Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:41, курсовая работа
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Елімізде саланың құрылымдық бөлінісі бойынша қаржыландырудың 71 пайызы қолданбалы зерттеулерге тиесілі болса, тек шамамен 8 пайызы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінеді. Тек 21 пайыз көлеміндегі іргелік ғылымға арналған шығыстар, тұтастай алғанда орташа әлемдік деңгейге сәйкес келеді.
2.2 Технопарктердің жағдайын талдау
Қазіргі уақытта Қазақстанда және бұрынғы СССР территориясында орналасқан басқа да мемлекеттерде нарықтық экономикаға көшумен, ғылыми-техникалық орталықтарды орналастыруының өзгеруімен, оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеумен байланыста ғылыми-техникалық парктерді және технополистерді ұйымдастыруға әлемдік тәжірибенің маңызы зор.
Технопарктік құрылымдар (технополистер, технопарктер, «теплицалар», технологиялық және инновациялық орталықтар) нарықтық экономика конъюнктурасының тез өзгерушілік жағдайындағы шағын инновациялық фирмалардың қалыптасуында маңызды мәнге ие. Олар аймақтық деңгейде шағын бизнестің өзіндік инкубаторлары болып табылады, берілген аймақ үшін маңызды шағын инновациялық кәсіпорындарының қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті инфрақұрылым құрады.
Қазір әлемде 300-дей технополис есептеліп жатыр. Сонымен қатар, республикада технополисті ұйымдастырушылар университеттер немесе ғылыми-техникалық орталықтар емес, әлемдік тәжірибедегідей тауарлы-шикізат биржалары, коммерциялық банктер. Технополистің классикалық моделі үлкен мүдделілік білдіреді.
Технополистер «жоғары
технологиялар» зоналарының өзіндік
территорияларын
Технопарктер – бұл жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми – зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциалын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университтетті орталықтарда жасалады. Технополистерді және технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми – зерттеулер нәтижесін қолдану үрдісін тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.
3 ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қазақстанның қазіргі
заманғы өнеркәсібіндегі
Қазақстан ішкі нарықта озық технологиялар мен жаңа енгізілімдерге шектеулі төлем қабілеттілігімен, экономиканың нақты секторы тарапынан перспективалық – олардың коммерциялық қолданылуы тұрғысынан – ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелеріне төмен сұраныстың болуымен, инновациялық өнімнің қалыптасқан нарығының болмауымен сипатталады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүргізген талдамалық зерттеулерінің деректері бойынша 2005 жылы қорғаған әрбәр сегізінші ғылым докторы мен әрбір жүзінші ғылым кандидаты ғана ғылыми салада жұмыс істеуге қалған. ҒЗИ мен университеттердің ескірген материалдық-техникалық базасымен бірге кадрлардың тұрақтамауы айғағы ғылыми әзірленімдердің коммерциялануына теріс әсер етеді. Осы жағдайларда экспорттық әлеуетті елеулі түрде ұлғайту үшін барынша тиімді әдіс технологиялар трансферті болып табылады.
Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары:
Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.
Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:
Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту; инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.
Ерекше назар инфрақұрылымдық
инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі
өңірлік инвестициялық
Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.
Елдің халықаралық нарықтағы бәсекеде жеңіп шығу қабілетін көтеру үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс: белсенді индустриялық?инновациялық саясат жүргізу арқасында кәсіпорындардың технологиялық қайта жарақтандырылуының мерзімін азайту; шикізат базасы, білікті қызметкерлер мен мамандардың арқасында дүниежүзілік қаржы қорлары жұмысының жүйесіне қосылу; жаңа жоғары технологиялық тауарлар өндіру мен қызмет түрлерін идеядан - өнімге дейін игеру; ұлттық экономиканың диверсификациялануы мен модернизациялануын ? қаржылық жағынан қамтамасыз ету; инновациялық мақсатқа арналған қаржылық қорлардың үлестірілуі мен қолдануының тиімді механизмін жасау. Бұған басым инновациялық жобалар портфелін жасаушы арнайы салалық ғылыми-инновациялық инжинирингтік орталықтар мысал бола алады; инновациялық өндірісті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында мұндай өндіріспен айналысушы кәсіпорындарға жобадағы қуатына жеткенге дейін қосымша, мүлік және жер салығынан босату жеңілдігін беру; шикізат экономикасына арқа сүйеуді тоқтату. Әлемдік нарықтағы тиімді ахуалды пайдалана отырып, экономиканың мұнай-газ саласын жоғары технологиялық машина жасау, металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылым салаларын жетілдіруге локомотив ретінде қолдану; экономиканың шикізаттық емес салаларында халықаралық деңгейдегі сапаға сай өнім өндірісінің үлесін өсіруді сатылы және тиянақты түрде жолға қою, мұның нақты мүмкіндігі алғашқы пилоттық кластерлерді құру және дамыту барысында қалыптастырылмақ; өнеркәсіп салалары үшін инновациялық мүмкіндіктерді іздестіріп, олардың тиімді комбинацияларын құру. Бұл нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға кеп саяды; қазақстандық энергетикалық компаниялардың өнімін өткізетін дәстүрлі әлемдік нарықтарда тұтынушы үшін күрестің күшеюі себепті, Қазақстан стандарттарын дүниежүзілік ИСО/МЭК стандарттарына үйлестіру; қазір аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейіне пропорционал түрде дамуда. Демек, аймақтардағы, яғни облыстардағы бизнес-инфрақұрылымдарды дамытуда олардың әрбірінің күшті әрі әлсіз жақтарын есепке алатын арнайы саясат қажет; кәсіпкерлік саласында агенттік түріндегі арнайы өкілетті орган керек. Оның міндеті шағын және орта бизнесті жоспарлы түрде қорғау мен дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылмақ. Бұл жауапкершілік тетігін жасауға және мемлекеттік органдардың орталық әрі жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін шешуде оперативті қимылдауына мүмкіндік береді. Ел экономикасының халықаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестік қабілетін дамыту үшін қолданылып жатқан кластерлік стратегия білім беру мен мамандардың біліктілігі сапасын көтермейінше жүзеге асуы неғайбыл. Қазіргі қоғамда нарық күресінде артықшылыққа көбінесе білім әрі зияткерлік байлық арқылы қол жеткізіледі. Білім беру мен мамандарды даярлау саласының деңгейін көтеру сарапшылар мынадай шаралар ұсынады: өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандармен қамтамасыз етілуін бақылап отыратын Мониторинг орталығын құру; жұмыс берушілердің өз қаржысын кәсіби білім беру, жұмысшылар, инженерлер мен мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруға тарту; ірі кәсіпорындар негізінде кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер мен университеттер үшін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеретін әрі қайта даярлайтын жүйе жасау. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
Алдағы жоспарланған Қазақстан экономикасыныңмодернизациясы кәсіпкерлік саласында өзара байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Сонымен, мемлекет салық режимін «тек өнеркәсіптік саясаттың көп аспаптарының бірі ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті дамыту мәселесі кәсіпкерлікті дамытуда басты мақсат болуы қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативті алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте ірі кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік тудырады. Мемлекеттің қатысуымен жеке копорацияларды құру және соның негізінде ірі аймақтық холдингтерді құру аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың әрекетіндегі негізгі бағыттар «аймақтағы тауарға және шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті және ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және қалпына келтіру әлеуметтік – кәсіпорындық корпорацияларды құруға бағытталуы қажет. Бұл корпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Мемлекет экономиканың түрлі саласына кәсіпкерліктер мен капиталдардың қатысуларының бәсекелестік негіздерін құруға бағытталған кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына ықпалын тигізуі қажет. Осы аталған мәселелер зерттеу барысында нақтыланды. Ғылымды дамытуға жеке секторды тартудың тиімсіз тетігі Қазақстандағы ғылыми-техникалық саланың әлі де әлсіз буыны болып қала береді. Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді. Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады. Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет. Ғылымды одан әрі дамыту үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтары мыналар болуға тиіс: қазіргі ғылыми-техникалық әлеуетті индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан озық салаларды дамытуға пайдалану; мемлекет үшін маңызды ғылыми-техникалық бағыттар салаларында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай жасау; жоғары технологиялы өнімнің экспортына бағдарланған ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдеуші әрі экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту. Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру. Инновациялық кәсіпкерлік ортаның негізгі элементі коммерциялық бәсекеге қабілетті идеяны жеткізуші болып табылады, ол өзінің табиғатына байланыссыз оны іске асыру тұрғысында мемлекеттің қолдауына сенуге құқылы. Инновация – бұл нарықта табысты іске асырылатын қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнімі.
Информация о работе Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы