Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:31, доклад
Ұйымның бірігуі кезінде оның қаржылық есебінің құрылымы ХҚЕС 3 арқылы анықталады. Бұл біріккен ұйымдар сатып алу әдісімен есептелуі керек. Сатып алушы ұйым сәйкестендірілген активтерді, жағдайлалды және шартты жағдайдарды әділ бағасымен сатып алу күнімен қабылдайды , сонымен бірге іскерлік беделін де, келешекте тозбайды, ол құнсыздануға тестіленеді.
Шығындардың орнын толтыруға арналған активтер
Ұйымдар бірігуінде сатушы келісімшарт арқылы сатып алушыға нақты актив немесе міндеттеменің барлығына немесе бөлігіне қатысты кездейсоқтық немесе белгісіздік зардаптарының орын толтыра алады. Мысалы, сатушы сатып алушыға міндеттемеге жұмсалатын нақты белгіленген мөлшерден жоғары болатын белгілі бір кездейсоқтықтан туындайтын шығындардың орнын толтыра алады; басқа сөзбен айтқанда, сатушы сатып алушыныың міндеттемесі нақты белгіленген мөлшерден аспауына кепілдік береді. Осының нәтижесінде, сатып алушы шығындардың орнын толтыруға арналған активтерге ие болады. Сатып алушы шығындардың орнын толтыруға арналған активтерді, төленуі сенімсіз мөлшерлер үшін бағалау түзетулерінің қажеттілігіне байланысты орны, толтырылған бап бағаланатын негізде бағаланған орны толтырылған бапты танумен бір уақытта тануы тиіс. Сондықтан, егер орнын толтыру, сатып алу күнінде танылатын және сатып алу күнгі әділ құны бойынша бағаланатын активке немесе міндеттемеге қатысты болса, сатып алушы сатып алу күнгі әділ құны бойынша бағаланған шығындардың орнын, толтыруға арналған активтерді, сатып алу күнінде тануы тиіс. Сатып алу күнгі әділ құны бойынша бағаланған шығындардың орнын толтыруға арналған актив үшін, қайтарымдылықты ескеру салдарынан, болашақ ақша қозғалыстары жөніндегі белгісіздіктің әсерлері әділ құны бойынша бағалауға қосылады және бөлек бағалау түзетулерінің қажеті жоқ (В41 тармағында тиісті қолдану нұсқаулары берілген).
Кейбір
жағдайларда, орнын толтыру тану
немесе бағалау қағидаттарына
2. Кәсіпорындарды біріктіру құны.
Сатып алушы ұйым біріктіру құнын мына факторлардың жиынтығымен бағалау қажет.
А) айырбас күніне, активтердің, міндеттемелердің, шығындардың және үлестік құралдардың әділ құнын сатып алынар ұйым бақылауына алмастыру маңыздылығы.
Б) біріктіруге кеткен шығындар
Мысал
А ұйымы ұйымдар тобын 90млн. теңгеге сатып алды.Ұйым топтын бір компаниясын Б ұйымына сатуға бел буды.Сатуға кеткен шығындар болмайды деп болжанды.Б ұйымының әділ бағасы 18 млн.теңгені құрайды.Қалған бизнес бөлігінің активтер бағасы 100млн.теңге, кредиттік қарыздың соммасы 23млн.теңге және шарттық міндеттемелер 4 млн.теңгені құрайды. | ||
Дт | Кт | |
Активтер | 100 | |
Ақша қаражаттары | 90 | |
Міндеттемелер | 23 | |
Шартты міндеттемелер | 5 | |
Сатуға ұстап тұрған активтер | 18 |
Мысал: «Альфа» ұйымы , «Дельта» ұйымынан дауысты акцияларын алды, соның ішінде:
23 шілде 2005 жылы 20% акцияны 4,5 млн. тенгеге;
1 қазан 2005 жылы 10% акцияны 3 млн. тенгеге
28 қыркүйек 2006 жылы 30 % акцияны 10,5 млн. тенгеге.
Осылайша алынған күні 28 қыркүйек 2006 жыл болады, ал шығын құны 18 млн. тенгеге тең. (4,5+3+10,5)
Ұйымдардың бірігу кезінде болатын шығыстар және басқа да шығындар сатып алушылардың міндеттеріне жатпайды, және ол сатып алынған ұйым үстінен жүргізілетін бақылауға әсерін тигізбейді, сондықтан бірігу құнына кірмейді.
Ұйымдардың бірігу
құны өз міндетіне барлық шығындарды
қосады, мысалы: аудиторлардың, заңгерлердің,бағалаушылардың,
консультанттардың
Біріктіру
құнын анықтау
мысалы
А ұйымы Б ұйымын 50 млн. тенгеге сатып алды.Одан бөлек А үйымы заңгерлерге 0,3 млн. тенге сыйақы төлеп отырады. Бірігу құны 50,3 млн. тенгені құрайды | ||
|
Кт | |
Ішкі серіктестікке инвестиция | 50,3 | |
Ақша қаражаты | 50,3 |
Әкімшіліктің ортақ шығындары, нақты бір ұйымның бірігу есебіне кірмейді. Олар пайда болу барысында шешімін табады.
Бірігу
құнына кіретін шығындар мысалы
Ұйым құны 100 млн.тенгені құрайды. Бухгалтерлік қызмет көрсетуге кеткен шығындар 1 млн. тенге, заңгердің қызметіне -0,5 млн. тенге.Осы шығындардың құны ұйымның құнына жатады. | ||
|
Кт | |
Ішкі серіктестікке инвестиция | 101,5 | |
Ақша қаражаты | 100 | |
Бухгалтерлік қызмет көрсетуге кеткен шығындар | 1 | |
Заң қызметтеріне кеткен шығындар | 0,5 |
Қаржы міндеттемесіне кеткен шығындар біріктіру шығыны болып есептелмейді, ол міндеттемелер ұйымды біріктіру үшін шығарылсада.Бұндай шығындарды ұйымның құнына қосуға тиім салынады.
Біріктіру кезінде біріктіру құнына кейбір жағдайларға және келешекте болатын оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.Мысалы,егерде қаржы құралдарының нарықтық құны сақталатын болса немесе алдағы кезеңде кірістің мөлшеріне байланысты бір қалыпты болса өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Біріккен ұйымның
активтері мен
Белгіленген активтермен міндеттемелер келесі белгілерге сәйкес келуі керек:
-активтермен міндеттемелердің экономикалық тиімділігі үшін түсімдердің үлкен ықтималдылығының болу
-активтермен
міндеттемелердің сенімді
Негізгі құралдардың алынуына мысал; Бір ұйым екінші ұйымды сатып алады.Б ұйымының негізгі құралдарының баланстық құны 25 млн.тенге.Негізгі құралдардың әділ құны 26 млн ды құрайды қаржылық есептиликте бұл құн үзақ мерзімді болып саналады. |
Материалдық емес активтер және шартты міндеттемелер бұл белгілерге жатпайды, оны анықтау немесе мойындау үшін адал құнын шығару керек.
Материалдық емес және шартты міндеттер экономикалық пайданы тіркеу немесе шығаруды мойындауда негізгі шарт болып табылмайды.
Сатып алушы
ұйым, сатып алынған ұйымның бұрын
мойындалмаған сол ұйымның
Бұл міндеттемелерди беру кезинде шартты міндеттеменің әділ құнын 3ши жақ толей алатын сомамен бағаланады
Материалдық емес активтердің әділ құны оларлың нарықтық құнымен, олармен жасалған операциялардың берілген құнымен, дисконтталған ақша ағыны және активтің орташа нарықтық пайдасымен анықталады.
Ұйымның материалдық емес активті сатып алу мысалы:
Программа материалдық емес актив құрамына кіретіндіктен және оның әділ құны тұрақты болғандықтан А ұйымы Б ұйымы сатып алғалы тұрған аяқталмаған программалық жұмысты актив ретінде қабылдады.
Есептілікте барлық сатып алынған, анықталған активтер, міндеттемелер, шартты міндеттемелер әділ құны бойынша көрсетіліп, бағаланады.
Бөлімдері | Бағалануы |
Қаржылық құралдар | Ағымдағы нарықтық құны бойынша, құралдардың пайдалылық көрсеткішіне қарай. |
Қорлар | Дайын өнім және
тауар: шекті табыс пен сатуға шығынды
алғандағы сату бағасы бойынша.
Аяқталмаған қндіріс: өндіріске кеткен шығынды алып тастағанда сату бағасы бойынша және сату мен шекті табыс бойынша. |
Жер мен ғимарат | Нарықтық бағасы бойынша. |
Құрал жабдықтар мен маши | Нарықтық бағасы бойынша, салыстырмалы құны бойынша, амортизациялық құнды қайрату бойынша және табыстың негізінде есептелген әдіс бойынша. |
Зейнетақы жоспары бойынша таза активтер мен міндеттемелер | Таза активтердің
әділ құның алғандағы |
Дебиторлық берешектер және өзге де ұқсас активтер | Күмінді талаптар бойынша резервтерді алғандағы алуға тиісті көзқденген құны бойынша. |
Кредиторлық берешектер | Төлеуге тиісті көзделген құны бойынша. |
Салықтық активтер мен мінлеттемелер | Дисконтталмаған салық активтерінің сомасы және міндеттемелері юойынша, сатып алынған активтер мен міндеттемелердің біріккен ұйымның бағалаған әділ құны бойынша. |
2.1.Бағалау кезеңі
Егер ұйымдардың бірігуін бастапқы есепке алу бірігу болған есепті кезеңнің аяғында аяқталмаған болса, сатып алушы өз қаржылық есептерінде есепке алынуы аяқталмаған баптарға алдын ала сомасын баяндауы тиіс. Бағалау кезеңі барысында, сатып алушы ретроспективті түрде, сатып алу күнінде болған ақпараттар мен жағдайлар туралы алынған және, белгілі болса, сол күні танылған сомаларды бағалауға әсерін тигізер жаңа ақпаратты көрсету үшін сатып алу күнінде танылған алдын ала сомаларды түзетуі тиіс. Бағалау кезеңі барысында, сатып алу күнінде болған ақпараттар мен жағдайлар туралы және, белгілі болса, қосымша активтерді және міндеттемелерді сатып алу күніде, тануға әкелетін жаңа ақпарат алынса, сатып алушы қосымша активтерді және міндеттемелерді тану тиіс. Бағалау кезеңі сатып алушы сатып алу күнінде болған ақпараттар мен жағдайлар туралы іздеген ақпаратын алғанда немесе басқа ақпарат алу мүмкін еместігін білген уақытта аяқталады. Дегенмен, бағалау кезеңі сатып алу күнінен бастап бір жылдан аспауы тиіс.
Бағалау кезеңі сатып алу күнінен кейінгі сатып алушы ұйымдар бірігуі үшін танылған шартты мөлшерлерді өзгерте алатын кезең болып табылады. Бағалау кезеңі сатып алушыға осы ХҚЕС-ының талаптарына сәйкес сатып алу күнінде төмендегілерді анықтауға және бағалауға қажет ақпаратты алуға жеткілікті уақыт береді:
бірегейленетін сатып алынған активтер, қабылданған міндеттемелер және сатылатын ұйымдағы бақыланбайтын пайыз;
Сатып алушы сатып алу күнінен кейін, алынған ақпараттың танылған тұрақсыз сомаларға өзгерістер енгізуге әкелу-әкелмеуін немесе сол ақпарат сатып алу күнінен кейін орын алған оқиғалар нәтижесінде болу - болмауын анықтау кезінде барлық қатысты факторларды ескеруі тиіс. Қатысты факторларға қосымша ақпарат алынған күні және сатып алушының тұрақсыз сомаларға өзгерістер енгізудің себебін анықтау мүмкіндігі кіреді. Сатып алу күнінен кейін бірнеше айдан кейін алынған ақпараттан гөрі, сатып алу күнінен кейін тез арада алынған ақпараттың сатып алу күнінде орын алған жағдайларды көрсету мүмкіндігі зор. Мысалы, оның әділ құнын өзгерткен орын алған оқиға анықталмағанша, активтің сатып алу күнінен кейін тез арада үшінші тарапқа сол күні анықталған оның тұрақсыз әділ құнынан едеуір ерекшеленетін сомаға сатылуы тұрақсыз сомада қателік болуын көрсетуі мүмкін.