Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:41, курсовая работа

Описание работы

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Венчурлик бизнес.doc

— 440.50 Кб (Скачать)

         Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.      Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру.            Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.    Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).       Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.

 

Кесте 1. Инновациялық компанияның даму деңгейлері

 

Деңгейлер

Мазмұны

Бизнес идеясы (seed stage)

Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;

Бизнесті ашу (start-up stage)

Жобаны жүзеге асыру  мақсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау;

Өсу деңгейі (expansion stage)

жаңа өндірістік қуаттылықты  іске  қосу және персоналдар санының  өсуі;

Кеңею деңгейі (mezzanine stage)

нарықтың бір бөлігін  жаулап алу және пайданың тұрақты  болуы;

Өтімділік деңгейі (liquidity stage)

бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.

 

       Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.

Кәсіпкерлікті дамытудың  негізгі жолдарының бірі - концессиялық келісім.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б. Қазіргі таңда 212 млрд. теңге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.

Қазақстан Республикасында  концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Осы Заң концессияға  байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны  орындаудың және тоқтатудың талаптары  мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді  мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды. 

Алайда, концессиялық жобаларды  іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды  қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы  мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.

Кәсіпкерліктің  инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің  маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.

Лизинг қазіргі  кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Лизингті   дамыту  үшін   заңдық-құқықтық  актілердің қабылдануы   банкілер   мен   саудалық  құрылымдар құрған, мемлекет немесе  ҚР  заңдары бойынша заңды тұлға  болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.

 

Кесте 2. 2006-2009 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер көлемі мен құрылымы  (млн. теңге)

Лизингтік қызметтер

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

 

 

2009ж. %

2006-2009 ж.ж. салыс-тыру     (қанша есе)

Жеңіл автокөлік лизингі

49,7

54,1

81,4

188,3

4

3,8

Басқа да құрлықта жүретін  көлік құралдарының лизингі

15,5

45,8

83,9

97,0

 

2

6,3

Кемелер лизингі

-

-

39,5

36,4

0,7

-

Ұшақтар лизингі

10,6

24,9

46,9

78,2

1,5

7,4

Ауылшаруашылығы машиналарының  лизингі

4,0

40,0

27,1

217,6

 

4,3

54,4

Құрылыс жабдықтарының  лизингі

48,8

1585,6

1804,6

3112,3

 

63

63,8

Компьютерлер лизингі

7,2

5,5

27,9

285,5

6

39,6

Басқа да құрылғылар мен  жабдықтар лизингі

20,5

86,2

52,5

298,1

 

6.4

14,5

Басқа негізгі құралдар лизингі

5,4

3,1

1,9

1,9

 

0,03

2,7

Барлығы

161,7

1855,2

2165,8

5015,2

100

31,0

 

Ескерту- автормен статистикалық  мәліметтер негізінде құрастырылған.


 

2-кесте мәліметтері  бойынша лизингтік операциялар көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрал-жабдықтары және компьютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Көрсетілген жылдар барысында негізгі өсім құрылыс жабдықтарының лизингінде байқалып отыр.  2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 63,8 есеге өскен (Кесте-2). Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.

Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзинг франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда 2007 жылы франчайзинг айналымы 500 млн. АҚШ долларын құрады. ҚР «Франчайзинг туралы заң» (2002ж.) қабылданды, 150 франчайзинг жүйесі және 1000-нан аса франчайзинг пункттері жұмыс істейді.  Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциациясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде  қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2003-2007 ж.ж. франчайзинг жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрайды. Бірақ франчайзингтің одан ары дамуына келесі факторлар кері әсер етуде: франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктердің қарастырылмағандығы, интеллектуалды меншіктің нашар қорғалуы, кәсіпкерлердің «ұзын» ақшаны алуға шектеулігі, франчайзинг туралы ақпараттың жетіспеушілігі.

 

1.3 Венчурлік бизнес шетел тәжірибесінде

 

 

      Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне  орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді.  Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне  ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады. 

Қазақстанда соңғы бес  жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі  шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет.  

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, венчурлік бизнес ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Венчурлік бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;
  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;
  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді. 
  • ғылыми-техникалық базалардың негізін құрайды.

Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру түсінігі венчурлік бизнестің туындылары бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар сияқты өнімдерді ойлап табу болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген,  барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.  

Венчурлік бизнес өз кезегінде дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Венчурлік кәсіпорындар үшін бұл мерзім жарты жылдан жеті жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы  венчурлік бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

Әлемдік тәжірибеде венчурлік  қаржыландырудың негізгі үш орталығы бар, олар: АҚШ, Канада, Европа мен Оңтүстік-Шығыс Азия. Осы мемлекеттер әлемдік венчурлік нарықты қаржыландырып, бақылап отыр. Көп инвесторлардың назарын даму перспективасы жөнінен Израиль, Индия, Австралия елдері қызықтырып отыр. Ал, мамандар көзқарасы бойынша Қытай әлі күнге дейін шешілмеген мәселе ретінде қалып отыр. Ал, Таяу Шығыс елдері (Израильден басқа), Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттері венчурлік инвесторларды қызықтыра алмай отыр.

АҚШ, Нидерланды, Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания елдері әлемдегі ең ірі жоғары сапалы технологияларды  экспорттаушылар болып табылады. АҚШ ең көп тәуекелге бел буатын болғандықтан, венчурлік бизнес саласы да бірінші орында. Елдің ғылыми- техникалық даму әлеуеті сәйкесінше сол елдің инновациялық жобаларының жүзеге асырушылық мүмкіндігін сипаттайды. 

Тәуекелдің жоғары болу себебінен венчурлік инвестициялау  несиеге қарағанда жоғары процентке ие болады, жылдық табыстың 25-35% құрайды (дәл пайызы инвестиция тағайындалу кезінде бекітіледі).

Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын  бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ  Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.

Информация о работе Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы