Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 23:41, курсовая работа

Описание работы

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болып жарияланды және оның егемендігін көптеген елдер таныды.Міне, сол егемендік алған күннен бастап Қазақстан демократиялық жолмен дамып келеді. Ең бірінші ішкі саясатымызды және халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайын көтеру Елбасымыздың басты стратегиясы болды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру жолында халыққа жер телімдері беріліп, шаруа қожалықтарын жүргізуге, шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылдануға мүмкіндік ашылды.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдаудың ішкі саясатындағы басым бағыттары
1.1 Экономикалық және әлеуметтік саясаты
1.2 Саяси жүйе және ұлттық қауіпсіздік
Негізгі бөлім
2. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы, АҚШ-пен және Еуропа Одағымен стратегиялық әріптестігі
2.2 Қазақстанның Азия елдерімен ынтымақтастығы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Экономика курсовой.docx

— 48.66 Кб (Скачать)

    «Біз  барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда  конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз исламның, басқа да әлемдік  және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы  заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз» деді Назарбаев. 11

    Біз сияқты өркениеттердің үнқатысуы аталып жүрген үдерісті кеңейту және тереңдетуге  мүдделі болып отырған мұсылман әлемінің бірқатар елдерімен бірлесе  отырып, біз осы заманғы дүние  құрылысының көкейкесті проблемалары бойынша Шығыс пен Батыс арасындағы түсіністікті жақындастыруға бағытталған  бірқатар халықаралық бастамалар жасар  алар едік деген ойдамыз.  
 

___________

10 С.И.Абдулпаттаев, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», 2005ж

11 Егемен Қазақстан, 2006 жыл 

    Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен әсіресе,Сингапур мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Қазақстан Сингапруға қараметалл, жанармай, электр машиналарын экспортқашығарса,біз олардан жабдықтар мен бұйымдар,мұнайдыңөңделген өнімдерін алудамыз.

  Ал, Малайзиямен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнады. Қазақстан елшілігі Куала-Лумпурде, Малайзия елшілігі Алматыда ашылды. Сонымен бірге, екі ел арасында саудада ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

   Қазақстан Оңтүстік Азиядағы  қауіпсіздік пен тұрақтылықты  қамтамасыз етуге айрықша назар  аударады. Қазақстан Үндістан және Пәкістанмен достық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтылды. Осы екі мемлекеттегі ынтымақтастық олардың аймақтардағы саяси беделін, әскери салаларын, экономикалық, ғылыми-техникалық, ресурстық және мәдени әлеуетін есепке ала отырып құрылды.

   Қазақстандағы Үндістандағы, Үндістандағы  Қазақстанның мәдениет күндерін  өткізу туралы өзара түсіністік  меморандумын қоса алғанда, маңызды  мемлекетаралық құжаттар жасалды. 

   Қазақстан және Пәкістан арасындағы  өзара қарым-қатынастарының принциптері  туралы деклорацияның негізіне  БҰҰ-ның ережелері мен мақсаттары, аймақтағы және планетадағы бейбітшілікті  сақтап, құқықты қарым-қатынас құруға  деген ұмтылыс алға қойылды.  
 
 
 
 
 

Қорытынды

    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы көтеріліп отырған  басты мәселелер, елдің экономикасын бүкіләлемдік деңгейге көтеру, саяси тұрақтылық, Қазақстан  халқының әлеуметтік жағдайы, Қазақстанда  мызғымас халықтар достастығымен бейбітшілікті  тұрақты қолдау. Сондықтан осы  Елбасымыздың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына бүкіл халықтық қолдау көрсету - әрбір Қазақстандық азаматтың басты міндеті. Сондықтан  бүкіл қазақ халқы Президентіміздің қазақ сахарасының көк аспаны астында желбіреген көк байрағы  астына жұмыла бірігіп, бір жағадан  бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей жұмыла кірісетіндей болсақ, сонда ғана өзге өркен ниетті елдерден техника, экономикасы жағынан  ерекше дамыған ХХІ ғасырдың нағыз  барс қазақтары болатынымызға кәміл  сенемін. Сонда ғана біздер бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру мүмкіндігімізге жол ашылады. Президентіміздің тағы да ұстанған қағидаларының  бірі - Әлемдік Сауда Ұйымына мүше болу. Осы мүшелікке кіретін болсақ, біздердің өнімдеріміздің экспортқа, яғни әлемдік деңгейде сауда-саттыққа түседі. Бұның өзі ішкі экономикамыздың  көтерілуіне ішкі өнімдеріміздің өсіп өркендеуіне үлкен жол ашылады  деген сөз.

    Сондықтан Қазақстан мемлекетінің беделін  әлемдік деңгейдегі дамыған елдердің алдыңғы қатарнан көрсету жолында  жүргізіп отырған Президентіміздің саясаты бүкіл әлемдік қолдауға ие болып, ерекше қарқынмен дами береді.

    Сондай-ақ, Президентіміздің Жолдауы – еліміздің  одан әрі дамып, өркендеуінің басты  кепілі, әрі мемлекетіміздің әлемдік  қоғамдастықта өзіне лайықты  орын алуына жол ашатын негізгі құжат.

    Елбасымыздың  «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасы талаптарынан туындайтын осы жолдау еліміздің жаңа ғасырда өркениет көшін бастап келе жатқан 50 елдің  қатарында болуға қажетті кешенді  іс-шаралар ауқымы мен саяси батыл  қадамдар бағытын айқындап берді.

    Елбасының Жолдауына көңіл бөліп, қарастыра  берсек, оның маңыз зор және әр түрлі  бағытта айтылған қырлары бар. Сондықтан  да, бұл жолдау  - қоғамдық, рухани дамудың айнасы, жан-жақты ойластырылған  берік бағдарлама. Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы негізінен алғанда  халықтың бірлігі мен атқарушы биліктің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

    Жолдауда  айтылған басым бағыттарының маңыздысы  – демократияландыру. Біз бұл  мәселеге де көп көңіл аударуымыз керек, себебі, демократия – бар  мәселені жан-жақты қарастырып барып  қолға алатын мәселе болып табылады.

    Сондай-ақ, «жолдау желісі – серпінділік  стратегия» деп атай отырып, оның ұтымды жақтарымен сипатталғанын айта кеткен жөн. Соның ішінде спорт, мәдениет, ақпараттың даму бағыттары – елдігіміздің бет  бейнесінің басым көрінісі болып  табылады. Осыған орай, «Мәдени мұра»  деп аталатын мемлекеттік бағдарлама жасалды.

    Қорытындылай  келе, теңіздей терең ой мен таудай талаптан туған Жолдаудан біз  бүгін бекем еліміздің нұрлы  ертеңін көрдік.

    Ең  сенімді кепілдік – жоғарыда айтылған неше қилы қиыншылықтар тұсында тура жолдан адастырмай аман алып шыққан, тақыр  орында бой көтерген жас мемлекеттің  іргесін бекітіп, дүниежүзілік қауымдастыққа  таныта алған тұңғыш Президентіміздің сара да дана басшылығы деп білемін. Осы жолдауда жазылған басым бағыттардың  барлығы жүзеге асырылып, болашақта  еліміз 50 елдің қатарына кіріп, ең 1-ші орынды иеленеді деп ойлаймын және бұған өзім сенімдімін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер мен газеттерден  алынған мақалалар  тізімі: 

  1. Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Астана, 2006ж
  2. Қ.Тоқаев «Беласу»
  3. С.Абдуллпатаев «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Алматы 2005 жыл
  4. «Пути реализация основных приоритетов продвижения Казахстана в число наиболее конкурентоспособных и динамично развивающихся государств мира в контектсе задач, поставленных президентом Н.А.Назарбаевым в послании народу Казахстана» Материалы Международной научной конференции 21.04.2006 А.,2006

Мақалалар

  1. Бақыт Балғарина «Орталық Азиядағы демократия мен қауіпсіздік» Егемен Қазақстан, 2006
  2. Өмір Есқали «Бәсекеге қабілеттілік бәсі бәсеңдемейді» Егемен Қазақстан,2006ж
  3. «Ел межесі – елулікке ену»  Егемен Қазақстандағы кітапша, 2006ж
  4. Қайрат Келімбетов «Негізгі жоспарлардың нәтижесі» Егемен Қазақстан 2006ж
  5. Әлисұлтан Құланбай, «Кәсіподақтар тарапынан қолдау тапты». Егемен Қазақстан 2006ж
  6. Рашид Ахметов, «Мемлекет қамқорлығы  - бизнеске толы» Е. Қаз. 2006жыл
  7. Жігер Байтілесов «Стратегияны іске асыру – маңызды міндет» Ег.Қазақстан 2006
  8. Нуриден Балқияұлы «Ел болашағы – білікті жас маман қолында» Ег. Қаз.2006
  9. Мақтай Сағдиев «Кеңесіп пішу келтеліктен сақтайды» Ег.Қаз 2006
  10. Самат Мұса «Әлеуметтік есімнің арифметикасы» Ег.Қаз.2006
  11. Бақыт Мәжитұлы «Жұмыстар сараланды, пікірлер сабақтасты» Ег. Қаз.2006
  12. Жақсыбай Самрат «Энергетика – ел дамуындағы ерекше сала» Ег. Қаз.2006
  13. Әмзебек Жолшыбеков «Сындарлы жұмысты қажет етеді» Ег. Қаз.2006
  14. Есенгелді Медеуов «Білімді кадр – білікті кадр» Ег. Қаз.2006
  15. Сұңғай Әліпбай «Салықшы әділ болса, төлемші тәртіпті болады» Ег. Қаз.2006
  16. Әбдіжапар Сапарбаев «Даму даңғылына бет түзейді» Ег. Қаз.2006
  17. Оңалбай Аяшев «Президенттің назары» Ег. Қаз.2006

Информация о работе Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары