Кәсіпорынды біріктіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:31, доклад

Описание работы

Ұйымның бірігуі кезінде оның қаржылық есебінің құрылымы ХҚЕС 3 арқылы анықталады. Бұл біріккен ұйымдар сатып алу әдісімен есептелуі керек. Сатып алушы ұйым сәйкестендірілген активтерді, жағдайлалды және шартты жағдайдарды әділ бағасымен сатып алу күнімен қабылдайды , сонымен бірге іскерлік беделін де, келешекте тозбайды, ол құнсыздануға тестіленеді.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындарды біріктіру.doc

— 153.50 Кб (Скачать)
 
 

      1.Бірлескен  кәсіпорындарды бірегейлендіру 

      Ұйымның бірігуі кезінде оның қаржылық есебінің құрылымы ХҚЕС 3 арқылы анықталады. Бұл біріккен ұйымдар сатып алу әдісімен есептелуі керек. Сатып алушы ұйым сәйкестендірілген активтерді, жағдайлалды және шартты жағдайдарды әділ бағасымен сатып алу күнімен қабылдайды , сонымен бірге іскерлік беделін де, келешекте тозбайды, ол құнсыздануға тестіленеді.

      Бірнеше бөлек ұйымдардың бірігіп , бір есеп беретін ұйымның құрылуы ұйымның  бірігуі деп аталады.

Бірігуі нәтижесінде ұйымның құрылуына , мысал:

Ұйым А және Б біріккен. Олардың таза активтер жаңа ұйым В-ға аударылады. А және В  ұйымдары іскерлігін тоқтатады. Бұл  ұйымның бір сатып алушы болып  анықталады.

Кәсіпорындардың бірігуі әр түрлі әдістермен іске асырылады. Мысалы, бәр ұйым басқа бір ұйымды оның таза активтері немесе таза активтерінің бір бөлігін сатып алуы мүмкін. 

Активтерді  сатып алу мысалы.

А ұйымы жойылатын  Б ұйымының жеке активтерін, сонымен  қоса клиенттік қорын да сатып  алады. Бұл бизнестің бірігуі  болып табылмайды және шынайы түрдегі бағасының негізінде сатып алынған активтер деп саналады.

 

      Бірігуі үлестік құралдары шығару, ақшалай  амалдарды тапсыру, олардың эквиваленттері, басқа активтері немесе аталған  нысандардың қосылу жолымен болуы  мүмкін. 

Ақшамен жэне акциялармен төлеп бизнесті сатып алу мысалы.

Ұйым 100% бизнесті 100 млн. Тенгеге сатып алады. Бұл  сомманың ішінен 40лн теңгені ұйымға төлейді ақшалай түрде, қалған 60 млн. тенгені акция түрінде шығарып, сатушыға жібереді.

                                                                                                        Млн. тенге

  Дт Кт
Инвестициялық еншілес ұйымдар 100  
Ақшалай төлемдер   40
Акционерлік капитал   60
 

Бөлім басқа  да жаңа мекеменің құрылумен қалыптасуы мүмкін, біріккен мекемелерді бақылайтын, берілген активтерді немесе бір немесе бірнеше мекемелерден.

Осы мекемелердің бірігуі нәтижесінде сатып алушылар иен сатушылар бөлімі қалыптасады. Бақылаудың болуы мекеменің басты  мінездемесі мен жіктемесі сатып  алушылар мен сатушылар негізінде көрініс табады.

Бақылау мысалдары

  1. А мекемесі Б мекемесінің 65% акциясын сатып алып, акционерлер жиналысының 65% дауысын иеленіп отыр,

    Б мекемесі 35% акциясы болса да, А мекемесіне бағынышты, өйткені бақылау акциясы  А мекемесінде көп . 

  1. А мекемесі 100% кәсіпорынның жарғылық капиталын иеленіп отырса да мекеменің басшыларын үкіметтің атқару қызметі тағайындайды.

    А мекемесі бұл  жағдайда өзін өзі бақылай алмайды.

    Үлес салмағы  біріккен мекемелерде анықтама жүргізу  барызында отрақ бақылау жүргізу  маңызды емес. 
     

 

1.1.Сатып  алу әдісін қолдану 

Сатып алу әдісі

    Барлық  бизнес бірлестіктері сатып алу  әдісін қолдана отырып, есепке алынады.

    Сатып алу әдісін қолдану мынадай кезеңдерді қамтиды:

      (а)   сатып алушыны анықтау;

      (b)  сатып алу күнін анықтау;

      (с)   сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған міндеттемелерді және сатылатын ұйымдағы кез келген бақыланбайтын пайыздарды тану және бағалау; және

    1. тиімді сатып алудан келген гудвиллді немесе кірісті тану және бағалау.

Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру

    Барлық  бизнес бірлестіктері үшін бірігуші ұйымдардың бірі сатып алушы ретінде  айқындалуы тиіс.

    Сатып алушыны - сатылатын ұйымды басқару құзыретіне ие болатын ұйымды - айқындау үшін 27 Шоғырландырылған және Жеке Қаржылық Есептілігі (IAS) ХҚЕС-ындағы нұсқаулар қолданылуы тиіс. Егер ұйымдар біріктірілуі жасалса, бірақ 27 (IAS) ХҚЕС-ындағы нұсқаулары ұйымның қайсысы сатып алушы болатындығын анық көрсетпейтін болса, анықтау кезінде В14-В18 тармақтарындағы факторлар ескерілуі тиіс.

Сатып алу күнін анықтау

    Сатып алушы ұйым, сатылатын ұйымды басқару құзыретіне ие болатын күн, болып табылатын сатып алу күнін анықтауы тиіс.

    Сатып алушы сатылатын ұйымды басқару  құзыретіне ие болатын күн, негізінен  сатып алушы заңды түрде сыйақыны аударатын, сатылатын ұйымның активтерін сатып алатын және міндеттемелерін қабылдайтын күн – жабылу күні, болып табылады. Дегенмен, сатып алушы басқару құзыретіне жабылу күнінен ертерек немесе кешірек болатын күні ие болуы мүмкін. Мысалы, егер жазбаша келісім сатып алушынының басқару құзыретіне жабылу күніне дейінгі күні ие болуын қамтамасыз ететін болса, сатып алу күні жабылу күнінен бұрын болады. Сатып алушы сатып алу күнін анықтау кезінде, барлық қатысты ақпараттарды және жағдайларды ескеруі тиіс.

Сатып алынған бірегейлендіруге болатын  активтерді, қабылданған міндеттемелерді және сатылатын ұйымдағы кез келген бақыланбайтын пайыздарды анықтау және бағалау

    Тану  қағидаты

Сатып алу күні тәрізді, сатып алушы  сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған  міндеттемелерді және сатылатын ұйымдағы кез келген бақыланбайтын пайыздарды, гудвиллден бөлектеп, тануы тиіс. Сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді және  қабылданған міндеттемелерді тану 11 және 12 тармақтардағы шарттарда көрсетілген.

Тану  шарттары

    Сатып алу әдісін қолданудың бір бөлігі ретінде тану талаптарына сай болуы үшін, сатып алынған бірегейленетін активтер мен қабылданған міндеттемелер сатып алу күнінде Қаржылық есептіліктерді даярлау және ұсыну негіздеріндегі активтер мен міндеттемелердің анықтамасына сай келуі керек. Мысалы, сатып алушы сатылатын ұйымның қызметінен шығу жоспарын жүзеге асыруға немесе оның еңбек келісімін тоқтатуға немесе сатылатын ұйымның қызметкерлерін ауыстыруға болашақта жұмсалады деп күтетін, бірақ жұмсалуы міндетті емес шығындар сатып алу күнгі міндеттемелер болып табылмайды. Сондықтан, сатып алушы сол шығындарды сатып алу әдісін қолданудың бір бөлігі ретінде танымайды. Оның орнына, сатып алушы сол шығындарды, басқа ХҚЕС-тарына сәйкес, өзінің біріктіруден кейінгі қаржылық есептіліктерінде мойындайды.

    Сонымен бірге, сатып алу әдісін қолданудың бір бөлігі ретінде тану талаптарына  сай болуы үшін, сатып алынған  бірегейленетін активтер мен қабылданған  міндеттемелер бөлек операциялардың нәтижесі емес, сатып алушы және сатылатын ұйым (немесе оның бұрынғы иелері) ұйымдардың бірігуі операциясында айырбастағандарының бір бөлігі болуы тиіс. Сатып алушы қандай сатып алынған активтер немесе міндеттемелер сатылатын ұйым орнына айырбастың бір бөлігі болатынын және қандай, егер болса, активтер немесе міндеттемелер олардың сипатына және қоданыстағы ХҚЕС-тарына сәйкес есепке алынуы тиіс бөлек оперциялардың нәтижесі болатынын анықтау үшін 51-53 тармақтардағы нұсқауларды қолдануы тиіс.

    Сатып алушының тану қағидатын және шарттарын  қолдануының нәтижесінде, сатылатын ұйым бұрын өз қаржылық есептіліктерінде актив және міндеттеме деп танымаған кейбір активтер мен міндеттемелер сатып алушының  қаржылық есептіліктерінде танылуына әкелуі мүмкін. Мысалы, сатылатын ұйым ішінде дамытылғандықтан және осыған байланысты шығындарды шығыс шотына тіркеп, өз қаржылық есептіліктерінде актив және міндеттеме деп танымаған брэнд атауы, патент немесе тұтынушымен қарым - қатынас сияқты материалдық емес активтерді сатып алушы енді сатып алынған бірегейленетін материалдық емес активтер ретінде таниды.

