Жұмыссыздық курсовая

Автор: n*********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуіне едәуір әсер етті. Бірқтар елдерде экономикалық рецессия байқалып отыр.
Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал етті. Алдын ала бағалау бойынша 2008 жылы экономикалық өсу – 3,1 %-ды, жұмыссыздық деңгейі шамамен – 7 % - ды , инфляция жылдың соңында – 9,5 %-ды құрады.
2009 – 2010 жылдары әлемдік нарықтардағы жағдай күрделене түсуі мүмкін және оның салдары отандық экономикаға қолайсыз сипатта болады. Әлемдік тауар нарықтарында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдарына төмен бағаның сақталуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.doc

— 159.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің, Қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009 жылға арналған Экономикалық саясаттың  негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі 

2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы  әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуіне едәуір әсер етті. Бірқтар елдерде экономикалық рецессия байқалып отыр.  
Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал етті. Алдын ала бағалау бойынша 2008 жылы экономикалық өсу – 3,1 %-ды, жұмыссыздық деңгейі шамамен – 7 % - ды , инфляция жылдың соңында – 9,5 %-ды құрады. 
2009 – 2010 жылдары әлемдік нарықтардағы жағдай күрделене түсуі мүмкін және оның салдары отандық экономикаға қолайсыз сипатта болады. Әлемдік тауар нарықтарында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдарына төмен бағаның сақталуы мүмкін. 
Осындай жағдайларда 2009 жылы экономикалық саясат елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсартуға бағытталады. 
Үкімет пен Ұлттық Банк саясатының басты мақсаты әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және макроэкономикалық теңгерімді қолдау, сондай-ақ экономикалық өсім мен іскерлік белсенділікті ынталандыру болады. 
2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі бағалау бойынша шамамен 2 %-ды құрайды, жұмыссыздық деңгейі 8%-дан аспайды. Инфляция 2009 жылдың соңында 9 %-ды құрайды деп болжануда Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – ҚНРА) қабылдаған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Бірлескен іс-қимыл жоспары) іске асыру көрсетілген мақсаттарға жетудің негізгі құралдарының бірі болады.  
Бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде қаржы секторын тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін, жылжымайтын мүлік нарығын нарығын дамыту, экономиканы одан әрі әртараптандыру, жұмыспен қамтуды қаматамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі міндеттер шешіледі. 
Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚНРА отандық қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторына кредит беру үшін қажетті жағдай жасайды. 
Үкімет баға құрайтын екінші деңгейдегі банктерді қосымша капиталдандыруды қамтамасыз етеді. Үкіметтің жекелеген екінші деңгейдегі банктер деңгейіндегі тұрақтандырушы шаралары, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен жасасқан меморандумдар шарттарының іске асырылуын көздейді.  
Көрсетілген инфляция денгейіне қол жеткізу және елдің қаржы жүйесін тұрактандыруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк теңгерімді ақша-кредит саясатын жүргізеді. 
Қысқа мерзімді өтімділікті реттеу және оны барабар деңгейде ұстап тұру үшін Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру қарызын береді, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесін одан әрі кеңейту, екінші деңгейдегі банктерге кепілсіз кредиттер беру, банктерде Ұлттық Банк депозиттерін орналастыру мүмкіндігі қаралады. 
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі кредиторлар типтері алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін әзірлейді және енгізеді. Бұл ресурстарды банкаралық нарық арқылы қайта бөлуге және қысқа мерзімді құралдар ақша нарығындағы операцияларға қол жеткізуді кеңейтуге ықпал етеді. 
Қысқа мерзімді өтімділіктің және Ұлттық Банк беретін банкаралық міндеттемелер бойынша кепілдіктердің көлемі екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50 %-ы сомасынан аспайтын болады. 
Өз кезегінде ҚНРА отандық қаржы секторын реттеуді күшейтеді. Қаржы ұйымдарының өз капиталының жеткіліктілігін бағалауға ағымдағы тәсілдер жетілдіріледі, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес проблемалық активтерге арнайы провизияларды қалыптастыру тәртібі қатаңдатылады және қаржы ұйымдарындағы менеджмент тәуекелге қойылатын талаптар күшейтіледі. 
ҚНРА акционерлердің жауапкершілігін арттыру қағидаттарын ескере отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуінің және салымшылардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін пысықтайтын болады. 
Ұлттық Банк пен Үкімет экономиканың активтері мен міндеттемелерінің едәуір үлесі шетелдік валютада болғанда және қарыз алушылардың активтер валютасы мен міндеттемелерінің сәйкессіздігіне негізделген жоғары кредиттік тәуекел болған жағдайда қаржы тұрақтылығы көрсеткіштерінің нашарлауын болдырмау үшін төлем теңгерімі мен теңгенің айырбас бағамының жай-күйіне үнемі мониторингі жүргізеді.  
Осыған байланысты Ұлттық Банктің іс-қимылы ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге немесе теңге бағамының шетел валютасына қатысты бақыланатын шекте қалқымалы өзгеруіне бағытталатын болады.  
Тұтастай алғанда, Үкіметтің қызметі экономиканы «сауықтыруға» және орнықты сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағдарланатын болады.  
Тұрақтандыру шараларын іске асырумен қатар қолайлы инвестициялық ахуалды сақтау, бәсекелестікті дамыту және жобаларды экономиканың әлеуетті экспортқа бағдарланған секторларында іске асыру арқылы перспективалы даму үшін негіз қаланатын болады.  
Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастауды, агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамытуды және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын серпінді іске асыруды қамтамасыз етеді.  
Экономикалық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, оның ішінде әкімшілік кедергілерді одан әрі азайтуға бағытталатын болады. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларына кең қол жетімділік берілетін болады.  
Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру үшін Үкімет 2009 жылы үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады және арнайы ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруға кіріседі. 
2009 жылы Үкімет қызметіндегі негізгі басымдық – жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау болады.  
Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өндіріс көлемінің азаюы нәтижесінде уақытша босаған қызметкерлерді ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыспен қамту және босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.  
Жұмыс орындарын құру, оның ішінде қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салу, заңсыз еңбек көші-қонын бақылауды қатаңдату есебінен қосымша ауқымды шаралар кешені көзделеді. 
Барлық әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде Мемлекет басшысының 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде толық көлемде әрі уақтылы қаржыландырылады. 
Салық-бюджет саясатының шаралары экономикаға салық жүктемесін азайту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға және мемлекеттік шығыстардың теңгерімді саясатын жүргізуге бағытталатын болады. 
Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру, атап айтқанда  
2009 жылы корпорациялық табыс салығының ставкасын 30 %-дан 20 %-ға дейін, қосылған құн салығын 13 %-дан 12 %-ға дейін азайту, сондай-ақ салық төлеушілердің шегерімдер жүйесін ырықтандыру кәсіпорындар үшін нарықтардың қолайсыз конъюнктурасын жұмсартуға және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.  
Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, экономикаға мультипликативтік әсер көрсететін жобаларды бірінші кезекте қаржыландыруға және халықтың қажетті жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға бағытталған икемді бюджеттік инвестициялық саясат жүргізілетін болады. Бұл ретте экономикалық жағдай нашарлаған және бюджетке түсетін түсімдер қысқарған жағдайда, кідіріссіз шешуді талап етпейтін шығыстар оңтайландырылатын немесе неғұрлым кеш мерзімге қалдырылатын болады. 
Бюджет тапшылығының, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің мөлшері макроэкономикалық теңгерімділікке қол жеткізу қажеттілігін ескере отырып, қолайлы деңгейде ұсталып тұрады. 
Үкімет «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп, бюджет қаражатының, оның ішінде Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға бағытталатын қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды қатаңдатады. 
Айтылған шараларды, оның ішінде Бірлескен іс-қимыл жоспарын тиімді іске асыру үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚНРА елдегі экономикалық ахуалға және әлемдік экономиканың даму үрдістеріне үнемі мониторинг жүргізеді және қажетті түзету шараларын қабылдайтын болады.
 
 
 

Жұмыссыздық қоғам  өміріне тән құбылыс. Ол бұған  дейін де болған, алдағы уақытта  да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің біріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаландырылуы, еңбекті интенсивтендіру деңгейінің артуы, өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі – осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.

Мұндай көлеңкелі  жайттан Астана қаласының қалтарыста қала алмайтыны да әрине, заңдылық. Оның еңбек рыногына тереңірек бойлап көрсек, жұмыссыздық және жұмыспен қамту ыңғайында сарабдал әңгіме қозғауға әбден болатын секілді. Проблема атаулы іле сөз етіліп, ол асқынбай тұрғанда түйінін шешуге ұмытылыс жасалғанда ғана күн тәртібінен біртіндеп сырғи беретіні түсінікті шығар. Сонымен, елорданың осынау шетін мәселесін қандай жолмен реттеуге болар екен? Тұйықтан қалай, уақыт созбай шыға аламыз?

Әр сұрақтың соңында  адам тағдыры бейнеленіп тұрғандай. Мысалы, 2006 жылдың үшінші тоқсанының мәліметтеріне сүйенсек, Астанада тұратын жасы 15 және одан жоғарыдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 302,3 мың адамға жеткен екен. Бұл 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,2 мың адамға артық, яғни 3,5 пайыз көп. Мұндағы ерлер үлесі 50,3 пайыз (152,0 мың адам) ал әйелдер 49,7 пайыз (150,3 мың адам) болды.

Атқарылып  жатқан мақсатты іс-шаралардың нәтижесінде  бұл салада айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Оның жарқын мысалы, өткен жылдың үшінші тоқсанында 278,7 мың адамның жұмыспен қамтылғанынан көрінеді. Алдындағы жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,0 мың адамға көбеюі әлгі сөзімізге айғақ болатындай. Демек, жұмыссыздар саны аз да болса кеми түскені істің оңға басқанын аңғартады.

Келтірілген осынау сандардың  астарына үңіліп көрсек, біраз жайттар  айқындала түседі. Әсіресе, үшінші тоқсандағы еңбек нарығының негізгі индикаторларын сараптау арқылы кейбір проблемалардың тұрақтылана беруінің сырына көз жеткізе аламыз. Мәселен, жұмыспен қамтылған Астана халқының  жалпы санына шаққанда жалдамалы қызметкерлер саны 91,4 пайыз, яғни 254,7 мың адам құрайды. Ал өз бетінше қызмет істейтіндер 8,6 пайыз ғана. Осының өзінен жұмысты тұрақты істейтіндердің қатары молығып, нығая түскені сезіледі. Бұл дегеніңіз жақсылықтың белгісі. Адамдардың осындай амалмен орнықты көңіл-күйін сапаластырудың маңызы зор екендігі белгілі. Бүгінгі нан-несібемді  қайдан табамын деп, дүдәмал күйде жүретіндердің санаты азайған сайын қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың тұрақтылана түсетіні де кәміл.

Енді жалдамалы  қызметкерлердің қандай меншік нысандарында жұмыс істейтінін саралап көрелік. 127,1 мың адам (жалпы санның 49,9 пайызы) мемлекеттік ұйымдарда, 116,6 мың адам (45,8 пайыз) мемлекеттік емес ұйымдарда, 11,0 мың адам (4,3 пайыз) жеке тұлғаларда өз нәпақаларын тауып жүр. Бұдан шығатын қорытынды не? Әлі де болса шағын және орта бизнес саласының кенжелеп дамып отырғанынан олардағы жұмыспен қамту көрсеткіштерінің төмен екендігі бесенеден белгілі бола  түседі. Осы жерде мынадай жақсы мысалды сыналап кетудің еш артықтығы жоқ. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың құрылымындағы жұмыс берушілердің үлесі 33,1 пайызға жетіп, олар 7,9 мың адамды еңбекке жұмылдырып отыр екен. Байқайсыз ба, өз беттерімен кәсіп ашып, соған өзгелерді  тарта білу, әрине, нарық жағдайындағы қала адамдарының белсенділігін танытса керек. Мұндай оң үрдісті одан әрі жалғастыра берудің тиімді жолдарын іздестіре білген абзал. Сонда оның шапағаты қазір өз беттерінше жұмыспен айналысып жүрген 16,0 мың адамның қатарын едәуір селдіретуге себесін жасаған болар еді. Осы жағын да ескерген жөн.

Статистика тілімен  айтсақ, қаладағы экономикалық тұрғыдан енжар халықтың саны 150,5 мың адам болыпты. Бір өкініштісі сол, алдындағы  жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 0,3 пайыз өсім болған. Әрине, ойлантатын жағдай. Енді соны таратыңқырап көрсек, әлгі бағамдағы халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу бөлімдерінде оқитын оқушылардың 49,8 пайызы құрайтын болып шықты. Ал зейнеткерлер үлесіне тиетіні 26,0 пайыз деңгейінде.

Бір қуаныштысы, қала халқының жұмыспен қамтылғандар құрылымында  жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар тұлғалар үлесі 69,0 пайызға жетіп, осы буынның қамтылу аясы едәуір кеңи түскендігі. Одан кейінгі орын 21,2 пайызбен арнаулы орта кәсіптік білім алушыларға тиеді. Былайғы бастауыш кәсіптік, орта және негізгі, сондай-ақ бастауыш білімі барлардың үлесі 9,8 пайыз көлемінде.

Жұмыспен қамтылғандардың  қандай салаларға шоғырланғандығын білу артық емес секілді. Бірінші  орында 74,3 пайыздық үлеспен қызмет көрсету саласы тұр. Мұның да жөні бар. Соңғы жылдары бас шаһарда халыққа қызмет көрсетудің түр-түрі кеңейіп, көлемі мен сапалық жағы да біршама жоғарылай түскенін екінің бірі біледі. Сондай-ақ, халық санының жедел арта түсуі де осындай игі өзгерістерге ұйытқы болуда. Осы ұғымды жалғастырсақ, өнеркәсіп пен құрылыста  жұмыспен қамтылғандардың саны 24,5 пайызға жеткен. Оның да сыры белгілі. Бұл екі сала да өзіндік өріс табуда. Соңғы орында 1,1 пайызбен ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейтіндер тұр. Әрине, дамуы кенжелеп қалған саланың қамтитын үлесі де онша мардымды болмайтыны түсінікті жайт.

Біртіндеп ең бір толғақты мәселе – жұмыссыздық жайын сөз  етуге де  келіп қалғандаймыз. Өзіміз әңгімелеп отырған үшінші тоқсанда олардың саны 24,0 мың адам болды. Яғни,  жұмыссыздық деңгейі – 7,8 пайыз. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайыз өсіп кеткен. Әрине, өкінішті. Бірақ кемітілетініне дәме бар. Өйткені қолға алынып жатқан ұйымдастыру шараларының пәрменділігінен үміт мол.

Бір қызығы, ер адамдар  арасындағы  жұмыссыздық деңгейі  экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа  шаққанда әйелдерге қарағанда едәуір төмен болып шықты. Көрсеткіш  тиісінше 1,9 және 13,8 пайыз. Әйткенмен, жұмыссыздардың жалпы санында әйелдердің үлес салмағы 87,8 пайыз құрап, әлі де болса олардың пайдалы еңбекпен қамтылуы көңілдегідей емес. Міне, осы осал тұсқа тиісті органдар назар аударғаны жөн.

Жұмыссыз халықтың жас шамасын анықтап, біліп отырудың да пайдасы зор. Енді соған тоқталайық. Жұмыссыздар құрылымындағы негізгі үлес 25-54 жастағы тұлғаларға тиесілі екен. Былайша айтқанда олар 80,2 пайыз құрайды. 55 жастан асқандардың үлесі 3,6 пайыз болса, ал 16,2 пайыз деңгей 16-24 жас аралығын қамтиды. Осы деректерден не аңғаруға болар еді? Біріншіден, әлі де болса жастардың түпкілікті жұмыспен қамтылуы онша еместігі. Екіншіден, зейнеткерлік жасқа тақап қалғандардың біразының бос жүруінен жас кездегі бейнет пен есейген шақтағы зейнеттің арақатынасын көрер көзге алшақтатып жіберетін кереғарлық байқалады.

Ал енді жұмыссыздықтың белең алуына қалай жол берілуде? Оның да өзіндік себептері бар. Сөз  болып отырған үшінші тоқсанда штат қысқаруына, кәсіпорындардың тарауына немесе келісім-шарт уақытының аяқталуына  байланысты 8,7 пайыз жұмыссыздық  орын алған. Ал өз кезегінде оқу бітіргеннен соң  жұмыс іздеушілердің үлесі 2,7 пайызға жетіп, жалпы саны 0,6 мың адам болған. Астана қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің деректері бойынша жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жыл басынан бері 7589 адам жұмыс сұрап келген. Яғни, бұрнағы жылдың салыстырмалы кезеңімен деңгейлес екені көрініп тұр.

2006 жылдың он айында 3605 адам жұмысқа орналасыпты.  Бұл жұмыс сұрап келгендердің 47,5 пайызы. Салыстырмалы кезеңге  қарағанда жұмысқа орналасқандардың саны 19,3 пайыз көбейгені көңілге медет. Осы ретте халықтың мақсатты тобына жататын 499 адамның жұмысқа тұрғанын мәлімдеудің өзі бір ғанибет. Мұны жіктеп көрсек 21 жасқа дейінгілер – 397 адам, жалғызбасты және көп балалы ата-аналар – 23 адам, кембағал жандар – 49, зейнеткерлік жасына дейінгілер – 13, т.б. Тағы бір қол жеткен табыс ол, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықты қолдау мақсатында жұмыс берушілермен 7 келісім-шарт жасалуында дер едік. Соның нәтижесінде мақсатты топқа жататын 63 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Олардың бүгінгі аяқалысы ойдағыдай.

Сонымен бірге 2006 жылдың 1 қарашасына қаланың 291 кәсіпорындары  мен ұйымдарынан  2845 бос орынға жұмыскерлерге қажеттілік өтінімдері түскені, әрине, біраз мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік туғызары анық. Сондай-ақ жыл басынан бері 997 жұмыссыздың кәсіптік оқуға жіберіліп, 839-ының сәтті тәмамдағанының өзі ілгері басушылықтың нышаны іспетті. Келесі бір резерв көзі қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады. Осындай 98 жұмыс берушімен шарт жасалып, нәтижесінде 1747 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысуда.

Осылайша Астананың  еңбек рыногындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелері біртіндеп өзінің шешімін тауып жатыр. Алда атқарылатын істер көп. Қалалық әкімдіктің барлық күш-жігері соған жұмылдырылған. Нәтижесі де бар. Дегенмен тоқмейілсуге бола ма? 
 
 
 

Қазақстанда 2009 жылғы  сәуірде жұмыссыздық деңгейі 7,2% құрады, деп хабарадйды "Қазақстан Бүгін". Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында айтылған.

"2009 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны 611 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі - 7,2%, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 86,9 мың адам ресми тіркелген (экономикалық белсенді халықтың 1%)", - делінген хабарламада.  

Қаржы дағдарысынан көптеген жұмыс орындарының жабылуынан Қазақстанда жұмыссыздық мәселесі ушыға бастады. Осыған орай Үкіметтің тапсырмасымен еңбек нарығындағы жаппай жұмыстан босату жағдайының алдын - алу мен жұмыссыздықпен күресу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.

Информация о работе Жұмыссыздық курсовая