Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 06:12, курсовая работа

Описание работы

Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселен: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады. Өндіріс үрдісінде материалдар әрқалай қоланылады. Кейбіреулері өндіріс үрдісінде толық пайдаланылып (шикізат және материалдар), басқалары тек өзінің сыртқы пішінін өзгертіп (бояулар, т.с.с.), тағы біреулері дайын өнімнің құрамына еш өзгеріссіз кіргізіліп (қосымша бөлшектер), ал басқа түрлері ішкі құрамына да, салмағына да қосылмай тек өнім өндіруге қатыстыру арқылы қолданылады.

Работа содержит 1 файл

ТМК курсовой.doc

— 153.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

      Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған  материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселен: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады. Өндіріс үрдісінде материалдар әрқалай қоланылады. Кейбіреулері өндіріс үрдісінде толық пайдаланылып (шикізат және материалдар), басқалары тек өзінің сыртқы пішінін өзгертіп (бояулар, т.с.с.), тағы біреулері дайын өнімнің құрамына еш өзгеріссіз кіргізіліп (қосымша бөлшектер), ал басқа түрлері ішкі құрамына да, салмағына да қосылмай тек өнім өндіруге қатыстыру арқылы қолданылады.

      Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар  қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып, тауарлы-материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.Ұлттық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес, тауарлы-материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар түріндегі активтер.

      Тауарлы-материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

                   1.Тауарлы-материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін  қарастыру.

                   2.Тауарлы-материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.

                   3.Тауарлы-материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

            Курстық жұмыста ЖШС «Энергия плюс» практикалық материалдары қолданылған.

      ЖШС «Энергия плюс» 14 сәуірде 2003 жылы Алматы облысының Басқару Юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты – тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. ЖШС «Энергия плюс» негізінен мынадай іс-қызмет түрімен айналысады:

      • коммерциялық қызмет;
      • жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
      • күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
      • көлікпен қамтамасыз ету;
      • қоғамдық тамақтандару пункттері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
      • ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

      Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС-ң  қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

            Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және ЖШС «Энергия плюс» тауарлы-материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

      Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары пайдалынады. 
 
 

    1 Бөлім. Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) есебі 

    1. ТМҚ анықтау  мен жіктеу
 

     Таурлы-материалдық  қорлар (ТМҚ) - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс  процесінде тұтынылып, өзінің құнын  өндірілетін өнімге толығымен аударады.

      Қаржылық  есеп берудің ұлттық стандарттарына сәйкес ТМҚ-ға мыналар жатады:

  • шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік, т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
  • аяқталмаған өндіріс;
  • субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, таурлар.

      Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген жіктемені, есеп бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды.

      Материалдық қорлар былайша жіктеледі:

  • негізгі материалдар – шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн – нан пісіргенде, тері – аяқ-киім тіккенде, ағаш – жиһаз өндірісінде) құрайды;
  • көмекші материалдар - өндірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады (мысалы, бояулар, желімдер, лактар және т.б.).

      Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (типтік шоттар жоспарына  сәйкес) мынандай топтарға жіктеледі:

  • 1310 «шикізат пен материалдар» шотында – субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі.
  • 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар» шотында – сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
  • 1312 «Отын» шоты – көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланылатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.
  • 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шотында – ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және т.б.) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар және т.б.) арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар.
  • 1314 «Қосалқы бөлшектер» шоты – жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың (двигательдердің), түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады.
  • 1315 «Өзге де материалдар» шотында өндіріс қалдықтары (ағаш кесінділері, қиындылар, жаңқа және т.б.) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
  • 1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар» шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады.
  • 1317 «Құрылыс материалдары мен басқалар» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т.б.) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар-жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
 
    1. ТМҚ қозғалысының есебі және оларды құжаттау
 

      Кәсіпорындар  мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен  арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладная), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін журналға қол қояды.

      Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атн (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға сенімхат беріледі. Сенімхат «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек және сол сенімхатты алған адам осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

      Жабдықтаушы ұйым ТМҚ-ды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 дана етіліп «тауар-көлік жүкқұжаты» (накладная) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөрнтаңбасы) және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алған жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

      Жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының екінші данасын  материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келгенматериалдарды кіріске алады.

      Құжаттың  үшінші және төртінші даналары материалдарды  қабылдап алғанын растайтын құжат  ретінде ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

      Кейіннен  ол құжаттың үшінші данасы материалдық  құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге  табыс етілетін шотқа негіздеме  ретінде қосылып беріледі.

      Құжаттың  төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

      Егер  келіп түскен материалдардың нақты  саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәкес келмесе «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға толтырылады. Бұл акт екі етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның ешқандай өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған маетриалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар «кіріс ордері» бойынша қабылданып, баланста «уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар» деп аталатын шотта есептелінеді.

      Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға материалдарды  босату (ішкі аустыруды) «талап ету  жүкқұжаты» бойынша босатылады.

      Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) «талап ету жүкқұжаты» екі данада жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

      Егер  материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда матриалдарды босатуды «талап ету жүкқұжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға тапсырылады. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) есебі