Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

Бағалау міндеттемелері көлемі жағынан анықталмаған не орындалу мерзімі белгісіз міндеттемені білдіреді. Кепілдік міндеттемелер «Бағалау міндеттемелері» бабының сипаттамасына толығымен сәйкес келетіндіктен,     150 мың теңге сомасына кепілдік міндеттеме бойынша кредиторлық берешекті қайта жіктеген жөн. Қысқа мерзімді кредиторлық берешектің құрамынан кепілдік міндеттемелер түзету жазбалары арқылы бағалау міндеттемелерінің құрамына көшіріледі. Қысқа мерзімді кредиторлық берешек, көп жағдайда, пайда болған күннен бастап өтеу күніне дейінгі кезеңде әділ құнға жақын болады. Сирек жағдайда ғана қысқа мерзімді берешектің әділ құнынан есепке алу құнының едәуір айырмашылығы болады. Сонымен, ҚЕ 2 ҰС-на өткен кезде қысқа мерзімді кредиторлық берешек әдетте қайта бағаланбайды. Баланстық шоттардың ҰҚЕС-на сәйкестігіне талдау жүргізгеннен кейін қорытындылай отырып, талдауымыздың нәтижелерін 2.12 кестеде көрсетуге болады.

 

 

Кесте 2.12

Қысқа мерзімді кредиторлық берешектің трансформациялық және түзету жазбалары

 

Атауы

ҚБЕС б/ша шоттың коды

ҚЕ2ҰС б/ша шоттың коды

Сомасы

Ескерту

Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

671

3310- «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

290 014 000,0

ҚЕ2ҰС-на сәйкес

Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

681

3350-«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»

500 987,0

Жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

683.1

3360-«Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек»

8 184 004,0

Қаржыландырылатын жалдау бойынша берешек

683.2

4150-«Жалдау бойынша узақ мерзімді берешек»

3 866 081,0

ҚЕ2ҰС-на сәйкес келеді, ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде қайта жіктелуге тиіс

Телеу үшін қысқа мерзімді сыйақылар

684

3380-«Телеу үшін қысқа мерзімді сыйақылар»

29 212 711,0

ҚЕ2ҰС-на сәйкес келеді

Өзгелер

687

7210-«Әкімшілік шығыстар»

250 000,0

ҚЕ2ҰС-на сәйкес келмейді, есептен шығарылуға тиіс (Балалар үйіне қайырымдылық көмек)

Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер

651

3410-«Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер»

150 000,0

ҚЕ2ҰС-на сәйкес келеді, бірақ қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде емес, қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері ретінде, сондықтан қайта жіктелуге тиіс.

 

Баланстық шоттар түзетілгеннен кейін және қайта жіктелгеннен кейін 2008 жылдың басында айналым сальдо ведомосі қалыптастырылады, соның негізінде ҚЕ 2 ҰС-на сәйкес жаңа қаржылық есептілік жасау қажет.

2007 жылғы 31 желтоқсанда компанияның балансында «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» бабы бойынша қалдық жоқ.

ҚЕ 2 ҰС-ның 386-бабына сәйкес компания бағалау міндеттемесін мынадай жағдайда:

             ол бұрынғы оқиғаның нәтижесінде пайда болғанда;

             ресурстардың әкетілу ықтималдығы болғанда;

             міндеттеменің көлемі сенімді бағалануы мүмкін болғанда таниды.

Баланстың осы бабының трансформациясы кезінде нақтылау жүргізілетіндіктен, мен компанияға есеп саясатында шамамен осындай мазмұндағы «Резервтер» деген бөлім әзірлеуді ұсынар едім. Резервтер - компания бұрынғы оқиғалар нәтижесінде нағыз заңдық немесе заңдық деп саналатын міндеттемесі болғанда танылатын міндеттемелер және көлемін сенімді бағалауға болатын міндеттеме бойынша төлеуге арналған ресурстарды бөлу талап етілуі толық ықтимал. Мысалы, компания сақтандыру шартының ауқымында шығындардың өтелуін күтетін болса, онда мұндай өтеу жеке актив ретінде, бірақ өтеудің келіп түсуі айқындықтың жоғары дәрежесімен сипатталған жағдайда ғана танылады. Егер күтілетін экономикалық пайдалар шарт бойынша тиісті міндеттемелерді орындау жағынан алғанда жұмсалатын шығыстардан төмен болса, компания резервті қиындық келтіретін шарттар бойынша таниды. Компания қайта ұйымдастыру бойынша резерв-міндеттеме қалыптастырады. Қайта ұйымдастыру резервтерінің құрамына компанияның жалдау шартын және жұмыстан босатылған кезде қызметкерлерге ақы төлеуді бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар кіреді; көрсетілген резервтер компанияда заңды немесе әдеттегі міндеттеме пайда болған кезеңде танылады. Компанияның өз қызметін жалғастырумен байланысты шығындар күні бұрын танылмайды. Компания кепілдік міндеттемелерді орындау бойынша резерв құрады. Ол белгілі бір тауарларға олар сатылып кеткеннен кейін үш жыл бойы қызмет көрсету жөнінде кепілдік береді және пайдалануға жарамайтын объектілерді жөндеу немесе ауыстыру жөнінде өзіне міндеттеме алады.

