Өнімнің өзіндік құнын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:12, реферат

Описание работы

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

І. Кiрiспе
ІІ. Негізгі бөлім
Өнімнің өзіндік құнын талдау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реф фин анализ1.docx

— 41.84 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

 

 

            

 

Тақырыбы:  Өнімнің өзіндік құнын талдау

 

 

 

                                                                                 Орындаған: Баратова Зарина

                                                                                               Мамандығы:  Есеп және аудит    

         Тобы:             331

                                                                                 Тексерген: _______________

 

 

 

 

Алматы, 2012 ж.

Жоспар:

І. Кiрiспе

ІІ. Негізгі бөлім

          Өнімнің өзіндік құнын талдау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Кез-келген  кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін  бастамас бұрын, ол қандай пайда  ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның  өндірістік шешімдері, жұмыстары  нарық жағдайлары мен өндірістік  шығындар арқылы анықталады. Жалпы  түрде өндіріс шығындары және  өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және басқа да өнім  өндірісіне және өткізуге шығындарды  бағалық талдау болып табылады.   

    Материалдық құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар қызмет көрсету адамдық,  мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын  қажет етеді. Бұл қолданылған  ресурстар соңында әртүрлі нысанда  және көлемде өзіндік құнға негізделеді.  
    Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

     Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

     Аз шығын жұмсап едәуір көп тиімділік алу, еңбек, материал және қаржы ресурстарын үнемдеу мәселесі қазіргі уақытта аса өзекті болып отыр. Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның барлық шығындарын ақшалай нысанында айқындайтын басты экономикалық көрсеткіші болып табылады.

Өнеркәсіптік өнім өндірісіндегі  шығындардың қомақты үлесін шикізат  пен негізгі материалдар, содан  кейін еңбек ақы мен амортизациялық аударымдар алады. Жеңіл өнеркәсіпте  шикізат пен негізгі материалдар  үлесі 86% , ал еңбек ақы үлесі 9% құрайды. Өнімнің өзіндік құны өндіріс тиімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ол өнім құнының қомақты бөлігін айқындап, өнімді өндіру мен өткізу шарттарының өзгерісіне тәуелді болады.

 

Шығындар денгейіне өндірістің техника-экономикалық факторлары үлкен  әсерін тигізеді. Бұл әсер техника, технология өндірісті ұйымдастыру, өнім сапасы мен құрылымын және оны  өндіру шығындары көлемінің өзгерісіне байланысты айқындалып отырады.

 

 

Негізгі бөлім

 

      Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуралды заттай есептеледі.

     Өнімнің  өзіндік құнына өнім өндіру  өндіріс процесінде жұмсалған  еңбек құралдары, еңбек заттары  және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге  келтіру үшін оны ақшалай есептейді.

     Өнімнің  өзіндік құнына шаруашылықтың  әлеуметтік шығындары (балалар  бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.

    Өнімнің  өзіндік құнына қосымша қосылатын  шығындар:

-         әлеуметтік сақтандыруға

-         банк кредитінің пайызы

-         негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын

-         айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар

-         тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.

     Нарықтық  қатынастарға толық енгенде, өзіндік  құнға арендалық төлем, капиталға  пайыз, кәсіпкерлек пайданың минималды  мөлшері   кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.

    Өнімнің  өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың  базасы және пайданың болашақ  мөлшерін айқындайтын инструмент.

      Өнімнің  өзіндік құны өндіру сатыларына  байланысты: цехтых, фабрика, зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.

     Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.

     Өндірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.

     Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзндік құнын жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.

    Жоспарлы өзіндік құн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.

     Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.

     Нақтылы өзіндік құн – бұл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.

     Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:

-         шикізаттар мен материалдар элементі

  • Еңбек ақы шығындары
  • Әлеуметтік шығындар
  • Негізгі қордың  амортизациясы
  • Тағы басқа өндірістік  шығындар
  • Барлық өндірістік шығындар
  • Коммерциялық шығындар

Толық өзіндік құн

-         жалақы қоры

-         әлеуметтік сақтандыруға бөлу

-         негізгі капитал амортизациясы

-         басқа да шығындар.

     Шығындарды экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.

     Негізгі шығындар өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал қосымша шығындар – бүл өндірістік техникалық даярлау, басқару ұйымдастыру шығындары жатады.

Кесте деректерінен көріп отырғанымыздай материалды шығындар 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1412,5 млн теңгеге немесе 37,0%-ке өскен. Ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 950,2 млн теңгеге артты. Еңбек ақы шығындары бойынша 2004 жылы 2003 жылмен салыстырсақ 312,4 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 211,9 млн теңгеге жоғарылаған. Әлеуметтік қорғау шығындары 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 50,58 млн теңгеге немесе 36%-ке өскен. Ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 55,68 млн теңгеге артып отыр. Негізгі қордың амортизациясына келетін болсақ, 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1251,2 млн теңгеге өскен, 2004 жылды 2002 жылмен салыстырғанда 1230,3 млн. тенгеге артты. Тағы басқа өндірістік шығындар бойынша 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 934,1 млн теңгеге немесе 83%-ке жоғарылаған. 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 487,7 млн теңгеге артып отыр. Барлық өндірістік шығындар 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 3960,78 млн теңгеге  өскен, ал 2004 жылды 2002 жылмен салыстырсақ,   2935,78 млн теңгеге өскен.

Оның ішінде ауыспалы шығындар деңгейі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 3960,78 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылды 2002 жылмен салыстырсақ 2935,78 млн теңгеге өсіп отыр. Ал тұрақты шығындар деңгейі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2997,24 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылы 2002 жылмен  салыстырғанда  11807,94 млн теңгеге жоғарылап отырғанын көреміз. Сонымен өткізілген өнім шығындары деңгейінің көбеюіне: өнім өндіру көлемінің көбеюі және материалдар мен шикізаттардың бағасының қымбаттауы әсерінен болып отыр.

Жоғарыдағы 2.1.1. кестеде көрсетілгендей «Қазгермұнай» БК-ның соңғы 2004 жылғы өндірістік шығындар деңгейінің құрылымын көрсетеміз.

Жалпы шығын (Зобщ) деңгейінің өзгеруіне өнім көлемі (VВПобщ) оның құрылымы (УДі) өнім бірлігіне шаққандағы ауыспалы шығындар деңгейі (Ві) және өнім көлеміне есептелген тұрақты шығындар (А) әсер етеді. Енді осы көрсеткіштерді есепке ала отырып жалпы шығын деңгейінің өзгерісін есептеміз. Ол келесі формуламен анықталады:

Зобщ =    ∑  (VВПобщ  х УДі  х Ві) + А

Осы формуланы пайдалана отырып, есептеу жүйесін келесі кесте арқылы көрсетеміз.

Кестеде көрсетілген жалпы шығын соммасының өзгерісінің есептелу тәсілі төмендегідей.

1. Жоспарлы өнім көлемі жоспарлы шығын деңгейі бойынша есептелген шығын соммасы

∑ (VВПі пл х Ві пл) + Аі пл =(1005,4 х 6160,9) + 14986,0 = 21180,1 млн теңге

Кесте 2.1.2

Өткізілген  өнім шығындары деңгейіне факторлардың әсерін талдау

 Шығындар          

Жалпы

соммасы

мың теңге

Факторлердің  өзгерісі

өнім

көлемі

өнім құрылымы

ауыспалы

шығ-р

тұрақты

шығ-р

1. Жоспарлы өнім көлемі жоспарлы шығын деңгейі 

∑ (VВПі пл х Ві пл) + А пл

21180,1

2003

2003

2003

2003

2. Өнім өндірудің  нақты құрылымы жоспарлы деңгеймен есептелген 

∑(VВПі пл х Ві пл)хКm n+Aпл

25454,1

2004

2003

2003

2003

3. Нақты өнім көлемі бойынша 

∑ (VВПі ф х Ві пл) + А пл 

 

25847,66

2004

2004 

2003

2003

4.Ауыспалы шығындардың  нақты  деңгейімен есептелген 

∑ (VВПі ф х Ві ф) + А пл 

 

 

 

25140,88

2004

2004

2004

2003

5. Накты шығын деңгейі 

∑ (VВПі ф х Ві ф) + А ф 

28138,12

2004

2004

2004

2004


Өнім өндірудің  нақты құрылымы жоспарлы деңгеймен есептелген         шығын соммасы

∑ (VВПі пл х Ві пл) х Кm n + Апл = (1005,4 х 6160,9)х 1,69 + 14986,0   =25454,1                                                                                                              

      млн теңге,

мұндағы Кm n – өнім өндіру көлемін сипаттаушы коэффициент. 

  1. Нақты өнім көлемі бойынша есептелген шығын соммасы

∑ (VВПі ф х Ві пл) + Апл = (1763,0 х 6160,9) + 14986,0 = 25847,66 млн теңге 

 

  1. Ауыспалы шығындардың нақты деңгейімен есептелген шығын соммасы

∑ (VВПі ф х Ві ф) + Аф = (1763,0 х 5760) + 14986,0 = 25140,88 млн теңге 

 

Сонымен жалпы шығын деңгейінің өзгерісіне әсер етуші факторлар

  1. Өнім көлемінің әсерінен

∆ З = Зус1 – Зпл  = 25454,1 – 21180,1 = 4274,0 млн теңге 

 

2.       Өнім құрылымының әсерінен

∆ З = Зус2 – Зус = 25847,66 – 25454,1 = 393,56 млн теңге 

 

3.        Ауыспалы шығындар әсерінен

∆ З = Зус2 – Зу = 25140,88 – 25847,66 = — 706,78 млн теңге 

 

4.        Тұрақты шығындар әсерінен

∆ З = Зф – Зус3 = 28138,12 — 25140,88  = 2997,24 млн теңге 

 

Сонымен жалпы өндірістік шығын соммасының өзгерісі

∆ Зобщ = 4274,0 + 393,56 + (-706,78) + 2997,24 = 6958,02 млн теңге

Жоғарыдағы 2.1.1. кестеде көрсетілгендей «Қазгермұнай» БК-ның өткізілген өнімнің шығындар деңгейі 2004 жылы 28138,12 млн теңгеге болса 2003 жылы 21180,1 млн теңгеге тең болып, 6958,02 млн теңгеге көбейген. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, өндірістік шығын деңгейіне факторлердің әсерін талдау жасаймыз.

Біріншіден өнім көлемінің нақты деңгейі  мен өнім құрылымының жоспарлы деңгейімен салыстырғанда, яғни өнім көлемінің әсерінен өндірістік шығын көлемі 4274,0 млн теңгеге көбейсе, өнім құрылымының әсерінен 393,56 млн  теңгеге өскенін, ал ауыспалы шығындардың әсерінен — 706,78 теңгеге кемігенің көруімізге болады. Өнім көлемінің көбеюімен қатар кәсіпорындағы 1 тонна өнімнің өзіндік құнының көлемі төмендегенін көреміз. Ал тұрақты шығындардың деңгейі көбеюіне байланысты тұрақты шығындардың әсерінен 2997,24 млн теңгеге көбейген. Сонымен өндірістік шығын деңгейіне әсер етуші жоғарыдағы аталған 4 фактордаң әсерінен өндірістік   шығын деңгейінің өзгерісі 6958,02  млн теңгеге тең болып отыр.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын талдау