Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 06:12, курсовая работа
Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселен: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады. Өндіріс үрдісінде материалдар әрқалай қоланылады. Кейбіреулері өндіріс үрдісінде толық пайдаланылып (шикізат және материалдар), басқалары тек өзінің сыртқы пішінін өзгертіп (бояулар, т.с.с.), тағы біреулері дайын өнімнің құрамына еш өзгеріссіз кіргізіліп (қосымша бөлшектер), ал басқа түрлері ішкі құрамына да, салмағына да қосылмай тек өнім өндіруге қатыстыру арқылы қолданылады.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін акт толтырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылатын материалдық құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық карта бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын (көлемін), ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.
Қоймашы шектеулі-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты (күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық нөмірі бойынша жазады. Содан кейін шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланылған жағдайда толтырылатын алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймадан босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін де қолдануға болады. Бұл жағдай материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Шектеулі-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына, ал қоймашы цехтың шектеулі-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ шектеулі-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе шектеулі-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда шектеулі-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы шектеулі-заборлық картаның қорытынды дерегі шектеулі-заборлық кртаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл шектеулі-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.
Айдың
аяғында шектеулі-заборлық картада
көрсетілген материалдардың пайдаланылған-
Сонымен,
ТМҚ-мен байланысты операциялар жүргізген
кезде мына құжаттар қолданылады: тасымалдау
көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты
(накладная), көліктік жүкқұжаты, келген
жүкті есептеу» журналы, сенімхат, «берілген
сенімхаттарды есептеу» журналы, «кіріс
ету» ордері, тауар-көлік жүкқұжаты, қабылдау
актісі, материалдарды босату (ішкі аустыруды)
«талап ету жүкқұжаты», шектеулі-заборлық
карта, т.б.
1.3. Материалдардың
номенклатурасы
Материалдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың дұрыс номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың
номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын
материалдардың белгілі бір түрлеріне
олардың аты, сапасы, мөлшері, тағы да
басқа көрсеткіштері бойынша
жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық
тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған
берілген номенклатуралы нөмірі мен өлшем
бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық
тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік
есепте есептелетін бағасы көрсетіледі.
Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық
баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар
мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар
номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі
бір өздерінің топтары бойынша және ішкі
топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері
бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір
топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр беегіленеді.
Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны
әрбір топқа жататын материалдар санына
байланысты. Материалдарға берілген шифрлар
бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда,
есеп тіркелімдерінде және әр түрлі кестелерде
көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің
жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің
(шифрлардың) және оның цифрларының аз
болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға
шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдың
қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа
жататынын көрсететіндей етіп тағайындау
керек. Материалдардың номенклатуралық
нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы
болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры
шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын
көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың
осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді.
Номенклатуралық нөмірді бес саннан да
құрастыруға болады. Ол жағдайда оның
алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі
цифры қай топқа жататынын, ал соңғы екі
цифры материалдың топ ішіндегі реттік
санын көрсететіндей болып тағайындалуы
керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде
материалдар өздерінің статистикалық
есеп берудегі қаралған тізімдердегі
тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық
тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан
алынатын материалдарға бос орын және
реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында
көп айырмашылық болмаса бір номенклатуралық
нөмірге түрлері бір тектес, бірақ бағасы
мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды
біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың
есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады.
Материалдарға қойылатын номенклатуралық
нөмірі, өлшем ол материалдың барлық кіріс-шығыс
құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында
және материалдық есеп беруде көрсетіледі.
Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа
өлшем бірлігімен келіп түссе ондай материалдар
номенклатуралық нөмірде көрсетілген
өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып
кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық
баға көрсеткіші, әсіресе материалдар
есебін оперативтік (жедел) қалдық тәсілін
қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.
1.4. Материалдық
қорлардың қоймадағы және
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша бөлек карточка ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмірі және есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл картчоканы жаңадан кіріске алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жайапты тұлғаның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық нөмірі аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасында жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болмағанына қарамастан шектеулі-заборлық (лимиттік-заборлық) карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа шектеулі-заборлық карта жазылып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түріні қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын трексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс құжаттары белгіленген уақытта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға екі данада материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.
Материалдардың
бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық
және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай
есепті ұйымдастырудың көп қиындығына
байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті
ұйысмдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп
келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің
өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп
жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары
пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып,
жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда.
Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың
бухгалтерияларында материалдардың талдамалық
сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда
жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың
әр номенлатуралық нөміріне бөлек карточка
ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне,
босатылуына жасалған әр құжат деректері
тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен
кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша
материалдардың кіріске алынуы мен шығыс
етілуінің қорытындысы шығарылып, олар
материалдардың айналым тізімдемесіне
жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда
қоймадағы карточкаларда жазылған деректер
қайталанады.
2 Бөлім.
ЖШС «Энергия плюс» ТМҚ есебін жүргізу
ерекшелігі
2.1. Кәсіпорын
есеп саясатында көрсетілген
ТМҚ-ды есептеу әдістері
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, ұлттық қаржылық есеп беру стандарттарында қарастырылған 3 әдістің бірін қолданамыз:
Мысалға, тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырылып отырған ЖШС «Энергия плюс» 2004 ж 1 қаңтарында қалған материалдар саны:
ЖШС «Энергия плюс» есеп саясатында орташа өлшем құны бойынша бағалау әдісі қолданысқа енгізілген. Сондықтан да оның есептелуі төмендегідей:
Орташа өлшем құны бойынша бағалау әдісі негізінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген.
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:
Орташа құны = ∑ м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын
Мұндағы:
∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;
К м.қ.-есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;
∑алын – алынған материалдардың құны;
К алын
– алынған материалдардың саны.
Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік құны мынаны құрады:
60000 + 31000 + 6400 + 57800 + 64600/ 20 + 10 + 2 + 17 + 19 = 219800/68 ≈ 3232,35 теңге
Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек [3232,35*(15+10+12) = 119996,95 теңге], ол да біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Цементтің ай соңына қалған қалдық құны – 100203,05 теңге құраған (31 тонна * 3232,35 теңге немесе 600000 +159800 – 119596,95). Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз.
4500 + 13800 + 22500 + 9400 /100 + 300 + 500 + 200 = 50200/1100 ≈ 45,63 теңге
Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге * (50 + 150 + 300 + 100 + 100) = 36504 теңге.
Қалдық құны 300 300 * 45,63 теңге немесе 4500 + 45700 – 36504 = 13696 теңге.
Цемент
Б.қ.: 20 тонна * 3000 бағасы = 60000 теңге
Кіріс
10 т * 3100 теңге = 31000 теңге 15 т * 3000 теңге = 45000 теңге
2 т * 3200 = 6400 теңге 10 т * 5 т (20-15) * 3000 теңге = 15000 теңге
17 т * 3400 теңге = 57800 теңге 12 т – 5 т(10-5) * 3100 =15500 теңге
19 т * 3400 теңге = 64600 теңге 2 т * 3200 = 6400 теңге
Кіріс жиынтығы 159800 теңге Шығыстың жиынтығы 114400 теңге