Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

 

Сурет 1.2. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының типтік құрылымы

Қаржылық (бухгалтерлік) есеп беруді қабылдаудың бағыты барлық қолданушыларға керекті ақпараттармен қамтамасыз ету. Нақты стандарттар шығарудың бағыты есептік проблемалары қысқаша түсіндіру және оның тапсырмаларын ашумен анықталады. Қолданушылардың сұранысын максималды қанағаттанарлықтай бағалы ақпараттармен жабдықталған стандарттардың енгізілуі.

Қолдану сферасы ҚЕХС құру және қолдану негізін керсетеді. ҚЕХС методологиясының басты бөлігі терминология (лат. Теминиз - шек, шекара) кұрайды және бұл стандартты қолданушы есеп берер кезіндегі қызметін жеңілдетіп, әрі түсінікті болу үшін стандарттың мазмұнын ашады. Олардың белгіленуі тәжірибелік қызметте стандарттардың қолдануын жеңілдетеді

Кейбір стандарттар ақпаратты бейнелеу жолымен ашу (мысалы, ҚЕХС 1, 7, 33,35,88) немесе жалпы принциптерді қолдану мысалдары негізінде (ҚЕХС 12,18,34,36,37) құралған. Мұндай материалдар, стандарттарды құру, ҚЕХС бойынша Басқарма Камитетімен қабылдаған нақты келісім жолдарын көрсетеді.

ҚЕХС (методалогиялық негізі) теориялық және концептуалдық негізі. «Қаржылық есеп берумен қамтамасыз ету» 1 стандартында көрсетілген.

Бұл кұжаттар жылдық есеп берудің ағымдағы стандарты мен байланысын түсіндіру үшін сұрақтар негізінде берілген. Ескеретін жағдай, «Қаржылық есеп беру» түсінігі халықаралық стандарттардан аударған кезде бұрын кеңес одағы құрамында болған елдердің қазіргі түсінігінде «бухгалтерлік есеп беру» деген мағынаны береді.

ҚЕХС жүйесі көптеген қаржылық ақпараттарды құруды қарастырмайды, ол жалпы бағыттағы негізде есеп береді. Өзінің даму және кең таралуының объективті тарихына қарсылық тұрғыда ҚЕХС методологиясы көп көлемдегі шешімдерден құралған жағдайды анықтайды. Ерекше ескеретін жағдай, ҚЕХС методологиясы көптеген себептердің шешімдері толық, кең ауқымда ойластырылмаған және логикалық тұрғыдан түсіндірілген.

Комитет қаулыларына, терминдердің сөздігі, ҚЕХС тарихы мен алфавитті заттық сілтемелеріне өзгертулер енгізілген. Олар көмекші сөздік ретінде құжаттармен жұмыс істеуге жеңілдік беретін анықтамалар.

Қолданушылар үшін есеп берудегі ақпараттарды бүлдіру қаржылық есеп берудің жасандысы деп аталады (Fraudulent financial repoting). Басқаша айтатын болсақ, қаржылық есеп беруді ҚЕХС үлесімен қолдауға болады, егер стандарттарда қандай да бір ауытқулар болса және оларға байланысты есеп беруге қатысты ақпараттарды ашумен түсіндірілетін болса. Мысалы, егер комиссия гиперинфляция жағдайында, есеп беру мерзіміне ақшаны сатып алушылық жағдайын ескерумен бірге нақты құнына сүйенуінің арқасында қолда бар көрсеткіштерді қайта есептегенде, (онда ол өзінің есептік көрсеткіштерін) ақпараттар басқа барлық стандарттың қанағаттанғандығына қарамастан, өзінің есептік көрсеткіштерін ҚЕХС есеп беруімен бірдей болғандығын хабарлай алмайды.

Барлық елдерде жалпы қабылдаған ережелерге сай нақты есеп беру мерзімінде жыл сайын инвертаризация жүргізу қажеттілігі бар. Бұл есеп беру кезеңі календарлық салықтық жылдық соңына сәйкес келуі мүмкін                        (31 желтоқсан, 31 наурыз) бірақ басқа мерзімде де белгіленіп қалады.

ҚЕХС әдісінен бас тартудың түсінігін анықтауда ерекше рөл - есеп беруді куәландыру және барлық талаптарға сәйкес екендігін тексеретін тәуелсіз аудитордың құзырында.

Егер компания қандай да бір жағдайларға байланысты, ҚЕХС деңгейінен бас тартатын болса, онда оның қаржылық есеп беру мазмұны төмендегідей болуы керек:

            Менеджменттің қаржылық есеп беруінің объективтілігі (нақтылығы) жайлы арызы және ҚЕХС әдісінің барлық испектілеріне сай болу.

            Бас тартуға байланысты стандарттарды көрсету.

            Стандарттан кету жағдайы.

            ҚЕХС бекіткен ережелерді көрсету.

            Есеп беруді бүлдіруге әкелетін менеджменттің көзқарасына қарай, бұл стандартты пайдаланудың себептерін толық көлемде түсіндіру.

            Есептік нұсқаларды нақты пайдалануды бейнелеу.

            Есеп беруде көрсетілген әр кезең үшін активтер, міндеттер, капиталдар, кіріс-шығыстар бағалаудың ауытқуларға әсері.

Мұндай ауытқулар ҚЕХС бойынша есеп беру үшін қолданушыға өзгертулердің көлемін санауға және есеп беру жайлы өз көзқарасын құруға мүмкіндік береді. Ақпараттар түсінікті, әрі нақты болып саналады, егер олар тәуелсіз аудиторлармен куәландырылған болса [3].

Есеп беру процедурасы өзіне есептік кезең, есептік жоспар, 1 -ші есеп беру, есептегі ағымдық есеп беру, көрсету балансындағы ағымдық есеп беруді жалпылау, соңғы жазбалар, есеп берудің жазбалары, есеп берудің басқаларын өзіне қосады. Әр компания ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлеріне негізделген есепке алу жиынтығын және есеп беру процедураларын өздері құруға құқылы.

ҚЕХС құру методологиясын қарастырған кезде, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін ескерген жөн. Мысалы, жалпы артықшылықтарына төмендегілерді бөліп көрсетуге болады.

ҚЕХС ережелері мен принциптерін кұрған кезде оларды стандарттың кез келгеніне жатқызуға болады.

1.            Кәсіпорынның (ұйымының) қызмет ету жағдайына қатыссыз методикалық бір көріністі ету.

2.            Нормативты құжаттардың көлемі азайып, тәжірибеде қолдануы жеңілденуі.

3.            Ереженің мазмұны қолданушылар мен оны құрастырушылармен жеңіл қабылдануы.

4.            ҚЕХС талаптарына сай ақпараттың бірдей ережелермен принциптерін қолданудан болуы.

ҚЕХС құру методологиясының кемшіліктеріне мыналар жатады:

1.            Әртүрлі нәтижелер қабылдауға болатын көпсөздік сындарға әкелудің принциптері.

2.            Тәжірибеде болатын көпкөріністі жағдайлар мен нақты жағдайда принциптер мен ережелерді құрастыру өте қиын.

3.            Ұйымның даму деңгейінің түрлілігі есеп пен есеп беру енгізуді біркөріністі кұруды қиындатады.

4.            Нақты мәліметке қолданылған есепті енгізу есеп берудің жалпылама методолгиясын қамтиды.

Орындаушының қайта назарын талап ететін бухгалтерлік жұмысшылар үшін қабылданған ережелер әрдайым орындалуы мүмкін емес. Халықаралық стандарт денгейін дамыту - бұл ұзаққа созылатын жұмыс, ол үш жылдай уақытты алады және бұл кезеңдер 1.3 суретте жинақталып көрсетілген.

 

1-кезең

 

Редакциялық комиссия құру

 

 

 

 

 

 

 

2-кезең

 

Халықаралық стандарттың жоспарын жетілдіру

 

 

 

 

 

 

 

3-кезең

 

Стандарт жағдайының жұмыс жобасын дайындау

 

 

 

 

 

 

 

4-кезең

 

Жұмыс жобасын басқаруды растау

 

 

Сурет 1.3. Халықаралық стандартты құру кезеңдері

 

Берілген процедура мына іс-әрекеттерден тұрады:

1.            Халықаралық стандарттау объектілерін таңдау және оның есеп жүргізуінің негізгі элементтерін бөлу.

2.            Стандартты құру жөнінде шешім қабылдау кезіндегі заң, құқық, бухгалтерлік есеп, салық салу және т.б.сұрақтар аясында қарастыру және жұмыс мазмұнындағы негізгі сұрақтарды анықтау.

3.            Әлемдік теория мен тәжірибенің негізгі сараптамасы жайлы мәселелердің тәжірибелік шешімін қабылдау және ғылыми жұмыстармен оқып танысу.

4.            Жиналған ақпаратты талдау, жүйелеу, жалпылау және стандартты құру процесіндегі қосымша кезеңдерді анықтау.

5.            Халықаралық стандартты құру.

ҚЕХС-ке көшу процесінде ең басты рөлді трансформация атқарады, бұл халықаралық ережелер (немесе басқа да бухгалтерлік стандарттар) бойынша есеп жүргізу ақпаратын қайта топтауды білдіретін арнайы алгоритм.

Жалпы қабылданған трасформация - дайындық және жұмыс кезендерінен тұрады. Бұл әрекетті көбінесе аудиторлық фирмалар жүргізеді және онда бухгалтерлік есепті қайта есептеу негізі жатады [4].

 

 

2. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту

2.1 ҚЕ 2 ХС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау

 

ҚЕ 2 ҰС 2008 жылдың 1- ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 21.06.2007 жылғы №217 бұйрығымен 2- Ұлттық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – ҚЕ 2 ҰС ), 36-тарауда ҚЕ 2 ҰС -ын алғаш қолданатын компанияларға қойылатын талаптар және іс-әрекеттердің тәртібі айқындалды. Осындай талаптардың бірі ҚЕ 2 ҰС-на өту күніне кіру балансын қалыптастыру болып табылды. Сондықтан осы компанияның бухгалтерлері ҚБЕС-нан ҚЕ 2 ҰС-на өту үшін белгілі бір механизмді пайдалану керек болды. ҚЕ 2 ҰС-на көшу процесінде ең басты рөлді трансформация атқарады, бұл халықаралық ережелер (немесе басқа да бухгалтерлік стандарттар) бойынша есеп жүргізу ақпаратын қайта топтауды білдіретін арнайы алгоритм. Трансформация –бір нәрсенің түрінің, нысанының, маңызды қасиеттерінің қайта өзгеріске түсуі, өзгеруі [5].

Трансформацияның ең басты кезеңі қайта жіктеу болып табылады, бұның мәні есептік баптардың бағалануын түзету және қайта жіктеу. Сонымен қатар бұл процедура мына процедуралардан тұрады:

             өзгертулерді анықтау;

             трансформациялық айырмашылықтарды көшіру;

             ұлттық валютадағы есептік трасформацияны құру;

             сәйкес валютаға қайта есептеу жүргізу.

Бұл процесте экономикалық ортадағы валютаға қатысты кәсіпорынның алатын табысын сипаттайтын функционалды – валютаны анықтау аса маңызды. Ұлттық валютада трасформацияланған есепті алғаннан кейін функционалды валюталардың (компания орналасқан мемлекет) бірінен екіншісіне есептіліктің қайта жіктелген барлық баптары қайта есептеледі (базистік мемлекетке). Баланс соңғы бағам бойынша қайта есептеледі, ал басқа есептеулер жылдық орташа салмақтандырылған құнмен жүргізіледі. Кіріс және шығыс есебі мен баланс бойынша бөлінбеген табысты қайта есептеу үшін жылдық орташа бағамның әр келкі болуына алып келетін трансформациялаудан туындаған айырмашылықтар резерв есебінен есептен шығарылады.

Трансформация процесін бастамас бұрын, бухгалтер жұмыс көлемін өлшеп және бағалап алуы қажет. Бұл трансформацияны өз қызметкерлерінің күшімен жасауға бола ма немесе басқа тараптағы ұйымның қызмет көрсетуіне сүйену керек пе, соған байланысты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. ҚЕ 2 ҰС -на сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтарға кіріс балансын құрастыру үшін 2.6 кестеде берілген ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС-нің 2007 жылғы 31 желтоқсанға жасалған балансын трансформациялауды мысал ретінде қарастырайық.

 

 

 

 

Кесте 2.6

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС-нің

2007 жылғы 31 желтоқсанға балансы

 

Активтер

2007 жылғы 31 желтоқсанға, теңге

Пассивтер

2007 жылғы 31 желтоқсанға, теңге

I. Қысқа мерзімді активтер

 

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

Ақша қаражаты және олардың баламалары

93 581 706,0

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

-

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

-

Салықтар бойынша міндеттемелер

1 694 458,0

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

118 110 684,0

Басқа міндетті және ерікті телемдер бойынша міндеттемелер

1 162 797,0

Қорлар

483 319 845,0

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

364 913 799,0

Ағымдағы салық активтері

39 208 607,0

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

6 185 220,0

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

-

Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

386 731 466,0

 

 

Қысқа мерзімді міндеттемелер жиынтығы

760 687 740,0

Өзге қысқа мерзімді активтер

20 110 438,0

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

Қысқа мерзімді активтер жиынтығы

754 331 280,0

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

-

II. Ұзақ мерзімді активтер

 

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

-

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

 

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

-

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

 

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

-

Үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициялар

 

Өзге үзақ мерзімді міндеттемелер

-

Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиынтығы

-

Инвестициялық мүлік

 

V. Капитал

 

Негізгі құралдар

55 016 491,0

Шығарылған капитал

51 000 000,0

Биологиялық активтер

 

Эмиссиялық табыс

 

Барлау және бағалау активтері

 

Сатып алынған меншікті үлестік қүралдар

11 870 443,0

Материалдық емес активтер

475 085,0

Резервтер

-

Кейінге қалдырылған салық активтері

 

Бөлінбеген табыс (орны жабылмаған залал)

-13 346 169,0

Өзге үзақ мерзімді активтер

 

Азшылық үлес

-

Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы

55 880 734,0

Капитал мен резервтер жиынтығы

49 524 274,0

Баланс

810 212 014,0

Баланс

810 212 014,0

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру