Зейнтақы қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 11:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіндіктер мен экономикалық өзгерістер алдында тұр.Бірақ экономикалық өсудің жоғары қарқындарына жету үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің айтуы бойынша «саяси тұрақтылық, мақсатты және нақты реформалар талап етіледі».

Содержание

Кіріспе
1.Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму тарихы.
1.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және көрсеткіштері
1.2 Чили реформасы
1.3 Қазақстан моделі
2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің экономикалық мәні
2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары және олардың атқаратын негізгі қызметтері
2.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларының міндеттері менқұқықтары
2.3 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлеу жолдары
3. Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен жетістіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жинақтық зейнеткерлік қорларжалпы сипаттамасы, проблемалары және даму бағыттары.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

    - Жинақтаушы  Зейнетақы Қорына Жинақтаушы  Зейнетақы Қорымен алушы алдындағы  міндеттемелерді орындауына әсер  ететін өзгерістер туралы хабар беру. 
     
     

    1. Жинақтаушы  Зейнетақы Қорынан зейнетақы  төлеу жолдары
 

          Еркектер-63,әйелдер-58 зейнетақы жасына толғанда әлеуметтік бекітілген график бойынша міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы  төлемдерін алуға құқылы.

          1949 жылдың 29 тамызынан  1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңде максималды және төтенше радиациялық тәуекел аумағында 10 жылдан  кем емес өмір сүрген азаматтар зейнетақы төлемдерімен ерте мерзімде қамтамасыз етілуге құқылы.Еркектер үшін жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем емес болған жағдайда-50, ал әйелдер үшін жалпы жұмыс стажы 20 жылдан кем емес болған жағдайдан-45 жас болып табылады.

    Бес және одан көп балаларды  туып, оларды 8 жасына дейін тәрбиелеп өсірген әйелдер зейнетақы төлемдерін график бойынша 53 жасқа толғанда алуға құқылы.

    Салымшы зейнетақы қорынан өзінің салымдарын толық көлемде 2 жағдайда алуға құқылы:

    • егер шет елге тұрақты өмір сүруге кеткен жағдайда (шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар)
    • егер жеке шотында 100 мың теңге соммадан аз жинақталса

    Соңғы жағдайда зейнетақы жинақтарын бір уақытта түгелімен немесе төлемдерді бөліктерге бөліп,ай сайын немесе квартал сайын алуға болады.Сонымен қатар салық органдары корпоративті салықты алады.

    Зейнетақы төлемдері Жинақтаушы Зейнетақы  Қорынан алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының аяқталғанына дейін төленеді.

    Оларда  қалай жүзеге асырылатыны-ай сайын,квартал  сайын немесе жыл сайын- екі жақтың келісімі бойынша анықталады және зейнетақы  келісім-шартының қосымша келісімінде  бекітіледі.Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы алдын-ала қарастырылып,келісімге енгізіледі.

    Егер  алушының Орталықтан берілетін зейнетақысы  сәйкес жылға бекітілген минималды  зейнетақы көлеміне тең немесе көп  болса,зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы келесідей есептелінеді:

    1.Минималды  зейнетақы көлемін алып 12 айға көбейтеміз.

    2.Заңмен  бекітілген 100000 теңге көлемі алынады.

    3.Алушының  зейнетақы сомасы алушының жасына  сәйкес коэффициентке (Қосымша  1) көбейтіледі.

    Алынған әр түрлі 3 шамадан ең үлкені таңдалады,ол зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы болып табылады.

    Мысал:63 жастағы еркек.Зейнетақы жинақтарының сомасы-500000 тг.Кесте бойынша коэффициент-0,06854.Орталықтан зейнетақы көлемі 7000 теңге.

    1.12*5500=66000тг

    2.100000тг

    3.500000*0,06854=34270тг

    Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы 100000тг құрайды.

    Егер  салушының Орталықтан алатын зейнетақысы  минималды деңгейден кем болса,онда төлемдердің жылдық сомасы мен минималды  зейнетақының 20 еселік мөлшерінің арасындағы айырмашылықты жабу мақсатында есептелінеді.

    Мысал:Орталықтан зейнетақы 4000 тг.Жылдық сома келесі көлемде есептелінеді:

    1.(12*5500)-(12*4000)=18000тг кем емес

    2.500000*0,06854=34270тг  артық емес

    Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы-18000 теңгеден 34270 теңгеге дейін құрайды(келісім  бойынша).

    Жинақтаушы  Зейнетақы Қоры жыл сайын минималды зейнетақы көлемі бекітілген,қаржылық жылға сәйкес мемлекеттік бюджет туралы заңын енгізген соң 1 ай мерзімінде зейнетақы төлемдерінің жылдық көлемін график бойынша қайта есептейді.

    2003 жылдың 8 шілдесінен бастап 2003 жылдың 4 шілдесінде шыққан «Жинақтаушы зейнетақы салымдары,ерікті маманды зейнетақы салымдары,міндетті зейнетақы салымдары есебінен құрылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын ережелерді бекіту және график бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу методикасын жүзеге асыру туралы» Үкіметтің қаулысы күшке ие болды.

    График  бойынша зейнетақы төлемдерінің көлемі арнайы кесте бойынша анықталады.Онда төлемдерді алушының жасы белгілі коэффициентке  сәйкес келеді: 55 жас-0,05662, 75 жас-0,12932 және т.б.(қосымша)

    Жоғарлатылған зейнетақыны есептеу әдісі:

    1.Тұлғаландырылған  есеп коэффициентін тек үтірден  кейінгі бір символға дейінгі  дәлдікпен есептейміз.Бұл үшін  зейнетақы есептелінетін зейнетақы  құжатында көрсетілген зейнеткерлердің  орта айлық табысын соңғы жылдық экономикалық қызметтердің түрі бойынша орта айлық еңбек ақысына бөлеміз:ТЕК=ЗОТ/ЭҚОЕА

    2.Еңбек  стажының коэффициентін есептейміз.Заң  бойынша бекітілген еңбек стажы  60% көлемінде ескеріледі, қажетті стаждан әрбір артық толық жұмыс атқарылған жыл үшін 1% қосылады,бірақ ЕСК-75% көлемімен шектеледі.

    3.Еңбек  қатысу коэффициентін үтірден  кейінгі үш символға дейін  анықтаймыз:ЕҚК=ЕСК*ТЕК

    Жаңа  жоғарлатылған зейнетақыны есептейміз: жаңа зейнетақы=ЕҚК*ЭҚОЕК 2002 жыл

    Сонымен қатар, ЭҚОЕК көлемі биыл бекітілген 15 АЕК-13080 тг сомасымен шектеледі.

    Егер  жаңа әдіс бойынша анықталған зейнетақы  төлемдерінің көлемі ағымдағы зейнетақы төлемдерінен төмен болса,онда бұрын төленген зейнетақы сақталады.Ал егер 2003 жылдың 1 маусымында бекітілген минималды зецнетақы төлемінен төмен болса,онда зейнетақы минималды зейнетақы деңгейінде-5500 тг бекітіледі.

    Есептеу кезінде зейнетақының максималды көлеміне шектеу туралы ұмытпау қажет.Әр бір  зейнеткерге төленетін зейнетақы 2003 жылдың 15 АЕК-ның 75%-9810 тг аспау керек... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3.Қазақстан  Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы  Жүйесінің қазіргі жағдайы: мәселелері  мен жетістіктері 

    Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының енгізілгеніне 5 жыл толды.Қазіргі  уақытта бізде зейнетақы реформасының табысты құрылғанын сенімді айтуға болады.Ресей және басқа ТМД елдері біздің еліміздің жүргізіп жатқан зейнетақы саясатынан үлгі алуда.

    Ұлттық  банктің қаржылық бақылау департаментінің  мәліметтері бойынша:

    • 2003 жылдың 1 шілдесінде республикада зейнетақы активтерінің таза соммасы 315 млрд тг немесе 2,135 млрд АҚШ долларын құрады.
    • 8 ЗАБК және 16   Жинақтаушы Зейнетақы Қоры жұмыс істейді.
    • Зейнетақы жүйесіндегі салымшылар саны 5815411 адамды құрайды.
    • Жинақтаушы Зейнетақы Қоры арасында бір салымшының орташа зейнетақы салымдарының соммасы 64,8 мың тг құрайды.

    Жинақтаушы  Зейнетақы Қорында  шоғырланған  салымшылардың жинақтары келесі қаржылық құралдарға инвестицияланады:

    • Қаржы министрлігінің орта және қысқа мерзімді ішкі МБҚ (К2Т)-11,32%
    • Қазақстанның егеменді қарызының еурооблигациялары (2 ЗБ)-17,20%
    • Ұлттық банктің және Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді ішкі МБҚ (К2Т)-21,66%
    • Қазақстанның жергілікті атқарушы органдарының облигациялары (1180)-0,38%
    • Шетел эмитенттерінің акциялары(шетел валюталары)-2,7%
    • Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес облигациялары (шетел валюталары)-2,7%
    • Шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары-2,94%
    • Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (шелел валюталары)-6,95%
    • Қазақстандық компаниялардың акциялары-4,07%
    • Қазақстандық компаниялардың облигациялары-22,55%
    • Депозиттер және депозиттік сертификаттар(К2Т)-8,87%
    • Депозиттер және депозиттік сертификаттар(шетел валюталары)-0,5%

    Біздің  Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің  оң және теріс жақтары бар.Бірақ 5 жыл ішінде зейнетақы реформасының жеткен жетістіктерін айтып кету қажет.Чилидің өзінде реформа осындай қысқа мерзімде табыс әкелген жоқ.Чилиде Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесін енгізген уақытта барлық тұрғылықты халыққа зейнетақы төлеуді тоқтатты.Егер Польша,Венгрия,Латвия сияқты еуропа елдерінің тәжірибесін алсақ, олардың Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі  теріс көрсеткіштер берді.Ал біздің еліміз реформаны енгізудің қиыншылықтары мен шығындарын толық көлемде шексе де,біз бірқатар оң нәтижелерді көріп отырмыз.Бірақ та осы уақытта да өзекті мәселелердің бірі болып зейнетақы активтерін инвестициялау мәселесі табылады.Зейнетақы қорлары 6 жыл бойы қор биржасында «қызықты» қаржы инструменттерінің пайда болуын тосып отыр, сол уақытта активтері не мемлекетке, не азаматтарына пайда әкелмей құнсызданып отыр.

    Зейнетақы активтері- ең ұзын ақша болып табылады.Зейнетақы қорларының орындауға мүмкіншіліктері бар қызметтерді банктер мен сақтандыру  компаниялары орындай алмайды.Міне осы себептен зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторына инвестициялау дұрыс болушы еді.Осының нәтижесінде біз экономиканың нақты секторын өркендеу,материалдық өндірісті жетілдіру және де зейнетақы активтерін инвестициялау мәселесін шешуші едік.

        Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің   келесі маңызды мәселесінің бірі жастық мәселе болып табылады.Тұрғындардың көп бөлігі,әсіресе зейнетақы алдындағы жастағылар, «кәрілік табалдырығы» өте үлкен деп санайды.Егер басқа шетел елдерінің көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ,онда орташа көрсеткіш 65 жас екенін көруге болады.

    Зейнетақы жасындағы халықтың ұлғаюы,яғни барлық жерде тұрғылықты халықтың қартаю фактісінің нәтижесінде мемлекетке әлеуметтік қысымның ұлғаюын атап өту қажет.Дәл осы себептен шілде   айында парижде франсуздардың тағы бірнеше жыл зейнетке кеш шығуы туралы заңы қабылданды.Енді мемлекеттік сектор жұмыскерлері мемлекеттік зейнетақы жүйесіне жыл аралығында төлемдер аудару міндетті, яғни «кәрілік табалдырығы»62,5 деңгейіне жетті.Сонымен бірге Францияда еркектер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы бірдей екенін айта кету жөн.Осыдан келесідей қорытындылар жасауға болады: «кәрілік табалдырығы» бізде жоғары емес,бірақ Ресейде бұл көрсеткіш 3 жыл төмен:еркектерде-60,әйелдерде-55 жас.Сонымен қоса Ресей мен Қазақстанның потенциаын салыстыру обьективті емес.Себебі Ресей мемлекет территориясының аумағы,халықтың саны,алтын-валюта қоры, ақша массалары сияқты көптеген көрсеткіштер бойынша біздің мемлекетімізден асып түседі.Сондықтан Қазақстан Республикасындағы «кәрілік табалдырығы» дамыған шет елдерімен салыстырғанда орташа болып саналады.

          Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесіндегі  мәселелер  жөнінде әңгімені жалғастырса,келесілерге тоқталуға болады.Зейнетақы жүйесінің салымшыларының саны жалпы тұрғындардың 70% құрайды.Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың көп бөлігі әліде бұл жүйеге ендірілмеген.Олар ресми тіркелмеген жұмысшылар болып саналады.Бұл мемлекеттік деңгейдегі мәселе болып табылады және ол мемлекеттік деңгейде шешілу керек.Сонымен қатар 5,8 млн адамдардың 50% пассивті  салымшылар болып табылады, олар салымдарды мүлде немесе күнделікті аудармайды.

      Осы мәселелерді шешу үшін – ең бастысы қажетті заң жобаларын қабылдау, зейнетақы төлемдерінің нақты төлену механизмін құру және оның дұрыс аударылуын бақылау керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Курстық жұмысты қарастырғаннан кейін мынадай  қорытындыларға келуге болады:

      Бірінші бөлім бойынша айтсақ, бұрынғы одақтық аумақта алғаш рет міндетті түрде    Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі Қазақстанда енгізілді.1998 жылға дейін Қазақстанда «солидарлы» зейнетақы жүйесі жұмыс атқарды.Олар бойынша зейнетақы  кәсіпорындардан өз жұмыскерлері үшін бөлінетін зейнетақы салымдарының есебінен төленді.

      1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында  жаңа      Жинақтаушы Зейнетақы  Жүйесі жұмыс атқара бастады.Мұнда  әрбір азамат өзінің зейнетақысын  өзінің табысынан салымдар аудару  арқылы жинақтайды және зейнетақы  жинақтары оның меншігі болып табылады.

      Екінші  бөлім бойынша:

        Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің    экономикалық мәнін оның қатысушылары  және олардың атқаратын негізгі  қызметтері арқылы түсіндіруге  болады.Өз алдынан, зейнетақымен  қамтамасыз ету жүйесі заңмен 3 заңды тұлғаға жүктелді: мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару компаниясы,банк кастодиан.Сонымен қатар,    Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің    экономикалық мәні оның қатысушылары міндеттері мен құқықтары арқылы бейнеледі.олар Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында бекітілген.Ал Жинақтаушы Зейнетақы Қорынан зейнетақы төлеу жолдары    Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің    экономикалық мазмұнын ашуға септігін тигізеді.

Информация о работе Зейнтақы қоры