Транзиттік экономиканың мәні және Қазақстан Республикасы үшін маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 16:02, реферат

Описание работы

Транзит (лат. transitus-өту) –жүктерді, жолаушыларды апаратын жеріне жол-жөнекей аралық бекеттерде түсіріп, қайта тиемей (түсіріп қайта отырғызбай) тасымалдау. Мұндай қатнастардың қай мемлекет үшін болса да маңыздылығы өте зор екені белгілі. Сондықтан экономика дамуының маңызды бөлігі ретінде транзиттік қатынастарды қарастыруға болады.
Транзиттік экономика - қоғамның өндіргіш күштері дамуының нақты кезеңдеріне (сатысына) сәйкес келетін транзиттік қатынастардың жиынтығы.

Содержание

3.1. Транзиттік экономиканың негізгі мәні.
3.2. ҚР-сы экономикасы үшін транзиттік экономиканың маңызы
3.3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары.
3.4. Трансұлттық қатынастарды дамытудың негізгі мәселелері.

Работа содержит 1 файл

транзитт3к.doc

— 100.00 Кб (Скачать)

ІІІ тарау. Транзиттік экономиканың мәні және Қазақстан Республикасы үшін маңызы. 

 

3.1. Транзиттік экономиканың негізгі мәні.

3.2.  ҚР-сы экономикасы  үшін транзиттік экономиканың маңызы

3.3.  ХХІ ғасырдың сауда жолдары.

3.4. Трансұлттық қатынастарды дамытудың негізгі мәселелері. 

 

3.1. Транзиттік экономиканың негізгі  мәні. 

 

Транзит (лат. transitus-өту) –жүктерді, жолаушыларды апаратын жеріне жол-жөнекей  аралық бекеттерде түсіріп, қайта тиемей (түсіріп қайта отырғызбай) тасымалдау. Мұндай қатнастардың қай мемлекет үшін болса да маңыздылығы өте зор екені белгілі. Сондықтан экономика дамуының маңызды бөлігі  ретінде  транзиттік қатынастарды қарастыруға болады.

Транзиттік экономика -   қоғамның өндіргіш күштері дамуының нақты кезеңдеріне (сатысына) сәйкес келетін транзиттік қатынастардың жиынтығы.        

 Қазақстанның  қазіргі жағдайында қандай да  бір экономикалық жүйеде өндірістік  инфрақұрылымның компоненті ретінде  транспорттық-  комуникациялық кешен маңызды рөл атқарады. Себебі біз  2,725 млн.  шаршы шақырым   жерді алып жатырмыз, халықтың тығыздығы орта есеппен алғанда 6 адам 1 шаршы шақырымға тура келеді, сонымен қатар еліміз шикізат және өндіріс ресурстарына бай мемлекеттердің бірі болып табылады, көлемді және динамакалық дамыған Еуропа мен Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің арасында орналасқан.        

 Ұлттық деңгейдегі  транспорттық жүйенің оңтайлы  дамымауы өндіріс сферасында  шығындардың ұлғаюына әкеліп  соғады, өндірістің басқа бөліктерінің  дамуына кедергі келтіреді. Әлемдік  ауқымда  транспорттық – коммуникациялық кешенде нақты интеграцияның болмауы аймақтық және аудандық транспорттық жүйеде ұлттық экономиканың әлемдік нарыққа кіруіне тосқауыл қояды, оның дамуына кедергі келтіреді.     

 Егемен Қазақстанның  болашақтағы экономикалық әлеуетінің  дамуы транспорттық кешеннің қарқынды дамуымен тығыз байланысты. Тек транспорттық кешеннің көмегімен өндірісті жан - жақты қалыптастыруға болады. Ондай жағдайда мемлекет төмендегідей шараларды жүргізуі керек:

-  өндіріс күшін тиімді орналастыру;

-  сыртқы және ішкі нарықтарда экономикалық байланысты қалыптастыру;

-  тауарды өндіру және сату мен тасымалдау;

-  капитал айналымын ұйымдастыру;       

Қазақстанның  басты стратегиялық мақсаты – экономиканың шикізат өндіру бағытын бәсекеге қабілетті тауар және қызмет өндіруге ауыстыру  болып табылады. Сонымен қатар тауар және қызмет өндіруде жаңа технологияларға  сай интеграциялық үрдістерді енгізу. Әлемдік экономикалық жүйеде осы аталған қызметтердің тиімді жұмыс жасауын транспорттық кешенсіз елестету  мүмкін емес.     

