Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:42, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Қазақстандағы жұмыссыздық. Оның ұлттық және аймақтық аспектілері.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесін толықтай қарастыру.
Кіріспе..................................................................................................4
Негізгі бөлім:
I. Жұмыссыздық және оның түрлері…………………………6
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болу себептері…………………….6
1.2 Жұмыссыздық анатомиясы…………………………………...9
II. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі……………………………………………...…………12
2.1 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық деңгейі…………..12
2.2 Атырау облысы бойынша жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіші………………………………..……………………15
III. Жұмыссыздықты жою……...………………………………20
3.1 Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы…………….………20
3.2 Жұмыссыздарды еңбекпен қамту...…………………………24
Қорытынды………………………………………………………..27
Қолданылған әдебиеттер…………………….………………….29
Жұмыссыздар саны ХЕҰ әдіснамасы бойынша, 2011 жылғы қаңтарда бағалау бойынша 486,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 5,7% құрады. Жұмыссыздар ретінде ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 44,1 мың адам ресми тіркелген (0,5%). Бұдан басқа, еңбек рыногында жасырын жұмыссыздық тіркеледі – қызметкерлерді толық
емес жұмыс аптасына немесе қысқартылған жұмыс күніне ауыстыру тәжірибесі, жалақы сақтауынсыз демалыс беру. Бағалау бойынша ағымдағы жылғы қаңтарда жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын (50,9 мың адам) құрады.
Жұмыссыздар (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеп және оған кірісуге дайын 15 және одан жоғары жастағы тұлғалар) саны 2012 жылғы 1 тоқсанда 18,4 мың адамды құрап, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,8 мың адамға кеміді. Жұмыссыздық деңгейі 5,4% болып қалыптасты (2011 жылғы 1 тоқсанда 5,6%).
2010-2012 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі
Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 35,5%-ды, әйелдердің үлесі – 64,5%-ды құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 11,9 мың адамды құрады, ол жұмыссыз еркектерден 5,3 мың адамға (81,8%) артық.
2012 жылғы 1 тоқсандағы жасы және жынысы бойынша жұмыссыздар
Елімізде 2012 жылдың ақпанындағы бағалау бойынша жұмыссыздар саны 500,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 5,5%-ды құрады. 2012 жылғы ақпанның соңында жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарына тіркелген тұлғалардың саны 57,6 мың адамды немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 0,6%-ды құрады
2.2 Атырау облысы бойынша жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіші
Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Облыс аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары 510,4 адам. 2009 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1969 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) көлемі бойынша ІІ орынды және жан басына шаққанда ЖӨӨ көрсеткіші бойынша І орынды тұрақты иеленуде. Өндірістің негізгі салалары болып мұнай өндіру және балық өнеркәсібі, құрылыс материалдарының индустриясы табылады.
Мұндай өндіріс салалары бола тұра облыста жұмыссыздық мәселесі кеңінен кездесіп отыр.
Мәселен 2009 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойыншаАтырау облысында жұмыссыздар саны 15338 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,9 пайызды көрсетіп отыр.
2011 жылмен 2012 жыл аралығы кезеңі ішінде Атырау облысында жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде 0,4 %-ға төмендеді. Бұған жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілуі, еңбек нарығының сұранысына сай кәсіби оқыту, уақытша қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметтік жұмыс орындарының ашылуы ықпал етуде.
Жалпы облыстың аудандарындағы еңбек нарығының дамуы экономикалық белсенді тұрғындар деңгейінің өсімімен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне байланысты оң беталысымен сипатталады. Осылай, Жылыой, Исатай, Құрманғазы және Мақат аудандарында экономикалық белсенді тұрғындар деңгейі тиісінше 9,1%, 10,5%, 7,7%, 1,3% өскен болса, тиісінше жұмыссыздық деңгейі 6,4%, 6,7%, 7,1%, 3,4% -ға төмендеді.
Ал, қалалық
жұмыспен қамту бөліміне келген 11 755
жұмыссыздың 96 пайызының талабы қанағаттандырылған.
Бұған мекемелердің
қатысуымен өткізілген «Бос жұмыс орындары»
жәрмеңкесі зор септігін тигізді. Жыл
басынан бері 68 мекеменің қатысуымен осындай
16 жәрмеңке өткізілген. Сондай-ақ, жыл
басынан бері 2804 жұмыссыз қайта даярлау
курстарынан өтіп, оның 1289-ы жұмысқа орналастырылған.
Үстіміздегі
жылдың өткен он айы ішінде 9 606 жаңа жұмыс
орны ашылған. Оның ішінде «Жол картасы»
бағдарламасында мемлекеттік тапсырыс
бойынша жұмыс жасайтын үш мекеме арқылы
2877 азамат жұмысқа тартылған.
2012 жылдың қаңтар айының 1 күніне еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері (аймақтық жұмыспен қамту басқармаларының мәліметтері бойынша) Атырау қаласында мынадай статистикалық көрсеткіштер анықталды. Жұмысқа өтініш берген азаматтардың саны 19.2 мың адам.
Өтініш берген азамат тардың саны, мың адам |
Жұмыссыздықтан әлеуметтік шараларымен қамтылған азаматтардың саны, барлығы оның ішінде: мың адам |
Есепті кезеңнің соңына есепте тұрған азамат-тардың саны, барлы-ғы (мың адам .) |
ЭБХ**, - тан тіркелген жұмыссыз дың үлесі % |
3 тоқсанның жұмыссыз-дық деңгейі,% (СА*алыңған мәләмет бойынша) | |||||
Жұмысқа орналастырыл- ғандар |
Қоғам-дық жұмысқа қатыс-қандар |
Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілік-ті арттыруға жіберілгендер | |||||||
Бар-лығы |
Әлеу-меттік жұмыс орын-дарына |
Жас-тар тәжірибесі шеңберінде құрыл-ған жұмыс орын-дары-на | |||||||
Атырау |
19.2 |
10.7 |
0.3 |
0.6 |
7.1 |
3.3 |
1.8 |
0.6 |
4.9 |
Өз бетімен жұмыспен қамтылған тұрғындарды талдау:
Көп жылдар бойы жұмыспен қамту саясатының негізгі басымдылықтарын іске асыру мына нәтижелерге алып келді:
- экономикалық белсенді тұрғындар саны 2009 жылдың 114712 адам 2010 жылы 118726 адамға дейін өсті;
- жұмыссыздар саны 2009 жылы 352 адам болса, 2010 жылы өкінішке орай 594 адам болды. Ресми жұмыссыздар деңгейі сол 2009-2010 жыл аралығында 0,2 %-дан 0,5%-ға өсті.
2010 жылы жұмыссыздар есебінен жұмысқа орналастырылғандар саны 10376 адам , қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 1500 адам, белгілі бір жұмысқа даярлау үшін оқуға жіберілгендер саны 3699 адам болды.
Жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы 6,1%-ды құрады, 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі облыстың экономикалық белсенді тұрғындарынан 5,4%-ды құрады, ал 2012 жылы ол тіптен 0,4%-ға тқмендеген.
2009-2011 жылдар
аралығында өзін-өзі жұмыспен
қамтыған тұрғындар талдау, өзін-өзі
жұмыспен қамтылғандар саны
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар жеке негізде шаруа қожалығында жұмыс жасайтындар және сауда - саттық қызметімен айналысатындар.
Оларды жүйелі түрде шешудің жолдары, бірінші кезекте селода:
2010 жылы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
Атырау қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 11 айында жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін көрдік(5,4 %-дан 5.0%-ға). Бұған жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілуі, еңбек нарығының сұранысына сай кәсіби оқыту, уақытша қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметтік жұмыс орындарының ашылуы ықпал етуде.
Бұған қала
бойынша мекемелердің қатысуымен өткізілген
“Бос жұмыс орындарының” жәрмеңкесі
үлкен септігін тигізді. Атап айтсақ,
жыл басынан бері 68 мекеменің
қатысуымен 16 «Бос жұмыс орындары»
жәрмеңкесі өткізілді. Бұл жәрмеңкеге
«Texno Digital systems» ЖШС, «Каскад Элит
Снаб» ЖШС-і, филиал «Сичим», «Яманлар
Иншаат Монтаж Санай ве Тиджерет»КФ,
«Бонатти СпА», «Хилсон Дивижи ЛТД»
филиалы, «Болашақ Атырау Мұнай Құрылыс
Сервис ЛТД», «Blak Cwan», «Снаб Ойл» т.б.
мекемелері қатысты. Жәрмеңке қорытындысымен
469-дай адам жұмысқа орналастырылып,
кәсіптік оқуға 216 адам тартылды.
Қаладағы 5 мемлекеттік және 11 мемлекеттік
емес оқу орындарымен 35 мамандық бойынша
оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру
мақсатында жыл басында келісімшарт жасақталды.
Жыл басынан 2804 жұмыссыз қайта даярлау
курстарынан өтіп, оның 1289-ы жұмысқа орналастырылды.
Жұмыссыздардың нысаналы топтарына (мүгедектер,
оралмандар, қылмыстық жазасын өтеген
адамдар, 21 жасқа дейінгі жастар, жетім
балалар және т.б.) ерекше көңіл бөлінуде.
Нысаналы топтар үшін ашылған әлеуметтік
жұмыс орындарына жыл басынан бері 58 жұмыссыз
азамат жұмысқа тартылып, жергілікті бюджеттен
бөлінген 4,5 млн. теңгесі толықтай игерілді.
Жаңа жұмыс орындары ашылды
Қалада жылдың
10 айы ішінде 9 606 жаңа жұмыс орны ашылды,оның
ішінде «Жол картасы» бағдарламасында
мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын
3 мекеме арқылы ашылған 2877 жаңа жұмыс
орны.
Инвестициялық жобалар арқылы Атырау
қаласының оң жақ жағажайында су құбырлары
және су тазалайтын құрылымдардың құрылысы,
жол жөңдеу жұмыстары, Атырау қаласының
тері аурулар диспансерін күрделі жөндеу
жұмыстарын жүргізіп жатқан «Азия Маркет»
ЖШС, «Атырауинждорстрой» және «Снаб Ойл»
мекемелерінде бүгінгі күнде 2877 жаңа жұмыс
орны ашылып, оған 3213 жұмыссыз маусымдық
жұмысты атқаруда.
“Жастар тәжірибесі” жалғасын тапты
“Жастар тәжірибесіне”
жұмыссыз жастар есебінен жоспар бойынша
үстіміздегі жылдың аяғына дейін 220 адамды
жіберу жоспарланып, оған республикалық
бюджеттен 26,4 млн. теңге бөлінген. Жыл
басынан 117 мекемемен 344 жастың атынан
келісімшарт жасақталып, 22,0 млн. теңгесі
игерілді.
2011-2015 жылдарға өзін-өзі қамтыған тұрғындар болжамы жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына орналасуына байланысты өзін –өзі жұмыспен қамтитындар саны 2011 жылы 13,2%-дан 2015 жылы 11,7 %-ға дейін төмендейтінін көрсетіп отыр.
III БӨЛІМ. Жұмыссыздықты жою
3.1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.
Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек саласында жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.
Аталған
мақсаттарға байланысты экономикалық
өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті
реформалар жүргізу жолдарымен халықтың
тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру,
әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың
әлеуметтік жағынан осал топтарына
экономикалық және әлеуметтік қолдау
көрсету негізінде кедейлікпен
күрес жүргізу міндеттері де жүзеге
асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін
еліміздің тұрақты
Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада оның негізгі себептеріне де айрықша көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік пен жұмыссыздықпен күресті ұйымдастырудың алғы шартты іспетті болды. Ашығын айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыруы мүмкін де емес. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа да адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қайтіп көмектесуге болады ? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру. Осы мәселе жөнінде Елбасының да берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақпыз.
Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.
Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.
Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.
Бағдарламада
халықтың еңбекке жарамайтын топтарына
әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған.
Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл
бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның
ішкі өміріне араласуын күшейту,
протез-ортопедия бұймдарын