Валютная система РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыпта суымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байла ныстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................... 3
1. Валюталық жүйенің мән – мағынасы, реттеу құралдары ...............................
1.1. Валюталық жүйенің мәні, негізгі элементтері,
валюталық бағам түрлері ..................................................................................
1.2. Валюталық бағамның экономикаға әсері ...................................................
2. Қазақстан Республикасының валюта нарығына талдау жасау
2.1. Валюта нарығының динамикасын талдау ................................................
3. Валюталық жүйенің қайшылықтары, оларды шешу жолдары ......................
3.1 ..............................
3.2. ................................
Қорытынды ...............................................................

Работа содержит 1 файл

Курсовая Валютная система.doc

— 256.50 Кб (Скачать)

    Төртiншiден, Қазақстанның Халықаралық валюта қорына мүше болуы инвестиция құйылымының  кеңею жағынан өте маңызды. Валюталық  шектеулердiң жойылуы, шетелдiк инвесторлардың капитал салудан түскен пайдасын сыртқа шығару құқығын заң жүзiнде мойындау болып табылады.

    Берiлген жоспарлардың iске асуы, қазақстандық теңгенiң халықаралық статусының көтерiлгенiн бiлдiретiн болады, оның толық конвертациялануына жетуiнiң  маңызды жылжуы, ал елдiң валюта рыногi өзiнiң көрсеткiштерiмен халықаралық  стандартқа жақындай түседi. Бiрақ та валютаның толық конвертациялануы заң актiлерiмен жасалмайды. Ол-ел экономикасының табиғи дамуының нәтижесi. Егер елдiң экономикалық жағдайын ескерсек қазақстандық теңгенiң конвертациялануы жайлы мәселенiң жақын арада есептей алмаймыз. Тәжiрибе көрсеткендей дамыған елдердiң өзiнде өз валюталарының шектелгеннен толық конвертациялануына өтуiне бiрнеше онжылдықтар кеткен.

    Қазақстандық  теңгенiң конвертациялануының қазiргi деңгейi, елдiң әлемдiк валюта рыногiндегi операцияларға толық құқықты қатысуын қамтамасыз ете алмайды. Халықаралық қаржы-валюта және несиелiк қатынастар саласында стратегиялық мақсат теңгенiң iшкi конвертациялануы емес, сонымен қатар сыртқы конвертациялануы. Бұл жолдағы  маңызды саты, ТМД елдерiнiң валюта одағының құрылуы.

    1995 ж. қыркүйек айында Қазақстан Республикасында, Алматыда ашылған “Telerade D.J. Int’l LTD” дилинг-центр компаниясы арқылы халықаралық валюта нарағына шығу мүмкiндiгi пайда болды.

    “Нарты  уақыт” (“спот”операциясы) режимiнде  келiсiм жасайтын жай және заңды тұлғалар компанияның клиенттерi бола алады. АҚШ долларына (әлемдiк резервтiк валюта есебiнде) қатысты бағамы белгiленген төрт валюта бойынша; ағылшын стерлинг фунты (STG), жапондық йена (JPY), швейцариялық франк (SFR) және евро (EUR).

    Барлық  операциялар үшiн есеп айырысу валютасы АҚШ доллары болып табылады.

    Шын мәнiсiнде барлық келiсiмдер спутниктiк  телефон байланысы арқылы басқарылатын шетелдiк принципал-компания арқылы халықаралық банкаралық валюта рыногiнде  жүзеге асады.

    Валюталық нарық бойынша ақпаратпен қамтамасыз ететiндер: банкаралық валюталық бағамдар, комментарилер, репортаждар мен ағымдағы жаңалықтарға маманданған “Don Jones Telerade” концернi, ағымдағы валюта бағамынан басқа техникалық және компьютерлiк анализ жасайтын құрал-сайман жиынтығын ұсынатын “Trade Station”.

    Халықаралық банкаралық қаржылық операциялар нарығында  сауда кейбiр белгiленген валюта көлемдерi-лоттармен жүзеге асады. Чикагоның  Сауда Биржасының (СМЕ) бөлiгi болып  келетiн Халықаралық валюта рыногiмен  белгiленген әрқайсысының мөлшерi бар. Лоттар сәйкесiнше:

          STA              125000                EUR                    125000

          SFR               250000                JPI                       25000 000

          STGIJRY      125000                CTGIEUR           125000 
       

2. Валюталық бағамдар нарығын реттеу

2.1 Валюталық бағамдар режимдерi

 

    Айырбас бағамы режимiнiң нұсқасын таңдау екi факторға тәуелдi болады:

    1. Елдiң экономикалық мүмкiндiгiне, оның әлемдiк аренадағы жағдайына  және дамыған елдер тобына  жататындығына байланысты.

      2.   Аталған ел шеңберiндегi уақытша ара-қашықтыққа сәйкес.

    Айырбас бағамы режимiнiң нұсқасы аталған  ел үкiметiнiң қатысу дәрежесiне байланысты iрiктеледi. Осыны есекре отырып, айырбас  бағамы режимiнiң үш нұсқасын бөлiп  көрсетуге болады:

1. Бағамды  ел үкiметi анықтайды;

2. Режимдi белгiлеуде үкiметтiң араласыу (ерекше) белгiлi орынды алады;

3. Үкiметтiң араласуы толық түрде болмайды, яғни бағам режимiн нарықтың өзi анықтайды.

    1-нұсқа: Бiр шетел валютасына немесе бiр мезетте бiрнеше валютаға қатысты шараларды қамтиды. Үкiметтiң араласуы девальвация шараларымен шектеледi. Сонымен бiрге үкiмет-елдiң приоритеттiк сауда серiктестерiмен бiрге инфляция қарқынындағы айырмашылықты салыстырады.

    2-нұсқа: Кей жағдайда үкiмет елдiң приоритеттерiн ескере отырып, қалқымалы бағамды еркiн түрде реттейдi

    3-нұсқа: Ел валютасының еркiндiгiн көрсетедi. Бұл кезде бағамды валюталардың сұранысы мен ұсынысын ескере отырып, нарықтың өзi белгiлейдi. Аталған айырбас ағамы режимiнiң әр қайсысының артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Сондықтан оларды мiндеттi түрде қарастыру керек.

    Тұрақты бағам режимiнiң  төмендегiдей артықшылықтары бар:

    -сандық  тұрғыда анықталғандығы ;

    -валюталық-қаржылық  саясатқа деген жоғары сенiмдiлiктi күшейтедi.

    -соңғы  артықшылық несие беру мен  үкiметтiк шығындарды бақылау  қажеттiлiгiнен туындаған. Сонымен бiрге тұрақты бағам режимiнiң артықшылығы инфляциянытежеп тұруда айқын көрiнiс тапты. Валюталық-қаржылық саясатқа деген жоғары сенiм, еңбек нарығы мен қаржылық нарықтарда болуы мүмкiн инфляциялық процестердi жеңiлдетедi. Бiрақ бұл режимнiң төмендегiдей кемшiлiктерi бар.

    Ел  белгiлi бiр экономикалық оқыс жағдайларға  тап болғанда, оған қарсы тұруға қабiлетсiз болады. Оның бiрден бiр  себебi экспорттық нарықтарды жоғарылатуы  және тұрақты бағамды демейтiн  валюталық резервтердiң жеткiлiксiздiгi. Бұндай құбылыс iшкi бағалардың күрт төмендеуiн туындатады. Ал бұл төмендеу өз ретiнде өндiрiстiң тоқырауы мен жұмыссыздар тобының күн санап өсуiнiң алғы шарты болып келедi. Осыдан тұрақты баға режимiн белгiлеу кезiнде валюта санын нақтылауға қатысты проблема туындайды. Белгiлi бiр елде валюта белгiлi бағамын белгiлеу төмендегiдей сипатталады:

    А.Барлық қаржылық нарықтардағы компаниялардың түсiнуi үшiн бұл саясат өте қолайлы;

    Ә. Бағамдарды үкiметтiк реттеу мүмкiндiгi елеулi қысқарады;

    Б. Саудадағы айырбас бағамының теуiлдiлiгi қысқарады, өйткенi валюта бiрлiгi бағамын белгiлеу iрi сауда секiктесi үшiн ыңғаылы болады;

    В. Валюта бiрлiгi бағамының өзгерiсi айналымдағы  барлық валюталарға қатысты iшкi валюта бағамының өзгеруiне әсер етедi. Бұл саясатпен салыстырғанда,валюталар кәрзенкесiн белгiлеуге байланысты тұрақты бағам саясаты төмендегi параметрлермен сипаталады:

    А. Шетелдiк инвесторлар бұл саясатты ауыр қабылдайды, өйткенi олардың пiкiрiнше, валюталар кәрзенкесiнiң кеңiнен  танымал болмауына байланысты билеушi органдар валютарларды реттейдi. Мұндай жағдайларда шетелдiк серiктестер девальвацаның мүмкiндiгiн айқындайды;

    Б. Бұл саясат бiр ғана валюта құнының  көтерiлу тәуекелдiлiгiн жояды.

    Тиiсiнше, ол елдiң барлық сауда серiктестерiмен  болатын келiсiмдердi реттеу iсiнде өте қолайлы. Бiрақ валюта құнының жоғарылауы экспорттың азаюына, импорттың өсуiне әкелiп соғады, соның салдарынан елдiң төлем балансы нашарлайды.

2.2. Валюталық интервенция.  

    Валюталық бағамдарды реттеу әдiстерiнiң бiрi-ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында валюталық бағамның қызмет етуiне Орталық банктiң араласуын талап ететiн операциялар.

    Бұл жағдайда, егер валюталық нарықта  шетел валютасының ұсынысы көп  болса, онда орталық банктер оны  сатып алады да қайта салады. Ал, шетел валютасының ұсынысы төмендеген жағдайда, орталық банк шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты теңестiредi және шетел валютасы бағамының өзгеруiн шектейдi. Валюталық саясаттың бұл формасы бiр елдiң орталық банксi немесе бiрнеше мемлекеттердiң банктерiмен жүргiзiледi. Мысал ретiнде, Европалық валюталық жүйенi алуға болады. Европалық жүйенiң орталық банктерi валюталық интервенция көмегiмен өз валюталарының бағамын тұрақты шектер көлемiнде ұстап отырады. Валюталық интервенцияны жүзеге асыру кезiнде валютаны таңдап алу қажет. Ол халықаралық валюталық жүйедегi берiлген валютаның орнына интервенция мақсатына және қалыптасқан институционалдық ортаға байланысты болады. Осылайша орталық банктердiң көбiсi банкаралық нарықтардағы немесе диллер, брокер арқылы валюталық интервенция ретiнде анықтайды. Бұл кезде ақпарат жасыран болып, операциялардың құпиялылығын ескеруi тиiс. Валюталық интервенцияны қолданудың белгiлi шектеулерi бар. Яғни ол ресми валюталық резервтердi туындатады. Тиiсiнше валюталық резервтердiң көмегiнiң жеткiлiксiздiгi жағдайында көптеген мемлекеттер валюталық шектеулердi қолдану iсiне ден қояды.

    Валюталық шектеулер заңды немесе әкiмшiлiк ретiмен мемлекет тарапынан белгiленген шаралар мен ережелер. Оны қолданудың шарты-сыртқы төлемдерiмен түсiмдердi теңестiру мақсатындағы төлем балансының созылмалы iрi тапшылығы болып табылады. Ресми бағам бойынша, экспорттық түсiмнiң орталық банкке берiлетiн сату талаптарының 100 процентiнiң белгiлi бiр шектерiне дейiнгi валюталық шектеулердiң түрлерi өте көп

    Валюталар девальвациясы мен револьвациясы. Көптеген елдер сыртқы дүние мен халықаралық экономикалық қатынастарын дамыта отырып, әр түрлi елдерде инфляцияның әр түрлi дәрежесiмен кезiгедi. Бұл жағдайда, егер тұрақты валюталар бағамының режимi қолданылса, онда орталық банктер өздерiнiң ұлттық валюталарының ресми бағамын қайта қарау қажеттiлiгiн сезiнедi. Өйткенi, шынайы нақты бағамдар ресми бағамнан ауытқиды. Валюта бағамының құнсыздануы нақты түрде ұлғаятыны белгiлi. Ал, жылдам қарқынмен инфляцияға ұшырайтын валюталар күрт төмендейдi. Осындай жағдайда валюталық бағамға қатысты операцияларға түзету жүргiзу немесе девольвациямен револьвация қажеттiлiгi туындайды. Девальвация-бұл ұлттық валюта бағамын ресми түрде төмендету операциясы. Ал, ұлттық валюта бiрлiгiнiң бағамын шетел валютасына немесе есеп айырысу бiрлiгiне қатысты көтеру-ревальвация деп аталады.

    Әлемнiң  өзгермелi валюталық режимге өтуi салдарынан ревальвация сипатында  өзгерiстер болды, ұлттық шеңберде жүргiзiлетiн  бұп процесс аймақтық сипаттық шараға айналды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Валюталық реттеу 

  Валюталық реттеу  органдары

    1. ҚР-ның Ұлттық Банкi ҚР-сының заңдарына сәйкес ҚР-сындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы болып табылады.

    2. ҚР-сының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар ҚР-ның заңдарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады.

    Валюталық операциялар жүргiзуге қойылатын шектеулер.

  1. Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және

төтенше жағдайлар пайда болған реттерде ҚР-ның президентi кез-келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы.

  1. ҚР-ның Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу қоюға және экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
 

     Шетел валютасына байланысты қызметтi лицензиялау.

  1. Шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзудi лицензиялауды    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР-ның Ұлттық банкi жүзеге асырады.
    1. ҚР-ның Ұлттық Банкi бөлшек салданы және қолма-қол шетел

валютасы үшiн қызметтер ұсынуды жүзеге асыруға байланысты қызметтi, ҚР-ндағы валюта түрiндегi есеп шоттарымен қоса, олар тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар  шетел банктерi мен шетел қаржы институттарында резиденттердiң ашқан есеп-шоттарын, сондай-ақ валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтiун көздейтiн капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялайды.

    Қорытынды

 
 

      Валюта жүйесі дегеніміз валюта қатынастарының ұйымдастыру нысаны, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау. 
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. 
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашы лықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта жүйесі - эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Информация о работе Валютная система РК