Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 06:12, курсовая работа

Описание работы

Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселен: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады. Өндіріс үрдісінде материалдар әрқалай қоланылады. Кейбіреулері өндіріс үрдісінде толық пайдаланылып (шикізат және материалдар), басқалары тек өзінің сыртқы пішінін өзгертіп (бояулар, т.с.с.), тағы біреулері дайын өнімнің құрамына еш өзгеріссіз кіргізіліп (қосымша бөлшектер), ал басқа түрлері ішкі құрамына да, салмағына да қосылмай тек өнім өндіруге қатыстыру арқылы қолданылады.

Работа содержит 1 файл

ТМК курсовой.doc

— 153.50 Кб (Скачать)

    2.2. ТМҚ аналитикалық шоттары және оларды қабылдау/тапсыру тәртібі 

      ЖШС «Энегия плюс» келесі аналитикалық шоттарды қолдана отырып, өзінің шаруашылық операцияларын жүзеге асырады:

1310 «шикізат пен материалдар» шоты бойынша

1311 «бензин»

1312 «керосин»

1313 «салярка»

1314 «автокөліктерге арналған майлар»

1315 «цемент»

1316 «құм»

      Өзінің  қызметінің барысында төмендегідей шаруашылық операциялар кездеседі:

      - Қабылданған шот-фактура негізінде жабдықтаушылардан бензин қабылданды

      Дт  1311 800000 тг

     Кт 3310 800000 тг

      - шот-фактурада ҚҚС көрсетілді

      Дт  1420 104000 тг

      Кт  3310 104000 тг

      - Жабдықтаушылармен төлемдер жүргізілді (төлем тапсырмасы)

      Дт 3310 800000 тг

      Кт  1030 800000 тг

      - Есепті тұлға аванстық есеп  берді (аванстық есеп)

      Дт 1316 87000 тг

      Кт  1250 87000 тг

      - Қоймаға цемент түсті (жүкқұжат, кіріс ордері)

      Дт  1315 430000 тг

      Кт  3310 430000 тг 

      - Құм бартер арқылы қабылданды (цемент орнына)

      Дт  3310 360000 тг

      Кт 1210 360000 тг

      - Сатып алушыларға салярка сатылды (жай шот-фактура)

      Дт  1210 180000 тг

      Кт  1313 180000 тг

      - Сатып алушылар қолма-қол төлемдер жүргізді (ККО)

      Дт  1010 180000 тг

      Кт  1210 180000 тг

      - Түгендеу кезінде автокөліктерге  арналған майлардың жетіспегені  есепті тұлғаға жүктелді (түгендеу актісі)

      Дт  1250 2700 тг

      Кт  1314 2700 тг

      - Керосин әкімшілік шығындарға  жатқызылды (аванстық есеп)

      Дт 7210 19300 тг

      Кт 1312 19300 тг 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. ТМҚ түгендеу тәртібі 

      Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар айына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. ЖШС «Энергия плюс» әр айдың 25-не таман түгендеу жүргізеді. Сонымен қатар материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты тұлғаның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда және т.б. жағдайларда жүргізіледі.

      Түгендеу  жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын  басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше  бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

      Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу  оның басталуы және аяқталуы мерзіміне  жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты тұлғаның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақталуы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын, яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек.

      Түгендеу  – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері және материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып, кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтіні ТМҚ бойынша жасалады. Салытыру тізімдемесінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде олраға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуға тиіс. Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталанбас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдардың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кему мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қолданылады. Егер кейбір материалдар бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың бекітілген мөлшерден артық/кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын, кінәлі адамдардан өтелуі тиіс. Материалдардың бекітілегн табиғи кему мөлшерінен артық/кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен кәсіпорынның шығындарына, оның ішінде әкімшілік шығындарына қосады. Кей жағдайда материалдардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алынады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сұрыптары, өлшемдері алмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға  ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материалдардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан материалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

      Кәсіпорындағы ТМҚ түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен өндіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

      Сонымен жоғарыда қарастырылған мағлұматтарды  ескере отырып, келесідей қорытынды  жасауға болады:

  • ТМҚ өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары, олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнім құнына толығымен аударатын қысқа мерзімді активтер болып табылады;
  • материалдық қорлардың негізгі екі түрі бар: негізгі және көмекші;
  • ТМҚ бағалаудың бірнеше әдістері қоланылады: орташа өлшемдік құн бойынша, ФИФО және ерекше теңестіру;
  • материалдардың номенклатурасы - өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың көрсеткіштері бойынша жасалатын жіктеу тізімі;
  • ТМҚ қозғалысы әрдайым реттеліп, операцияға сәйкес құжаттармен рәсімделуі тиіс;
  • кем дегенде айына бір рет ТМҚ-ға тугендеу жұмыстары өткізілуі керек;

      Қарастырылған ЖШС «Энергия плюс» кәсіпорнындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы жалпы жақсы. Серіктестік нарыққа шығуына тек бірнеше жыл болғанымен, негізгі айналысатын қызметінен елеулі табыс алып отырады. ЖШС «Энергия плюс» жақсы жабдықталған, тұрақты түгендеуді жүргізеді, тауар алмасу үрдісін тиімді бір жүйге келтірген. Кәсіпорын таңдаған ТМҚ бағалау әдісі де ресурстарды үнемдеп, табыстылықты жоғарылатуға өз үлесін қосады. Барлық үрдістер құжатталып, уақытылы қадағаланып отырады.

      Кәсіпорынды экономикалық тұрғыдан зерттей келе, болашақта қызметіне мынадай жақсарту жолдарын ұсынар едім:

  • әрқашанда уақытылы түгендеу жұмыстарын жүргізу;
  • ТМҚ қозғалысын қадағалау;
  • үнемі кәсіпорынның пайдалылығын арттыру мақсатымен есеп саясатын, қолданыстағы есептеу әдістерін қарстыру
  • заманға сай жаңа технологиялар мен бағдарламаларға бетбұрыс жасау
  • тиімділікті жоғарылатудың жолдарын іздестіру.

      Жалпылай  айтқанда, өндірістік қорларды пайдаланудың жағымды әсерін арттырудың негізгі бағыты – ресурстарды үнемдейтін, неғұрлым аз қалдық шығаратын және қалдықсыз технологияларды енгізу.

      Қойма ғимаратының заманға сай жабдықталуы  да тауарлы-материалдық қорлардың  сақталуына елеулі ісер етеді.

      Кез-келген кәсіпорындар материалдардың әр түріне белгілі бір норманы ұстануға ұмтылыс жасау керек. Өйткені, олардың  артылуы  айналымның баяулауына алып соғады, ал жетіспеуі – өндірістік үрдістің тоқталуына.

      Сонымен қатар тауарлы-материалдық қорлардың  есебіндегі құжаттарды жетілдіру, яғни олармен байланысты үрдістерде қолданылатын құжаттарды кеңінен қолдану арқылы тауарлы-материалдық қорлар есебін ауқымды жақсартуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер: 

  1. ҚР «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру жөнінде» Заңы.
  2. Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары.
  3. Кеулімжаев Қ.К, Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Оқулық – Алматы: Экономика, 2006 – 384 бет.
  4. Кеулімжаев Қ.К, Әжібаева З.Н, Құдайбергенов Н.А «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы – Алматы: Экономик’С, 2003 – 360 бет.
  5. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектідегі бухгалтерлік есеп» Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған  Мамыров Н.Қ – Экономика, 2005 – 310 бет.
  6. Мырзалиев Б.С , Әбдішүкіров Р.С. М 91 «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» Оқу құралы – Алматы: «Заң әдебиеті» 2006 – 163 бет.
  7. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Оқулық – Алматы: Экономика, 2004 – 710 бет.
  8. Мырзалиев Б.С , Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есепті жүргізудің қазіргі әдістері» Практикум – Алматы: Заң әдебиеті, 2007 – 88 бет.
  9. Радостовец К.В, Радостовец В.В, Ғабдуллин Т.Ғ, Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы: Қазақстан – аудит орталығы , 2002 – 656 бет.
  10. Смағұлова Р.О, Мәдіханова Қ.Ә, Тұсаева Ә.Қ, Сатыбалдиева  Ж.Ш. «Қаржы, ақша айналысы және несие» Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2008 – 462 бет.
  11. «Бюллетень бухгалтера» 2007 жылғы басылым.

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) есебі