Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 16:53, курсовая работа
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кіріспе
I. Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі, мәні,түрлері
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізі, пәні және әдістемелері
1.3 Кәсіпкерліктің негізгі теориялары
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкеліктің ұйымдық- құқықтық жіктелуі
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау концепциялары
2.3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
I. Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі, мәні,түрлері
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізі, пәні және әдістемелері
1.3 Кәсіпкерліктің негізгі теориялары
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкеліктің ұйымдық- құқықтық жіктелуі
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау концепциялары
2.3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I.Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Әйгілі ағылшын эко-ті Адам Смиг(1723-1790)кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды.Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.
Ағылшын эк-ті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын э-ті Аллон Маршал берді(1824-1924).Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ э-ті Йозеф Шумпетер берді.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей
маңызды принциптері бар.
1.Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалы.
2.Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.
3.Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.
4.Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5.Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.
6.Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар.
1.Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2.Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3.Шарауашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4.Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5.Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.
Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады.Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады.Кәсіптік қызмет теориясының пәні – кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.
Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып , зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері,тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т.б. жатады.
Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диалектикалық зерттеу тәсілі б.т.жүйелі құрылымының анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.
Жүйелік бағыт дегеніміз – кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.
Логикалық бағыт дегеніміз – кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді.Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.
Анализ тәсілі – жалпы процестің жеке тарауларың анализдеу бағытында анықталып бұдан соң, синтез этапы п.б.
Абстракциялық тәсіл -өмір сүрмейтін әрекеттермен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша | Шаруашылық сипатына қарай | Салалық қызметіне қарай | Меншік нысаны бойынша |
Картелдер, Синдикаттар (консорциумдар), Трестер, Концерндер, Концерн-конгломераттар, Холдинг-компаниялар, Акционерлік қоғамдар (корпорациялар), Кооперативтер, Серіктестіктер. | Өндірістік, Саудалық, Делдалдық, Банктік, Сақтандырушылық Инвестициялық, Инновациялық, Инжирингтік, Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік, Аудиторлық, Трастолық. | Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Байланыс, Көлік Қаржы, Несиелік, Мәдениет, Өнер, Білім, Ғылым, Денсаулық сақтау, Тұрғын үй шаруашылығы. | Мемлекеттік, Қазыналық, Ұжымдық, Жалгерлік, Кооперативтік, Акционерлік, Жекелеген, Аралас (біріккен), Мемлекеттік кооператив- тікпен бірге, Ұжымдық жекемен бірге, Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.
Кәсіподақтың меншігі және оның құқықтық ұйымдастырылған формасы.
1.Меншік формаларының типтері және оның маңызы.
2.Кәсіподақтарды ұйымдастыру негіздері.
3.Кәсіптік қызметтің құқықтық ұйымдастырылған формасы.
Меншік дегеніміз әлемдік категория б.т, яғни , экономикалық ғылымдар, политология, психология, тарих және социология пәндердің жеке бөліктерін үйрететін категория б.т. Меншік сонымен қатар заңды және экономикалық меншіктердің аспектілерінде қарастырады.
Заңды меншік дегеніміз нақты бір класстың әлемдік топтың жеке-меншік қарасты объектілермен құқықтық түрлі құжаттарды дайындауда адамдардың жеке қатынасы ретінде заңды ынталармен нормалардың жеке-меншік құқықтарға еркіндіктің пайда болуын айтамыз.
Экономикалық меншік дегеніміз- қосылу себептері, иелену түрлі экономикалық субъектінің материалды қызметтерді басқару нәтижесінде пайда болатын қатынастар жиынтығын айтамыз.
Жеке меншіктің теориялық қатынасы , оның экономикалық категория жиынтығы негізінде танылады, яғни, құн, өзіндік құн, ақша капитал, еңбек ақы, пайда, салық және т.б.
1.Сандық
2.Сапалық
Сандық аспект- меншікті түрлі объектілермен ұсынады. Заводтар, еңбек құралдар, ақша, потенттер, және лицензиялармен.
Сапалық аспект- Адамдар арасындағы кәсіподақтықтар мен мемлекеттер аралық және басқа да субъектер арасындағы өндірістік құралдар шығарылған өнімдермен құнды қағаздар және т.б. арасындағы қатынас меншік түрін айтамыз.
Кәсіпкерлік – белсенді іскерліктің қоғамның талаптарын қанағаттандыру бағытында коммерциялық жетістіктерге жету үшін, инновацияны пайдалануда новаторлық мінездемеге жеке форма б.т. Нарықтық экономикада жеке формалары әр-түрлі болып табылады.
1.Жеке меншіктік
2.Мемлекеттік
3.Ұжымдық
Мемлекеттік меншік экономикалық талаптардағы кеңінен таралған меншік түрі.б.т. Кәсіпорын дегеніміз - өз алдына қызмет атқаратын субъект б.т.
Кәсіподақ пайда табу және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында кәсіпкерлермен өндірістік өнімдерді шығару оларды ұсыну б.т.
Информация о работе Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың тетігі ретінде