Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық – экономикалық деңгейімен, өндірістің шығындар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және саластырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
1.1 Бәсекенің теориялық мәні
1.2 Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Бәсекенің түрлері және әдістері
2 Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Жетілген бәсекеде нарықтық механизм
2.2 Жетілмеген бәсекеде нарықтық құрылымының негізгі механизмі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Нарықтық бәсеке арайлым.docx

— 219.19 Кб (Скачать)
 
 
 
 

    1.2. Бәсеке және оның  нарықтық экономикадағы  рөлі 

    Президент Н.Назарбаев 2004 жылы «Бәсекеге қабілетті  қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауында: «Біздің келешегі бар барлық қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді айқындап алуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.

    Қазақстанның  мақсаты мен болашағы, әлемнің  бәсекеге барынша қабілетті елу  елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне  тікелей байланысты. [1; 49 ].

   Бизнес  жүйесіндегі нарықтық бәсекеде кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық мәнін тереннен түсінуге «Қазақстан Республикасының шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы » туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.

   2003 жылы Қазақстан Республикасы индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы қабалданды. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикі заттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. [2; 105-109].

   Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық – инновациялық саясатының басты нысаны болып табылады. 

     Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетіге бағытталған кешенін білдіреді.

   Бәсекелстік – экономиканың тиімді дамуымен жұмыс  істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдаумен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясатының негізгі  міндеті – экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал еті тиіс.

   Бәсекелестік  саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу практикасның шектен тыс шоғырлануы мен өсуі проблемаларын шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары:

    1. монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, шарттарға кем қою шарттарын енгізу, басқа кәсіпорындардың тауар  және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, нарық субъектілері және олардың бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату нарық субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу жөніндегі монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектілерініне асыра сілтеуіне жол бермеу;
    2. бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге, нарықты аумақтық принципі бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің нарыққа қол жеткізуін шектеуге  немесе нарықтағы бәсекелестік субъектілер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тимы салу;
    3. мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір тобына тауар мен қызмет көрсетудің бірінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субъектілеріне нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу.

   Өз  уақытысында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі 3 факторы – табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болады.  Өндіріс пен техникалық прогресстің дамуы мен байланысты бәсекеге қабілеттілікті бірінші кезекте, жоғары деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай басталды. Сонымен қатар, өнімге деген бір сұраныс және қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, фирманың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке қажет. [2; 61-62 ].

   Саланың бәсекеге қабілттілігі – нақты тұтынушылар  тобының талаптарын қанағаттандыру үшін жоғары сапалы өнімді өндіру мен  өткізуді  қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық  және ұйымдаструшылық  жағдайдың болуымен сипатталады. Оған еңбек өнімділігі, шекті еңбек  ақы, капитал сыйымдылығы, ғылым сыйымдылығы және өнімнің техникалық деңгейі, өнімді өндіру мен ұдайы өндірісін өз бетімен игеруде білім мен ғылыми ұстанымдар жиынтығы, ғылыми және жобалық – құрастырушылық даярлықтарын жүзеге асыру үшін технологиялық ұстанымдардың көлемі, экспорттық бағдар дәрежесі және саланың импортқа тәуелділігі, өнім бағасының серпіні саланың экспансиясы (оның өнімін шаруашылықтың басқа салаларында пайдалну дәрежесі) сияқты факторлар әсер етеді. Салада бәсекеге қабілеттіліктің болуы ол бір елге айтарлықтай артықшылықтар беретін және белгілі бір салада бәсекелік артықшылығының көзі болып саналатын компанияның сол немесе басқа фирмалардың басқару тәжірибесі мен ұйымдастыру моделі аумағындағы едәуір  жетістіктерін біріктірудегі нәтижесі.

   Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі – бұл  салыстырмалы сипаттама, ол белгілі  бір фирманың дамуының бәсекелес  фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын  көрсетеді.

   Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі мына бірқатар факторларға байланысты:

  • кәсіпорын тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірілетін тауарлардың түрі;
  • нарық сыйымдылығы (жыл сайын сату мөлшері);
  • нарыққа кірудің жеңілдігі;
  • нарықтың біртектілігі;
  • осы нарықта істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік позиялары;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
  • өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

    М.Портердің  пікірінше «бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тек ресурстарды  пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмңр сүрі деңгейінің өсімі  ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты. Адам ресурсатырын  пайдаланудағы өнімділік олардың  жалақысымен анықталады, ал капиталды  пайдаланудағы өнімділікті анықтайтын табыс». [10; 22-23]. 

    1.3. Бәсекенің түрлері  және әдістері. 

    Бәсекеге  қабілеттілік – бұл нысанның белгілі  бір нарыққа ұсынылған ұқсас  нысандармен салыстырғанда нақты  қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын  қасиет. Бәсекеге қабілеттілік осы  нарықтағы ұқсас объектілермен  салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттікке мынандай анықтама береді: өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестіктерінің тауардарымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі. Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:

    • таза бәсеке;
    • монополиялық бәсеке;
    • олигополиялық бәсеке ;
    • таза монополия.

    Нарықтық  қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізігі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталацық. [11; 42-44 ].

1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне қүсас (бір-бірін ауыстыра алатын) тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушыларды құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оныыы тастап кетуде сондай оңай. Мысалы, АҚШ-тағы ауылшаруашылығы өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған дәлел бола алады.

2. Монополистік (грекше ″монос″-жалғыз, ″палео″-сатамын) бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар бір-бірімен салалық қасиеттері сыртқы безендірілуі (сауда белгілері, сауда маркілері т.б.), сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы (ассортименті) бойынша ерекшеленеді. Сатып алушылар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ-киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын тұрады.

3. Олигополиялық (грекше ″олигос″-кқп емес, ″полео″-сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен меркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі – оның қатысушыларының бағаны өсірудің қзақ мерзімді тиімді нәтижесінде қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны төмендетіге мәжбүр етеді. Ологополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы, болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер, тұрмыстық приборлар жөні т.б.)

4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің дара үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын мейлінше шиелістіреді. Көп жағдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашаршылауы, сөйтіп тікелей зат айырбасының (натуральды айырбас, бартер) өріс алуына өкеліп соқтырады.

   Монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялыққұрылымын  жою (өте тығыз шоғырландырылған өндірісті бөлу, бәсекелі жаңа өндіріс  салаларын жасау, кәсіпкерлікке  кең жол ашу т.б.); заң жүзінде  монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін  жайт -  монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналмауы  керек. Себебі, дамыған нарық қатынастрады жоқ кезде монополизмге қарсы күрес өкімшілдік - өміршілдік жүйенің сақталуына және күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай нарықты экономиканы дамыту мүмкін емес.

Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі (маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.

    Бәсекені  оның тәсіліне қарай былай білеміз: бағалылық және бағалылық емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып. Тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2. Жетілген және жетілмеген бәсеке нарғының жұмыс істеу механизі

    2.1. Жетілген бәсекеде  нарықтық механизмі 

      Қазіргі экономикалық теорияда бәсекелестіктің ауқымына байланысты оның екі түрін ажырата: жегілген бәсеке және жетілмеген бәсеке.

      Жетілген  бәсеке нарығы – кез келген ұқсас  тауарларды сатушылар мен сатып  алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын – бидай, көкөніс, жеміс – жидек және т.б.   

Информация о работе Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі