Жұмыссыздық курсовая

Автор: n*********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуіне едәуір әсер етті. Бірқтар елдерде экономикалық рецессия байқалып отыр.
Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал етті. Алдын ала бағалау бойынша 2008 жылы экономикалық өсу – 3,1 %-ды, жұмыссыздық деңгейі шамамен – 7 % - ды , инфляция жылдың соңында – 9,5 %-ды құрады.
2009 – 2010 жылдары әлемдік нарықтардағы жағдай күрделене түсуі мүмкін және оның салдары отандық экономикаға қолайсыз сипатта болады. Әлемдік тауар нарықтарында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдарына төмен бағаның сақталуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.doc

— 159.50 Кб (Скачать)

Бүгінгі таңда  аса назар еңбек нарығында  бейімделмеген, және де қиын экономикалық жағдайда абыржыған, өзіне деген  сенімді жоғалтқан тұлғаларға бөлінген.

Осы тұлғалар үшін Жұмыс іздеу технологиясымен  танысу тренингтері мен курстарын  өткізу бойынша жұмыс іздеу клубтары қызметі іске қосылған.

Жұмыссыз  санының көтерілуін болдырмау мақсатында «Жол картасы» аясында 3 әлеуметтік жоба бекітілген, оның іске асу барысында 225 жұмыс орны құрылатын болады және денсаулықсақтау желісі бойынша, мұнда бағдарламаның әкімшісі болып облыстық денсаулықсақтау басқармасы болып келеді, сондай-ақ 251 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін № 1 және № 2 ауруханалар бойынша жобалар қарастырылған. Әлеуметтік жобалар бойынша барлығы 476 адам жұмыспен қамтылатын болады.  

Қазіргі уақытта  облыс орталықтарында, сондай-ақ аудандарда «Жол картасын» іске асырудың негізгі  бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кө галдандыру, аумақты көркейту және санитарлық тазарту, сумен және жылумен қамту объектілерін жөндеу, аудандық маңызы бар жолдарды, аулаларды, көшелерді, тратуарларды, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды жөндеу (ауруханалар, мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері) бойынша жұмыстар басталған.

Жол картасын іске асыруға қатысу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыру үшін ШҚО  бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. Барлық баспа және электрондық  БАҚ жол картасын іске асыруға  жұмыссыздарды тарту жөнінде  ақпарат орналасқан. «Қалкен ТД»  және «Қазақстан-Өскемен»  телеарналарында, «жарнамалық даңғылдарда» және «жүгірме жолдарда» хабарландырулар жарияланған, радионүктелері бар автобекеттерде, теміржол бекетінде, қала базарларында және ірі сауда орталықтарында ақпарат дауыс созайтқыштар арқылы дыбыстандырылады.

Қоғамдық  қатынау пункттерінде (ҚҚП) жұмыс  берушілердің мекенжайлары және телефондары  көрсетілген бос орындар туралы хабарландырулар орналасқан.

Жол картасы  бойынша әлеуметтік ролик әзірленіп, қаладағы үлкен экрандарында орналастырылған (Горький және Киров көшелерінің қиылысында, «Тахами» көңіл көтеру кешенінде, қоғамдық көліктерде және «Пицца Блюз» кафе торабында). www.akimvko.gov.kz негізгі бетінде осы тақырып бойынша ақпарат орналасып, жұмыс берушілер ұсынған бос орындар бөлігі жұма сайын жаңартылып отырады. Бұдан басқа, ақпаратты 055 (135) анықтама қызметінен және қаланың орталық көшелерінде орнатылған 3 баннерден алуға болады.

Құрметті  менің блогыма келушілер, мен Сіздерден осы тақырып бойынша нақты уақыт режимінде пікірлер, түсініктер алуға қуанышты боламын.

Информация о работе Жұмыссыздық курсовая