Жұмыссыздық курсовая

Автор: n*********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуіне едәуір әсер етті. Бірқтар елдерде экономикалық рецессия байқалып отыр.
Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал етті. Алдын ала бағалау бойынша 2008 жылы экономикалық өсу – 3,1 %-ды, жұмыссыздық деңгейі шамамен – 7 % - ды , инфляция жылдың соңында – 9,5 %-ды құрады.
2009 – 2010 жылдары әлемдік нарықтардағы жағдай күрделене түсуі мүмкін және оның салдары отандық экономикаға қолайсыз сипатта болады. Әлемдік тауар нарықтарында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдарына төмен бағаның сақталуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.doc

— 159.50 Кб (Скачать)

Мамандар өндіріс  дағдарысының артынан еңбек нарығының  дағдарысы басталды деп дабыл  қағуда. Ал қарапайым жұмысшылар болса, жалақының уақтысында төленбейтініне наразы.  
 
- Мен түрік компаниясының жұмысшысымын. Осында жұмыс істегеніме біраз жыл болды. Жалақым аз. Ал қазір мүлде төмендеп кетті. 3-4 ай болды, жалақысыз жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген адам қиналып жүр. Екі қол аман болса, адам қандай жұмыс болса да істейді ғой. Бірақ сол істейтін жұмыс табылмай отыр,-дейді жұмысшы Бәйдібек Асанұлы.  
 
Дегенмен ресми билік орындары елде жұмыссыздық деңгейінің артқанымен келіспейді. Ал Үкіметтің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы республика көлеміндегі  ірі кәсіпорындарда өндіріс деңгейінің төмендеуі салдарынан пайда болуы мүмкін жұмыссыздықтың алдын алады дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Арсений Дүйсенов: 
 
- Жұмыс тобының басты мақсаты – Еңбек министрлігінің жасаған мониторингі арқылы жұмыстан босауы мүмкін азаматтар ертең далада қаңғырып қалмасы үшін дер кезінде шара қолдану. Мониторинг дегенде, біз қазір әр мекеменің бүгінгі өндірістік жағдайын бақылап отырмыз. Қандай деңгейде? Жұмыс қарқыны қандай дәрежеде? Соның салдарынан қанша адам босап қалуы мүмкін деген сауалдарға жауап іздеудеміз. 
 
Министрлік өкілінің айтуынша, жұмыс тобы жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қысқаруға ұшыраған азаматқа басқа жұмыс тауып беруге көмектеседі, сондай ақ, өз кезегінде азаматтарды қайта даярлау курстары арқылы керек кәсіптерге де баулитын көрінеді. Ол үшін білім ордаларында арнайы даярлау бөлімдері жасақталуда дейді сұхбаттасымыз.  
Сонымен қатар жұмыс таба алмай жүрген азаматтарға заңға сәйкес мемлекет тарапынан арнайы жеңілдіктер де қарастыру - жұмыс тобының міндетіне кіреді дейді Арсений Дүйсенов: 
 
- Мысалы, осы жұмыс тобы жұмыссыз қалған азаматқа мемлекеттен төленетін жәрдемақысын тез арада қолына алуын ұйымдастырады. Көпбалалы отбасы болса, соған әлеуметтік тиісті мемлекеттен төленетін көмектерін тез төлету т.б 
 
Мемлекет тарапынан жұмыссыздықпен күресу мақсатында құрылған жұмыс тобының жоспарымен танысқан мамандар оған күмәнмен қарап отыр. Кәсіпкер Мұрат Төлендиев болса, оның «екі қолға бір күрек» таба алмай жүрген жұмыссыздарға пайдасы бола қоятынына сенбейді. 
 
- Ол енді үлкен зауыт-фабрикаларға қатысты айтылып жатыр ғой деймін. Оларда қазір қысқарту жүріп жатыр. Оларды басқа мамандыққа даярлау мүмкін шығар. Ал бірақ кішігірім мекемелерде ондай мүмкіндік жоқ қой. Онан басқа да көшеде жүрген жұмыссыздар қаншама? Олардың бәрі арнайы мекемелерде жұмыс істеп жүрген жоқ қой?! Қазір ақша жоқ, демек қысқарады. 
 
Кәсіпкер дағдарыстың өзінің шағын бизнесін айналып өтпегенін айтады. Мұндайда өз күндерін әрең көріп отырған жұмысшыларыңды амалсыз қысқартуға тура келеді дейді ол. 
 
Бұрындары 6 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғам. Енді олардың 4-ін қысқартуға тура келді. Оларға 30-40 мың теңге көлемінде жалақы төлеп отырмын. Былтыр жағдайымыз тәуір еді, биыл халықта ақша жоқ. болғандықтан тауарымыз өтпейді.  
 
Шаруасын жалғастырып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер банктен «тіпті жоғары пайызбен несие алуға да даярмыз» дейді. Мұндайда бизнестік жауапкершілік туралы әңгіме қозғаудың өзі де артық дейді олар.  
 
Ал жаңадан құрылған жұмыс тобына келер болсақ, бюджеттен оған арнайы қаржы қарастырылмапты. Себебі, оған керек барлық тетіктер қолымызда бар деп жауап береді арнайы министрлік. Жұмыс тобының құрамына: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері сондай ақ, өзге де мемлекеттік органдар тартылады деп отыр. 
 
Қазіргі таңда республикада жұмыссыздар саны жөнінде нақты ақпарат жоқ. ҚР-сының Статистика агенттігінің 2008 жылдың қараша айындағы мәліметіне сәйкес, елдегі жұмыссыздар саны 558.9 мыңға жетіп отыр. Агенттіктің дерегі бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға аз.
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық     

 
 
16.03.2009    

     ХЕҰ стандарттарына сәйкес, жұмысы жоқ, оны  іздеумен айналысқан және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар жұмыссыздар ретінде жіктеледі. Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу материалдары бойынша 2008ж. IV тоқсанда жұмыссыз халықтың саны 559,3 мың адамды құрады немесе өткен тоқсанға қарағанда 18,7 мың адамға (3,5%-ға) көп. Жұмыссыздық деңгейі 6,6% (2008ж. III тоқсанда – 6,4%) құрады. ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 2008ж. желтоқсанның соңына жұмыссыздар ретінде 48,4 мың адам тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ы).

     2009 жылғы ақпанда, бағалау бойынша,  жұмыссыздар саны 598,5 мың адамды,   жұмыссыздық деңгейі  7,1%-ды құрады, ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 66,5 мың адам ресми тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8%-ы).  

Еңбек рыногының негізгі  индикаторлары (бағалау)  

  

      Сонымен бірге, өндірістердің  қысқартылуы, еңбек  рыногында қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы жүріп жатқандықтан жасырын жұмыссыздықты  қадағалау қажет. 2009 жылғы ақпандағы бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,9%-ын құрады.

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан  толық емес жұмыспен қамтылу) – қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген  әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі – толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі     

"Жол  картасы" бойынша  орташа жалақы 27,9 мың теңгені құрайды  - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

"Жол картасы"  бойынша орташа жалақы 27,9 мың  теңгені құрайды. Бұл туралы  еліміздің еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара  Әбдіхалықова бүгін үкіметте  өткен селекторлық жиын барысында  мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жалпы алғанда  елімізде "Жол картасы" бойынша  орташа жалақы 27,9 мың теңгені  құрайды, соның ішінде тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылықта - 28 мың теңге, жолдар бойынша - 31 мың теңге, мектептер мен ауруханаларды жылылау бойыша - 29,7 мың теңге және ауылдар мен кенттерде - 19,7 мың теңге", - деді министр. Осы орайда оның айтуынша, "өңірлер бойынша алғанда ең жоғары жалақы Алматыда - 45 мың теңге, және Астанада - 38,4 мың теңге".

Министр бұған қоса мамандарды қайта дайындау бойынша  қаржының игерілуі туралы хабарлады.

""Жол картасы"  аясында мамандарды қайта дайындау  бойынша, әкімдіктердің мәліметіне  сәйкес, 14 тамыздағы жағдаймен оқуға 52 мың адам жіберілді, соның ішінде 10 мыңдай адам оқуын аяқтады, соның ішінде 7 мың адам, немесе 70% жуығы жұмысқа орналастырылды", - деді Гүлшара Әбдіхалықова.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, "бұл бағытқа бөлінген 11,5 млрд теңге 105 мың адамды қайта дайындауға есептелген, яғни, бүгінгі жағдаймен оқуға жоспарланған көлемнің жартысы ғана жіберілді".

Гүлшара Әбдіхалықова еске салып өткендей, бүгінгі жағдаймен ""Жол картасы" аясына 5080 жоба қамтылған, соның ішінде 942 жоба, немесе 19% аяқталды". Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 14 тамыздағы жағдаймен жөндеу жұмыстарына деп жоспарланған 168,5 млрд теңгеден жергілікті атқарушы органдар 94,3 млрд теңгені, немесе жалпы көлемнің 60% жуығын игерді.

" "Жол картасы" бойынша жоспарланған 256 мың жұмыс орнынан іс жүзінде 254 мыңы, немесе 99% құрылды. Құрылған жұмыс орындарына 224 мың адам, немесе жоспардың 88%-ы орналасты", - деді министр.  

«Жол картасы» шеңберінде 278,5 мың жұмыс орнын  ашу көзделуде

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. BNews.kz«Жол картасы» инвестициялық бағыты бойынша 278,5 мың жұмыс орнын жасақтау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет мәжілісінде Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол картасы» инвестициялық бағытында, атап айтқанда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауруханалар мен мектептерді жылыту, жолдарды қалпына келтіру бойынша 278,5 мың жұмыс орнын ашу көзделуде, деді Е.Орынбаев.

Премьер-министрдің орынбасарының айтунша, бұған 170 млрд. теңге көлемінде қаражат қажет етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «жол картасы» аймақтық жұмыспен қамту стратегиясы мен кадрларды қайта даярлау, агроөндіріс кешенін дамытуды жеделдетуге, екінші бағыттағы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын орындауға, сондай-ақ, индустриальдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға негізделген. Ол Қазақстан Респубикасының Презеденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Жолдауында  Үкіметке берілген тапсырмаларды орындау міндетінен туындап отыр, деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Барша халықтың көңілінен шығып отырған «Жол картасы» жалғасын табады.

Бүгін Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев  республикалық телеарналар бойынша өтіп жатқан тікелей  желіде ел азаматтарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беру барысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Елбасының атына  жолданған алғашқы сауал елімізде жүзеге асып жатқан «Жол картасына» қатысты болды. Жұртшылық осы бағдарлама аясында мемлекеттік қолдауды сезінгендерін, дағдарыс кезеңінде осы шараның маңызды роль атқарғанын атап өткен. Сонымен бірге, республиканың түрлі өңірлерінен осы «Жол картасы» ары қарай жалғасын таба ма, деген сауалдар жолданған.

«Менің Үкіметке жүктеген тапсырмам бойынша жүзеге асып жатқан «Жол картасына» Ұлттық қордан бөлінген 1,5 млрд. доллар жұмсалды. Бұл  ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндірістің қысқаруына қарсы жауап  болды. Сіздер білесіздер, дағдарыс салдарынан біз экспорттың 50 пайызын жоғалттық. Бұл - Соколов-Сарыбай комбинаты, біздің хромды кәсіпорындарымыз, Өскемен, Павлодар, Теміртау кәсіпорындарының өнімі болып отыр. Осының өзі жұмыс орындарының қысқаруына қауіп болды. Бірақ, біз инвесторлармен еңбеккерлерді жұмыстан босатпау туралы келісімшарттар жасастық. Бұл өте маңызды шара болды. Адам жұмыссыз қалмауы керек. Мен оны білемін. Сондықтан да біз бұған жол берген жоқпыз, соған қарсы «Жол картасын» жүзеге асырдық», деді Елбасы.

Сонымен бірге, Н. Назарбаев «Жол картасы» аясында 140 млрд. теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалғанын, бұған қоса жергілікті бюджеттен қаражат қосылып, ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Бұның нәтижесінде 320 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.  Бұл - Қазақстан үшін ауқымды шара. «Осы бағдарлама арқасында 93 мың қазақстандық тегін, мемлекет есебінен  екінші мамандық алды. Бұл бағдарламаның нәтижесінде 2 мың 900 шақырым жолдар жөнделді. Бұл жай ғана жолдар емес, ауылдағы, аудандар арасындағы, ауылдар арасындағы жолдар. Бұндай ауқымды шара бұрын-соңды болған емес. 2 мың 300  аурухана мен мектептер жөндеуден өтті. Халық бұндай игі шараларға ризашылығын білдіріп жатыр. Сондықтан, біз бұл бағдарламаны тоқтатпаймыз. Келесі жылғы бюджеттен 100 млрд. теңге осы бағдарламаны жалғастыруға бағытталады. Жергілікті органдар бұған қоса 50 млрд. теңге бөледі. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз», деген Елбасы, ендігі күні бұл бағдарламаның негізгі басымдығын да аздап өзгерту қажеттігін атап өтті.

«Жол картасы» аясындағы қаражаттар тұрақты жұмыс  орындары үшін жұмсалуы тиіс. Яғни, ауылдарда, аудан орталықтарында шағын, кішігірім өндірістер ашылуы тиіс. Бұл мәңгіге қалады. Әрине, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік нысандар бойынша бастаған іс жалғасады. Бірақ, негізгі басымдық өндірістерді ашуға жұмсалады. Сондықтан, баршамыздың көңілімізден шыққан «Жол картасы» жалғасын табады», деді Н. Назарбаев.      

Біз жұмыссыз қалғандарды жұмыспен қамту және жұмыссыздық санының көтерілуін болдырмас үшін белсенді жұмыс істеудеміз

Экономиканың  Дүниежүзілік дағдарысы әлеуметтік-еңбек қатынасы саласында айтарлықтай өзгеріс тудырды. Бұл еңбек нарығындағы жағдайға тікелей әсер етеді. Біздің облысымызда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген жұмыссыздар саны 2009 жылғы 1 ақпанда 8796 адамды, ал 2009 жылғы 1 маусымда бұл сан өсіп 8972 адамды құрады. Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 6,2%, жалпыреспубликалық 6,4% құрады. 2009 жылғы маусым айының аяғында жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар органдарының көмегімен 20038 адам жұмыспен қамтылған. 15918 жұмыс орындары құрылды.

Қазіргі таңда  облыста еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін көптеген істер атқарылуда: 2009 жылғы мәліметтерді болжау және қауіпсіздік деңгейін анықтайтын «Жол картасы» әзірленген, қауіпсіздік тобына түсуі мүмкін категориялардың (жұмыссыздар, өндірістің қысқартылуына байланысты жұмыстан босаған жұмысшылар, жұмысқа орналасуды қажет ететін мектеп және техникалық колледж түлектері, жұмысқа қабілетті жастағы жұмыссыз оралмандар, барлығы 1375 адам) деректер қоры құрылды, бос орындар жәрмеңкесі, «Әлеуметтік жұмыс орындар» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары өткізіледі.

Сондай-ақ, «Жол картасы» аясында кадрларды дайындау және қайта дайындау мобильді орталықтар құрылған.

Бұл ауыспалы кезеңде мамандығы жоқ (жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған санының 83%) адамдар келесі жұмыс мамандықтары бойынша білім алу мүмкіндіктері бар: газбен пісіруші, тракторшы, хатшы-референт, жүргізуші, аспазшы, төбе жабушы, кафельші, сылақшы-майлаушылар. Ал бұл үлкен іс. Бүгінгі күні кәсіби оқыту, қайта оқытудан және біліктілікті жоғарлатудан 2113 жұмыссыз өтті. Бұл көрсеткіш 100,06% орындалды.

Информация о работе Жұмыссыздық курсовая