Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық – экономикалық деңгейімен, өндірістің шығындар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және саластырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
1.1 Бәсекенің теориялық мәні
1.2 Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Бәсекенің түрлері және әдістері
2 Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Жетілген бәсекеде нарықтық механизм
2.2 Жетілмеген бәсекеде нарықтық құрылымының негізгі механизмі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Нарықтық бәсеке арайлым.docx

— 219.19 Кб (Скачать)

      Жетілген  бәсекелес нарығы дегеніміз –  төмендегідей шаттар орындалатын нарық:

    1. нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз стаушылар саны өте кқп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары;
    2. әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
    3. баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
    4. жаңа фирмаладрдың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.

      Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген  баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.

                                  

                                

                                                                         Q

Сурет 1. Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы 

Ескерту. Аталған қисықты нарықтық сұраныс  қисығымен шатастыруға болмайды.

    Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі  тұрақты РO бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR=PO. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім ( MR ) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген РO бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.  

      Жетілген  бәсекенің негізгі  шарттары: 1) кәсіпорын-сатушылардың өте көп болуы; 2) стандарттанған өнімдер. 3) сатушы бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, себебі әрбір фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді. Бәсекелі фирма нарықтық бағаны коя алмайды, бірақ оған икемделе алады. Сатушы мұнда - баға алушы болып шығады; 4) салаға еркін кіріп және одан еркін шығу; 5) ақпаратты еркін түрде алуға болады.

   Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен рыноктағы тауар ұсынымы  мен бағаны белгілеу жайлы өзара  қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәскекні – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Рынок жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

   Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі  нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін  механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің  классикалық түрі нарықтық экономикасы  бар елдерде XVIII – ші ғасырда XIX –  шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін  байқалады. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған  елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

   Экономикалық  әдебиеттерде нарықтық механизмнің  мынадай анықтамасы жиі кездеседі: ″Нарықтық механизм – шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Онда жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасайды және экономиканың негізгі ұш мәселесін шешуді мақсат етеді:  нені өндіру керек ? қалай өндіру керек ? кімдер үшін  өндіру керек ?

   Біздің  пайымдауымызша, бұл анықтаманы былай  айтуға да болады: нарықтық механизм –  сатушы мен сатып алушының өзара  іс - әрекетінің бәсекелестік механизмәі іжәне сұраным мен ұсынымның  негізінде төмендегіндей үш мәселені шешеді:  не өндіру керек ? қалай өндіру керек ? Бұл жерде басты мақсат – пайда болып табылады.

    Нарықтық  экономиканың жүмыс істеуінің негізгі  құрылымдарына бәсекемен катар, баға, сұраныс пен ұсыныс кіреді.

    Әр  түрлі бәсеке жағдайында рынокта  сұраныс пен ұсыныс өзара арақатынаста болады, соның нәтижесінде тепе-тендік жағдай қалыптасады және тепе-теңцік баға орнатылады. Бұл жағдай үнемі  бұзылып оты-ратындықтан, жеке рынок  тағы да тепе-тендікке ұмтыла-ды. Нарықтык механизм осылай жұмыс істеп, рынок автоматты түрде реттеліп отырады.

    Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілеттілігі бар тқтыныс. Құндық тұрғыдан сұраныс осы тауарлардың сомасын құрайды. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынас болып, ол график немесе сұраным сызығы (қисығы) деп аталады.

     Төлемге қабілетті сүраныс  - бүл адамдардың өз табыстарына (сатып алу кабілеттігімен) сүйенген, олардың әр түрлі тауарларға деген қажеттіліктерінің көрінісі. .  Негізінен сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді,  оның ішінде ең маңыздысы – баға болып табылады. Жалпы баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар. Яғни, бағаның көтерілуі сұраныстың азаюына әкеп соғады және  керісінше. Баға мен сұраныс шамасының арттықтылығ кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.

                                             

P - баға 

Q – тауарлар  мөлшері                                          

                

p      D1    D        D2

0 Q

Сурет 2. Сұраныс қисығы 

     Тұтынушылар  әрбір баға бойынша  осы тауардың көбін сатып алғысы келсе, онда d -ден   d2 –ге  ауысады, ал тауарды аз қалау – сұранысты азайтады және сұраныс қисығын солға d-ден    d3 –ке қозғалтады. Сонымен қатар сұраныс  қисығының қозғалысы мен сұраныстың өзгеруі бағаның  факторының әсерінен де болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

     - тұтынушылар таңдауы;

     - сатып алушылар саны;

     - сатып алушылар табысы;

     - балама тауарлардың бағасы;

     - қолайлы жағдайды күту.

     Сонымен қатар осы қарастырылған бір  фактордың және екінші фактордың  әсерінің нәтижесінде  сұраныс сезімталдығын  анықтау үшін  икемдік деген  түсінік пайдаланылады. Икемдіктің өлшем бірлігі болып  икемдік  коффиценті табылады.

     Икемдік коффицентін келесі түрде анықтауға  болады:

     { К (и.б.) = Q өсуінің %-ті  /P өсуінің %-не }

     (и.т.) =  сұраныс шамасының өзгеруінің %-і/

     /табыс  шамасының өзгеруінің %-не } 

    Ұсыныс – тауар өндірушілердің нарыққа  сатуға ұйғарған баңасы білгіленген тауар жиынтығы. Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал, сұраным болса, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымынын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана дайы өндіріледі. Тауар өндіруші ұйғарған тауар саны мен баға арасында, үнемі белгілі арақатынаста болып, оны график немесе ұсыным (қисығы) сызығы (SS) дейміз.  

                                                  P

      S - ұсыныс                                                

      P - баға

     Q – мөлшер саны

      

      

                                                                 S2  S     S1                          Q              

     Сурет 3. Ұсыныс қисығы 
 

             Сурет 4.       Ұсыныс функция қисығы.                                                                        

    

 

    Негізінен қисығының өзінің қозғалысы мен  ұсыныс өзгеруі бағалық емес факторларының  әсерінен болады.

Ұсыныс қисығы егер осы тауарға  шығындар тұрақты кезінде нарықта  көп өнім ұсынылса, SS -тан S1S2-ге жылжиды, ал тауардың ұсынысының азаюы ұсыныс қисығын солға SS -тан S1S3-ке қозғалтады.

Бағалық емес факторларға:

     - ресурстар бағасы. Яғни, олардың  түсуі өндіріс шығындарын азайтады  және  ұсынысты көбейтеді. Бұл  жерде ұсыныс қисығы оңға жылжиды.  Ресурстарға бағаның өсуі керісінше  әсер етеді.

     - технология. Оның жетілуі ресурстарға  бағаны түсіреді және 1-пунктте  көрсетілгендерге әсер етеді.

     - салықтар. Салықтардың көтерілуі  өндіріс шығындарын көбейтеді  және ұсынысты азайтады. Яғни, ұсыныс  қисығы солға жылжиды.

     - басқа тауардың бағасы. Олар ұсыныс  қисығын қалай болса да жылжыта  алады. Мысалы,  фирма егер де  футбол добына баға өссе,  баскетбол  доптарын өндіріс азайта алады.  ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне  байланысты өзгеруінің дәрежесі  ұсыныс икемділігімен сипатталды.  Ол  ұсыныс икемділік коэффицентімен өлшенеді.

     К = Q  салыстырмалы (%) / P  салыстырмалы өзгеріс  (%). 

    Баға  – бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конюктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

    Тауардың  бағасы — ол ақша түріндегі тауардың қүны. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей болу деңгейінде баға құнға, яғни коғамдык қажеттілік шығынға дәл келеді. Құн - сатып алушылар мен сатушылар мүдделерінің тепе-тендігі, яғни сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының тепе-тендігі болып шығады. Оның негізінде шегі жеткен пай-далылық, өндіріс шығындарын көрсететін ұсыныс бағасы жатады.

    Бәсеке – бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің: бағаның, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

      Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:

    1. Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар көлемінің тепе – теңдігінің де өсуәне әкеледі.
    2. Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.
    3. Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады.
    4. Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне әкеліп, тауар көлемінің тепе – теңдігін азайтады.
 
 

    2.2. Жетілмеген бәсекеде  нарықтық құрылымның  негізгі механизмі 

    Тарихи  логика тұрғысынан жетілген бәсекелі нарықты талдаудан кейін жетілмеген бәсекелі нарықты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген бәсекелі нарықты  талдауға көрнекті үлес қосқан экономисттердің  қатарына О. Курко, Э.Чембирлин, Д.Робинсон, Д.Хинс және тағы басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі нарықты механизмін анығырақ түсіну үшін нарықтық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.

    Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі «таза» монополия  болмайды. П.Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы  ретінде көрініс алады.  

    1-кесте                Нарықтық құрылымдар және бәсеке түрлері

Бәсеке  формалары Бәсеке формаларын анықтаушы белгілер Бағаларға бақылау  дәрежесі
Жетілген Осы өнімді көп  фирмалар өндіреді. Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі. Капиталдардың  салааралық ауытқуына шектеудің  жоқтығы. Толық хабарлылық, яғни тұтынушылар  мен өндірушілердің нарықты жете білуі. Бағаға бақылау  жоқ.
Жетілмеген

1.Монополия

Өнімді тек  бір ғана фирма өндіреді (сала бір  ғана фирмадан тұрады) Бағаларға бақылау  дәрежесі өте жоғары
2. Дуополия Өнімді өндіру екі фирмаға шоғырланған. Бір  текті өнім өндіріледі. Бағаларға жекелеген  бақылаулар.
3. Олигополия Өнімді өндіретін  фирмалардың саны салыстырмалы түрде  көп емес. Біртекті өнім өндірілетін (немесе аздаған дара өалған өнім). Бағаларға жекелеген  бақылаулар.
4. Монополисттік  өнімдерді даралаумен бірге Өндірушілер көп өнімді нақты немесе қиялдағы айырмашылықтықтардың көп болуы. Бақылауға өте  әлсіз бақылау.

Информация о работе Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі