Транзиттік экономиканың мәні және Қазақстан Республикасы үшін маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 16:02, реферат

Описание работы

Транзит (лат. transitus-өту) –жүктерді, жолаушыларды апаратын жеріне жол-жөнекей аралық бекеттерде түсіріп, қайта тиемей (түсіріп қайта отырғызбай) тасымалдау. Мұндай қатнастардың қай мемлекет үшін болса да маңыздылығы өте зор екені белгілі. Сондықтан экономика дамуының маңызды бөлігі ретінде транзиттік қатынастарды қарастыруға болады.
Транзиттік экономика - қоғамның өндіргіш күштері дамуының нақты кезеңдеріне (сатысына) сәйкес келетін транзиттік қатынастардың жиынтығы.

Содержание

3.1. Транзиттік экономиканың негізгі мәні.
3.2. ҚР-сы экономикасы үшін транзиттік экономиканың маңызы
3.3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары.
3.4. Трансұлттық қатынастарды дамытудың негізгі мәселелері.

Работа содержит 1 файл

транзитт3к.doc

— 100.00 Кб (Скачать)

Қазақстанның 2010 жылға жоспары бойынша мұнайды  экспортқа шығару көлемі 85 млн. тоннаға дейін ұлғаяды деп болжануда. Аса маңызды мәселенің бірі  жаңа экспорттық мұнай құбырын енгізу болып саналады. Ол мына бағыттар арқылы жүреді: Қазақстан  - Баку – Тбилиси – Жейхан; Қазақстан – Түркменстан – Иран.

Қазақстанның экспорттық саясатының тағы бір маңызды факторларының бірі – газ ресурстарын әлемдік нарыққа шығару. 2004 жылы газ құбырларының магистралы арқылы өтетін газ тасымалдаудың жалпы көлемі 121,4 млрд.м құрады. Газ транспортының жүйесінде «Орталық Азия- Центр» –газ құбыры маңызды рөл атқарады.

Қазақстан қазіргі кезде  танкерлік флоттың дамуына үлкен  көңіл аударып отыр. 2004 жылы «Астана» атты бірінші Қазақстандық танкер салынып, оның ұзындығы 149 м. және де сыйымдылығы  12 мың тоннаға дейін жетті. 2007 жылға қарай осындай танкерлердің саны беске жетеді деп жоспарланып отыр. Біздің мемлекетте  өзіміздің танкерлік флотын құру арқылы  біз мұнай экспорттауды әлемдік нарыққа шығара аламыз.

Энергетикалық сектордың  тағы бір маңызды бөлігіне көмір  өндірісі жатады. Көмір өндіру жөнінен Қазақстан әлемде 9-орынға ие. Әлемдік нарықта республиканың өндірістік бөлігі 1,7 пайызды, ал ТМД елдерінің ішінде 15 пайызды құрайды. 1990 жылдары республика экономикасының төменгі деңгейде болуына байланысты Қазақстанда көмір өндіру көлемі азайып кетті. Оған қарамастан осы жүйеде құрылымды өзгерістер жүргізіліп, нәтижесінде нарықтық экономикаға өтуге, жүйенің тұрақты  деңгейде сақталуына әкелді.

2000 жылдан бастап  Қазақстанда көмір ресурстарының  көлемін игеру тұрақты  дамуда. Қазіргі кезде республикада 75 – 78 млн.тонна көмір өндіріледі, оның сапасы жақсартылды, оны импорттау деңгейі  төмендеді. Көмір аса маңызды стратегиялық қуаттың көзі болып табылады. Көмір жүйесін дамыту стратегиясына сәйкес оны өндіру көлемі 2006 жылға қарай 82 млн. тонна 2010 жылға қарай 90 млн.тонна болмақ. Ал 2015 жылы  95 млн. тоннаға дейін өндіру жспарланып отыр. Өткен жылы сыртқы нарыққа 23 – 24 млн. тонна отандық көмір шығарылды. Көмірді экспорттау географиясы кеңейді. Ресейден басқа, Румыния, Польша, Чехия және Турцияға көмір өнімдері жеткізіледі.

Республика  минералды  шикізат базасына өте бай, ол- өндіргіш күштердің негізгі дамуы, экономиканың басты компоненті және ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тәуелсіздіктің гаранты болып саналады. Бүгінгі күнде мемлекеттік баланс 100 – ден астам пайдалы қазбаларды тіркеді, олардың жылдам қайта өндірілуіне қарамастан пайдалы қазбалардың қоры азаймайды. Тәуелсіздік жылдары кезінде алтын, никель, кобальт, марганец, мырыш, титан, цирконий қорларының көлемі ұлғайтылды.

Бүгінгі күні темір, марганец, хром рудасымен қамтамасыз ету  70 жылдан астам уақыт бойы қолданылуда. Оны өндіру көлемін 1,5 есе ұлғайтса да ол жеткілікті болады. Республика хром, ферроқорытпа өндіруде әлемдік нарығында тұрақты орын алады, темір, марганец, көмір, алюминий жөнінен аймақтық нарыққа әсер ететін ірі алтын қорларына бай.

Қазіргі кезде  әлемдік нарықта  «Испат Кармет» атты ірі кәсіпорынның өнімдері,  «Казцинк», «Қазақмыс» корпорациясы, «Жезказганредмет», «Южполиметалл» (висмут өндіруінен),АҚ «Алюминий Казахстана», Соколов- Сарыбай   ГПО (темір рудасы) белгілі. Қазақстанның металлургиялық өнімдері экспорттың ең басты мәселесіне айналды, ол жалпы көлемнің 22 пайызды құрады. 

 

3.3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары. 

 

Соңғы жылдары  Қазақстанда байқалған экономикалық өрлеу сыртқы сауда көлемінің  ұлғаюына себеп болды. Сондықтан  да Қазақстан Республикасы дүниежүзілік  сауда ұйымына кіру үшін бүгінде мемлекет өз ресурстарын жинақтап, әлемдік талаптарға сәйкес келетін көптеген шаралар жүргізуде.

Қазақстан Республикасының  сыртқы сауда айналымдарының басты  көрсеткіштерін талдай отырып, келесі тенденцияны байқауға болады: 2004 жылы сыртқы сауда көлемі 32 877,5 млн АҚШ долларына жетті, ол 2003 жылмен салыстырғанда 54,1 пайызға  өсті. Соның экспорт көлемі 296,2 млн АҚШ доллары болса (55,5 пайызға өсті), импорт – 12 781,2 млн АҚШ доллары болды (52 пайызға ұлғайды).

Сөйтіп Қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушылары Швейцария (18,7 пайызы барлық экспорт көлемінен), Италия (15,5 пайызы), Ресей Федерациясы (14,1 пайызы), Қытай (9,8 пайызы) және Франция (7,3 пайызы)болды.

Республикаға  негізгі импорт көлемін жасаушы  Ресей (37,7 пайызы барлық экспорт көлемінен), Германия (8,2 пайызы), Қытай (5,9 пайызы), Украина (5,7 пайызы), АҚШ (4,4 пайызы) және Италия (3,3 пайызы) болды.

Қазірдің өзінде Қазақстан 50 мемлекетпен сауда –  экономикалық келісім- шарттар жасасты. Экспорт – импорт операциялары 177 елмен жүргізіліп, сауда айналымы әр түрлі (Жібек Жолы бойында орналаспаған) мемлекеттермен (Қытайдан басқа) жүргізілуде. 2005 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері БҰҰ даму бағдарламасының «Жібек Жолының аймақтық дамуы» жобасына өз үлестерін қосты. Осы бағдарлама екі жылға жоспарланған: басты мақсат 2005 – 2006 жылдары Орталық Азия мен Қытайдың үш негізгі экономикалық бағыттағы – сауда және транзит, инвестициялар және туризмді дамыту. Сонымен қатар елдердің тұрақты дамуы үшін жоспар құру - өзара қарым – қатынасты ұлғайтуды көздейді.

Ұлттық мамандардың  қолдауымен туристік сектордың  дамуының стратегиясы мен жоспары әзірленеді. Жоба негізінде жібек жолы бойындағы 8 – 10 қала анықталып, оларға жеке критерийлер бойынша  БҰҰ – ның «Жібек Жолы» қаласы деген атау беріледі. Бүгінгі күнде Қазақстанның даму қарқыны оны дүние жүзі елдерінің ішінен 66 – орынға қояды. Ел Президентінің «2030 стратегиясы» бойынша Оңтүстік  шығыс Азия елдері жолбарысының тәжірибесіне сүйеніп, біз үлкен жетістіктерге тек рационалды саясат пен экономика арқылы көзделген мерзім ішінде жете аламыз.

Қазақстанда жаһандану үрдісі даму жағдайында мемлекеттің аралақ интеграция мен мәдени және сауда - экокономикалық байланыстарын кеңеюі, географиялық орнының тиімді орналасуы, көлік кешенінң техникалық жабдықталуы; әлемдік нарықта  отандық транспорттық – коммуникациялық кешенінің бәсекелестік қабілетін арттыру және республика территориясы арқылы тауар айналымын ұлғайту. Бұл «Қазақстан 2030» стратегиясына сәйкес мемлекеттік дамуының бірден – бір ұзақ мерзімдік экономикалық міндеті болып табылады.

Каспий теңізіндегі мұнай мен газдың бай қорлары осы аймақтың геосаясаттағы және әлемдік энергетикадағы маңыздылығын анықтады. Бүгінде Каспийдегі анықталған мұнайдың жалпы көлемі 4 млрд. тоннаны немесе әлемдік қорлардың 2,6%-ын құрайды. Каспийдің бай ресурстарын игеру мәселесі оларды әлемдік нарыққа тасымалдау мәселесімен тығыз байланысты. Бұл әсіресе әлемнің  су жолдары арқылы тасымалдаудың орталық жолына тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ Қазақстан, Түркіменстан және Әзербайжан секілді құрлық ішінде орналасқан мемлекеттер үшін аса өзекті және бұл саяси мағынада да, экономикалық мағынада да, олардың жағдайларын анағұрлым қиындата түседі. Қазіргі таңда Қазақстанның мұнай ресурстарының 81 пайызы мұнай құбырлары арқылы, 12 пайызы темір жол арқылы және шамамен 7 пайызы су көмегімен тасымалданады.

Қазақстан мынадай  себептерге байланысты мұнай тасымалдау жолдарын дамытуға мүдделі:

Экономикалық  тиімділік. Қазақстан мұнай өндіру көлемін мақсатты түрде ұлғайтып отыр. Егер 2003 жылы Қазақстандағы мұнай компаниялары шамамен 52 млн. тонна мұнай өндірсе, 2004 жылы шамамен бұл көрсеткіш 55 – 57 млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қазақстан республикасы энергия және минералды ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылға таман еліміздегі жыл сайынғы мұнай өндіру көлемін кем дегенде 150 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, ал қазіргі кездегі құбырлар жүйесі Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың жалпы көлемінің 70 – 80 млн. тоннаға пара - пар көлемін өткізуге мүмкіндік береді. Осыған орай тасымалдау инфрақұрылымын дамыту республика үшін күннен – күнге өткір мәселеге айналып отыр.

Саяси тиімділік.  Мұнай құбырлары жүйесін диверсификациялау саяси тиімділікке байланысты да қажет. Қазақстан үшін дербес сыртқы саясат жүргізу және транзиттік елдердің  территориялары арқылы мұнай тасымалдауды болдырмау, сыртқы күштердің республикаға ықпалын мүлдем жою немесе азайту аса маңызды. Мұны ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі деп қарастырған абзал.

Қазіргі кезде  Каспий көмірсутектерін әлемдік  нарыққа тасымалдауға байланысты әр түрлі экономикалық және саяси артықшылықтарға ие. Қазақстан мұнайын тасымалдау жүйесі бүгінгі күнде екі негізгі бағытта жұмыс атқарып, дамып отыр: Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік.

Транзиттік  тасымал көлемінің темір жол  жүйелері негізінде ұлғаюының алғашқы  қадамдары Дружба – Алашанькоу темір жол торабының ашылуымен байланысты. Бұл торап мемлекеттік магистральдарға және ЕуроАзияттық құрлық жол жүйелерінің транспорттық бағыттарына қосылды. Бұл Еуропа елдерінің Тынық мұхит  - Азия елдерімен  сауда экономикалық байланысын қамтамасыз етеді.

Бұл аймақтар экономикасының тез дамуына  және олардың арасындағы тауар тасымалының  тез өсуіне мүмкіндік берді.

Темір жол бағыттарының басты ерекшелігі- теңізбен салыстырғанда, олардың жүкті жеткізу мерзіміне  аз уақыт шығындауы. Яғни егер де теңіз жолымен тасымалдаудың ұзақтығы 35 – 37 тәулік болса, транспорттық темір жол мен (Қазақстан мен Қытай арқылы)  жүкті жеткізу мерзімі 21 – 23 тәулікке дейін қысқарады, ол тасымалдау уақытын 12 - 13 тәулікке дейін қысқартады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының транзиттік потенциалын көтеруге байланысты және де Қазақстанның трансконтиненталдық тасымалдар нарығының  ұлғаюына байланысты «Қазақстан темір жол» АҚ- ның трансқазақстандық темір жолды Еуропалық стандарт бойынша салуды жобалады. Жол бағыты Ақтоғай – Мойынты – Қызыл – Жар – Жезқазған – Сақсакөл – Бейнеу – Ақтау - Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік  шекара – Қызыл – Қазандық – Қызылтерек – Торган. Темір жол құрылысы Қазақстан, Түркіменстан және Иран территорияларында жүзеге асады. Жаңа темір жол Шығыс Қытай мен Азия – Тынық Мұхит пен Еуропаның негізгі қалаларын  қосады. Сондықтан бұл жол Қазақстанның темір жолын трансконтинтальдық нарықтағы  өз үлесін ұлғайтады. Негізгі алғы шарттар болып: тасымалдауда жүктерді қайтадан тиемейтін технологияны енгізу және жеткізу мерзімінің қысқаруын айтуға болады.

Трансқазақстандық темір жол магистралін іске қосудың  бірінші бағыты бойынша келесі транзиттік тауар айналымдарды қамтиды:

-  Қытай, Иран, Түркия арасында (олар: құрылыс матариалдар, халық  тұтынатын тауарлар машина жасау өнімдері).

-  Азия мен Еуропа елдері арасында.  

-      Ресей мен Қиыр Шығыс елдері арасында (металлургия өндірісінің өнімдері, орман жүктері, құрылыс материалдары, тыңайтқыштар).

Мұндай ірі  жобалар   біздің экспорттық әлеуетімізді  көтереді. 

 

3.4. Трансұлттық қатынастарды дамытудың  негізгі мәселелері 

 

Отандық өндірісті  қайта жаңғырту үшін ел Президентінің  тапсырысы бойынша Қазақстан  Республикасының Үкіметі «2003 – 2015 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасының индустриалды – иновациялық дамуының стратегиясын»  бекітті. ( әрмен қарай - Стратегия )

Стратегияның негізгі мақсаты – экономика салаларын диверсификациялау арқылы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Бұл шикізат өндіру бағытынан  бірте – бірте бас тартып, жаңа технологиялық экономикаға көшу шараларын жүргізуге бағытталған.

Осы мақсатта мынадай артықшылықтарға  қол жеткізуге болады:

-   Қазақстан Республикасының Үкіметі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ресурстарды игеруде - қазақстандық компаниялар мен жергілікті мамандарды жұмысқа шақыруды басты мақсат ретінде қарастырып отыр. Ол жергілікті халық арасынан маман кадрларды дайындауға, нығайтуға мүмкіндік береді.

-   Сонымен қатар, республикада Қазақстан Республикасының 2004 – 2010 жылдарға мұнай – химия өндірісі саласын дамыту Бағдарламасы жүзеге асырылды. Мұнай – химия өндірісінің негізгі  облыстары  Оңтүстік  Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау болып табылады. Мұндағы экономикалық тиімділік ретінде мұнай қалдықтарын қалдырмау, оны тиімді пайдалану.

-   Республикамызда мұнайдан басқа секторлардың дамуында да үлкен жұмыстар жүргізілуде. Сол мақсатпен 2004 жылы ел үкіметі «Қазақстан экономикасында жұмыс істейтін және болашағы зор секторлардың бәсекелестік деңгейін бағалау және олардың дамуына қолдау жасау» деген жобаны ұсынды. Жобаның мақсаты – Қазақстан экономикасының мұнайдан басқа секторларының бәсекелестігін арттыру үшін нақты іс – шаралар жоспарын құрастыру болды. Жоба негізінде жеті перспективті кластер құру  бағыттары анықталды, ол «Туризм », «Тамақ өнеркәсібі», «Киім өнеркәсібі», «Металлургия», «Мұнай – газ машина құрылысы», «Құрылыс материалдары», «Транспорт логшистикасы» құрылысын дамыту.

-   Ел Президентінің Қазақстан халқына 18-ақпан 2005 жылғы жолдауындағы шараларды іске асыру үшін Индустрия және сауда министрлігі кластерлік дамудың жұмыс тобын құрастырды. Индустриялды – инновациялық  стратегияның жетекшісі ретінде олар бірқатар істерді жүзеге асырды. Мысалы, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстанның Инвестициялық қоры, Ұлттық Инновациялық қоры, Экспорттық сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты қаржы институттарының  дамуына  жол ашылды.

ТМД елдерінің  ішінде Қазақстан инвестициялық  ортаның ыңғайлы шарттары мен  ерекшеленіп, көшбасшы рөлін атқарады. Оған мысал ретінде халықаралық  рейтинг агенстволары  2002 жылы Moody's, 2004 жылы – Standard poor' s және Fitch – тің инвестициялық класс рейтингіне енгізілуі мен 2003 жылы Дүниежүзілік Банктің  Қазақстанды инвистицияға қолайлы 20 мемлекеттің қатарына қосуы дәлел бола алады.

Бүгінде Қазақстанның шикізат емес секторында да бірнеше ірі ТрансҰлттық Корпорациялар (ТҰҚ) бар, олардың ішінде «LG Electronics» «Coca- cola»  «Volkswagen Group»  «Knauf» «Samsung Electronics », т.б. сонымен қатар қазірде  «Пилкингтон», «Штайнерт», «Хайдельберг Цемент», «Итал Цемент» сияқты компаниялармен бірқатар жобаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп отыр. Ондағы Қазақстанның басты бәсекелестік жақтарын атайтын болсақ, ол:

Информация о работе Транзиттік экономиканың мәні және Қазақстан Республикасы үшін маңызы