Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:50, дипломная работа
Жоңғар Алатауы мемлекеттік табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылдан басталып, түрлі зерттеу, жобалау шаралары арқылы Қазақстан Республикасы Үкімктінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылды. Қазақстандағы ірі әрі құрлысы күрделі тау жүелеріне жатады, ол солтүстікінде Балқаш-Алакөл ойысымен, оңтүстікінде Іле аңғарымен шектесіп, батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Оның батысында -100, ал шығысында 350 шақырымға дейінгі алқапты қамтйды. Жоңғар Алатауы – солтүстік және оңтүстік Жоңғар Алатауы деп екі тау жотасына бөлінеді. Оңтүстік Жоңғар Алатауының біраз бөлігі, яғни Саршоқы, Борохро тау жрталары Қытай аумағында орналасқан. Ал, Солтүстік Жоңғар Алатауының аумағында Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Тастау, Бұлантау, т.б тау жоталары бар
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАРЫ
1.1 Республикамызда ерекше қорғауға алынған аумақтары…………………..6
1.2 Алматы обылысының ерекше қорғалатын аумақтары……………………10
1.3 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы……………………...16
1.3.1Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағының ұйымдастырылу тарихы…………………………………………………………………………….16
1.3.2 Табиғат бағының географиялық жағдайы, ауа-райы …………………..19
2. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ – АУА, СУ, ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ
2.1 Атмосфералық ауаның құрамын және ластаушы көздер…………………24
2.1.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы..…..…………………………......24
2.1.2 Атмосфкралық ауаны ластаушы көздер…….……………………………31
2.1.3 Ластанған ауаның зиянды әсері……………..…………………..………..28
2.2 Судың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары…………………………………………………………………………..36
2.2.1 Судың физикалық қасиеттері……………………………………………..36
2.2.2 Судың химиялық қасиеттері………………………………………………39
2.2.3 Ауыр металдардың химиялық және физикалық қасиеттері…………….42
2.2.4 Судың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері…….47
2.3 Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері………………………………………...50
2.3.1 Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері……………………………..50
2.3.2 Топырақтың химиялық қасиеттері……………………………………….57
2.3.3 Топырақтың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері әсері ………………………………………………………………………………68
3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Әдістер мен қондырғылар…………………………………………………..70
3.2 Тәжірибе барысында алынған өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістемесі…………………………………………………………………………81
3.3 Алынған нәтижелер және оларды талдау …………………………………96
3.4 Қорытындылар мен ұсыныстар……………………………………………..97
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардыңтүрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескеткіштерді, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық қатар, биосфералық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғаты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0%-ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн, га; Вуд—Баффало(Канада) -4,5 млн.га;Үлкен Гобий қорығы (Монғолстан) –шамамен 4 млн. га.
Қазақстандағы екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат рессурыстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарының жүргізе отырып, табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауғаалынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті –халықты рекреациялыққамтамасыз ету.
Табиғи тіршілік орталары қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық –өзгермеген табиғаттың эталонь» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы- біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Қазақстан қорықтары.
Қазір Қазақстаның
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы) акданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың -130-дан астам түрлері, сүтқоректілнрден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б кіреді.
Барса—келмес. Арал теңізінің солтүстікбөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың полрасына 130-ден астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Науырызым. 1931 жылы құрылған. Қостанайоблысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы100 мың га. Қорықта 151 құстар, 25 сүтқоректілердің, рептицияалардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны алпіліқ өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астам кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді
Қорғалжың 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола обылысының Қорғалжың ауданында орналасқан. Қорық қорғалжың мемлекеттік қорықтық аңшылық шарушылығымен байланысты. Қорықта ғылыми зеріттеу жұмыстары жүгізеді. Әсем қорғалжың көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго цопуляциаларының үя салуының ең солтүстік орыны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңізі зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71 мың га территориялар алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлы алып жатыр.
Қорық территориясына
Азутау жотасының солтүстік
Бетпақ-дала. Сарысу өзенімен Балқаш көлінің арасында ткрриторияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстардың териториясына кіреді.
Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкен облыстық ақару комитетінің шешімімен құрылған. Қалатау қорығы Қаратау тау жоталарының оте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары Республикада бірінші орында тұр.
Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералыққорықтар көптеп құрыла бастады.
Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ланшафтта және бір-бірне онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮЕНСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру1976 жылы басталып, 1995 жылдың науырызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халқаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмыс нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бйынша жұмыс жоспар» қабылданды.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жердің жоғарғы формында Биологиялық алуатүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуатүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылады. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны орындауға көмек беру мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас (Венесуэла, 1992 жыл) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа трансшекаралық қорықтар. Биорезерваттардың даму саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір «Интернет» жүйесі жүзеге асыруда.