    В28-В40 тармақтарында қолданыстағы жалдауды және материалдық емес активтерді тану бойынша нұсқаулар берілген. 22-28 тармақтары құрамына осы ХҚЕС бойынша  тану қағидатынан және шарттарынан  шектелген түрде тысқары болатын  баптар, кіретін бірегейленетін активтер мен міндеттемелердің түрлерін айқындап көрсетеді.

Ұйымдарды біріктіруде сатып  алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған міндеттемелерді  жіктеу немесе көрсету

    Сатып алу күнінде, сатып алушы ұйым басқа ХҚЕС-тарды кейін қолдану қажеттілігіне қарай сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді және қабылданған міндеттемелерді жіктеуі немесе көрсетуі тиіс. Сатып алушы сатып алу күнінде бар келісімшарттық шарттар, экономикалық жағдайлар, өзінің қызмет ету және есеп саясатының және басқа қатысты шарттар негізінде жіктеуі немесе көрсетуі тиіс.

    Кейбір  жағдайларда, ХҚЕС-тары ұйымның нақты  активті немесе міндеттемені қалай  жіктегеніне немесе көрсеткеніне қарай  әртүрлі есептерді қарастырады. Сатып алушы қатысты сатып  алу күнінде бар шарттар негізінде жасауы тиіс жіктеу немесе көрсетудің мысалдарына төмендегілер жатады, бірақ бұлармен шектелмейді:

    1. 39 Қаржылық Құралдар: Тану және Бағалау (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес, нақты қаржылық активті және міндеттемелерді пайда немесе шығын арқылы анықталған әділ құны бойынша есепке алынатын қаржылық актив және міндеттемелер ретінде немесе сату үшін қолда бар немесе өтеуге дейін сақталатын қаржылық актив ретінде жіктеу;
    2. 39 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес туынды құралды хедждирлеу құралы ретінде көрсету; және
    3. орнықтырылған туынды құралдың 39 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес негізгі келісімнен бөлінуі тиіс-тиіс еместігін анықтау (бұл осы ХҚЕС-та «жіктеу» термині қолданылатын мағынасындағы жіктеу мәселесі болып табылады).
 
 

1.2.Сатып алынған  ұйымдардың шартты міндеттемелері

Шартты міндеттемелер

    37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IAS) ХҚЕС-ында шартты міндеттеме анықтамасы төмендегідей:

      (а)   бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйымдың бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе

      (b)  бұрынғы оқиғалардан туындайтын, бірақ төмендегі себептерге байланысты танылмайтын ағымдағы міндеттеме:

        (і)   экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе

        (іі)  міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен.

    37 (IAS) ХҚЕС-ындағы талаптар сатып алу  күнінде қандай шартты міндеттемелердің  танылуын анықтау үшін қолданылмайды.  Оның орнына, сатып алушы сатып алу күнінде, егер бұл бұрынғы оқиғалардан туындайтын ағымдағы міндеттеме болса және оның әділ құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса, ұйымдардың бірігуінде қабылданған шартты міндеттемені тануы тиіс. Сондықтан, 37 (IAS) ХҚЕС-ына керісінше, сатып алушы сатып алу күнінде, тіпті экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенім жоқ болса да, ұйымдардың бірігуінде қабылданған шартты міндеттемені мойындайды. 56 тармақ ішіндегі шарты, міндеттемелерді кейінгі есепке алу бойынша нұсқаулар берілген.

Тану  және бағалау қағидаттарының екеуіне де кірмейтін  жағдайлар

Табысқа cалынатын салықтар

    Сатып алушы 12 Табысқа салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес ұйымдардың бірігуінде сатып алынған активтерден және міндеттемелерден туындайтын кейінге қалдырылған салықтық активті немесе міндеттемені тануы және бағалауы тиіс.

    Сатып алушы сатылатын ұйымның сатып  алу күнінде бар немесе сатып  алу нәтижесі ретінде туындайтын уақытша айырмашылықтарының және келесі кезеңге өткізілетін баптарының әуелетті салықтық әсерін 12 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес есепке алуы тиіс.

Қызметкерге төленетін ақы

Сатып алушы сатылатын ұйымның қызметкерлерге төленетін ақы жөніндегі келісімдеріне  қатысты міндеттемені (немесе, бар  болса, активті) 19 (IAS) Қызметкерлерге төленетін сыйақылар ХҚЕС-ына сәйкес тануы және бағалауы тиіс.

Информация о работе Кәсіпорынды біріктіру