2007 жылғы 31 желтоқсанда компанияның балансында кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер бойынша ақпарат жоқ, өйткені қаржылық есептілікте корпорациялық табыс салығының салық есебіне есепке алынатын табыс салығының сомасы көрсетіледі. ҚЕ 2 ҰС-ның 629-бабының   6-тармағына сәйкес осы стандартты алғаш қолданып отырған субъектіден активтердің не міндеттемелердің салық базасы мен баланстық құны арасындағы айырмаға жататын кейінге қалдырылған салық активтерін немесе кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді тану талап етілмейді, олар бойынша кейінге қалдырылған салық активтерін немесе міндеттемелерді тану аса көлемді шығындармен немесе күш-қуат жұмсаумен байланысты. Осы құқықты таңдап алып қолданамыз да, пайдаға кейінге қалдырылған салық есептемейміз. Тек қана кейінге қалдырылған салық активтерінің 2810-шотта есепке алынатынын, ал кейінге қалдырылған салық міндеттемелердің 4310-шотта есепке алынатынын нақтылайтын боламыз. Есеп саясатын ҚЕ 2 ҰС ұсынған талаптарға бейімдеу үшін, оны әзірлеген кезде немесе қайта қараған кезде «Пайдаға салынатын салық» бөлімі көзделуі қажет Пайдаға салынатын салық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептеледі. Пайдаға салынатын салық бойынша шығыстарға ағымдағы кезеңдегі корпорациялық табыс салығы және кейінге қалдырылған салық кіреді. Пайдаға салынатын салық оның капитал құрамында танылатын операцияларға жататын кезеңдегі бөлігін қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында көрсетіледі. Пайдаға салынатын ағымдағы салық дегеніміз, есептік жыл үшін салық салынатын пайдаға қарай төлеуге жататын салық сомасын және қолданыстағы салық ставкаларын, сондай-ақ өткен жылдар үшін пайдаға салынатын салықты төлеу жөніндегі міндеттемелер көлемінің барлық түзетулерін білдіреді.

Талапты іске асыру немесе міндеттемені өтеу кезеңінде қолданылатын салық ставкалары бойынша баланстық әдіс қолданыла отырып, түрлі кезеңдерде қаржылық есептілік пен пайдаға салық салу мақсаттары үшін есепке алынатын объектілерге есептеледі. Бизнесті біріктіру бойынша мәміле болып табылмайтын мәмілені жүзеге асыру нәтижесінде гудвилді бастапқы тану, активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде пайда болатын уақытша айырмаларға және бухгалтерлік те, салық салынатын пайдаға да ықпал етпейтін айырмаларға қатысты кейінге қалдырылған салық танылмайды. Уақытша алшақтықтар нәтижесінде туындаған кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер толығымен есепке алынады.

Кейінге қалдырылған салық активтері шегерілетін тиісті уақытша айырмаларды іске асыру нәтижесінде, ол бойынша салық салынатын пайда алуға жеткілікті сенімділік болғанда ғана сол көлемде көрсетіледі. Кейінте қалдырылған салық активтерінің көлемі әрбір есептік күнгі жағдай бойынша талданады және тиісті салықтық пайдаларды іске асыру бұдан әріде ықтимал болып табылмайтын бөлігінде азайтылады.

2007 жылғы 31 желтоқсанда компанияның балансында «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» бабы бойынша қалдық жоқ. Осы бап бойынша негізгі құралдарды, басқаларды ұзақ мерзімге жалдағаны үшін берешектің көлемін көрсетуге болады. Бухгалтерлік есептің осы шоттарының трансформациясы бойынша шешім қабылдау үшін ең алдымен әрбір талдау шотын олардың ұғымына және ҚЕ 2 ҰС өлшемдеріне сәйкес келу мәніне:

             «езге міндеттемелер» айқындамасына;

             «ұзақ мерзімді» айқындамасына;

             Бағасына қатысты тест жүргіземіз.

Талдау екі элементтің де «міндеттемелер» ұғымына сай келетінін керсетіп отыр, өйткені олар міндетті түрде ақша төлеуді және өнім жеткізуді талап етеді. Міндеттемелерді ұзақ мерзімді деп жіктеген кезде, 71 тармақтың                       4-тармақшасына сәйкес, егер компания есептік кезең аяқталғаннан кейін міндеттемені өтеуді кем дегенде 12 айға кейінге қалдыруға нақты құқығы болмаған жағдайда, мұндай міндеттемені қысқа мерзімді ретінде жіктеуге міндетті. Оларды одан әрі жіктеу үшін ҚР Қаржы министрінің              23.05.2007 жылғы № 185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сүйенеміз. Бұйрықтың 38-тармағына сәйкес 4400-кіші бөлім өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған, бірақ мұнда болашақ кезеңдердегі табыстардың алынған аванстарын және алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алу бойынша операциялар көрсетіледі.

