дербестігі (тәуелсіздігі) сақталады. Аналық компанияның ұзақ мерзімді есеп беруінде (??..консолидированная отчетность) азшылық үлесін (доля меньшинства) бейнелеу қажет.
Мысал: «Альфа» ұйымы 56 млн тенгеге «Дельта» ұйымының дауыс беру құқығы бар 65% акциясын иемденді. Акцияның стапы алған күндегі әділ құны келесідей болды:
Көрсеткіштері | Сомасы, млн.тг |
Теңдестірілген активтер (идентифицируемые активы) | 135 |
Теңдестірілген шартты міндеттемелер | 36 |
Теңдестірілген шартты міндеттемелер | 3 |
Азшылық бөлігі (доля меньшинство) келесідей тәртіпте анықталады:
А) «Альфа» ұйымының таза теңдестілірген активтердегі бөлігі - 65%
Б) «Дельта» компаниясының капиталындағы азшылық бөлігі сәйкесінше - 35%
В) Таза теңдестірілген активтер теңдестірілген міндеттемелер және шартты міндеттемелер мен теңдестірілген активтер арсындағы айырмамен анықталады. Осыған сәйкес, келтірілген мысалда: 135-36-3=96 млн.тг
Г) Ұйымның таза теңдестірілген активтерінің әділ құнының азшылық бөлігі 96 млн.тг х 30%=28,8 млн. тг. құрайды
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
ұйымдар |
сатып алушы бизнес бірлестіктерінде басқару құзыретіне ие болатын бизнес немесе бизнестер | |
сатып алушы | сатылатын ұйымды басқару құзыретіне ие болатын ұйым | |
сатып алу күні | сатып алушы сатып алынатын ұйымға бақылауды алған күн. | |
бизнес | инвесторды немесе басқа иелерді, мүшелерді немесе қатысушыларды дивидендтер, азайтылған шығындар немесе басқа экономикалық пайда түріндегі табыспен тікелей қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілуге және басқарылуға мүмкіндігі бар біріктірілген қызметтер және активтердің жиынтығы | |
бизнесті біріктіру | жекелеген ұйымдар немесе коммерциялық қызмет түрлерін бір есеп беретін ұйымға біріктіру. | |
шартты сыйақы | әдетте, сатып алушының сатылатын ұйымды басқару құқығы үшін айырбастың бөлігі ретінде сатылатын ұйымның бұрынғы иелеріне, егер нақты болашақ оқиғалар орын алса немесе шарттар орындалса, қосымша активтерді немесе үлестік пайыздарды аудару міндеттемесі | |
басқару құзыреті | ұйымның немесе коммерциялық қызметтің қаржылық және операциялық саясатына олардың қызметінен пайда алу үшін басқару құқығы. | |
үлестік пайыздар | осы ХҚЕС-ының мақсаттары үшін, үлестік пайыздар инвестор иеленетін ұйымның иелік пайызы және өзара ұйымның иесінің, мүшенің немесе қатысушының пайызы мағынасында кеңінен қолданылған. | |
әділ құны | актив айырбасталуы немесе жақсы хабарлар, осындай операцияны жасағысы келетін тәуелсіз тараптар арасында міндеттемелер орындалуы мүмкін сома. | |
гудвилл | жеке бірегейлендіруге және бөлек тануға жатпайтын активтерден болашақ экономикалық пайда. | |
бірегейленетін | актив бірегейленетін
болады, егер:
(а) бөлектенетін болса, яғни ұйымнан жекелеп немесе тиісті келісімшартпен, бірегейленетін актив немесе міндеттемемен бірге, кәіспорынның ниеті болу-болмауына қарамастан бөлектеуге немесе ажыратуға және сатуға, аударуға, лицензиялауға, жалдауға немесе айырбастауға мүмкін болса, немесе (b) келсімшарттық
немесе басқа заңды құқықтарды ұйымнан немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден аударуға немесе бөлектеу мүмкіндігінің болу болмауына қарамастан, туындайтын болса. | |
материалдық емес актив | нақты мәні жоқ, бірегейлендірілетін монетарлық емес актив. | |
өзара ұйым | инвестордың меншігіндегі ұйымнан айырмасы бар ұйым, мысалы, өзара сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру полисін ұстаушыға немесе қатысушыларға тікелей және теңбе - тең неғұрлым аз шығынды немесе басқа да экономикалық пайданы қамтамасыз ететін өзара ынтымақтастық ұйымы. | |
бақыланбайтын пайыз | бас ұйымға тікелей немесе жанамалы түрде жатқызылмайтын еншілес ұйымдағы үлес. | |
иелер | осы ХҚЕС-ының мақсаттары үшін, инвестор-иеленетін ұйымдардың үлестік пайыздарының иелерін және өзара ұйымдардың иелерін немесе мүшелерін немесе қатысушыларын білдіру үшін кеңінен қолданылған |
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Э.О.Нурсеитов, Д.Э.Нурсеитов «МСФО:теория и практика» Алматы-2007
Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тілеуова Э.М., «Халықаралық Қаржылық Есептілігі Стандарттарына сәйкес Бухгалтерлік Есеп» Астана-2011.
http://www.minfin.kz/index.