 Экономикалық саясатты  құруда транспорттық жүйенің даму үрдісінде мықты мультипликативті нәтиженің бар екендігін ескеруіміз қажет. Шаруашылықтың осы бөлігін ынталандыруда біз экономика саласының басқа бөліктерінің жылдам дамуына ықпал етеміз, соның әсерінен жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Қазақстан барлық транспорт түрлеріне ие, сондықтан  мемлекет елдің транспорттық – коммуникациясына, олардың  орналасуына және құрылымына қарай мемлекеттің ішкі және сыртқы транспорттық – экономикалық байланыстарына жауап бере алады. 1991-2001 жылдар аралығындағы экономикалық дағдарыс транспорттық- шаруашылық қатынастарына кері әсер етті. Барлық транспорт түрлерінің, тасымалдау көлемінің төмендеуі байқалады.

Соңғы кездегі  нарықтық қатынастың дамуы жүк тасымалының  нақты қажеттілігін көрсете алады.

Қазақстан Республикасындағы  трансұлттық қатынастардың жай-күйін  жеке салалар бойынша сипаттайтын  болсақ, олар төмендегідей:

Темір жол транспорты: Транспорттық жүйеде басты орынға темір жол ие. Соның ішінде 79 пайызы жүк тасымалы, 58 пайызымен жолаушылар тасымалданады.

Қазақстан темір жолы-  Қазақстан Республикасының ауқымды территориясын ескере отырып, өндірісте өнім өндіруді және шикізатты экспорттауға бағытталған. Сонымен қатар темір жол отандық экономикада басты стратегиялық орынға ие. Қолдануға берілген темір жол ұзындығы қазіргі кезде 13,6 мың шақырым, темір жолдың 80 пайызы  30 жылдан астам уақыт қолдануда, ал 22 пайызы  50 жылдан астам уақытқа жеткен. Нақты жол шаруашылығының нашарлауы күнен - күнге ұлғаюда, оның себебі уақытында нормативтік көлемде жөндеу жұмыстарының жүргізілмегендіктен.

Темір жол жүйесі Республикамыздың солтүстік аймағында  ауқымды дамыған. Себебі ол жерде  одақ жүйесіндегі шығыс, батыс магистралі өтеді. Басқа аймақтарда жүйе жеткіліксіз  орналасқан.  Темір жол жүйесі  орталық және шығысқа қарай, сонымен қатар Ташкент – Шымкент - Орал- Самара  бағыттарына меридианды орналасқан. Республикамыздың темір жол транспортының тиімділігі мен сапа факторының жоғарылауына коммерциялық салада монополиялық жағдайдың қалыптасуы кедергі келтіреді. Мұнда нарықтық жаңартулар аяқталмаған. Сондықтан  «Қ.Т.Ж.» құрылымды ұйымдарға бөлініп, нақты бәсекеге қабілетті салада қызмет ете алатын көлемді жұмыстармен  айналысуы қажет. Тапсырушы мен тасымалдаушы арасында жауапкершіліктің жақсаруы үшін қызметтің келісім- шарт түрінде болғаны тиімді.

Автокөлік транспорты:     Автокөлік транспортына келетін болсақ, ол да республиканың транспорттық жүйесінде басты орынды алады. Қолдануға берілген автокөлік жолдарының ұзындығы 85,2 мың. шақырымды  құрайды. Мемлекетаралық жолдардың жалпы ұзындығы   19 000 шақырымды құрайды, олардың ішінде халықаралық дәрежедегі жолдар  12 500 шақырым шамасында.

Автокөлік жолдарының жүйесінде 3000-нан  астам көпірлер және жол желілері орналасқан. 1991 жылы автокөлік транспорты үшін  ең оңтайлы кезең болып саналады. Себебі осы жылы ең ауқымды көлемде жүк тасымалданған. 1992 – 1994 жылдары жүк тасымалының көрсеткіші тым төмендеп кетті.

Қазіргі күнде  де транспорт тасымалының  көлемі төмен деңгейде деп саналуда. Өкінішке орай, Қазақстан белгілі бір көлемде транспорттық жүк тасымалы мен кірістен құр қалуда. Себебі транзиттік жүк тасымалының көбісі шетел автокөліктерімен Қазақстан арқылы өтеді. Автокөліктегі жүк тасымалының жалпы көлемі 5 пайыз  шамасында. Транзиттік салада жүк тасымалының көбі Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық мемлекеттер арасында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының транспортында бүгінгі күні 1,28 млн. автокөлік қолданыста, соның ішінде 70 000 автокөлік мемлекет меншігінде болып табылады, ал 1,210 млн көлік жеке меншік қолында. 

Автокөліктің басты мәселесіне құқықтық нормативтік базаның әлсіздігі жатады. Мемлекет дамыған елдердегідей жүк көлемін тұрақты реттей алмай отыр, ең бастысы халықаралық жолдарда автокөлік транспортының жүгі туралы ақпаратпен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар жүйелік бақылау қарастырылмаған. Әлемдік автокөлік жүйесіне ену бағытындағы интеграция сапалы түрде нақты іс-әрекеттің жақсаруын талап етеді.     

2001 жылдан бастап  мемлекеттік саясаттың басты бағдары – инфрақұрылымның дамуындағы сыртқы инвестициялардың қатысуымен автожолдардың байланысын қайта құрылымдау болып табылады. Алматы – Астана автомагистралін қайта құрылымдау басты жобалардың бірі болып саналды. Оны қаржыландыруға Әлемдік банк, Азиялық даму банкі, Ислам даму банкі және республика үкіметі қатысады. Сонымен қатар Алматы – Бішкек автокөлік жолын қайта құрылымдауға Еуропалық қайта құру, Әлемдік даму банкі және республика үкіметі қаржы бөлінді. Ал Батыс Қазақстанның автожолдық байланысын реконструкциялауға Жапонияның халықаралық қатынастар банкі мен Қазақстанның үкіметі қаржыландыруды өз қолына алды.

Су транспорты:    Қазақстанның транспорт жүйесінде су транспорты республикамызға орман материалдарын, сонымен қатар минералды құрылыс материалдарын, көмір, құрғақ жүк және Каспий теңізінде жүктің тасмалдануында үлкен рөл атқарады. Ішкі су жолдары 4 мың  шақырымнан аса жерді құрайды. Басты мәселе - шаруашылық байланысындағы және өнім көлемінің азаюы экономикадағы құрылыс деңгейінің  төмендеуі жүк тасымалын тым қысқартып жіберді. Жүк тасымалының төмендеуі кеншілердің техникалық жағдайымен де байланысты  және оларды қанағаттандырарлық жағдайда ұстап тұруға қаражат жетіспейді. Сонымен қатар Ақтау теңіз сауда портын реконструкциялаудың  бірінші басқышының (этапының) аяақталуы 8 млн. тонна сұйық жүкті, 1,5 млн. жеңіл жүкті тасымалдауға мүмкіндік берді.

Әуе транспорты.         Азаматтық авиация 49 000 шақырым  әуе жолдарына ие. Басты тасымал түрі – жолаушы тасымалы. Барлық жолаушы тасымалында әуе транспорты 13% - ға ие.Басты мәселе:- соңғы жылдары тасымал көлемі төмендеді. Себебі ішкі нарықта күнделікті рейстердің жиілігінің азаюында, ұшақ паркінің техникалық жағдайының төмендеуінде.      500 – ден аса ұшақтардың қазіргі кезде 52 пайызы ғана ұша алады. Қолданыстағы әуе көліктерінің көбі 21жылдан астам уақыт пайдаланылған.

Аэрофлоттың қызмет етуіне  ( Капустин Яр, Байқоңыр, Сарышаған ) полигондары кедергі келтіруде. Себебі оларды айналып өтуге басқа әуе жолдары  ашылған. Ол жолдар ұшу уақытын ұлғайтып, оған кететін жанармай шығындарын да көбейтеді. Транспорттық шаруашылықтың оңтайлы бағытта дамуы жалғасуда, заңды базасы шыңдалуда, сонымен қатар транспорттық жүйені басқару қарастырылуда. Транспорттық кәсіпорындардың нарықтық жағдайы қалыптасуда, бірақ нақты қатынастар жағдайына транспорттың дамуына байланысты көптеген мәселелер қанағаттандырарлық шешім таба алмай жатыр. 

 

3.2. Қазақстан Республикасы экономикасы  үшін транзиттік экономиканың маңызы 

 

Қазақстан экономикасына  оның географиялық және геосаяси орнына, Еуразиялық континентте оның табиғи – шикізат ресурстарының мол қорларына транспорттық кешенінің  тиімді дамуы ерекше  рөл атқарады.

Республика  үшін ең тиімдісі темір жол көлігінің  дамуы, өйткені мемлекет аралық тасымалдау төмен бағамен жүзеге асырылады. Тасымалдауды көбінесе көмір, мұнай, мұнай өнімдері сияқты тауарлар қажет етеді. Барлық жүк тасымалдаудың 68 пайызы  және жолаушыларды жеткізудің 57 пайызы мемлекеттің темір жол көлігінің үлесіне келеді. Магистральді темір жол байланысы мен тасымалдау функцияларын бір уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының операторы іске асырады. Ең басты тауар тасымалы – Орталық Азия республикалары мен Ресей арқылы, ТМД елдері мен Азия, оның ішінде Қытай көзге түседі.

Су транспортының  дамуы Қазақстан экономикасы  үшін өте маңызды. Ақтау порты бүгінгі күні республиканың басты нышаны болып саналады. Оның негізгі қызметі – Қазақстандық экспортты қайта өндіру. Болашақта осында транзиттік жүктердің көлемі ұлғая түседі. Ол үшін Еуропалық қайта құру және Даму банкінің көмегімен Ақтау портын қайта жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары өте қажет. Негізінде осындай жұмыстарды жүргізу су транспортының жетілуіне, оның дамуына игі әсерін тигізеді.

Әуе транспортын  алатын болсақ, ол мемлекеттің халық  шаруашылығына өте қажет. Қазіргі  кезде әуе транспортымен байланыста болмайтын халық шаруашылығының ешбір саласы жоқ. Халық шаруашылығының саласы мен мемлекеттің транспорттық жүйесі тікелей әуе транспортының тұрақты деңгейде дамуына байланысты.

Қазақстанда алтын  валюталық қордың көлемі ұлғайтылып (10 жыл ішінде олар 10 есе өсті) , бұлар мемлекетті нетто-кредитор ретінде көрсетеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып «Moodys Investor Services» халықаралық агенттігімен 2002 жылы инвестициялық деңгейдің рейтингін алды. Кейбір ақпараттық мәліметтер бойынша, әлемнің 135 мемлекеттерінің ішінде инвестициялық климатты жақсартуда Қазақстан Республикасы 5 алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып саналады.       Бүгінгі күнде мұнай - газ  өндірісі Қазақстанның шикізат саласындағы маңызды бөлігінің бірі. 2004 жылы осы саланың өнімі мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 93 пайызын құрады, ал мұнай және газды экспортқа шығару жөнінен 54,4 пайызы Қазақстандық экспорттың жалпы көлемін алды. Республика әлемнің ең үлкен 10 мұнайлы державаларының біріне кіреді. Көмірсутектік ресурстарды игерумен байланысты Қазақстанда мынадай трансұлттық корпорациялар жұмыс істейді: Эксон Мобил, Шеврон Тексако, Бритиш Газ, Тоталь, Фина Эльф, Аджип, Лукойл және тағы басқа. 2004 жылы Қазақстанда 59,17 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты игерілді, ол 2003 жылмен салыстырғанда 15,4 пайыға көбейіп, осындай көрсеткішке жетті. 2004 жылы газ өндіру 20,5 млрд. мқұрады, ол 2003 жылмен салыстырғанда 45,9 пайызға көп. Қазақстан 2010 жылы мұнай өндіруді жылына 1000 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлаған. Қазақстанда өндірілген мұнай – газ ресурстарының көп бөлігі сыртқы нарыққа экспортталады. Осылайша, 2004 жылы республика 50 мың. тоннадан астам мұнай мен газды, 18 млн  мжуық табиғи газды экспорттады. Бүгінгі күні мұнай- газ ресурстары Қазақстанның ең басты экспорттаушы тауарларының бірі болып есептеледі. Сонымен қатар маңызды іс – шараларды қолдану мақсатымен Қазақстан басқа мемлекеттермен байланыстарды нығайтып, мұнай -  газ инфрақұрылымын әрі карай дамыту мақсатында. Ең бастысы Қазақстан  Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, АҚШ және басқа мемлекеттермен қарым қатынастық байланыстарды нығайтып отыр. Осы келісім – шарттардың нәтижесінде Ресеймен Өзен – Атырау – Самара атты  мұнай құбырының өту жолын ұйымдастырып, ол 2003 жылы 15 млн тоннаға жетті. 2005 жылы ол 16 млн. тоннаға жетті және 2006 жылы бұл көрсеткішті 18 млн. тоннаға ұлғайту  жоспарлануда. 2004 жылдың  маңызды оқиғаларының бірі бұл Атасу – Алашанькоу мұнай құбырын салу болып саналды. Бұл мұнай құбыры Батыс Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай- газ ресурстарды игерудегі ең үлкен жобалардың бірі. Осындай жобаның жүзеге асырылуы республиканың экспорттық әлеуетінің дамуына және ең бастысы Қытайдың мұнайлы ресурстарының қажеттілігін игеруге игі әсерін тигізуде.

Қазақстан басқа  мемлекеттермен ( Ресей Федерациясы, АҚШ және т.б.) қатар Каспий мұнай құбырлары Консорциумының белсенді мүшесі болып табылады. Ол Қазақстан мұнайының  Қара теңізге экспорттық терминал арқылы шығуына мүмкіндік жасап отыр.

Информация о работе Транзиттік экономиканың мәні және Қазақстан Республикасы үшін маңызы