Алдыңғы топтарды талдау қаржылық жалдау бойынша операциялардың «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімінің 4150-шотына есепке алынғанын көрсетеді. Сонымен, қаржылық жалдау бойынша берешекті есепке алу және қаржылық есептілікте көрсету ҚЕ2ҰС талаптарына сай келмейді және есепке алудың кіші бөлімін қолдануға және ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді деп бөлуге қатысты қайта жіктеуді талап етеді. Міндеттемелер әділ құны бойынша бағаланады. Ол үшін 2.13, 2.14 кестелерді құрамыз. Қаржылық жалдау бойынша әдетте қайта есептелмейді, өйткені дисконт ретінде жалдау үшін сыйақы ставкасы қолданылады.

Кесте 2.13

Бухгалтерлік есеп шоттарын түзету

 

Түзету жазбалары

Д-т

К-т

Сомасы

Қаржылық жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек

687

683

40 920 020,0

 

Кесте 2.14

Шоттарды ҚЕ2ҰС -на көшіру

 

Есепке алу элементтері

ҚБЕС б/ша шот

ҚЕҰС б/ша шот

Баланстық құны

Түзету сомасы

ҚЕХС

бойынша құны

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек

683

4150

4910424,0

8184004,0

40920020,0

Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек

687

3340

 

8184004,0

8184004,0

 

2007жылғы 31 желтоқсанда компанияның балансында «Шығарылған капитал» бабы бойынша 51 000 000 теңге мөлшерінде қалдық бар.Осы бапта құрылтай құжаттарына сәйкес ЖШС-нің жарғылық капиталының көлемі көрсетілген. Капиталды есепке алу тәртібі ҚЕ2ҰС-ның 21 бөлімінде қарастырылған. Капиталмен операциялар бойынша құрамдас құралдарды, шығындарды және акционерлерден сатып алынған меншікті акцияларды бөлуге қатысты нұсқауларды қоспағанда, ҚЕ2ҰС-да капиталды бағалаудың арнайы ережелері жоқ. Осы бөлімнің нормалары шығарылған капитал мөлшерінің құрылтай құжаттарында келісілген сомамен емес, шығарылған және ақысы төленген құралдардың мөлшерімен айқындалатынын түсіндіреді. Кәсіпорын ешқандай капитал шығарып сатпағандықтан. Капитал сол сомма, яғни 51 000,0 мың теңге көлемінде трансформацияланады.

 

 

2.4 Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру

 

Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік тәжірибедегі маңызды жаңалық «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын қолдану болып табылады. Ең алдымен, ол заңнаманың және де есеп нысандарының кез келген өзгерісіне бухгалтердің өзі баптай алатын эмбебап бухгалтерлік бағдарлама. Қазіргі кезде ол кішігірім және ірі кәсіпорындарда, акциөнерлік қоғамдарда, бюджеттік ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерде сәтті қолданылуда. Біздің республикамызбен қатар бағдарлама Ресейде, Украинада, Беларусьте, Балтық елдерінде және посткеңестік кеңістіктің басқа да елдерінде кең қолданысқа ие болды.

«1С: Бухгалтерия» бағдарламасының артықшылығы - ол қарапайым есепке және күрделі есепке де қолданьша береді. Бұл ретте, қарапайым қолдану деп отырғанымыз: өткізбелерді (корреспонденцияларды) енгізу, айналым қалдықтарын, Бас кітап шоттары карточкаларын алу, кассаны, банкті жүргізу, төлем құжаттарын басып шығару, салық органдарына есеп беру болып табылады. Бағдарламаның барлық мүмкіндігі аналитикалық есеп жүргізгенде ашылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде (коммерциялык, сауда фирмаларында) осы бағдарламаның көмегімен тауарлардың нақты болуы мен қөзғалысының есебін, сатып алушылар және жабдықтаушылармен есеп айырысуларды, валюта, келісім-шарт есебін жүргізуге болады. Өндірістік компанияларда сандык және сомалық өлшем бірліктерімен қоймадағы материалдар есебін, негізгі құралдар есебін, дайын өнім және басқа да есеп бөлімшелерінің есебін жүргізеді.

Жыл сайын бұл бағдарламаның версиялары, бухгалтерлік есепті жүргізу құрылымын баптау мүмкіндігін кеңейте отырып, толықтырады. Жүйенің конфигурациялаумен, әкімшілік шаруашылығымен және өнімділігімен байланысты механизмдері кең өріс алуда. «1С: Бухгалтерия» жүйесіне кіретін бағдарламаларға келесі өзіндік ерекшеліктер тән:

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру