Зейнтақы қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 11:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіндіктер мен экономикалық өзгерістер алдында тұр.Бірақ экономикалық өсудің жоғары қарқындарына жету үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің айтуы бойынша «саяси тұрақтылық, мақсатты және нақты реформалар талап етіледі».

Содержание

Кіріспе
1.Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму тарихы.
1.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және көрсеткіштері
1.2 Чили реформасы
1.3 Қазақстан моделі
2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің экономикалық мәні
2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары және олардың атқаратын негізгі қызметтері
2.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларының міндеттері менқұқықтары
2.3 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлеу жолдары
3. Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен жетістіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жинақтық зейнеткерлік қорларжалпы сипаттамасы, проблемалары және даму бағыттары.doc

— 126.50 Кб (Скачать)
    • зейнетақы реформасының концепциясын және «Қазақстанның ерікті зейнетақы қорлары туралы» Қазақстан Республикасының заңың құруға үлес қосты;
    • ассоцияциа басқармасы Чилидің зейнетақы жүйесін зерттеуге Чилиге жұмыс сапарымен аттанды;
    • шетел ұйымдарымен байланысқа шықты;
    • тұрғындар арасында үнемі түсініктеме жұмыстарын жүргізді, жалпы ақпарат құралдарын мәліметтермен қамтамасыз етті;
    • зейнетақы қорларының қызметтері туралы семинарлар ұйымдастырды және өткізді.

     1996 жылдың маусым айында Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік емес  ерікті зейнетақы қорлары туралы»  заңы қабылданды.Ал 1997 жылы маусым айында  ол Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасымен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» жаңа заңның қолдануымен байланысты заң күшін жоғалтты.Бұл заң жағдайды толығымен өзгертті.Жаңа заң ерікті зейнетақымен қамтамасыз ету принципінің орнына міндетті,жинақтаушы,тұлғаландырылған зейнетақымен қамтамасыз ету принципін ұсынды.Зейнетақы қорлары ағымдағы жұмыстар кезінде құрылу кезіндегідей көптеген қииыншылықтармен кездесті.Бүгінде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметтерінде қиыншылықтар кездеседі.

     1997 жылдың қараша айында зейнетақымен  қамтамасыз етудің жаңа жүйесінің  қатысушыларының жиналысы өтті.Мұнда  жаңа заңдардың мақсаттарына  сәйкес Қазақстанда жаңа зейнетақы  қорларының Ассоциациясын құру  шешімі қабылданды.1998 жылдың 18 қаңтарында зейнетақы қорларының жаңа Ассоциациясы тәуелсіз,бейкоммерциялық,мемлекеттік емес,үкіметтік емес ұйым ретінде заңды құрылды.

     Зейнетақы қорларының Ассоциациясы және оның мүшелері ағымдағы қиыншылықтарға қарамастан зейнетақы  реформасының альтернативасы жоқ және мемлекеттік емес қорлардың дамуы Қазақстан Республикасына және оның азаматтарына тиімді деп санайды. 

      2.Жинақтаушы  Зейнетақы Жүйесінің  экономикалық  мәні

      2.1 Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің   қатысушылары және олардың атқаратын  негізгі қызметтері 

      Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі заңмен 3 заңды тұлғаға жүктелді:

Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жинатаушы зейнетақы  қорлары, зейнетақы активтерін басқару  компаниясы,банк кастодиан.

      Бұл құрылымдар бір-бірін бақылайды  және өзінің қызметтеріне мүліктік жауапкершілікке ие.Осының арқасында көп деңгейлі бақылау жүйесі құрылады.Бұл жүйе махинациялар тәуекелінің болуына немесе зейнетақы қорларының қаражаттарын ұрлануына жол бермейді.

      Жинақтаушы  Зейнетақы Қоры жарғылық капиталы 10000000 тг көлемді жабық акционерлік қоғам түрінде құрылды.Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының үкіметі.

      Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары мынадай  болуы мүмкін:

    • ашық (минималды жарғылық капиталы 55000000тг,тек ақшамен берілген)
    • корпоративті (минималды жарғылық капиталы 10000000тг,тек ақшамен берілген)

      Ашық  Жинақтаушы Зейнетақы Қоры алушылардың  мекен-жайы мен жұмыс орнына тәуелсіз салушылардан зейнетақы салымдарын қабылдауды жүргізеді.Ашық Жинақтаушы Зейнетақы Қорының құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасының  резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады.

      Корпоративті Жинақтаушы Зейнетақы Қоры берілген қордың акционерлері және құрылтайшылары болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың жұмыскерлері-алушылары үшін құрылады.Корпоративті Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары бола алады.Алушының заңды тұлға- акционермен еңбек келісім-шартын бұзуы корпоративті зейнетақы қорымен келісім-шартты бұзуға негіз болып табылады.

      «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңыңа сәйкес «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша және квалификациялық талаптардың бекітілуі туралы» Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияның Үкіметіне сәйкес ЗАБК-сы қазақстан Республикасының БҚҰҚ-мен бекітілген тәртіпте мемлекеттік емес Жинақтаушы Зейнетақы Қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару үшін құрылған.

      ЗАБК  бағалы қағаздар нарығының маманды  қатысушысы,заңды тұлға болып  табылады және жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.Минималды жарғылық капиталы 150000000 теңге құрайды. Жарғылық капиталдың төленуі тек ақшалай түрде жүріп,құрылтайшылардың меншікті қаражаттар есебінен құрылады.Қазақстан Республикасы БҚБҰк лицензиясын ие болғанда және бір немесе бірнеше мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен келісім-шарты негізінде ЗАБК зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен оларды орналастыру уақытында келесі мөлшерлерде зейнетақы активтерінің орналастыруын жүзеге асырады:

    • Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары (айналым мерзімі 1 жылға дейін)-25% кем емес;
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздары (айналым мерзімі 1 жыл және одан көп)-25% кем емес;
    • Жергілікті атқарушы органдарымен шығарылған МБҚ (сонымен қатар басқа елдердің заңдарына сәйкес шығарылған),егер берілген бағалы қағаздар ЖАҚ «Қазақстан қор биржасының» сауда жүйесінде айналымға жіберілсе және Ұлттық комиссияның директоратының зейнетақы активтерінің есебінен алуға рұқсаты берілсе-5% артық емес.
    • Келесі халықаралық қаржылық ұйымдармен шығарылған бағалы қағаздар-10% артық емес;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі,Еуропалық  қайта құру және даму банкі,Америка  аралық даму банкі,Халықаралық есеп айырысу банкі,Азия даму банкі,Африка даму банкі,Халықаралық қаржылық корпорация,Ислам даму банкі;

    • Қазақстан Республикасының ұйымдарымен шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздары және олар ЖАҚ «Қазақстан қор биржасының» «А» категориясы бойынша ресми тіркеуге енгізілген-30% артық емес;
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі,сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктерімен бекітілген тізім бойынша П-ші деңгейдегі банктерге депозиттер және банктік депозиттік сертифткаттар-10% артық емес;
    • П-ші деңгейдегі банк болып саналмайтын эмитенттер облигациялары-5% артық емес
    • 2-ші деңгейдегі банк болып саналмайтын эмитенттер акциялары- 5% артық емес;
    • Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары-5% артық емес.

     «Қазақстан  Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы » заңына сәйкес:- «Жинақтаушы Зейнетақы Қоры зейнетақы активтері кастодианды шот режимінде кастодианды келісім-шартқа сәйкес банк кастодиандарында сақталады.Банк-кастодиан,банк-сақтаушы зейнетақы активтерін шоғырландыру бойынша барлық операциялар есебін жүргізеді, олардың орналасуы, инвестициялық табыстың алуын және ай сайын Зейнетақы Қоры оның шоттарының жағдайы туралы және ЗАБК-ң қызметі туралы ақпарат береді.Сонымен қатар банк-кастодиан мемлекеттік емес Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Зейнетақы активтерін толық орналастырылуын бақылайды,егер ЗАБК-ның бұйрығы заңға сәйкес келмесе оны орындамауға міндетті және ол туралы бағалы қағаздар нарығын реттейтін өкілетті органдарды және мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорын мәлімдеу керек.Бұл  шектемелер банк-кастодианға қатысты емес».Бұдан басқа банк-кастодианның келесі міндеттері бар:

    • Қорларға берілген зейнетақы қаражаттарын есептеу үшін келесі шоттарды ашу;
    • Инвестициялық зейнетақы шоты;
    • Зейнетақы төлемдерінің шоты;
    • Бағалы қағаздарды және басқа қаржы құралдарын сақтау және есептеу үшін «депо» шоты;
    • Банктік заңға сәйкес бағалы қағаздарды және зейнетақы жинақтарын қауіпсіз және құпиялы сақтау және есептеу;
    • Зейнетақы  салымдарының түсімдерінің сомасы,зейнетақы жинақтарынан жасалған төлемдер сомасы,инвестициялық табыстан түскен сомасы және өткен кезеңде салымшы жинағының басқа қорға ауысу сомалары туралы компания мен қор арасындағы ақпараттың күнделікті тексерілуі және қордың зейнетақы активтеріне бағасы;
    • Қор және  оның алушысы туралы ақпараттың құпиялық кепілдігі;

     Банк-кастодиан  кастодиандық келісім-шартта мөлшері  келісілген комиссиондық сыйақы алуға  құқылы. 

    2.2 Жинақтаушы  Зейнетақы Жүйесінің қатысушыларының  міндеттері мен құқықтары 

     Жинақтаушы  Зейнетақы Қорының келесі негізгі міндеттері мен құқықтары бар:

  1. Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құқылы:
    • зейнетақы салымдарын жинауға;
    • өзінің қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алуға;
    • зейнетақы келісім-шартының шартына байланысты басқа да құқықтарды атқаруға;
  1. Жинақтаушы Зейнетақы Қорының міндеттері:
    • Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртібінде алушыларға зейнетақы төлемдерін беру;
    • Зейнетақы жинақтарын және төлемдерін жеке есептеу;
    • Салымшыға жылына бір рет және оның талабы бойынша,оның зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беру;
    • Салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы заңының және келісім-шарт тәртібінің бұзылғаны үшін жауапты болу;
    • Салымшының арызы бойынша оның жинақтарын бір зейнетақы қорынан екінші бір зейнетақы қорына аудару;
    • ЗАБК-мен инвестициялық басқару бойынша келісім-шартқа отыру;
    • Өзінің қызметі туралы статистикалық және басқа ақпараттарды жариялау;
    • Жинақтаушы Зейнетақы Қорымен келісім-шартқа отырған тұлғалардың құқықтарын бір деңгейде қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының заңына сәйкес басқа да міндеттерді атқару;

    3.Салымшылардың  құқықтары мен мүдделерін қорғау  мақсатында Жинақтаушы Зейнетақы  Қорына мыналар рұқсат етілмейді:

      - өндірістік қызмет;

    - қозғалатын және қозғалмайтын мүлікпен сауда саттық жасау,бағалы қағаздар нарығын реттеуге өкілетті органдардың көрсеткен бағалы

    қағаздар және басқа қаржылық құралдарды ескермейді;

     - сақтандыру қызметі;

     - зейнетақы активтерін кепілдікке  беру;

    - акциялардан  басқа бағалы қағаздарды шығару;

    - мемлекеттік  емес жинақтаушы зейнетақы қорының  «алтын акция» мекемесі («алтын  акция» иесі қор құрылтайшыларымен  акционерлерінің жалпы жиналысында  шешім қабылдауда вето құқығына  ие).

      1. Жинақтаушы Зейнетақы Қорының  салымшысының құқығы:

    - зейнетақы  келісім-шартына отыру үшін Жинақтаушы  Зейнетақы Қорын         таңдау;

    - зейнетақы  жинақтарының жағдайы туралы  ақпарат алу;

    -соттық тәртіп  арқылы Жинақтаушы Зейнетақы  Қорының қызметін шағымдау;

    - өзінің және  үшінші тұлғаның пайдасы үшін  ерікті зейнетақы салымдарын төлеу;

    - зейнетақы  келісім-шарты және зейнетақы  заңы бойынша басқа құқықтарын  атқару;

      2. Жинақтаушы Зейнетақы Қоры  салымшысының міндеттері:

      - зейнетақы келісім-шартына және  «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен  қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес міндеті зейнетақы салымдарын жасау;

      - Жинақтаушы Зейнетақы Қорының міндеттерін орындауына әсер ететін өзгерістерді хабарлап отыру,10 күн ішінде;

      - зейнетақы келісім-шартына және «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес басқа да міндеттерді орындау;

      3.Жинақтаушы  Зейнетақы Қордан зейнетақы төлемдерін  алушы салымшының барлық құқықтарына  ие және келесі құқықтары бар:

    - зейнетақы  жасына жеткенде Жинақтаушы Зейнетақы  Қордан зейнетақы  төлемдерін  алу және зейнетақымен қамтамасыз ету заңында көрсетілген басқа да жағдайларда;

    - өзінің зейнетақы  жинақтарын бір Жинақтаушы Зейнетақы  Қордан басқасына жылына екі  реттен көп емес ауыстыру;

    - Қазақстан  Републикасының зейнетақы заңына  сәйкес өзінің зейнетақы жинақтарын мұра ретінде қалдырады.

    - Қазақстан  Республикасынан тыс жерге тұрақты  өмір сүруге орын ауыстырғанда зейнетақы жинақтарын толығымен алу;

    4.Зейнетақы  төлемдерінің алушысы міндетті:

    - пайда табатын  келісім-шартқа отырған жағдайда  өзінің жеке зейнетақы шотының номері мен Жинақтаушы Зейнетақы Қорының реквизиттерін келісімге отырған күннен бастап 3 күн ішінде хабарлауы тиіс;

Информация о работе Зейнтақы қоры