Жұмыссыздық және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:42, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Қазақстандағы жұмыссыздық. Оның ұлттық және аймақтық аспектілері.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесін толықтай қарастыру.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................4
Негізгі бөлім:
I. Жұмыссыздық және оның түрлері…………………………6
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болу себептері…………………….6
1.2 Жұмыссыздық анатомиясы…………………………………...9
II. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі……………………………………………...…………12
2.1 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық деңгейі…………..12
2.2 Атырау облысы бойынша жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіші………………………………..……………………15
III. Жұмыссыздықты жою……...………………………………20
3.1 Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы…………….………20
3.2 Жұмыссыздарды еңбекпен қамту...…………………………24
Қорытынды………………………………………………………..27
Қолданылған әдебиеттер…………………….………………….29

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.docx

— 641.03 Кб (Скачать)

Бағдарламада  жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу  қарастырылған. Балалар кәмелетке толған соң жұмысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.

Бағдарламада  жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болады, оның әр саласы бойынша анықталған. Жұмыс орныдарын құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайтқыш өндіру, машина жасау,                                                          сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.

Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде  заң жобасын дайындалып, ол парламент мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып ішерлікке итермелеуіміз керек қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі.  Еңбек етпеген адам жатыпішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.

 Бағдарламаның  жүзеге асуын қадағалап,  отыру үшін оның өлшемін жетілдіру керек.  Сондықтан біздің алдымызда тұрған бір мақсат – халықтың тұрмыс деңгейін өлшеу тетіктерін жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын айтсақ, бүгінгі күнгі Мемлекеттік статистика агенттігінің халықтың табыс деңгейі туралы келтіріліп миллиондай, ал оның салық төлейтіні 4,0 миллиондай ғана. Көп адамдар ұсақ саудамен айналысып, табыс алады. Бірақ табысын жасырып, салық төлемейді.Табыстың басқа да толып жатқан көздері бар. Бірақ жаппай табыс декларациясы болмағандықтан әр адамнан қалай және қанша табыс тауып жатқанын ешкім сұрамайды.

Ал дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына  қаншалықты жауапкершілік түсетінін  білуге тиіс. Қазір біз табысқа  амнистия (кешірім жасау) керек деп  жатырмыз, сондықтан сол амнистиядан  дұрыс нәтиже болу үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей декларациясын енгізу керек.

Жұмыссыздықпен, кедейлікпен  күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай әлі де жұмыс орындары ашылу тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

              3.2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту.

 

Жұмыспен  қамту 2020 бағдарламасы         

 Мемлекет басшысы өз жолдауында Халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеді.        

 Ағымдағы  жылғы 15 ақпанда өткен Үкімет  отырысында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының жобасы мақұлданды. Бағдарлама 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылды. 

   Бағдарламаның мақсаты-  жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Міндеттері:

1.      Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту;

2.     Индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

3.     Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

               Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша  өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. 

Бағдарламаны  іске асыру мынадай үш бағытта  жүзеге асырылатын болады: 

1.     Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 

2.     Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 

3.     Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.         

 Бағдарламаны үш кезеңде   іске асыру ұсынылады:

  • 2011 жыл пилоттық жыл болады, бұл Бағдарламаны  іске асыру механизмдері мен оны құқықтық қамтамасыз етуді пысықтауға мүмкіндік туғызады.
  • Екінші кезең: 2012-2015 жылдар
  • үшінші кезең 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.

     Индустрияландыру картасы жобалары мен Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасында бар және құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істейді.

         Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.

      Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

- тегін кәсіптік даярлау, қайта  даярлау және біліктілігін арттыру  курстарына жолдау;

- оқу және тұру орнына дейін  жолақысын төлеуге субсидия беру;                           

- лайықты бос жұмыс орындарын  іздеу және жұмысқа, оның ішінде  әлеуметтік жұмыс орындарына  орналасуға жәрдемдесу;

- психологиялық бейімдеу.

Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып  табылады.

 Жеке ісін ұйымдастыруды  қалайтын және оған мүмкіндігі  бар азаматтар Бағдарламаның  қатысушылары бола алады. Жеке  ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға  басымдық беріледі.

Осы бағыт бойынша мемлекеттік  қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

- консультациялық қызмет көрсету;

- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

- шағын несие беру;

- жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.

Үшінші бағыт  Бағдарламағақатысушылардың жоғарыда айтылған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайға арналған.

Экономикалық әлеуеті төмен  елді мекендерден экономикалық өсу  орталықтарына өз еркімен көшуге жәрдемдесу: 

  • бір ауданның ішінде; 
  • бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.

Басым құқықты ауыл жастары иеленетін болады.

 

 

 

                                 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

                                Қорытынды

   

    Мен өз курстық жұмысымды аяқтай  келе, мынадай қорытынды тұжырымдарға келдім:

      Жұмыссыздық мәселесі жарты миллион бұқараны қос өкпеден қысып тұрғаны жасырын емес. Мамандар бұған қатысты «Жұмыссыздық жоспарсыздықтан туады» дегенге сай қалай болғанда да жұмыссыздықты шешуде өзіндік жоспарымыз, бағыт бағдарымыз болуы тиіс. Түрлі кәсіби жұмысшы табы қалыптасып, еңбек нарығында ол мамандарға сұраныс артқаны жөн. Ол үшін алдымен отандық кәсіпорындардың, өндіріс орындарының жұмысы алға басуы қажет.

    Жұмыссыздық қасіреті – бүкіл дүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян.

   Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек:

 

- Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу керек.

- Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру.

- Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен,      өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп,

олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға  көмек көрсету.

- Шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына мамандығы мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай  ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.

Сонымен қатар республика және оның жеке аймақтары бойынша кедей адамдар мен жұмыссыздарды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген  адамдар есебінен көмек көрсету керек. 

Оған  негізінен еліміздегі жұмыспен қамту бағдарламалары да, яғни «Жұмыспен қамту 2020 » бағдарламасы, «Жол картасы» бағдарламасы айтарлықтай көмегін тигізді.

Сонымен, жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын  жүзеге асыру қажетпіз. Біз Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құру біздің міндеттімізге де жатады. Біздің  көзделіп отырған мақсатымыз – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек нарығы жағдайы осал халыққа көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Қолданылған әдебиеттер.

 

1. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. 
«Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл. 
2. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П. 
«Экономикалық теория». «Қазақ университеті»  
Алматы – 1999 жыл.

3.Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А.  
«Жалпы экономикалық теория» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.

4. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. Алматы, 2003

5. Р.Дорнбуш, С. Фишер. Макроэкономика Алматы, 1997



  «Қазақстандағы жұмыссыздық.  Оның ұлттық және аймақтық  аспектілері.»


Информация о работе Жұмыссыздық және оның түрлері