Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:41, курсовая работа

Описание работы

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Венчурлик бизнес.doc

— 440.50 Кб (Скачать)

Жалпы «Инновация» ұғымы  ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.    

1-ші кезеңде іргелі  ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар  жүргізілді.

2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік  жұмыстың соңғы іске асуына  мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары  мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.

3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.

4-кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.

 Шағын инновациялық  кәсіпкерліктің формаларына келетін  болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.

 Бірінші формасы  ескі қызмет етуші компаниялар  негізінде мүлдем жаңа шағын  кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен  сипатталады.

 Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.

Екінші форма тәуекелділік-венчурлік  фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты.      

Тәуекелділік- венчурлік  фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.

       Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен  айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар  жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша  мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі  зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.

       Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сегмент - бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциялық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.

 

Кесте 4. Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

Корсеткіштер 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7 590,6

10 213,7

12 849,8

15907,0

15 887,78

21 513,50

Зерттеулер мен әзірлемелерге  жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

21 527,4

24 799,9

26 835,5

34 761,6

38 988,7

33 466,8

жалпы ішкі өнімге пайызбен

0,28

0,24

0,21

0,22

0,24

0,16

Зерттеулер мен әзірлемелерді  орындаған ұйымдар саны

390

437

438

421

414

424

Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам

18 912

19 563

17 774

16 304

15 793

17 021

соның ішінде:

           

зерттеушілер

11 910

12 404

11 524

10 780

10 095

10 870

одан:

           

 ғылым докторлары

1 106

1 157

1 166

1 191

   1 338

1 347

 ғылым кандидаттары

3 018

3 147

3 058

2 861

   2 734

3 041

Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі  қаражаттары, млн. теңге

14 584,2

19 247,7

18 782,0

19 176,7

22 003,3

22 810,9

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың  орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

 

 

 

 

 
       

 

 

  

Зерттеулер мен әзірлемелер

 

41 512,0

 

51 400,0

 

64 108,0

 

81 810,0

 

90 325,0

 

-

Жоғары білім

30 312,0

36 007,0

45 557,0

50 877,0

60 720,0

-




         ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 35 бірлікке артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге өскен.  Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 8,76 адамға кеміген.

         Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2008 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті (сурет 2).

Сурет 2. Ғылыми-техникалық  жұмыстарды үйлестіру құрылымы

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.

 Көптеген отандық  зерттеулер мен әзірлемелердің  нақты нарықтық талаптар мен шарттарға бағдарлануы әлсіз және ғылымды қажетсінетін импортты өнімдермен және қызметтермен бәсекелесе алмайды.

Дайын ғылыми әзірлемелерді  өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі  уақытта ғылыми әзірлемелердің тек  аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда  инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет.

Кесте 5.  1990- 2009 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн теңге)

 

Көрсеткіштер

1990ж.

1995ж.

2000ж.

2009ж.

2009 ж 2000 жылға өсу/кему  қарқыны (%)

Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы

395,4

2983,1

6100,5

29591,3

485,1

соның ішінде:

         

ғылыми-зерттеу жұмыстары

214,2

1739,7

3764,5

17174,4

456,2

соның ішінде

         

Іргелісі

40,2

396,1

809,6

3461,1

427,5

қолданбалы зерттеулер

174

1343,6

2954,9

13713,3

464,1

жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстар

99,7

496,6

1205,9

8555,8

709,5

бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау

21,1

117,1

198,9

482,8

242,7

құрылысқа арналған жобалық  жұмыстар

40,8

536,0

231,7

1237,9

534,2

ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер

19,6

92,5

699,4

2140,1

306


        2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте 5)

 Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде  ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады.

Кесте 6. 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың бас кезеңі бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлердің саны

 

 

ҚР және облыстары

 

 

Заңды тұлғалар

Кәсіпкерлік және фермерлік

   Жұмысшылар саны (мың адам)

2008ж.   соңы

 

2009ж. басы

 

2008 ж.  соңы

 

2009ж. басы

 

Заңды тұлғалар

Кәсіпкерлік және фермерлік

 

 

 

   Барлығы

ж/с

ж/б

ж/с

ж/б

ж/с

ж/б

Республика бойынша:

106453

109041

214528

222418

536,1

549,8

710,0

731,1

1246,1

1280, 9

Оның ішінде:

 

 

1. Ақмола обл.

1519

1524

7224

7266

76,6

7,7

22,1

22,1

29,7

29,8

Ақтөбе

5429

5448

12440

12695

29,9

30,5

22,2

22,4

52,1

52,9

 Алматы обл.

5043

5069

24630

27104

23,4

24,0

77,2

81,3

100,6

105,3

Атырау

2650

2631

8278

8330

11,5

11,5

14,7

14,8

26,2

26,3

Шығыс Казақстан обл.

13061

13178

27223

27223

27,5

27,5

126,1

126,1

153,6

153,6

Тараз қ.

2861

2863

14566

15051

14,1

14,3

54,3

55,6

68,4

69,9

 Батыс Қаз. обл.

3400

3450

6627

7220

20,1

20,3

40,5

42,1

60,6

62,4

Қарағанды

12799

12799

17606

17606

62,4

62,4

56,5

56,5

118,9

118,9

Қызылорда

1983

2028

5135

5158

20,1

20,1

28,2

28,2

48,3

48,3

Қостанай

2859

2833

16462

16799

22,8

23,0

43,9

44,2

66,7

67,2

Маңғыстау

3505

3354

2246

2312

16,6

16,7

3,4

3,5

20,0

20,2

 Павлодар

6265

8554

10045

10623

16,2

21,4

21,5

22,1

37,7

43,5

Солтүстік Қаз. обл.

5824

5907

11730

11578

30,4

30,4

33,9

34,8

64,3

65,2

Оңтүстік Қаз. обл.

12701

12211

35955

38070

123,6

129,9

129,0

137,7

252,6

267,6

Алматы қ.

22574

23144

10787

11715

88,6

88,6

32,4

35,3

121,0

123,9

Астана к.

3980

4048

3574

3668

21,3

21,5

4,2

4,4

25,5

25,9


Мұны 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың бас кезеңінде  жеке кәсіпкерлер саны мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды тұлғаларға) қатысты статистикалық мәліметтер дәлелдейді. 2008 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 36,7%-ға өскен. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр. Тіркелген шағын кәсіпкерлік және фермерлік субъектілердің үлес салмағы аталған облыстар бойынша, сәйкесінше, 17,1%, 12,2%, 12,2% құрап отыр (кесте 6).

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Ал 2009 жылдың бас кезінде экономиканың шағын  бизнес секторында жұмыс істейтіндердің саны 1280,9 мың адамды құрды, оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мың адамға жетті. Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыс, қызмет) өндіру көлемі мен түрі және салалар мен шаруашылықтар бойынша таралымына қарағанда олардың көбісі сауда (72,8%),  өнеркәсіп (6,7%) және құрылыс (4,1%) салаларына шоғырланғандығы байқалады.

 

       2.2 Инновациялық жобалар

       

        Инновациялық жобалар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға, немесе оның техникалық деңгейін жоғарлатуға, жаңа технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына бағытталған.

       Ұлттық Инновациялық Қор ИЖ-ды қаржыландыруды жарғылық капиталда заңды тұлғаның жарғылық капиталының қалыптасу немесе көбею кезінде акцияны үлесті сатып алу жолымен немесе қаржылық лизинг жолымен бақылаусыз үлестік қатысу түрінде іске асырады.   

      2007 жылғы жағдай бойынша инновациялық кәсіпкерлік саласында баяу белсенділік байқалады. Атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішінде  жеке бірге инвесторлар «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен («ҰИҚ» АҚ) бірлесіп 11 жобаны жалпы сомасы 16 миллиард теңгеге қаржыландырды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі  2005 жылы 352 кәсіпорынды ғана инновациялық белсенді деп таныды, бұл елдегі кәсіпорындардың жалпы санының 4,4 %-ын ғана құрайды. Бұл көрсеткіш ЕС елдеріндегіден (орта есеппен 40 %) немесе  өтпелі экономикалы елдеріндегіден, мысалы Болгариядан (16 %) немесе Латвиядан (18 %) төмен.    Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін  ең алдымен тек ғылыми-техникалық қызметтің өнімі ретіндегі инновациялық жобаны айқындаудан арылу қажет. Сондай-ақ жоғары тәуекелді жобаларды қаржыландыруға отандық және шетелдік жеке инвесторларды тарту тетігін әзірлеу қажет. Технологиялық инновацияларға келетін болсақ, кәсіпорындардың қазіргі кездегі инновациялық төмен белсенділігін ескере отырып, мемлекет бастапқы кезеңде осы секторлардағы зерттеулерге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің 100 %-ына дейін, алайда кәсіпкерліктің мүдделі өкілдерін зерттеулерді қаржыландыруға неғұрлым кейінгі сатыларда біртіндеп қоса отырып, олармен тұрақты диалог жасау шартымен қаржыландыруға тиіс. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін елде мемлекеттің және жеке меншік бизнестің қатысуымен тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет.  Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге    негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың   индустрия  және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.   ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.  Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас  тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.         Қазақстанда ғылымға бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің 1,1 пайызынан аспайды,  яғни ғылыми-техникалық қызметі елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмай отыр. Оның басты себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

Информация о работе Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы