Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 23:57, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алды. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі стандартында және субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабында, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Шығындар және оларды жіктеу...........................................................................4
Шығыстың шығыннан айырмашылығы........................................................4
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.................................6
II. Өндірістік шығындардың есебі.......................................................................8
2.1. Шығындарды топтастыру мен бөлу.........................................................8
2.2. Өнім өндірісіне шығындардың есебі........................................................4
III. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................16
3.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....16
3.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.....................21

Қорытынды..................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсавой ШЫГЫНДАР ТУСИНИГИ.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе.................................................................................................................3

  1. Шығындар және оларды жіктеу...........................................................................4
    1. Шығыстың шығыннан айырмашылығы........................................................4
    2. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.................................6

II. Өндірістік шығындардың есебі.......................................................................8

    2.1. Шығындарды топтастыру мен бөлу.........................................................8

    2.2. Өнім өндірісіне шығындардың есебі........................................................4

III. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................16

     3.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....16

     3.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.....................21

    

Қорытынды..................................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алды. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі стандартында және субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабында, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

  Шаруашылық жүргізудің қазіргі  жағдайы шаруашылық жүргізуші  субъектінің күрделі экономикалық  тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай – ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

  Экономиканың барлық саласындағы  кәсіпорындардың иелері мен еңбек  ұжымдары шикізат пен материалды  ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын  азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

  Есепке алынған ақпараттардың  көмегімен шаруашылық жүргізуші  субъектілердің және олардың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметін  жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.

  Экономиканың саласындағы мамандар  оның ішінде, бірінші кезекте,  бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қжет.

Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін  бағыт – өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсібір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәре де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы ретінде табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар  сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Тарау. Шығындар  және оларды жіктеу

    1. Шығыстың шығыннан айырмашылығы

Оңтайлы басқару  шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың  тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға,  өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын  басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Ұзақ уақыт  бойы шығындарды «қазандық» деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға  өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері  бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.

1887 ж. Ағылшын  экономистері шығын туралы хабардар  болуды арттыратын және оларды  бақылауды күшейтуге мүмкіндік  беретін, шығын есебінің икемдірек  жүйесін жасауды ұсында. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты-тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін  пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды.

Шығындар  – шаруашылық іс-ірекет барысында тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық  жәнебасқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі  ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар»  дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар – өнімді өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Есепті кезең  қатысына орай шығыстар екі категорияға  бөлінеді:

  • Ағымдағы есепті кезең;
  • Кейінге қалдырылған. 

Ағымдағы  есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы еспте танылады.

Есепті кезеңнің кірістері мен өзара байланысының белгілері олар мыналарға бөлінеді:

  • осы есепті кезеңде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар;
  • ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы шығыстары. Өсы есепті кезеңнің кірістерін алу фактілеріне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепті және ағымдағы есепті кезеңде танылады.  

Кейінге қалдырылған  шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шарашылық операциялармен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.

Ұйымның болашықтағы  ресурстарында  пайда болу  мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:

  • инвестициялар;
  • болашақ кезең шығыстары.

 

    1. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

Кәсіпорынның  өндірістік қызметінің мақсаты –  өнім шығару, оны өткізу мен пайда  алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары-өнімді өндіру мен өгкізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.

Өндырыс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген  басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашық шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.

Өндіріс шығындары  бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкні:

Негізгілер – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.

Қосымшалар – өндірісті ұйымдастыру мен тоған қызмет етіге, оны  басқаруға байланысты пайда болады.

Тікелейлер – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін. Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін  шығындар  бөлімшенің шығындары деп аталады.

Жанамалар – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар деп аталады.

Шығындар  бір бөлімше үшін тікелей, екіншілер  үшін жанама болуы мүмкін.

Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшелктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне.

Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар)

Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай өзгеретіндер және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай келеді.

Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе,  онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.

Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім-өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қыбылдағын және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар. 

Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

Коммерциялық  (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткқзуге байланысты.

Өнімді (жоспарланатын) – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

Өндіргіш  емес (жоспарланбайтын) – өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды -цех тексерушісі реттейді).

Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Өнімге – өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығындар) кететін.

Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қжеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі  міндеттеріне мыналар жатады:

  • өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
  • басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
  • жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

 

 

    2-Тарау. Өндірістік шығындардың есебі

    1. Шығындарды топтастыру мен бөлу

Өндірістік  шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді:

  • кәсіпорынның қызмет түрі;
  • кәсіпорын  басқарудың  ұйымдық  құрылымын  қабылдауы  (цехтық, цехсыз);
  • кәсіпорынның құқықтық түрі;
  • шығарылатын өнім көлемі.

Өндірістік  есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын ­ өзіндік құнның кейбір элеметтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған «Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі» атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар - материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар.

Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шығындардың пайда болатын жері - кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау