Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық – экономикалық деңгейімен, өндірістің шығындар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және саластырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
1.1 Бәсекенің теориялық мәні
1.2 Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Бәсекенің түрлері және әдістері
2 Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Жетілген бәсекеде нарықтық механизм
2.2 Жетілмеген бәсекеде нарықтық құрылымының негізгі механизмі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Нарықтық бәсеке арайлым.docx

— 219.19 Кб (Скачать)
 

    Монополияны талдауда «монополия» ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан («моно» - біреу, «полео» - сатамын) шығару дұрыс емес. Нақты өмірде нарықта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.  

      
 
 

      

    Сурет 5. Сұраныстың  икемді емес қисығы  

    5 суретте D сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да  (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Бірақ, бұл тауар не тауар: қатерлі ісік ауруына дәрі ме? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі (мысалы P3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны өсіріп) қозғала алмайды.

    Сондықтан «Таза» монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономисттердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, ″жетілмеген бәсеке″ (П.Самуэльсон), ″баға іздеуші″   (П.Хейне).

    Нарық монополиялаудың негізгі себептеріне  байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:

    1. Жабық монополия. Ол бәсекелістіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
    2. Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
    3. Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір болып және оның бәсекелістектен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Монополисттің өнім шығарушы ретінде бәсекелес  фирма сияқты өндіріс мақсаты  – пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополисттің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бәр ғана белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополисттің отраша түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:

    P = P ( Q ).

Монополист өндірушінің  пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:

π = TR – TC = p( Q )x – TC ( Q ).

Нарықта монополиялаудың  екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:

    1. бір фирманың қолында нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы.
    2. ірі фирмалардың бәсекелестіктерімен байланысы.

    Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылардың көзқарасаымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланды. Соның бірі – Херфиндаль-Хиршман индексі (Ihh)

    Ihh = ( x1 )2 + ( x2 ) +…+ ( xn )2

Мұнда, xi - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.

Көптеген елдерде  жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді пайдаланады. Мысалы, «жоғары деңгейдегі баға» белгілеу, салықтар және т.б.

Бағаны  реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі баға қою арқылы реттеуді көрелік . Бұл баға монополистің MR = MC тепе – теңдік бағасынан төмен болу керек. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни монополистің іс - әрекетіне теріс әсерін тигізеді.

Олигополия  нарығы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

    1. бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір – бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
    2. жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
    3. олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс - әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

    Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылданғанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

    Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс - әрекетін көрсететін бірнеше модельдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестіктерінің іс - әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    Қорытынды 

    Елімізде  экономиканың қарқынды дамуы үшін отандық  тауар өндірушілердің шығаратын  өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі алдыңғы қатарда.

    Жоғарыда  айтылғандарды қорыта келе, біз бәсекеге анықтамамызды ұсынамыз: өнімнің  бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тұтынушыларды тартымдылығымен  қызықтыратын және өндірушілерді жоғары коммерциялық жетістікке жеткізуді  қамтамасыз ететін тұтынушылық, бағалық  және жаңашылдық сипаттамалар кешені. Оған сапа және тұтынушы құны, баға және жаңашылдық факторлары әсер етеді. Әрине, бәсеелестіктің экономикаға, оның тиімділігіне оң ықпал етеді, өйткені бәсекелестік кәсіпорындарға ғылыми – техникалық жетістіктерді толығымен қолдануына, яғни тиімді техниканы, технологияны, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдерін кеңінен пайдалануға тікелей әсерін тигізеді.

    Нарықта бәсекелестіктің болуы алғы шарт. Бірақ ол да есептен тыс аспау  керек. Бәсекелестік болмаған жағдайда баға саясаты бұзылып, бұл саясатты тек сол өндіріс иесі жүргізеді.

    Нарықтағы баға саясатына тоқталатын болсақ, ол тұрақсыз болып келеді. Ол баға міндетті түрде өзіне кеткен шығын сомасынан  жоғары болады. Тек осы жағдайда ғана пайда, табыс тауып нарықта  тіршілік ету мүмкіншілігі жоғары. Нарықтық экономикада сатушы мен тұтынушы белгілі бір бәсекеге түсіп нарық бағаларын қалыптастырады. Баға қалыптастыруды өндірушілердің арасындағы бәсекенің де маңызы зор. Белгілі бір тауар, оның түріне деген бәсекелік өссе ол тауардың құны төмендейдін ол өткізу мақсатына тәуелді.  

    Бәсеке  болғанда өндірушілер өнімнің табиғатын  өзгертіп құбылтып, жетілдіріп отырады. Бұл да нарық экономикада табыс  табудың алғы шарты. Нарыққа шыққан әр адам, әр кәсіпкер табыс табуды, пайда  табуды көздейді. Сондықтан да пайда  табу көздерін іздеп, оларды жеңілдетеді. Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайтын. Қысқаша айтқанда,  негізгі тұтынушы бағаны төмендету арқылы емес, басқа факторлар есебінен, тауардардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету арқылы тартуға негізделген.

    Классикалық экономикалық әдебиеттерде көрінбейтін қол деген ұғым бар. Ол бәсекелестіктегі жоғары нарықтық жүйеде жұмыс істейтін өндіруші кәсіпорындар мен ресурспен қамтамасыз етушілер өз пайдасын жоғарлатуға талпына отырып , мемлекеттің, қоғамның мүдделерін қамтамасыз етуге өз үлесін тигізеді деген мағынаны білдіреді. Ал бәсекелестік ортада кәсіпорындар берілген өнімінің көлемін өндіру үшін керекті ресурстарды пайдаланудың барынша өнемді тәсілін қолдануға талпынады. Сонымен қатар, бұл тәсілдегі ресурстарды  пайдалану қоғамның мүддесіне де қажетті. Қорытындылай айтқанда, егер кәсіпорын өзінің пайдасын барынша көбейтсе, қоғамдық өнім де соншама көбейеді.

Қорыта келе, бәсекеге түсу қабілеті дегеніміз қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын  өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, тиімді бәсекелестікке жағдай жасауға келесі шарттар ұсынылады: өндеуші өнеркәсіптің өнімі әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс; шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұлттық ғылыми техникалық әлеуетті жандандыруға; озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету; шектен шыққан  бәсекелестікті болдырмау; жаңа өнім жасау және таратумен айналысатын отандық кәсіпорындарға әртүрлі қаржылық қолдау көрсету; қажетті мамандарды даярлау және қайта даярлау болып табылады.

Ал тиімді ұлттық инновациялық жүйе бәсекеге қабілетті  ұлттық экономиканың негізгі құралы бола алады.

                                                Әдебиеттер тізімі 

  1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы «Бәсекеге  қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген  Жолдауы
  2. Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратиегиясы
  3. Арыстанбаева С. Национальная конкуретноспособность государство: инновационные аспекты структурной политики // Саясат. – 2004. - № 12
  4. Әбдікерімова Г.И. Кәсіопорын экономикасы. – Алматы.: «Экономика» баспасы, 2008. – 367 б.
  5. Байжақсынова Г.К. Бәсекелістік артықшылықтарға қол жеткізу жолдары // Саясат. – 2009. №4. 18-20б.
  6. Казахско – русский словарь: около 50000 слов / Под ред. чл.-корр. НАН РК Р.Г.Сыздыковой, проф. К.Ш. Хусаина. - Алматы: Дайк-Пресс. 2008. – 962 б.
  7. Курс экономической теории. Учебник под редакцией проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е.А. – Киров: Издательсто «АСА». 1997. – 612 б.
  8. Мамыроа Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика /Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 420 б.
  9. Наренова А.Н. О конкуретоспособности национальной экономики // Вестник КазНУ. Серия экономическая – 2004. №5 25-29 б.
  10. Портер М. Конкуренция. – М.: Изд. дом «Вильямс», 2006. – 495б.
  11. Сақтаева А.А. Бәсекеге қабәлеттілікті жоғарылатудың негізгі тәсілдері мен механизмдеру // Саясат. – 2009. №4. 42-44б
  12. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқұ құралы. – Алматы: «Экономика», 2008. – 276 б.
  13. Ше денов Ө.Қ., Жүнісов Б.А. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. – Алматы - Ақтөбе: 2002. – 365 б.

Информация о работе Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі