Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:12, реферат
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
І. Кiрiспе
ІІ. Негізгі бөлім
Өнімнің өзіндік құнын талдау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар — өнімнің өзіндік құнындағы басты көрсеткіш, яғни біріншіден ол кез келген өндіріс сапалары бойынша есептеледі, екіншіден:өнімнің өзіндік құнымен табыс арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар — өндірілген өнімнің құнының өзгерісімен және өнімді сатукөлемінің өзгерісі, өндірістік шығындардың жалпы соммасының өзгерісімен тікелей байланысты.
Осы аталған факторлер бойынша өзара байланысты келесі суреттен көреміз.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
мұндағы Зо – жалпы шығындар көлемі, мың теңге
ТӨ — тауарлы өнім көлемі, мың теңге
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар көлеміне тікелей 4 фактор әсер етеді:
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды есептеу үшін тауарлы өнім көлемінің өзгерісін келесі мәліметтерді пайдалана отырып есептеймыз.
1. Жоспарлы тауарлы өнімнің құны
∑ (VВПі пл х Ці пл) = 1269,3 х 23709 = 30093,8 млн теңге
2. Нақты өнім көлемімен жоспарлы құрылымы бойынша жоспарлы бағамен есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі
ф х Ці пл) + ∆ ТПстр =
(1763,0 х 23709) + 18466,59 = 60265,557
млн теңге
3. Нақты өнім көлемімен жоспарлы бағамен есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі ф х Ці пл) = 1763,0 х 23709 = 41798,967 млн теңге
4. Нақты өнім көлемі нақты бағамен есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі ф х Ці ф) = 1763,0 х 27544,18 = 48560,39 млн теңге
Жоғарыда аталған факторлардың өзгерісін келесі кесте арқылы көрсетеміз.
Әрбір фактордың әсерін есептеп көрсететін болсақ
1. Өнім көлемінің әсерінен
∆ З = 0,422 – 0,205 = 0,217 теңге
2. Өнім құрылымы әсерінен
∆ З = 0,62 – 0,422 = 0,198 теңге
3. Ауыспалы шығындар үлесі әсерінен
∆ З = 0,6 – 0,62 = — 0,02 теңге
4. Тұрақты шығындар соммасының әсерінен
∆ З = 0,08 — 0,60 = -0,52 теңге
5. Сатылу бағасының әсерінен
∆ З = 0,58 – 0,08 = 0,50 теңге
Жалпы шығын соммасының өзгерісі:
∆ Зобщ = 0,217 + 0,198 – 0,02 — 0,52 +0,50 = 0,375 теңге
Сонымен тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын соммасы 2004 жылға қарағанда 2003 жылы 0,375 теңгеге өскен.
Себебі өндірілген өнім көлемі көбейгенімен байланысты жұмсалған шығын деңгейі де өсіп отыр.
Мысалы. Тауарлы өнім көлемі 2003 жылы 30093,8 млн теңгеге тең болса, 2004 жылы 48560,39 млн теңгеге тең болып, 18466,59 млн теңгеге көбейген. Керісінше 1 тонна өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 2003 жылға карағанда 400,9 теңгеге кеміген. Осыған байланысты өткізілген өнімнің өзіндік құны кеміп отыр. Сондықтан тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын көлемінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Қорытынды
Өнімнің
өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру
мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай
шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу
(жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету)
үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты,
материалдардың, отынның, энерг
Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді.
Цехтық өзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды.
Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар – кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады.
Ішкі өндірістік факторлар – кәсіпорын тарапынан басқарылатын
факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника
мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің
механикаландырылуы мен автоматтандырылуы
деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді
пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын
жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін
арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын
жетілдіру, т.б. жатады.
Кәсіпорынның
шығындары өндіріс үдерісімен байланысының
сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға,
олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік
құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей
және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне
қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға
бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық
мазмұнына жәнекалькуляцияның баптарына қарай да топтастыру
қабылданған. Шығындардың экономикалық
нышандары бастапқы, біртекті топтар болып
келеді. Калькуляцияның баптары бойынша
топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты
ескеріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1) Козлова « Бухгалтерский
учет »;
2) Радостовец « Управленческий учет на предприятий »
3) Тач « Управленческий учет » ;
4) В.Л Назарова , Л.С Жапбарханова , Д.А.Фурсов, С.Д. Фурсова
«Басқару есебі»;
5) Э.Т.Төлегенов «Бухгалтерлік ақпарат жүйелері»;
6) Бухгалтерлік есептеме стандарттарына әдістемелік нұсқаулар;
7) «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Радостовец В.К.;
8) Баймуханова С.Б., Э.Ж. Балапанова Бухгалтерлік есеп: оқу құралы;
9) Бабаев Ю.А. Теория
бухгалтерского учета. Учебник;
10) К.К. Кеулімжаев,
З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева.
Қаржылық есеп;
11) Кожинов В.Я. Бухгалтерский
учет. Оценка прибыльности хозяйственных
операций;
12) Сейдахметова Ф.С.
Современный бухгалтерский учет. Уч. Пособ;
13) Толпаков Ж.С. Бухгалтерский
учет. Учебник;
14) Укашев Б. Е., Әжібаева
З. Н. Бухгалтерлік есеп теориясы;
15) Швецкая В.М. Бухгалтерский
учет. Учебник.