Жұмыссыздық және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:42, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Қазақстандағы жұмыссыздық. Оның ұлттық және аймақтық аспектілері.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесін толықтай қарастыру.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................4
Негізгі бөлім:
I. Жұмыссыздық және оның түрлері…………………………6
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болу себептері…………………….6
1.2 Жұмыссыздық анатомиясы…………………………………...9
II. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі……………………………………………...…………12
2.1 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық деңгейі…………..12
2.2 Атырау облысы бойынша жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіші………………………………..……………………15
III. Жұмыссыздықты жою……...………………………………20
3.1 Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы…………….………20
3.2 Жұмыссыздарды еңбекпен қамту...…………………………24
Қорытынды………………………………………………………..27
Қолданылған әдебиеттер…………………….………………….29

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.docx

— 641.03 Кб (Скачать)

 

  Атырау мұнай және газ институты  Мамандық: 5В050800 «Есеп,аудит және сервис»  Топ: ЕжА-11 қ/б     



  Бисенғалиева Д.С.

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе..................................................................................................4

Негізгі бөлім:

  1. Жұмыссыздық және оның түрлері…………………………6
    1. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері…………………….6
    2. Жұмыссыздық анатомиясы…………………………………...9

 

  1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі……………………………………………...…………12
    1. Қазақстан Республикасы жұмыссыздық деңгейі…………..12
    2. Атырау облысы бойынша жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіші………………………………..……………………15

 

  1. Жұмыссыздықты жою……...………………………………20
    1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы…………….………20
    2. Жұмыссыздарды еңбекпен қамту...…………………………24                      

 

Қорытынды………………………………………………………..27

 

Қолданылған  әдебиеттер…………………….………………….29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

   

      Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Қазақстандағы жұмыссыздық. Оның ұлттық және аймақтық аспектілері.

   Курстық  жұмысымның мақсаты: Қазақстан  Республикасындағы жұмыссыздық мәселесін толықтай қарастыру.

  Курстық  жұмысымның мақсатына сәйкес, оның  алдына мынадай тапсырмалар қойылады:

  • жұмыссыздықтың жалпы пайда болу себептерін анықтау.
  • Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі.
  • жұмыссыздықты жою, яғни жұмыссыздықпен күресу және еңбекпен қамтуды қарастыру.

    Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

Экономикалық  реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың  құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы  деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық  – белгілі бір кезеңде өзінің орнын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар:

 

  • Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босатылады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады  

 

  • Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.

 

  • Адамды жұмыстан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқтатылып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.

 

  • Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылуы еріксіз жұмыстан босатылу деп есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  БӨЛІМ. Жұмыссыздық және оның  түрлері.

 

1.1. Жұмыссыздықтың пайда болу  себептері.

 

Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын  жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

Адам  мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:

 

    1. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.
    2. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босатылады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
    3. Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
    4. Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.

 Жұмыссыздықтың пайда болу себептері: Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

 Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды

Жұмыссыздық – еңбекшілердің бір бөлігінің  жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл –  капитал құрылысқа тән құбылыс. Ол К.Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айырылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді. Мыс., Қазақстанда 1993 жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал капитал құны 12 есе өсті.

 Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады. «Артық» еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына шығып қалу қорқынышын туғызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер үшін ол – арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын  қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің   қажетті шарты. Еңбекшілер үшін  жұмыссыздық – тек материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ «артық» адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай «толық» және «ішінара» жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды

Жұмыссыздық – капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика жағынан дамыған  капиталистік елдердің бәрін де «артық»  еңбек ресурстарының көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір жылдары тіпті  көбейтіп кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Жұмыссыздық анатомиясы.

 

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын  зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:

 

    • Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.

 

    • Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.

 

    • Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.

 

    • Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.

Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін – жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі  болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.

Келесі  фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.

Енді  жұмыспен толық қамтылғанда пайда  болған жұмыссыздықты  – құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.

Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.

Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының  әрдайым өзгерістерге болуынан туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс  істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса,  енді бірі оны жұмыстан босатып жатады.

Адамға  жұмыс табу үшін уақыт қажет. Фрикционды жұмыссыздық дегеніміз – жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.

Жұмыс күшін  немесе экономикадағы жалпы еңбек  ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық  коэффиценті құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды.

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.

Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.

Адам  өзіне қолайлы жұмыс орнын  іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі  жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады. Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.

Жұмыстан  босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс  іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

II БӨЛІМ.  Жұмыссыздықтың деңгейі

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі

 

Экономикалық  саясат үшін шешуші сұрақ – экономика  жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда  бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6 % - ға тең болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 % төмендету қауіпті деген пікір айтылады, өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер жұмыссыздықты 7 % төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар әрекетке көшеді дегенді айтады.

Халықтың  тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының басты факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.


 

 


Информация о работе Жұмыссыздық және оның түрлері