Биосфералық қорықтар тураоы Халқаралық конференция (Севилья, 1995 жылы) XXI ғасырда биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья статегиясын жасады.
1) генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтау бағытталған қорғау функциясы;
2) тұрақты экологиялық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;
3) зеттеу жұмстарын қолдау үшін материалдық-техниолгиялық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.
Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұру қажет.
1. Қорықты беру. Биологиялық алуатүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзілуға ұшіраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.
2.Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызымен жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданады.
3. Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын тұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара біалескен жұмыс жүргізілуі мүмкін.
1996 жылдың мамыр айында Алматыда биосфералық резеварттар туралы Халқаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, Биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халқаралық табиғатпен тепе-теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жағдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.
Мемлекеттік табиғат ескеткіштер. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-тамымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат обьектілері кіреді. Оларғ: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б жатады. Табиғи ескеткіштеріне, сонымен қатар, жасанда шығу тегі бар табиғат обтектілері – ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б жатқызуға юолады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер – жаңа жұлдыздардың пайда болу уақыты, физиктер – жердің магнит өрісініңөзгерістерін анықтайды.
Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100-110 м, жасы 3-3,5 мың жылға дейін жетеді.
Беловеж нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекелеген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескеткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескеткіштері – үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейын тұрып келген. Дәубаба шатқаландағы үнгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешікті орналасқан. Сонымен қатар, «Қараүңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас ауданы), «Жылауықата» (Толеби ауданы) және т.б. үңгірлерді атауға болады.
Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компонеттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жапы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылған. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.
1.2 Алматы обылысының ерекше қорғалатын аумақтары
Дүние жүзінің көптеген елдерінде халықаралық табиғат қорғау одағының ұсынысы бойынша жапы мемлекетт аумағының 10 пайыз жерін ерекше қорғалатын табиғи акмақтарға айналдыру көзделген. осыған байланысты біздің елімізде де соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліп отыр. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның қабылдауның өзі елімізде табиғат қорғау мәселелеріне басты назар аударып отырғандығының нақтылы дәлелі бола алады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорының табиғи кешендері мен обьектілері бар жер, су обьектілерінің және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлелі, құру тәртібі, қорғау режимінің түрі, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінің қызыметін ұйымдастыру ерекшеліктері «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Қазіргі таңда Қазақстан жерінде, оның ішінде Алматы сблысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2 мемлекеттік табиғат қорық, 4 мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, 5 мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша, 2 мемлекеттік ботаникалық саябақ, 1 мемлекеттік зоологиялық саябақ, 2 мемлекеттік табиғиқорықша, 4 мемлекеттік табиғат ескеткіштер, 1 мемлекеттік қорықтық аймақ ұйымдастырған.
Табиғат байлықтарын қорғаудың бірінші сатысы – мемлекеттік табиғи қорықтар болып саналады. Қорық – табиғат нысандарын қорғаудың жоғарғы көрсеткіші. Қоық аймағы шаруашылық айналымынан басталып, онда кен өндіру мен құрлыс жұмыстарын жүргізу, аң құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретінәрекеттерге тыйм салынған. сонымен қатар, қорық жерін улы химикаттарды және басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. бір сөзбен айтқанда қорық ұйымдастырылған жердің табиғат сол аймақтың ерекше ландшафтысы мен географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалыуы керек. қорықтағы экологиялық процсстердің балығы адамынң араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адамқорықтың бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкемідің көрікті табиғат ланшафтары, жалпы табиғат кешендері сол қалпында сақталған.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы- Іле Алатауның орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зеттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылғын мемлекеттік қорық. Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы қорғалатын табиғат нысандары- Іле Алатауының экологиялық жүйелеріндегі табиғат байлықтары. Ауданы 73,34 мың га. Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналасқан Талғар тау жоталары енеді. ол төрт биіктік белдеуден тұрады. оның орманды-дала белдеуінде (1300-1600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрін, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м)ауысады. Ал субаьпі белдеу (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа алпь шалғынынан тұрады. одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1300 түрі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы жануарлар дүниесіне өте бай. Онда сүтқоектілердің 40 (барыс, қоңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік суыр, тиін, т.б), құстардың 200 түрі (кекілік шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, сушыл торғай, бұлдырық) бар. Бауырымен жорғалаушылардан алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылын, қосмекенділерден бөлбақа, жасыл құрбақа кездеседі.