Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 16:53, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Содержание

Кіріспе
I. Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі, мәні,түрлері
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізі, пәні және әдістемелері
1.3 Кәсіпкерліктің негізгі теориялары
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкеліктің ұйымдық- құқықтық жіктелуі
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау концепциялары
2.3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

касипкерлик.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3    Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолдары

Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

  Кәсіпкерлік субектісі

    1.Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана).

     2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.

   3.Азаматтық бірлестіктер.

   Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

    1.              Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

     2.              Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару.
      Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.

     Бұл келісімде:

                    - мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;

                    - әр түрлі қызметті іске асыру;

      - материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;

    - келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы.

        Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).

       Кәсіпкердің құқықтары

      -              келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту;

      - интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

                     - өндірістік бағдарламалар жасау;

     - өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

     - Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

     -              сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
     -  кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

     -              кәсіпорын иесінін атынан кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

       Кәсіпкер тұтынушынын ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет.

      Мәселен, бұлар

     - ғимарат және құрал-жабдықтар;

      - үй-жай, мүлік;

                      - өндіріс және тұтыну тауарлары;

                      - ақпарат;

    интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент);

                      - ақша, валюта, құнды қағаздар;

                     - басқа да тауарлар, жұмыстар мен кызметтер болуы мүмкін.             

       Кәсіпкерлік қызмет:

       - өндірістік;

                        - коммерциялық;             

                        - қаржылық;

                       - кеңестер беру болып бөлінеді.

         Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері    бар.

        Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

        - өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

                        - ақпараттарды өңдеу және жинау;

                        - рухани құндылықтарды игеру;

                        - тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

       Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

                       -өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

                      - коммерциялық сауда мекемелері;

                       - тауар-қор биржалары;             

                      - банктер мен халықтар.

        Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

        Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

       Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

     Мұндағы ең басты мәселер:

                     - "нені сатып алу керек";

                     - "нені сату керек";

      - "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу.
       Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.

       Міне, осылардың қорытындысында:

                       - сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;

      - тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп

         айырысулар;  

                      - шығын мен ақырғы нәтижелер;

                      - жұмысшылардың саны;

                      - көлік жұмысының ауқымы;

                       - жарнама;

      - коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.

      Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:

      - тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;

      - ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға       төлем жасау;

      - тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;

                       - тауарларды өткізу нысандары;

        - несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;

мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.

      Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:

     -  коммерциялық банктер;

     - қор биржалары;

                     - кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

                    - кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

       Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:

                - құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да);

         - оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);  

         - Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.
         Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса,

онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).

        Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.

        Кеңес беру қызметіне;

                     - жалпы басқару;

                     - әкімшіліктік басқару;

                      - қаржылық қолдау;

                     - маркетинг;

                     - ақпаратты технология;

      - арнайы қызметтер жатады.

        Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.

 

Қорытынды

 

   Сонымен тақырыбымды қорыта келсем- кәсіпкерлік –бұл табыс алуға бағытталған және тәуекелмен байланысты шаруашылықтық қызмет.

Кәсіпкерлік французша "делдал " дегенді білдіреді.Р.Кантильон кәсіпкер терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған.Оның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар , ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект болды.

        Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

        Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

        Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

 

 



Информация о работе Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде