Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:50, дипломная работа
Жоңғар Алатауы мемлекеттік табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылдан басталып, түрлі зерттеу, жобалау шаралары арқылы Қазақстан Республикасы Үкімктінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылды. Қазақстандағы ірі әрі құрлысы күрделі тау жүелеріне жатады, ол солтүстікінде Балқаш-Алакөл ойысымен, оңтүстікінде Іле аңғарымен шектесіп, батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Оның батысында -100, ал шығысында 350 шақырымға дейінгі алқапты қамтйды. Жоңғар Алатауы – солтүстік және оңтүстік Жоңғар Алатауы деп екі тау жотасына бөлінеді. Оңтүстік Жоңғар Алатауының біраз бөлігі, яғни Саршоқы, Борохро тау жрталары Қытай аумағында орналасқан. Ал, Солтүстік Жоңғар Алатауының аумағында Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Тастау, Бұлантау, т.б тау жоталары бар
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАРЫ
1.1 Республикамызда ерекше қорғауға алынған аумақтары…………………..6
1.2 Алматы обылысының ерекше қорғалатын аумақтары……………………10
1.3 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы……………………...16
1.3.1Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағының ұйымдастырылу тарихы…………………………………………………………………………….16
1.3.2 Табиғат бағының географиялық жағдайы, ауа-райы …………………..19
2. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ – АУА, СУ, ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ
2.1 Атмосфералық ауаның құрамын және ластаушы көздер…………………24
2.1.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы..…..…………………………......24
2.1.2 Атмосфкралық ауаны ластаушы көздер…….……………………………31
2.1.3 Ластанған ауаның зиянды әсері……………..…………………..………..28
2.2 Судың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары…………………………………………………………………………..36
2.2.1 Судың физикалық қасиеттері……………………………………………..36
2.2.2 Судың химиялық қасиеттері………………………………………………39
2.2.3 Ауыр металдардың химиялық және физикалық қасиеттері…………….42
2.2.4 Судың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері…….47
2.3 Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері………………………………………...50
2.3.1 Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері……………………………..50
2.3.2 Топырақтың химиялық қасиеттері……………………………………….57
2.3.3 Топырақтың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері әсері ………………………………………………………………………………68
3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Әдістер мен қондырғылар…………………………………………………..70
3.2 Тәжірибе барысында алынған өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістемесі…………………………………………………………………………81
3.3 Алынған нәтижелер және оларды талдау …………………………………96
3.4 Қорытындылар мен ұсыныстар……………………………………………..97
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………
рН = 6 болса, орта қышқыл болып есептеледі. Мұндай ортада креветкалар (су шаяндарының бір түрі), балықтың ұсақтары өмір сүре аламайды;
рН = 5,5-6 болса, орта қышқыл болып есептеледі. Мұндай ортада планктондар, тағы басқа организмдер өмір сүре алмайды. Жаңбыр суы да осындай қышқылдықта болады.
рН = 5,5 болса, орта қышқыл болып есептеледі. Мұндай ортада қышқылды сүйетін саңырауқұлақтар өмір сүреді. Ешкімге пайдасы жоқ сфагнум, саңырауқұлақ және бактериялар пайда болып, олар өздері көмір кышқыл, метан және күкіртті сутек газдардан суға, ауаға шығарып жатады.
Қышқылды жауын – қоршаған ортаның ластануының ауыр түрінің бірі. Оның зияны адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, үйлерге, ғимараттарға, сәулеттік ескерткіштерге көп тиюде. Мұнда ескеретінбір жай атмосфераға күкіртті газ жіберетін елдермен салыстырғанда олардың көршілері көп зиян көруде. Мысалы, Италия жылына 200 мың т артыұ күкіртті газдар Австрия мен Швецияға, 160 мың т бұрынғы Югославия аспанына кетеді. Ұлы Британиядан тараған газ Канада жеріне қышқылды жауын болып жауады (20).
Еуропа құрлығында жел көбінесе батыстан шығысқа қарай соғатын болғандықтан Ресей, Украина, Беларусь республикаларына батыстағы көршілерінен жыл сайын 1,4 млн т күкіртті ластаушы заттар келсе, батысқа кететін күкіртті газ мөлшері одан 10 есе аз болады.
Халық шаруашылығына күкірт көп қолданылады. Мысалы, 1 автокөлік жасап шығару үшін 14 кг, 1 т целлюлоза өндіруге – 100 кг, 1 т күкірт қышқылын шығаруға – 300 кг күкірт жұмсалады. Өнеркәсіп өнімдерінің 84% күкірт көмегімен өндіреді. Сондықтан күкірт қатарын азайту, тіпті болдырмау – маңызды шаруашылық міндет және экологиялық қауіпсіздіктің бір шарты.
Қоршаған ортаға газ қосындыларының әсері оларды құраған гздардан анағұрлым артық болады. Өйткені бұл қосындылар жанадан пайда болған заттар уыттылығымен, бүлдіру қасиеттерімен аталық газдардан басым түседі. Мысалы, смогты алайық. Ол пайда болу үшін белгілі бір жағдай болуы керек. Ауада жиналған түтін, шаң, газ, күйе ешқайда жылжымай қаланың үстінде тұрып алады. Оның себебі төменде жылының жоғары көтерілген ауамен ластанушы заттар бірге көтеріп, онда жел болмағандықтан жан-жаққа тарамай, қаланың үстін жауып тұрады.
1952 жылы желтоқсан айында Лондон
қаласында болған дымқыл смог
дүние жүзіне белгілі. Кір
Азот тотығы ( NO2) – атмосфераны негізгі ластаушы газдар қатарына жатады. Азоттың қос тотығы іруінен атомды оттек (О) бөлініп молекулды оттекпен қосылып озон (О3) пайда болады. Озонның көбеюі Лос-Анджелс үлгісіндегі фитохимиялық смог – құрғақ ауада күн сәулесінің әсерімен көк түтінге ұқсайтын мөлдір мұнар, пайда болады. Бұл да адамдар мен жануарлардың тыныс жолдарын ауыртып, өсімдіктерді өсірмейді. Озонның жиынтығы 2-3 мг/м3 – ге жетіп, таза ауадағы мөлшерден 100-200 есе көп болады.
Осындай смог Нью-Йорк, Чикаго, Бостон, Детройд, Токио, Милан, Алматы, Кисловод, Новокузнец қалаларында жиі болып тұрады.
Іштен тұтанатын қозғағыштардан, өнеркәсіп орындары мұржаларынан тараған азот тотығы мен азотты минералды тыңайтқыштардың құрамындағы натрат пен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді. Тропосфера мен стратосферадағы азот тотығымен ұшақтар да ластайды. Стратосферадағы азот тотығы жерге қайта түспей, 1 жылдан 3 жылға дейін қалқып жүріп озон қабатын бұзуға әсерін тигізеді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауаға көмірқышқыл газы (СО2) өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 % өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен дем алуы жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады.
Көмірқышқыл газы арылы ультракүлгін түстес күн сәулесі тоқтаусыз өтсе, жер бетінен кері тепкен инфрақызыл сәулені жан-жаққа шашыратып, тропосфераның төменгі қабатында ұстап, атмосфераның жоғарғы қабатына жібермейді. Сөйтіп төменгі қабаттағы жылы ауа сақталып, жер беті көп салқындамайды. Бұл процесс қыс айларында шыны әйнекпен жабылған, күн сәулесін өткізетін, шыны астындағы жылуды жан-жаққа жібермейтін, соны пайдаланып көкөніс, гүл өсіретін парникке ұқсас болғандықтан «парниктік әсер» деп аталған.
Көмірқышқыл газының атмосферада көбеюі салдарынан ХХ ғасырдың І жартысында жер бетінің температурасы 0,6-0,8 °С-қа көтеріліп, Арктикадағы мұздың көлемі 10 % кеміп, солтүстіктегі шекарасы 200 км-ге дейін қысқарды. Атмосферадағы қорғасын (Рb) қосындылары адамдар мен жануарлар үшін өте қолайсыз. Олар ауаға автокөліктерден тарайды. Кейбір қорғасын этил тәрізді сұйық заттардың құрамына тетроэтилқорғасын түрінде қосылып антидетонатр ретінде пайдаланылды.
Жоғары сортты 1 л бензинде 0,4 г қорғасын болса, оның 0,3 г автокөліктерден бөлінген газбен ауаға келіп қосылады. Автокөліктер көп жүретін тас жолдардың әрбір километріне күн сайын 500-700 г қорғасын түсіп жатады. АҚШ-та жыл сайын 200 мың т ұорғасын автокөлік газымен ауаға кетіп жатады, бұл елдің қазып алатын қорғасынының бір бөлігі. Қорғасын тыныс жолдары және тері арқылы денеге өтіп, қандағы қызыл заттарды азайтып, жүйке жүйесіне зиянын тигізеді. Қанның азаюына, ұмытшақ болуға, көз ауруына және ұрпақсыздыққа әкеліп соғады.
Шектеулі - рұқсат етілген қорғасынның ауадағы мөлшері 0,00007 мг/м3 –ден аспауы керек. Бірақ автокөліктер көп жүретін жолдар маңында орналасқан елді мекендерде оның мөлшері бірнеше есе көп болып жүр. Мысалы, ГФР өнеркәсіп орталықтарында ауадағы қорғасын 0,02 мг/м3 – ге жетеді. Рим елінің тұрғындары шарапты қорғасыннан жасалған ыдыстарды ұстаған. Шарап қышқылы әсерінен қорғасын бұзылып, шарапұа ұосылып, адам денесіне өтетін болған. Ғалымдар қорғасын жыныс мүшелеріне әсер етіп, римдіктердің ұрпақсыз болуына , ұлттық жойылуына, Рим империясының күйреуіне себап болды деп есептейді.
Адам денесіне қорғасын азық-түлік арқылы да өтеді. Автокөліктер көп жүретін жол бойында өскен картоп, көкөніс, жеміс құрамында қорғасын шектеулі-рұқсат етілген мөлшерден 5-10 есе артық болады. Жоғарыда аталған ауаны негізгі ластаушы газдар мен қосындылардан басқа да адамдарға, бүкіл биосфераға қолайсыз заттар бар. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Бериллий (Ве) – металды тот басудан сақтау, ыстыққа төзімді ету, сынбау үшін қолданылады. Ауаға түскенде өкпеге зиянды.
Бензин булары – қауіпті жарылғаш зат. Жанғанда көміртек тотығын, күкірт қосындыларын бөледі. Адамның қан қысымы көбейіп, елегізуі күшейеді, сіңірі жиі тартылып, құрысады.
Кадмий (Сd) – көптеген қорытпалар құрамына кіреді, машиналар мен жабдықтардың бөлшектерін жылтырату үшін, бояп жабу үшінс қолданылады. Уытты, жүйке жүйесіне, асқазан мен шектерге зиянды әсері бар.
Кобальт (Со) – және олардың қосындылары машина жасағанда пайдаланылады. Уытты, тері және демікпе ауруларына ұшыратады.
Марганец (Мr) – металлургия өнеркәсібінде қолданылады. Уытты, өкпеге, бүйрекке және қан айналамы жүйесіне зияны көп.
Мыс (Сu) – жылу және электр энергиясын тасымалдайтын метал. Мыс тотығы дем алу жолдарын, сілекей бездерін ауыртады, сіңір тартылып, құрысады.
Магний (Mg) – қортындылары өте берік материал ретінде өндірістің түрлі салаларында пайдаланылады. Оның шаң-тозаңы сіңір тартылуына, құрысуына ұшыратады. Кейде адам есінен танып қалады.
Мышьяк (А3) аздаған мөлшерде барлық металдардың құрамында бар, оларды өңдегенде бөлініп ауаға қосылады. Уытты, қан ауруларына ұшыратады.
Фосфорлы сутек (РН3) – фосфоры бар металды өңдегенде, пластмасты заттар шығарғанда бөлінеді. Жүйке жүйелеріне, денедегі заттар айналымына, бауыр мен бүйрекке, жоғарғы тыныс жолдарына зиянды, өкпенің ісінуіне соқтырады.
Никель (Ni) – машиналар бөлшектерінің сыртын жауып бояуға қолданылады. Тері мен тыныс жолдарына зиянды.
Озон (О3) – электронды микроскоптарда, жоғары вольтты генераторларда, балқытып біріктіру жұыстарында, жиналған буды салқындатып суға айналдыруға қолданылады. Уытты, көздің кілегей қабығын, өңеш пен мұрынды тітіркентіп, басты ауыртып, ұйқышыл жасайды.
Титан (Ті) – ауада бұзылмайды, өндірісте төрт титан қолданылады. Өте уытты.
Сынап (Н) – бқлмедегі температурада тез буға айналып кетеді. Уытты, бүйрекке зияны көп.
Уран (U) – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруларына ұшыратады, бүйрекке зиянды.
Хром (Cr) – металдың сыртқы қабатын жабуға қолданады. Хром тұздары фотографияда пайдаланылады. Мұрынның кілегей қабатын ауыртады.
Хлорлы сутек (НСІ) – немесе Т73 қышқылы – металды өндіргенд қолданылады. Дымқыл ауада тұмен пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына зиянды әсер етеді.
Мырыш (Zn) – металдарға жаңа қасиет беру үшін қосылады. Мысалы, мырыш қосылған темірді және мырыш тотығын рәзеңке өнеркәсібінде және аз бояу жасау үшін қолданылады. Адамдарды құю безгегімен ауыртады.
Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада Фтор (Ғ) көп болса жануарлардың тістері тезқажалып, бал арадары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құландардың аяғы ісіп, сал ауыруына шалдығады.
Күкірт, фтор, хлор, көміртек тотығы, азот тотығы, тұз қышқылының булары, жапырақтың түрін өзгертіп, мерзімінен бұрын түсіп қалуына себапші болады.
Ластанған ауа құрылыс материалдарының тез бұзылуына әсер етеді. Күйе мен шаң ғимараттарды кірлетіп, қарайтып тоздырады, қышқылды жауын оларды бұзады. Күкірт қышқылы үй төбесін жапқан қыңылтырды, қышқылды заттармен тұздар металды тотықтырады.
2.2 Судың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары
2.2.1 Судың физикалық қасиеттері.
Қалыпты жағдайдағы таза су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, мөлдір сұйық зат (сұйықтық). Бұл табиғи жағдай үш агрегеттық күйде (сұйық, қатты және газ түрінде) бола алатын жалғыз сұйықтық. Сұйық су тығыздығының 40C кезіндегі максималды мәні 1 г/см3 (1000 кг/см3).
Су 00C кезінде сұйықтық күйінен қатты күйге (мұзға) айналады. Сұйық судың тығыздығының оның қатты күйдегісінен (мұздыкіне) жоғары, мінеки, осы ерекшелік негізінде мұз су бетінде болады. Бұл судың аномальды қасиеттерінің бірі. Су 1000C қайнап, газды күйге (сулы буға) айналады.
Су өзінің жылу сйымдылығының, балқу және булану энтальпияларының жоғары мәнде болу салдарынан, жердің бетіндегі температураны тұрақтандырушы, ондағы климаттық жағдайды тиімді реттеуші болады.
Су жердегі ең көп таралған қосылыс. Оның мөлшері 1,4٠1018 тоннаға жетеді және ол жер бетінің шамамен бестен төрт бөлігін жабады. Су көптеген тау жыныстарының, минералдардың және топырақтың құрамына енеді. Ол әртүрлі процестерде және тірі мен тірі емес табиғат құбылыстарында, сол сияқты адамзаттың қолданбалдық тіршілігінде кереметтей үлген рөл атқарады. Оның қолдану аймағы мен ауданы шексіз; ол тірі тіршіліе тірегі.
Судың аса маңызды қасиеттерінің бірі – сулы ерітінділерді түзе отырып, оның өзінде көптеген заттарды еріту қабілеттілігі. Бейэлектролиттердің ерітінділері полярсыз органикалық және бей органикалық молекулалардан түзілетін, көп құрамдасты жүйелер болып келеді. Олар табиғатта көптеп кездеседі және өнеркәсіпте, зертханалық жұмыстарда жиі қолданылады.
Су молекуалсының құрлысы. Ерте замандарда суды жеке элемен деп есептеген. Тек 1871 жылы Генри Кавендиш сутек ауада жанған кезде судың түзілетіндігін көрсетті, ал А.Лавуазье бірінші болып судың екіиэлементтен – сутек пен оттектен тұратындығы туралы тұжырым жасады. Көп уақытқа дейін ғалымдар үшін судың ерекше қасиеттері жұмбақ болып келді. Олар, негізінен, үш себеп салдарынан екендігі, айқындалды:
а) молекулардың полярлық сипатымен;
ә) оттек атомында бөлінбеген электрондық жұптың болымен;
б) сутектік байланыстардың түзілуімен.
Судың молекуласын теңқабырғалы үшбұрыш
түрінде қарастыруға болады, оның
төбесінде оттек атомы
Оттек атомының сыртқы электондық қабатының р-деңгейшесінде 2 жұптаспаған электроны болады. Осы электрондардың 90% бұрышпен орналасқан р- бұлттары екі сутек атомдарының s- бұлтарымен жабылады және жекеленген екі - байланысы түзеді. Әрбір O-H байланыс полярлы, өйтекні электртерістілігі (ЭТ) сутектің ЭТ үлген. Электрондық бұлттың жабылу аймақтары оттек атомына ығысады (ауады) да, онда артықтау теріс заряд пайда болады. Сутек атомдарында артықтау оң зарядтар пайда болады. Осы аттас екі зарядтардың арасындағы тебіліс күші байланыстар арасындағы бұрышты 104,50 дейін үгейтуге жасайды.