Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 16:02, реферат
Транзит (лат. transitus-өту) –жүктерді, жолаушыларды апаратын жеріне жол-жөнекей аралық бекеттерде түсіріп, қайта тиемей (түсіріп қайта отырғызбай) тасымалдау. Мұндай қатнастардың қай мемлекет үшін болса да маңыздылығы өте зор екені белгілі. Сондықтан экономика дамуының маңызды бөлігі ретінде транзиттік қатынастарды қарастыруға болады.
Транзиттік экономика - қоғамның өндіргіш күштері дамуының нақты кезеңдеріне (сатысына) сәйкес келетін транзиттік қатынастардың жиынтығы.
3.1. Транзиттік экономиканың негізгі мәні.
3.2. ҚР-сы экономикасы үшін транзиттік экономиканың маңызы
3.3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары.
3.4. Трансұлттық қатынастарды дамытудың негізгі мәселелері.
- салыстырмалы арзан, бірақ, сапалы жұмыс күшінің болуы;
- екі үлкен нарықтық ортаның жақын орналасуы (Қытай мен Ресей);
- қолайлы гоесаяси орналасуы мен жақсы инфрақұрылым (сәл модернизацияны қажет етсе де);
- жеткілікті табиғи ресурстардың болуы;
- саяси тұрақтылық;
- отандық және шетел инвесторларын қарастыра отырып, мемлекет тарапынан бизнес бастамаларын қолдау;
Жалпы индустриалды – иновациялық даму өңдеу өнеркәсібі еліміздіің ЖІӨ-нің жылына 8 – 9 пайызы өсу көлемін қамтамасыз етеді.
Мемлекет индустриалды – иновациялық дамуды жүзеге асыруда ең басты екі мәселеге назар аударуы қажет:
- Біріншісі- экономиканы диверсификациялау жолымен дамыту.
- Екіншісі – қатаң қаржы саясатын жалғастыру.
Осыған орай ел Үкіметі өңдеу өнеркәсібін қайта құрылымдауға бағытталған экономиканың екі саласында да бірнеше құрылымдық өзгертулер жүргізілуде. Жоғарыда айтылғандай, индустриалды – иновациялық дамудың бағдарламасы мен үй мәселесі негізгілері болып табылады. Одан басқа, мұнай мен газ саласының қаржы ағымдары адам ресурыстарының білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік реформалар қызметі бағдарламаларына жұмсалып жатыр. Ұлттық қор да өз қызметін тиімді атқаруда.
Трансұлттық қатынасты дамыту барысында көңіл аударатын мәселелер:
- Қазір Қазақстанда шикізатты алу мен алғашқы өндіру салалары басым: энергетикалық және тау – кен, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері т. б. Экономикалық дамудың динамикасын сақтау үшін, ең алдымен айтылған салалардың технологиялық өзгерту деңгейін көтеру, ал екіншіден өндірістің шикізат емес секторларын ғылыми және жоғары тахнологиялық өндіріске бағыттап дамыту керек;
- Шетел инвестицияларын ел экономикасына көп мөлшерде тартпасақ, даму бағдарламасын жүзеге асыру қиынға соғады. Сондықтан да Қазақстан жағдайына сәйкес инвестициялық ортаның қалыптасуына мемлекет ерекше көңіл бөлуі керек. т.б.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономиканының әрі қарай дамуы үшін басты міндеттердің бірі - әлемдік экономикалық үрдістерде белсене қатысуда, өйткені жабық экономика жағдайында мемлекеттің дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүше ретінде қабылдану мақсатында іс-шаралар жүргізуде. Келіссөздер де жүргізуде АҚШ, Еуропалық одақ мемлекеттері, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Мексика, Чехия, Словакия, Эстония, Пакистан сияқты мемлекеттер қатысады. Негізгі мақсат - барлық мемлекеттермен сауданы жандандыру, тиімді инвестициялық саясат жүргізу т.б.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Транзит
Транзиттік экономика
Индустриалды – инновациялық даму
Транспорттық- коммуникациялық кешен
Трансұлттық қатынас
Темір жол транспорты
Автокөлік транспорты
Әуе транспорты
Су транспорты
Минералды – шикізат базасы
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Транзиттік экономиканың негізгі мәні.
2. Қазақстанның басты стратегиялық мақсаты.
3. ҚР экономикасы үшін
4. ХХІ ғасырдың сауда жолдарына сипаттама.
5. Трансұлттық қатынастарды дамытудағы кемшіліктер
6. Трансұлттық қатынастарды дамытудағы артықшылықтар.
7. «2003 – 2015 жылдарда Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму стратегиясының» мақсаты
Информация о работе Транзиттік экономиканың мәні және Қазақстан Республикасы үшін маңызы